Сабақтың барысы: 1 Ұйымдастыру кезеңі Шаттық шеңбері. Табиғат біздің анамыз Табиғатқа баламыз



жүктеу 33.01 Kb.
Дата10.04.2018
өлшемі33.01 Kb.
түріСабақ
Тақырыбы: «Қарлығаш» әні. Авторы Б. Бейсенова.

Мақсаты: Балаларға « Қарлығаш» әнін үйрету.

Әннің сөзін анық, дұрыс айтуға ,

мазмұнына сай көңілді орындауға үйрету,

дыбыс тазалығына көңіл бөлу. Ән арқылы көңіл күйді бере білуге қалыптастыру. Музыкалық қабылдау қабілеттерін дамыту.



Әдіс- тәсілдері: түсіндіру , сұрақ- жауап, үйрету. көрсету, дидактикалық ойындар

Қолданылатын көрнекіліктер: құстардың суреті, үнтаспа, сылдырмақ.

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі



Шаттық шеңбері.

Табиғат біздің анамыз

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз

Біз әдепті баламыз.


  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

  • Көктем мезгілі

  • Көктемде күн жылынып , ағаштар бүршік атып, гүлдей бастайды.

  • Көктем айларын кім айтады?

  • Наурыз, сәуір,мамыр

  • Дұрыс айтасыңдар

Көктем мерекеге толы мезгіл 8-наурызда аналар мейрамы, 22- наурызда Жаңа жыл мерекесі тойланады. Сәуір айында ғарышкерлер күнімен құстарды қорғау күні.

Көктемде ең алдымен қандай құстар келеді?



  • Торғай, қарлығаш, көкек.

  • Құстар үй және жабайы құстар болып екіге бөлінеді (мұғалім құстар туралы, олардың тіршілігі, пайдасы, ерекшелігі туралы сурет арқылы түсіндіреді)

  • Теледидардан « Қарлығаштың құйрығы неге айыр» мультфилімін көрсетті.

Музыка тыңдау


«Қарлығаш» әнін балаларға орындап беру

Үнтаспадан әннің бір шумағын тыңдату

Балаларға әннің әр жолын мұхият тыңдату

Қарлығаш

Әні мен сөзі Б Бейсенованікі

Қарлығаш, қарлығаш,

Құйрығың сенің айыр

Тілейсің адамға

Жақсылықпен қайыр
Қайырмасы

Мейірімді құсым-ай

Қанат қағып ұшсын-ай

Мейірімді құсым-ай

Қанат қағып ұшсын-ай
Қарлығаш,қарлығаш,

Талмасыншы қанатың.

Нұрлы күн, сәуле шаш,

Барлық бала қуансын.


Қайырмасы
Қарлығаш, қарлығаш,

Далам қандай тамаша

Көркіне сендағы

Қуанасың балаша.



Қайырмасы

Әннің сөзін жаттау (әннің сөзін дұрыс айту үшін, балалармен жеке жұмыс жасау

Дауыс жаттығуын жасау.

Әуенімен қосылып айтуға үйрету.
Дидактикалық ойын «Әуенді тап»

Мақсаты : Балалардың музыканы тыңдап, есте сақтау қабілеттерінарттыру.

Әннің сөзін дұрыс айтуға үйрету.



Шарты : Мұғалім балалар білетін әндерді баяндаойнайды,балалар әннің атын немесе сөзін табу керек.

Әнді дұрыс тапқанда, бір шумағын барлығы қосылып айтуға болады.



Қорытынды: Балалармен әнді айту.Үй құстарымен жабайы құстарды сурет арқылы ажырату.

Балалардың аттарын атап мадақтау, жұлдызша беру.
Күтілетін нәтиже

Білу қажет : Қүстарға қамқорлық жасауды білу керек.

Қалыптасқан түсінік: Әннің сөзін жатқа айту, сүйемелдеуде орындау.

Орындаушылық қабілет: Ән орындау, ритмикалық қимыл жасау.

«Қайнар» мектеп – гимназия» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жанынан ашылған шағын орталық




Қарлығаш




Дайындаған: Маханова Л.Ж.
2012 – 2013 оқу жылы
: uploads -> doc -> 00af
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
00af -> Сынып 1нұсқа 1Органикалық тыңайтқыштардың ішінде көбірек қолданылатыны
00af -> Сабақтың тақырыбы: Құстардың алуан түрлілігі
00af -> Сабақтың түрі: қайталау, сынақ Көрнекіліктер: геометриялық пішіндер, карточкалар Барысы: Ұйымдастыру




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет