Сабақтарының мазмұны «Урбоэкология»



бет1/6
Дата11.01.2017
өлшемі1.19 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6
ДӘРІС САБАҚТАРЫНЫҢ МАЗМҰНЫ

«Урбоэкология»



Дәріс №1. Қала және адамның өмір сүру ортасы. Урбоэкологияның ғылыми негіздері 2 сағат

1. Қала туралы түсінік. Астана қалалар, миллионер қалалар ерекшеліктері

2. Адамның өмір сүру ортасы. Табиғат пен адам арасындағы қатынас

3. Қалалық орналасудың тарихи формалары

4. Урбоэкологияның ғылыми сипаты

Қала— тұрғындары өнеркәсіп пен сауда орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде еңбек ететін ірі елді мекен.

Қала орталық коныстандырылған пункт, кішкене қала мен ауылдардан айырмашылығы шекара ішінде діни, әскери-саяси,экономикалық және мәдени қызметтің жүзеге асырылу деңгейімен және үлкен көлемімен ерекшеленеді. Осы әрекеттер жиынтығы қоршаған шағын ауылдарға билік жүргізуді білдіреді.[1]

Қала көбіне өз атырабының әкімшілік және мәдени орталығы болып табылады. Елді мекенді қала дәрежесіне көтеретін басты межелер — ондағы, халықтың саны және олардың атқаратын қызметі (өнеркәсіп, мәдени, саяси-әкімшілік орталықтары).

Қалалар Жер бетінде 6000 жыл бұрын құрылы бастаған еді. Ол адамзаттың ең керемет қолөнерлерінің бірі еді. Себебі, қала мағынасы - осы ауданда мекен еткен халықтың ең маңызды оқиғаларын суреттейді. Қала деегніміз мәдениет, ғылым, білім және ондіріс орталығы болып саналады. Қалалар сауда – саттық болған жерлерде, керемет ғимараттар айналасында және ел басқару болған жерлерде салынған еді.

Астана қалалар. Әлем бойынша, ең маңызды қалалар қатары болып саналады. Олар әлеуметтік, экономикалық әрі мәдени орталықтар. Бірақ, осындай критерийлерге кірмейтін де Астана қалалар да бар. Мысалы, Канаданың ең ірі өндірістік, әрі транспорттық орталығы ретінде Монреаль қаласы саналады. Ал, негізгі астанасы ретінде Оттава саналады. Оттава - парламент, үкімет, посол мен екі университет орналасқан, тыныш, кітапхана, мұражай, білім ізденуші орталық.

Миллионер қалалар. Әлем бойынша, бүгінде 10 млн. адам тұрғындарынан асқан, 20 ең ірі қала саны бар. Оларға: Москва, Нью – Йорк, Шанхай, Мехико, Токио және тағы басқалары жатады. Алатын ауданның кіші болуы, ал халық саны өте жоғары болуы осындай қалалардың арасында көптеген қақтығыстарды тудырады: тұрғын үй жетіспеушілігі, медициналық қызметтің жетіспеушілігі және тағы басқалары.

Бұрынна бері, тұрғындар саны көп өңірлерде экологиялық мәселелер де туындаған, бірақ қазіргі кезде олардың тек үлкен қалалардан да асып түскендігі мәлім. Сондықтан, табиғатты қорғау адамзаттың ең үлкен алаңдатушы жағдайлардың бірі болуда. Осынжай мәселені шешу барысында, күн сайын түрлі биоотын, қуатты тазартушы қондырғылар, және айналаны көгалдандыру мақсатында табиғи қорлар мен саябақтар салуда. 



Адам мен табиғат арасындағы қатынас — динамикалық арақатынас. Ол қатынас адам экожүйесінің ерекшелігімен анықталады да, байланыс «табиғатты бағындырумен», «иемденумен» ғана емес, сондай-ақ адам денсаулығы мен тіршілігіне кері әсерін тигізетін экологиялық өзгерістермен айқындалады. Қоршаған ортаның табиғи және әлеуметтік элементтері тығыз байланысты. Ол байланыс әлеуметтік элементтердің, әлеуметтік жаратылулардың табиғи элементтерге, табиғи ортаға арақатынасымен айқындалып қана қоймай, табиғи элементтердің әлеуметтікке, әлеуметтік ортаға, мәдениетке әсер етуімен айқындалады. Баяғы көне заманнан бастап әлемнің бүтіндігі туралы идеясы бар болды және макрокосмос — Әлем мен микрокосмос — Адам арасында ұқсастық тұжырымдамасы дамыған. Шығыстың ұлы энциклопедияшы ғалымы Абу Райхан Беруни мың жыл бұрын айтқан: «Адамның денесі — әлеммен бірдей». Адамның табиғатпен ара қатынасы – мәңгілік және әрқашан заманауи, өйткені адам өзінің пайда болуымен, тіршілігімен және болашағымен табиғи ортамен байланысты. Табиғаттың элементі ретінде ол «табиғат – қоғам» деген күрделі жүйенің бір бөлігі болып келеді. Адамзат өзінің көптеген мұқтаждықтарын табиғаттың есебінен қамтамасыздандырады. Табиғаттың барлық элементтері қоршаған ортаны құрайды. «Қоршаған орта» түсінігіне адамның қолымен жасалған нысандар (ғимараттар, автокөліктер және т. б.) кірмейді, өйткені олар бүкіл қоғамды емес, жеке адамдарды ғана қоршап тұр. Бірақ адамның қызметі арқылы өзгерген табиғат телімдері (қалалар, ауыл шаруашылығы жерлері, су қоймалары, орман алқаптары) қоғам ортасын түзгендіктен, қоршаған ортаға кіреді. Қоршаған орта (ҚО) – адам мен басқа да тірі ағзаларды қоршап тұрған табиғи орта, адам қолымен жасалған материалдық құрамдас бөліктер, құбылыстар мен үдерістер, сондай-ақ әлеуметтік-экономикалық құрауыштар. ҚО келесі қызметтерді орындайды: қор өндіру, орта түзу, табиғат қорғау және медициналық-географиялық, санитарлық-гигиеналық, эстетикалық- психологиялық. Н.Ф. Реймерс бойынша адамды қоршап тұрған орта өзара байланысқан төрт қурауыш-жүйешелерден тұрады: а) табиғи ортаның өзінен, ә) туындалған агротехникалық ортадан – «екінші табиғаттан» немесе квазитабиғи ортадан, б) жасанды ортадан – «үшінші ортадан» немесе артетабиғи ортадан, в) әлеуметтік ортадан. «Екінші табиғат» немесе квазитабиғи орта – табиғи ортаның адам қолымен жасалған жүйелі, өзін өзі қолдаушы қасиетінің болмауымен сипатталатын, барлық түрленулері (жыртылған жерлер, мәдени ландшафтар және т. б.; ыза жолдар; жасыл желектер). Бұл түзілімдердің бәрінің тегі табиғи, бұлар табиғатта жоқ жасандылар емес, тек түрлендірілген табиғи орта болып келеді. «Үшінші табиғат» немесе артетабиғи орта – адамның қолымен жасалған барлық жасанды, табиғи ортада заттық - энергетикалық ұқсастығы жоқ, оған жат және жаңартып отырмаса, тез арада қирайтын әлем. Бұларға заманауи қалалардың асфальт жолдарын, бетонды, тіршілік пен қызмет орындарының ішкі кеңістігін, технологиялық құрылғыларды, көлік нысандарын, жиһаздарды және басқа заттарды, барлық синтетикалық заттарды және т. б. жатқызуға болады. Заманауи адамды негізінен артетабиғи орта қоршайды. «Өмір сүру сапасы» ұғымының әртүрлі түсінігі бар: өйткені оны әртүрлі тұрғыдан қарастыруға болады: физикалық, медициналық-экологиялық, экономикалық және әлеуметтанулық. «Өмір сапасының» сипаттаушы ерекшелігі болып келетіні тұрғындардың тіршілік деңгейі. Өмір сапасы мен ҚО сапасының өзара байланыстылығын заманауи экологиялық дағдарыс нәтижесінде пайда болған адамның биологиялық болмысын жеңу көзқарасынан қарастыру қажет. Ол түсініктердің өзара байланыстылығын әлеуметтік тұрғыдан адам биологиялық деңгейде қалыптасқан (және дамып келеді) және оны қоршаған табиғи ортадан (ҚТО) бөліп әкетуге болмайды деп қарастырған жөн. Сондықтан өмір сапасы мен ҚО сапасын бір-біріне қарама-қарсы қоюға болмайды. ҚТО экологиялық тепе-теңдік бұзылысымен өмір сапасының проблемасы шыға келді.

Кез келген мемлекеттің даму барысында шешуші рөлді қалалар атқарады. Әсіресе ірі қалалар. Қалаларда адамдар көп шоғырланып, өте мықты экономикалық және интеллектуалды әлуетті қалыптастырады. Бұл процесс қалалардың өсуіне және ауыл шаруашылығының дамуына себебін тигізеді. Өнеркөсіп, ғылым, білімнің өркендеуі ірі қалалардың экономикалық есуінің діңгегіне айналды. Қалалар және оларды қосатын жолдар аумақтың сүйенетін қаңқасы тәрізді.

Ірі қалалар - адамның шығармашылық әлуетін дамытуға мүмкіншілік береді. Қалалықтар қызмет түрінің көптеген түрлерін пайдаланып, жайлы қоныстанған және мәдениеттілігі жоғары болып келеді. Сондықтан болар, дүние жүзінің барлық елдеріне тән үрдіс - адамдардың қалаға жылжуы.

Қалалардың қалыптасуын және дамуын урбандалу деп атаймыз (лат. urbanus - қалалық).



  • 1) қаланың және халқының өсуі;

  • 2) қалалық тіршіліктің өркендеуі;

  • 3) орналасудың жаңа түрінің пайда болуы.

Қалалық орналасудың тарихи қалыптасқан 3 формасы бар. Қала, қалалық агломерация және мегаполис.

Қалалар Қазақстан жерінде ежелгі дүние кезеңдерінде қалыптасқан жоспарлы экономика тұсындағы урбандалу саны жағынан қалалар мен халық саны өсті. Қала және қала типтес ауылдар көбінесе бір кәсіпорын маңында (зауыт, фабрика, кен орны) калыптаса бастады. Экономикалық дағдарыс тұсында көсіпорындардың жабылуы қала тіршілігінің де жойылуына алып келді. Осыған орай мемлекеттің күшімен көптеген қала типтес кенттер біртіндеп ауылға айналды. Қазіргі таңда 86 қала және 35 кент бар. Қалалар тұрғын санына, атқаратын қызметіне және елді модернизациялаудағы реліне қарай бөлінеді.

Қала қызметі - қаланың негізгі қызметі. Олар қаланы қалыптасатын және қалаға қызмет көрсететін салаларға бөлінеді.



Қаланы қалыптастырушы қызметі - негізгі. Бұл қаланың мамандығы, яғни сол үшін негізі қаланған. Қаланы қалыптастыруға өнеркәсіп, көлік, сауда, әкімшілік, мәдениет, ғылым, туризм және әскери қызметтер жатады.

Қалаға қызмет көрсету - қаланың өмір сүруін қамтамасыз етеді. Олар үй - коммуналды шаруашылық, қала көлігі, кейбір кәсіпорындар (мысалы, нан зауыты), сауда, денсаулық сақтау, тұрмыстық қызмет көрсету.

Қала халқының саны мен қызметі арасында тығыз байланыс бар. Қала ұлғайған сайын қызметі көбейе бермек. Керісінше қызметтің пайда болуы қаланың есуіне әсері бар. Мысалы, Астана. Елді модернизациялауда ерекше релді:


  • 1) Астана мен Алматы атқаруда.

  • 2) Ұлттық мәні бар кемекші қалалар (облыс орталықтары).

Барлық қалалар мен кенттер - қалалық орналасу тармағын құрайды.

Енді өздерің байқағандай Қазақстанда ұсақ қалалар басым. Бірақ қалалықтардың 4/5 (халықтың 40%) үлкен қалада өмір сүруде. Олардың міндеті халықтың орналасуын жақсарту, өмір сүру деңгейін жоғарылату және мемлекетті модернизациялау, себебі кез келген қала (саны 100 мыңнан артық болса) айналасында агломерацияны қалыптастыруы мүмкін.

Агломерация (лат. aqqlomerare - қосылу) қалалық орналасудың екінші формасы. Агломерадия негізгі қаладан (ядро) және серіктес қаладан (өндірістік, көліктік, сауда, туристік) тұрады. Арасында өндірістік, еңбек, мәдени байланыстар бар.

Агломерация екі жолмен қалыптасады. Бірінші жолы суға тамған май тамшысы сияқты біртіндеп жайылып, айналасындағы елді мекендерді өзіне қаратып алады. Нәтижесінде серіктес қалалар пайда болады. Бір ядродан тұратын агломерациялар да болады. Мысалы, Алматы агломерациясы керісінше Қарағанды көмір алабы негізіндегі агломерация. Бұл жерде әрбір шахта маңында жеке елді мекендер қалыптасқан болатын. Кейіннен бірнешеуі бірігіп Қарағанды қаласын қалыптастырды (әлі күнге дейін Қарағанды бірнеше аймақтардан тұрады). Уақыт өте келе үлкен металлургия комбинатының салынуы агломерацияның екінші ядросы Теміртау қаласының пайда болуына себепші болды. Сапалы жаңа агломерациялардың пайда болуы урбандалудың сапалы өсімі. Алдағы уақытта жаңа қалалар тек агломерация құрамында болады. Оған мысал болатын Үлкен Жоба «G-4 Сити». Алматы маңында 4 серіктес қала салу.

Орналасудың үшінші формасы - мегаполис (гр. meqas - ірі (үлкен) polis - қала). Агломерациялардың бірігуін мегаполис дейміз. Тұрғындар саны бірнеше ондаған миллионға жетеді. Мұндай жоғары үлкен қалалар Астана - Қарағанды, Алматы - Талдықорған, Шымкент - Тараз маңында, ірі көлік орталықтарында болуы мүмкін. Бұл қалалардың өсуіне себепші халықтың қолайсыз аймақтардан қалаларға көшуі, репатриация және реэмиграция.

Барлық халықтың ішінде қалалықтардың басым болуы қалалық өмір сүрудің басымдығын көрсетеді. Біздің елімізде урбанизация деңгейі соншалықты жоғары емес. Оның деңгейін жоғарылату - алдағы тұрған мақсат және елді модернизациялаудың бір жолы. Қазақстанда аз урбандалған аймақтарда (халықтардың үлесі 40%-дан аз) орташа урбандалған (40-60%) және жоғары урбандалған аймақтарда кездеседі (60% - жоғары).

Ауылдық халықтың орналасуы. Ауыл халқының негізгі

тыныс-тіршілігі егін егу және мал бағу. Сондықтан да олар осы ресурстарға тәуелді орналасқан. Ауылдар егін аймақтарынан және жайылымнан алшақтамау үшін кішігірім мекендер болып келеді. Олардың үлкендігі және тығыздығы орналасқан жерінің өнімділігіне де байланысты. Ауылдардың басым кепшілігі — ауыл шаруашылығына негізделген. Бірақ көптеген ауылдарда өндіріс орындары - сүт, қант, балық, ет және кекеніс консервілеу зауыттары бар. Сонымен бірге кейбір ауылдар - темір жол стансасы, курорт, орман шаруашылығы, қорықтар маңында да пайда болған. Ауылдық елді мекендер кебінесе табиғи жағдайларға байланысты, әсіресе аймақ ерекшелігіне қарай орналасқан.

Орманды дала және дала зоналарында - жер жырту және шабындыққа негізделген ауылдар. Көбінесе өзен-көл жағалауларында, оңтүстіктің тау етегіндегі ауылдар — суармалы егіншілікке бейімделген. Әсіресе өзен, қаналдар бойында көп шоғырланған. Шөл және шөлейт аймақтарда ұсақ ауылды мекендер мал жайылымына негізделген.

Ірі ауылдар - өзен жағалауында, ұсақ ауылдар - қыстақтарда орналасады.

Қазақстан ауылдары - күрделі әлеуметтік проблемаларды шешуде. Қалаға қарағанда жұмыссыз және кедей адамдар саны жоғары. Себебі көптеген ауылдардың инфрақұрылымының жоктығы - сапасыз жол, ірі қалалардан шалғайда орналасуы, кішігірім мекемелердің жабылуы, сапалы судық жетіспеуі, т.б.

Бұл проблема көбінесе экономикалық және экологиялық тұрғыдан болашағы жоқ ауыл дарга тән. Қазіргі кезде мемлекетіміз ауылды дамыту үшін қыруар қаржы бөлуде. Нәтижесінде Қазақстан ауылдарының сырт келбетінің жақсаруына әсерін тиғізуде (барлық жерде бірдей емес). Негізгі ауыл саясаты бірінші — болашағы бар ауылдарды жаңғырту, екінші - болашағы жоқ ауылдың тұрғындарын қолайлы ауыл немесе қалаға көшіру.

Халықтың орналасуы: шекаралас аудандарға шоғырлану. Халықтың орналасуы - кеңістіктегі халықтың

қоныстануы. Негізгі әсер етуші процесс - табиғат, тарихи-экономикалық жағдайы. Алғашында өмір сүруге қолайлы аудандарға қоныстану басталды. Техниканың дамуына сай және халықтың көбеюіне байланысты қолайсыз аудандарда біртіндеп игеріле бастады. Қазақстанда тарихи қалыптасқан екі қоныстану аймағы бар. Солтүстік жәнеОңтүстік Алтай тауының етегінде бірігіп негізгі қоныстану белдеуі болып есептелінеді. Негізгі белдеуі 1 / 3 аумақты және халықтың 90%-ын алып жатыр. Негізгі экономикалық дамыған аудандар да осы белдеуде орналасқан (солтүстік, оңтүстік). Бұл белдеуде басты үлкен қалалар ауыл шаруашылық жерлері және өңдеуші өнеркөсіптер орналасқан.

Қазақстанның ішкі аймақтары маусымдық, вахталық (ауыспалы күзет) және кішігірім жерлерге шоғырланып қоныстану басым. Ең ірі ресурстар осы аймақтарда орналасқан. Бұл жерлерде салыстырмалы түрде табиғат жағдайының қолайсыздығынан өмір сүру қиын. Соңғы жылдары халық негізгі белдеуде жинақталуда.

Бұл белдеуге ішкі және сыртқы көшіп келушілер де орналасуда. Болашақтағы агломерациялар негізгі белдеуде қалыптасады. Нәтижесінде барлық еңбек әлуетін мемлекетті модернизациялау бойынша жұмылдыруға мүмкіншілік жасайды.

Ендігі жерде халықтың облыстар және ірі аудандар бойынша орналасуына көңіл бөлейік.

Аймақтардағы халықтың орналасуы біркелкі емес. Оның өзі халықтың тығыздығымен де бірдей емес екендігін көрсетеді. Орташа тығыздық мемлекетімізде 6 адам/км²-нан келеді. Маңғыстау облысында 3 адамнан артық болса, Оңтүстік Қазақстан облысында 20 адамға жетеді.

Қалалардың саны мен олардың тұрғындары тез өсуіне байланысты, экологиялық жүйеге түсетін ауыртпалық үнемі күшейіп келеді. Яғни, өзіміздің еліміздің ішінде «урбандалу» жағы өте күрделене түсуде. Осы термин кейінгі жылдары көптеп қолданылуда. Ол дегеніміз «urds» латынша қала деген сөз ертеден болғанымен. «урбанизм» немесе «урбанизация» термині халықтың қалада тұруға ұмтылуы, қаладағы тұрмысты ұнатуы урбанизация процесінің күшеюіне алып келген болатын. Әуелгі бетте айтылып өткендей – ақ «өзіміздің». Қазақстан республикасы да, дүниежүзілік урбанизация әсерінен тысқары қалған жоқ. Әсіресе, өнеркәсіп және қатынас кәсіпорындарын көптеп салу мен тың және тыңайған жерлерді игеру кезінде (1954), қалалар саны, оның ішінде ірі қалалар саны тез өсті. Олардың тұрғындары, 45 жылда 5 еседен артық өсіп, халықтың басым көпшілігі қалада тұратын болды. Болжам бойынша, қалалардағы тұрғындар саны көп артуы ықтимал. Бұл әрине жақсылыққа апарып соғатын жағдай емес. Қазіргі таңның өзінде-ақ қала халқының тығыздығы, әсіресе Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларында бір шаршы километрге 200 км2 аса адам келіп экологиялық жағдайдың үнемі нашарлауына себепті .Қайта айнала біз қала экологиясына соқсақ біз жоғарыда урбандану процесін де айтып өткен болармыз. Бұл әрине бүгінгі мәселелердің біріне айналып отыр. Қазіргі адамзат баласы кешегі кезеңнен гөрі ғылым мен техникаға бет бұруда. Соған байланысты өндіріс, өнеркәсіппен айналысудың нысаны осы. Қоғамдағы ғылым мен техниканың даму барысында кешегіден бүгін көптеген өзгерістер байқалуда. Мысалы үшін алатын болсақ еліміз егемендік алғалы 10-12 жылдай болды. Соған байланысты экологиялық тұрғыдан да өз еліміз ішінде де көптеп өнеркәсіптер оның ішінде завод-фабрикалардың өзі өз қолымыздан өнім шығарылуда. Бұл негізінен біздің байлығымыз әрі мақтанышымыз болса да, адамзаттың бойына да зиян келтіру жағы көбірек. Мысалы казіргі таңдағы автокөліктердің саны жағы да өткенгіден қарағанда күрт өскен. Бұл автокөліктердің саны жанармайлармен жүруі атмосферадағы ауа сапасын бұзуына зор ықпал жасайды. Ал енді дүние жүзілік ақпарат ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, ауылды жерлердегі елді мекендерге қарағанда қалалардағы атмосферадағы ауа құрамында зиянды газ күйіндегі заттар 10-25 есе, ал тозаң 10 еседей артық мөлшерде ұшырасады. Өнеркәсіп шоғарланған жерлерге қыс айларында тұманның түсетіндігі ал жауын-шашынның қалыптағыдан 5-10 есе артық жауатыны да байқалады
Дәріс №2. Қалалардың қалыптасу ерекшеліктері. 2 сағат


  1. Қала. Қаланың қалыптасуы

  2. Қазақстандағы ежелгі қалалар

  3. Қазақстандағы ортағасырлық қалалар

Қала, шаһар — тұрғындары өнеркәсіп пен сауда орындарында және ғылыми, мәдени, басқару мекемелерінде еңбек ететін ірі елді мекен.

Қала орталық коныстандырылған пункт, кішкене қала мен ауылдардан айырмашылығы шекара ішінде діни, әскери-саяси, экономикалық және мәдени қызметтің жүзеге асырылу деңгейімен және үлкен көлемімен ерекшеленеді. Осы әрекеттер жиынтығы қоршаған шағын ауылдарға билік жүргізуді білдіреді.[1]

Қала көбіне өз атырабының әкімшілік және мәдени орталығы болып табылады. Елді мекенді қала дәрежесіне көтеретін басты межелер — ондағы, халықтың саны және олардың атқаратын қызметі (өнеркәсіп, мәдени, саяси-әкімшілік орталықтары).

Қалалар Жер бетінде 6000 жыл бұрын құрылы бастаған еді. Ол адамзаттың ең керемет қолөнерлерінің бірі еді. Себебі, қала мағынасы - осы ауданда мекен еткен халықтың ең маңызды оқиғаларын суреттейді. Қала деегніміз мәдениет, ғылым, білім және ондіріс орталығы болып саналады. Қалалар сауда – саттық болған жерлерде, керемет ғимараттар айналасында және ел басқару болған жерлерде салынған еді.

Қала – бұл адамдарды бір территорияда шоғырландырып (концентрация) орналастыру түрі, қаладағы адамдар ауыл шаруашылығына тән еңбек түрлерімен айналыспайды. Қала адамдары алуан түрлі еңбек және өндірістен тыс іс-қызметтерімен айналысады. Қала адамдарды әлеуметтік және мамандық жағынан әр түрлі болады және өздерінің ерекше қалалық өмір салты болады. Қаланың көптеген түрлері болады, олардың негізінде әкімшілдік атқару қызметі жатыр. Ал, бұл әкімшілдік атқару қызметі сауда және өндіріспен, мәдениетпен, ғылыммен және демалыс, дінмен тығызбайланысты.

Қалалардың даму, өсу процесін қала өмір салтының жетілуін урбанизация деп атайды.

Кейінгі деректерге қарағанда КСРО тұсында қалалар қарқынды өскен. Мысалы, Ресейде қалалар 80%, Украина мен Беларуссияда – 70%, ал, Қазақстанда – 60% өскен.

КСРО тұсында қалалардың күрт қаулап өсуінің себептері бар. Басты себебі, орсы тілді халықтардың миграциясына, яғни көшіп-қонуына байланысты. Ал, мұның өзі жаңадан іске қосылған өндіріс ошақтарының және құрылыс мекемелерінің жұмыстарын жандандырды.

Қалаларды жан-жақты зерттеу ХХ ғасырдың 60- жылдары ғана басталды. Мұның өзі қалалардың тез дамуымен байлансты болды. Осы уақытта объективтік қажеттілкпен қалаларды әлеуметтік тұрғыдан зерттейтін арнаулы теория пайда болды. Ол қала әлеуметтануы деп аталды. Қала әлеуметтануы қалалардың шығу, пайдаболу заңдылықтарын, белгілі бір жүйе ретінде олардың атқаратын қызметін, қоғам дамуында алатын орнын, дамуын, әлеуметтің – кеңестіктегі қоғамның ұйымы, адам бірлігін тарихи тұрақты бірлігі ретінде зерттейтін болды. Қала әлеуметтануы қалаларда әлеуметтік-территоиялық бірлік болып қалыптасуында әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-кәсіби құрылымына, әсіресе, ондағы әлеуметтік институттардың (ұйым, мекемелердің) қызметінің ерекшелігіне, қалалық өмір салты, қала мәдениетіне, қаладағы адамдардың бір-бірімен қарым-қатынас жасау салаларына аса үлкен назар аударады. Қала әлеуметтануы бұлар мен ғана шектеліп қалмайды. Оның қамтылмаған басқа да мәселелері бар, олар: қала әлеуметтану теориясын жетілдіріп зерттеу, урбанизацияның әлеуметтік заңдылықтарын ашу, әлеуметтік инфрақұрылымының даму жүйесінің көрсеткіштерін талдау, т.б.

Ауыл-село – бұл қаламен салыстырғанда адамдардың әлеуметтік тұрғыдан бытыраңқы орналасқан бірлігінің формасы. Мұнда адам тек қана ауыл шаруашылығына тән еңбегімен айналысады. Қала мен салыстырғанда ауыл-селода жұмыс түрлері, іс-қызметтер бірыңғай болады. Әлеуметтік және кәсіпкерлік іс пен еіьек біржақты болады, ауыл-селоның өзіне тән тұрмыс-салты (психологиясы) бар. Қала тұрғындары мен салыстырғанда тұрмыс жағдайы, әл-ауқаты біршама төмен, әсіресе, қазіргі кезінде тіпті төмендеп кетті. Осылардың салдарынан ауыл-село тұрғыдары азаюда. Бұлардың көбі күнкөріс қамымен қалаларға барып қоныстануда.

Ауыл-село, адамдарының әлеуметтік-территориялық бірлігін, оның шығу, пайда болуын, атқаратын қызметін, басқа бірліктерімен байланысын, қатынасын, дамуын зерттейтін жалпы әлеуметтанудың арнаулы теориясын ауыл-село - әлеуметтануы деп атайды.

Ауыл-селоны зерттей патшалық Ресей тұсында да болды, бірақ жан-жақты терең зерттеулер тек ХХ ғасырдың 50-60 жылдарынан басталады. Мұндағы негізгі мәселелер: ауыл-селдодағы әлеуметтік-экономикалық өзгерістер, ауыл-село тұрғындарының миграциясының әлеуметтік мәселелері, оның топтық құрылымы, ондағы әлеуметтік жағдайлардың уақытты ұтымды ұйымдастыруы, ауыл шаруашылық мамандықтарының ерекшеліктері, халықтың әлеуметтік-демографиялық өсуі т.б.

Бәрімізге белгілі қала мен ауыл-село арасында жер мен көптей айырмашылықтар бар. Қаланы айтқанда біз алдымен халықтың ең көп шоғырланып жиналған мекенді еске аламыз, көп қабатты үйлер, үзіліссіз ағыл-тегіл жүріп жатқан көлік пен адамдарды елестетеміз.Ал, ауыл-селоны тілге тиек еткенде, керісінше, адамдардың аз тобын, бір қабатты үйлер, олардың әр қайсысының жанында бау-бақша, мал қораларын көз алдымызға әкелеміз. Ең басты айырмашылық адам санына байланысты болса, ал, мұның өзі өз кезегінде- адамдардың әлеуметтік-территориялық бірлігінің ұйымдасуына жіне адамдардың жеке іс-әрекетіне, қызметіне, табиғи байлықтарды, ресурстарды игеруге байланысты халықтың еңбек түріне қарай бөлек әрекет етуі қажеттілігінен туындайды. Ал, қалада шикізатты өңдейтін өндіріс, кәсіби ұйымдар болғандықтан және өндірістен тыс еңбек, жұмыс түрлері көп болғандықтан адамдардыңалуан түрі шоғырланады. Қала адамдарды территория ресурстарына тікелей байлап қоймайтындықтан, адамдарды жан-жақты шоғырландырады.

Адамдардың әлеуметтік-территориялық бірлігі тек қана қала мен ауыл-селода деп түсінуге болмайды. Бұлардың арасында агломерация деген адамдардың территориялық бірлігі бар. Сонымен, адакмдар бірлігінің негізгі территориялық бес орналасу түрі бар.

1. Тікелей ауыл шаруашылық өнімдерін өндңретін елді-мекен;

2. Азын-аулақ ауыл шарушылығы өнімдерін өндірмейтін елді-мекен;

3. Аграрлы-индустриялды елді-мекен;

4. Ірі өнеркәсіптік (индустриялды) елді-мекен;

5. Қала.

Бұдан біз урбанизациялық (яғни, қалалардың өсуі, қалалық әдет-ғұрып, салт-дәстүрдің кең жайылуы) процестердің өсудәрежесін байқаймыз. Олар мына фактілерден көрінеді:

1. Ауыл шаруашылығының рөлі төмендеп, өндіріс алдыға шығады;

2. Елді мекендерде халық тығызданып, үй-құрылыс процесі артады (көп қабатты құрылыстар көбейеді);

3. Тұрмыс қажетін өтейтін мекемелердің шоғырлануы және мамандануы күшейеді;

4. Еңбек, жұмыс орындары көбейеді, осының салдарынан жұмысшылардың нақты мамандық түрлері көбейіп, кәсібилік күшейе түседі;

5. Қоғам дамыған сайын адамдардың білім дәрежесі, кәсіби шеберлігі жетіле түседі. Осыған барып адамдардың тұрмыс салты, олардың бағалық, құндылық жүйесі өзгереді.

Сөйтіп белгілі бір елді мекен қала жағдайына, деңгейіне жету үшін оның белгілі бір дәрежеде халық санының көп болуы және ауыл шарушылық өндірмейтін функциясы (яғни, орны мен қызметі жабылады) болуы қажет.

Қандай да бір елді мекеннің өзіне тән белгілі бір функциясы болады. Мысалы, бір ауыл шарушылық ауданы немесе елді мекені жалпы халық шаруашылығы тұрғысынан қарағанда ауыл шаруашылық өнімдерін өндіретін орталық болуы мүмкін, ал, соы ауданның халық тұрғысынан қарағанда ол демалыс орны болуы мүмкін. Бұл аудан жалпы ауыл шаруашылығы елді мекен тұрғысынан алғанда өмір сүру орталығы болуы мүмкін.

Ауыл шаруашылығының негізгі функциясы, ауыл шаруашылық өнімдерін шығару және оларды сирек болса да аздап өңдеу. Ауыл-селолық жерлерде өз шаруашылығы, оны дайындау, өз территориясында аң-балық аулау, т.б.қаланың элементтеріне жататын кәсіпорындарының негізгі салалары болуы мүмкін. Әрине, бұл ауыл-селоны қаланың деңгей –дәрежесіне аздық етеді. Бұл шағын кәсіпорындарға құрылыс материалдарын дайындайтын тас карьерлері, бидайды ұнға айналдыратын диірмендер, ұсақ сүт-май зауыттары, т.б. жатады.

Ауыл-село рекреациялық қызмет атқарады. Бұл ерекше халық шаруашылық саласы – мұнда қала адамдары санаторийда, демалыс үйлерінде, балалар жазғы демалыс лагерінде демалады. Демалысқа келген қала адамдарына село тұрғындары тұрмыстық қызмет көрсетеді. Қала тұрғындары бұл мекемелер арқылы өздерінің денсаулығын, әл-қуаттарын күшейтеді.

Ауыл-село тұрғындары табиғатты қорғау қызметтерін де атқарады. Бұл қызметтің мазмұны саябақ қорын қорғау сияқты, т.б. әрекеттерден көрінеді.

Ауыл-село тұрғындары экологиялық қызмет атқарады. Өзінің территориясында табиғатты қорғау, ондағы тепе-теңдікті сақтауды бақылауға алады.

Ауыл-селоның тағы бір маңызды атқаратын қызметі – ауыл-село тұрғындарының қалаларға көшіп қоныстануы. Сөйтіп ондағы өндіріс орындарында жұмыс істеуі. Мұнсыз қала өндіріс орындары дамымаған болар еді.

Қала тұрғындарының қызметін екі негізгі салаға бөлуге болады: 1) Қала құрушы; 2) Қалалық тұрмыстық қызмет көрсетуші (градообслуживающие).

Қала құрушы факторларға өндіріс, көлік, байланыс, басқару, ғылым, медицина, санатория- курорттық істер, т.б. жатады. Әлеуметтану тұрғысынан бұл жүйе қаланың қоғамға не беретінін бейнелейдң. Мұндажұмыс орнынынң саны, түрі, кадрлардың мамандығы, т.б. ескеріледі, яғни адамның қызмет етуінің әлеуметтік жақтары әр уақытта естен шығарылмайды.

Қаланың тұрмыстық қызметі жұмыс орынның жиынтығы арқылы адамдарға тұрмыстық қызмет көрсетеді. Бұған көлік-транспорт, балалар мекемелері, мектеп, денсаулық сақтау, сауда, тұрмыстық қызмет мекемелерінің, мәдени мекемелердің коммунальдық шаруашылық қызметтері жатады. Басқаша әлеуметтік тілмен айтқанда бұл қоғамгың қалаға беретін игілігі, бағалық-құндылықтары.

Қаланың бұл негізгі екі қызметінің бөлінуі шартты жағдайға байланысты болады. Өйткені, қаладағы жоғарғы оқу орындары, емхана, театр, сауда орындары, т.б. тек қана осы қала тұрғындарына қызмет етпейді, олар басқаралға да осындай тұрмыстық қызмет көрсетеді. Қала құрушы және қалалық тұрмысық қызмет көрсетуші факторларының жиынтығы, екінші жағынан, қалалық экономикалық және мекеме мен ұйымдардың техникалық даму тұрғысынан еңбек орындарының құрылымын бейнелейді.

Енді қала мен селоның өзара байланысына тоқталайық.

Ауыл-селоның негізгі атқаратын қызметі- ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру болса, оны өңдейтін, тұтынатын қызмет қала тұрғындарына жатады. Ағашты өңдей, жиһаз жасау үшін ауыл-селода өндірілген ағаштың қатты бөлігін (древесинаны) пайдаланады. Ауыл-селода коммуникация байланыстары тәртіппен жұмыс істейді. Барлық байланыс тораптары мен жүйелері (орталық жүргізу, хабарлау, реттеу, т.б.) қалада, олар елді мекендердің арасындағы байланыс – хатынастарды қамтамасыз етіп, реттеп отырады.

Қала ауыл-селодан келген қоныстанушыларға (яғни мигранттарға) жұмыс орнымен, пәтер-үймен қамтамасыз етіп отырады. Жоғары оқу орындарында ауыл-селоға жоғары мамн кадрлар дайындайды.

Қала мен ауыл-село арасында мұндай қатынастар өте көп. Осы көптеген байланыстарды жіпке тізіп жатпай- ақ жалғыз ауыз сөздің қауызына сыйдырып айтқанда, оның мәні былай: қала тарихи ұзақ уақыт ішінде ауыл-селоның көптеген мүмкіншіліктерін, әсіресе алуан түрлі ресурстарын пайдаланып келді. Осыған орай ауыл-селоның экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани қатынастарын біршама жоғары деңгейге көтерді. Бірақ, бұлардың арасындағы өзара көмек тең жағдайда, үйлесімді болмады, яғни теңсіздік пайда болды. Сөйтіп ақыр аяғында ауыл-село тұрғындарының мұң-мұқтажы, талап-тілегі қалтарыста қалды.

Мигранттардың үлкен топтары қалаларға ағылды. Себебі, қаладғы тұрмыс деңгейі жоғары болды. Атап айтқанда, еңбек ақының біршама жоғары деңгейі, пәтер-үйлердің толық жабдықталуы, жаңа мамандықты іріктеу, оны ауыстыру материалдық және мәдени құндылықтарға жолдың ашықтылығы, т.б. Қаланың тұрмыс деңгейінің жоғары болуы, т.б. сияқты факторлар да ауыл-селоның күйреуіне әкеліп соқты. Қала мен ауыл-село халқын бірнеше, алуан түрлі ерекше топтарға бөлуге болады. Олардың өлшемдері мыналар: мамандық құрылымы, білім дәрежесі, материалдық қамтамасыз етілуі, физикалық дайындығы, әлеуметтік жауапкершілігі,белсенділігі, жасы, отбасы жағдайы заңға, саясатқа қатынасуы, т.б.

Қазақстанның ежелгі қалалары – жазба деректемелер мен археологиялық материалдар нәтижесінде анықталған байырғы қоныс орындары, қала жұрттары. 6 – 9 ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Оңтүстік-Батыс Жетісуда қала мәдениеті жақсы дамыды. Саяси жағынан бұл аймақтар түрік әулеттеріне бағынды және реті бойынша Батыс Түрік, Түргеш, Қарлұқ қағандықтарының құрамына енді. Бұл кезеңде көшіп жүретін жер аумағы шектеліп, көш жолдары қалыптасты, тұрақты қыстаулар мен жайлаулар орнығып, егіншілік пайда болды, отырықшы кедейлер тобы бөлініп, жекелеген рулық топтар отырықшылыққа көшті. Мемлекеттік төрешілдік аппарат құрылып, ортақ тіл мен жазу қалыптасты, сауда және дипломаттық байланыстар дамыды. Осындай жағдайда әкімшілік және қолөнер, сауда, мәдениет орталығы ретінде қалалар салына бастады. Оңтүстік Қазақстандағы ең ірі қала Исфиджаб саналады. Ол 629 ж. Сюань-Цзянның жылнамасында “Ақ өзендегі қала” атымен алғаш аталады. Кейін Махмұт Қашқари Сайрам – ақ қаланың аты (әл-Мединат әл-Байда), ол Исфиджаб деп, кейде Сайрам деп те аталғанын жазады. Сайрамнан Шашқа баратын жол бойында 8 – 10 ғасырларда Газгирд (Қазығұрт) болған. Исфиджабтың шығыс жағында Шарап, Будухкет, Тамтаж, Абараж, Жувикат қ-лары мен елді мекендері орналасқан. Шарапқа – Төрткөл Балықшы, Будухкетке Қазатлық қалаларының жұрты сай келеді. Тамтаж, Абараж – керуен сарайлары іспетті. Арыстың төменгі ағысында орталығы Отырар қ. болған Фараб (Отырар) өңірі жатты. Отырар аты (Отырарбенд) 8 – 9 ғ-лардағы жазба деректерде аталады. Оның Фараб, Тарбанд секілді атаулары да бар. Отырардан төменірек Сырдария бойындағы Шауғар өңірінде сол аттас орталығы болған. Шауғар қаласы(соғды тілінен аударғанда “Қара тау”) Түркістанның оңтүстік-шығысында 8 км жерде орналасқан Шойтөбе қаласының орнында болған.

Оңтүстік-Батыс Жетісуда қалалардың өркендеуіне, қолөнері мен егіншіліктің және құрылыс техникасының дамуына Соғды ұрпақтарының елеулі әсері болды. 8 ғ-дың 2-жартысында олар Шу, Талас жазықтарына көптеп қоныстана бастады. Соғдылық саудагерлер Иран мен Византияны Шығыс Түркістанмен жалғастыратын Ұлы жібек жолының бойына сауда қоныстарын салды. Осындағы Тараз және Суяб қалалары Қазақстаннан тыс жерлерге де мәлім болды. Жазба деректерге қарағанда 7 – 13 ғ-ларда осы жол бойындағы Аспара, Шігілбалық, Атын, Семекина, Талхиз, Мерке, Құлан, Исфиджаб, Усбаникет және басқа қалалар да маңызды рөл атқарды. Бұл қалаларда ұсталық, зергерлік, былғары өңдеу, қыштан ыдыс жасау кәсібі өркендеді. Тұрғындары егін шаруашылығымен айналысып, бидай, тары егіп, бақ, жүзім өсірген. 9 – 10 ғасырларда солтүстік-шығыс Жетісуда да қалалар салына бастаған. Іле өз. бойындағы көшпелілер қоныстарының орнына пайда болған бұл қалалар тез арада-ақ қолөнері мен сауда орталығына айналды.

9 ғасырларда және 10 ғасырдың 1-жартысында Жетісуда билік қарлұқтар қолына өтуіне байланысты көшпелі халықтар отырықшылыққа жедел көше бастады. Көшпелі тайпалардың ақсүйектері құнарлы жайылымдарды басып алу, соғыс жорықтары және сауда арқылы байыды. Қоғамның қарапайым мүшелері топ-тобымен отырықшылыққа көшіп, егіншілердің, қолөнершілердің қатарын толықтырды. Осыдан барып үлкенді-кішілі елді мекендер мен қалалар көбейе бастады. 9 – 12 ғасырларда қоғамның өндіргіш күштері үлкен қарқынмен өсті. Орта Азия мен Қазақстандағы саяси билікті басып алған Қарахан әулеті феод. қатынастардың қалыптасуына ықпал жасады. Осы кезде қалаларда діни орындарға арналған құрылыстар, ақсүйектердің сарайлары, су құбырлары, тазалық жүйелері салынды. Жаңа қалалар пайда болды. Әсіресе, Оңтүстік Қазақстанда қалалар көркейе түсті. Бұрын 5 – 7 га-дан аспаған Отырар рабадының аумағы 170 га-ға дейін жетті.

Кең көлемдегі қазба жұмыстары Оңтүстік Қазақстандағы қала мәдениеті ескерткіштерінің типологиясын жасауға мүмкіндік береді. Аумағы 30 га-дан асатын қала жұрттарына Сайрам (Исфиджаб), Шортөбе немесе Қараспан-1 (Осбаникет), Отырартөбе (Отырар), Құйрықтөбе (Кедер), Шойтөбе (Шауғар), Жанқала (Жанкент, Янгикент), Сунақ-Ата (Сығанақ), Құмкент жатады. Аумағы 15 га-дан 30 га-ға дейін жететін қалалар – Бурух, Хурлуг, Жумишлағу, т.б. 15 га-ға дейін жететін қала жұрттарына Шарапхана (Газгирд), Бұлақ-Қоғал (Манкент), Тамды (Берукент), Қазатлық (Будухкет), т.б. жатады. Осы қалалардан басқа Сырдарияның орта ағысында 6 – 9 ғ-лардың бірінші жартысына тән мәдени қабаттары анықталған бір топ қала жұрттары жатыр. Қазақстанның оңтүстігінде жалпы саны 27-ге жететін осындай қала жұрты бар. Қазақстанның оңт-ндегі қала жұрттарына құрылымында – ішкі қамал (цитадель); шахристан (дуалмен бекіндірілген қала) және рабад (қала төңірегіндегі сауда-қолөнер орны) болатын топография тән. Шахристанда бай шонжарлардың, ірі саудагерлер мен дінбасылардың үйлері, сарайлар орналасты. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісудың ерте орта ғасырлардағы қалаларының жұрттарын анықтаған кезде мынадай белгілердің жиынтығы: көлемі мен құрылымы (қамал және бүкіл көлемі немесе қамал мен шахристан); бекіністері; мәдени қабатының байлығы; археол. кешені пайдаланылады. Осындай сан және сапа белгілеріне сүйенгенде, Оңтүстік Қазақстандағы алдыңғы орта ғасырлардағы барлық қалалар саны 33 болды.

Алайда, Оңтүстік Қазақстанның барлық қалалары неғұрлым кейінгі уақытта да өмір сүргендіктен, қала орындарының кейінгі мәдени қабаттары ертедегі қалалардың көлемін анықтауға және олардың үлгілерін жорамалдауға мүмкіндік бере бермейді. Жетісудың оңт.-батысында, керісінше, бұған толық мүмкіндіктер болды. Жазбаша деректемелерге қарағанда, мұнда 7 – 10 ғасырларда 27 қала мен қоныс болған, олардың көпшілігі нақты қала жұрттарымен сәйкестендірілді.

Ал Шу және Талас аңғарларындағы аумақта барлығы 36 қала жұрты табылып, олардағы 7 – 9 ғасырлардың мәдени қабаттары анықталды. Қалалар кейінгі кезге дейін өмір сүрген. Олардың топографиясында өзіндік ерекшелік кездеседі. Қала жұрттарында қамал мен шахристаннан тұратын “орталық бөлік” ерекше көрінеді. Орталықтағы құлаған үйінділерге ұзындығы 3 км-ден ондаған км-ге дейін жететін дуалмен қоршалған аумақ жапсарласып жатады. “Ұзын дуалды” қалалардың орналасуында қатаң заңдылық бар: Талас аңғарында олар бір-бірінен 15 – 20 км қашықтықта, аңғарлардың ең қолайлы жерлерінде, Таласқа ұсақ тау өзендерінің құятын сағаларында орналасқан. Шу аңғарында қалалардың орналасу заңдылығы одан да айқын – он үш қала тау етегіндегі аймақта тау өзендері ағып шығатын жерлерде бір-бірінен 15 – 35 км қашықтықта орналасқан; қалғандары Қырғыз жотасы тауларынан өзендердің Шуға келіп құятын жерлерінде солтүстік Жақтағы ішкі тізбекті құрайды. Қалаларды сипаттап топтаған кезде қала орындарының көлемі мен топографиясы және жазбаша деректердің мәліметтері пайдаланылуы нәтижесінде қалалар үш топқа бөлінеді. Бұлар: астаналық және ірі қалалар – Тараз, Суяб, Невакет және Нұзкет, олар Жетісудың оңт.-батысындағы Жамбыл, Ақбешім, Қызылөзен және Шитөбе сияқты ірі қала жұрттарына сәйкес келеді. Орташа топқа Таластағы Ақтөбе қ-ның жұрты деп саналатын Текабкет және тиісінше: Сус – Шалдовар, Мерке, Аспара, Жол – Соқылық, Харранжуван – Беловодск бекінісі, Жақ – Сарығ – Грозненское жатқызылды. Шағын қалаларға жататындар: Құлан – Луговое, “Түрік қағанының ауылы” – Шөміш, Кірмірау – Покровское. Ірі қалалардың төңірегінде орналасқан ондаған ескерткіштерді қоныстарға жатқызуға болады. Шу-Талас өңірлерінде орналасқан 403 ортағасырлық қалалар мен мекендердің 240-ның тарихи-топографиялық құрылымдары зерттелген. Мұндағы негізгі қалалар Жікіл, Балу, Шелже, Такабкет, Көл, Кендек, Ақтөбе, Төлек, Сус, т.б. Шу аңғарында Баласағұн қ. жетекші орынға шығып, астана рөлін атқарған. Ол 10 – 11 ғ-ларда хан ордасы ретінде қалыптасқан. Оның орнында неғұрлым ерте кезеңдегі қала жұрты бар. Бұл өлкеде осынша көп жаңа қалалардың пайда болуы ауданда отырықшылық пен қала өмірінің дамығанын көрсетеді. Солт.-шығыс Жетісуда 9 – 13 ғ-дың басында қалалар саны артқан. Егер 9 – 10 ғ-ларда мұнда 10 ғана қала болса, 11 – 13 ғ-лардың басында олардың саны 70-ке дейін көбейген. 10 ғ-дағы деректер Іле аңғарының сол жағалауында орналасқан екі қала – Талхиз (Талхар, Талғар) және Лабан қ-лары туралы мәлімет берсе, 11 – 13 ғ-лардың басындағы деректерде Екі-Оғыз, Қаялық, Ілебалық, т.б. қалалар аталады. Солт.-шығыс Жетісудағы барлық қала жұрттары “төрткөл” аталатын үлгіге жатады. Олар тік бұрыш, трапеция түрінде жоспарланған немесе дөңгелек болып келеді, жалпы жер бетінен сәл дөңестеніп тұрады және барлық жағынан бұрыштары мен мұнаралары бар дуалдармен қоршалған.

Төрткөлдер солтүстік-шығыс Жетісуға ғана емес, сонымен қатар оңтүстік-шығыс Жетісуға, Тянь-Шаньға, Орталық Қазақстанға, Тува мен Моңғолияға таралған. Осы үлгідегі немесе біршама өзгеше жоспарланған қала жұрттары Сырдарияның төм. ағысында, Азов т. маңында кездеседі. Олардың типологиясы жөнінде әр түрлі көзқарастар бар. Тянь-Шаньдағы Қошайқорған мен Шырдабек сияқты ірі қалалардың жұрттары орда-қалалар деп саналады. Ыстықкөл қазаншұңқырының төрткөлдері бекіністер және ауылдық қоныстар деп есептеледі. Сырдарияның төм. ағысындағы суреттеліп отырған үлгідегі қала жұрттары ауылдық мекен жайлар мен қала үлгісіндегі қоныстар деп саналады. Солт.-шығыс Жетісу төрткөлдері үш топқа бөлінеді.

Біріншісіне:


  • Антоновка, Дүнгене, Шілік;

Екіншісіне:

  • Талғар, Сүмбе, Ақмола енгізілген;

Үшіншісіне:

  • Алматы, Лавар, Қапал, Бояулы, Ақтам, Арасан.

Бірінші топқа аумағы 30 га-дан асатын қалалар енеді.

Бұлар – көп қабатты ескерткіштер, мәдени қабаттарының қалыңд. 2 – 3 метрге дейін жетеді және одан да қалың. Қазба жұмыстары кезінде қала жұрттарынан алуан түрлі керамика, әйнек, теңгелер, қолөнер шеберханалары мен өндірістік күл-қоқыстар табылды, бұлар мұнда қолөнер мен сауданың дамығанын дәлелдейді. Бұл қалалар жұрттарының кейбіреулері нақты қалаларға: Антоновка – Қаялыққа, Дүнгене – Екі-Оғызға баланады. Олардың ішіндегі ең ірісі қарлұқ жабғуының астанасы Қаялық ретінде танылған – Антоновка. Бірінші топты құрайтын төрткөлдер ірі қалалар және астаналық орталықтар болып табылады. Екінші топтағы қалалардың аумағы 10 га-дан 30 га-ға дейін жетеді. Үшінші топ қалаларының аумағы 10 га-ға да жетпейді. Мұндай қала жұрттарының құрылысы Жақсылық қ-ның орнын кең көлемде қазған кезде зерттелді. Оларда тұрғын үйлер дуалдар іргесіне, ішкі жағында орналасады, ішкі аулалар бар. Іле қалалары жұртының бұл тобын бұрынғы көшпелілер мен жартылай көшпелілердің ауылдық қоныстары деп санауға болады. Кейбіреулері керуен-сарайлар болуы мүмкін. Сарыжас, Быжы және Айнабұлақ сияқты бірнеше қаланың жұрты бір-біріне жақын орналасқан екі немесе тіпті үш бекіністен тұрады. Олар әдетте жолдардың түйіскен тұсына салынған.



Бұл кезеңде отырықшы және қала мәдениеті Қазастанның орт. және шығыс аймақтарына қарай ойысқан. Қазақстанның батысында қоныстар пайда болған. Орталық Қазақстанда, Нұра, Кеңгір және Жезді аңғарларында, Ұлытау етегінде ондаған төрткөлдер табылды, мұнда жүргізілген қазба жұмыстары олардың әкімш., қолөнер-сауда және а.ш. сипатын көрсетеді. Шыңғыс хан шапқыншылығы және одан кейінгі Шыңғыс хан ұрпақтары арасындағы соғыстар салдарынан Іле, Шу, Талас алқаптарындағы қалалардың көбі қирап, біржола жойылып кеткен. Италия елшісі Плано Карпини Сырдария жағалауында болғанда, бұл жерлерден көптеген қираған қалалар мен мекендерді кездестіргенін жазды. Француз королі Людовик ІХ-ның елшісі Виллем де Рубрук 1253 ж. моңғол ханы Мөңкеге бара жатып, Іле алқабы арқылы өткенде жазған күнделігінде жоғарыда аталған жазықта бұрын көптеген қалалар болғанын, олардың көбін мал жайылымына айналдыру үшін татарлардың қиратқанын жазады. Сырдария мен Қаратаудағы 13 ғ-да жермен-жексен етіліп, тоналған қалалар – Түркістан (Иасы), Отырар, Сығанақ, Созақ, Құмкент, Жент және Жаңакент 14 – 15 ғ-ларда Темір мен оның ізбасарларының солтүстік-шығысқа жасаған жаугершілік жорықтарында бекініс қамалдары болып, одан кейін қолөнер және сауда орталығы, хандардың резиденциясына айналған. Олар қазақ хандарының өмірінде маңызды рөл атқарды. 15 – 16 ғ-ларда Қазақ хандығының қалыптасу және нығаю кезеңінің күрделі саяси оқиғалары жағдайында, жерді игеру барысында қазақтардың этникалық аумағының қалыптасуы аяқталды. 13 ғ-дың 2-жартысы – 14 ғ-да айтылатын қалалар саны 20-ға дейін, ал мезгілі 15 ғ-дың 2-жартысы – 18 ғ-дың басына жататын қала жұрттары 23-ке дейін азайды. Жалпы алғанда, 9 – 12 ғ-лармен, қала мәдениеті барынша гүлденген уақытпен салыстырғанда, Оңтүстік Қазақстанның жазбаша деректемелер бойынша белгілі қалалар саны 3 еседей, ал қала жұрттарының саны 6 еседей азайып кеткен. 16 – 17 ғасырларда аймақтың саяси және экон. өмірінде Аркөк, Қожан, Аққорған, Үзкент сияқты қалалар маңызды рөл атқара бастады. Сайрам өркендеді. 15 – 18 ғасырларда Түркістан – қазақ хандарының астанасы, одан бұрын Сығанақ пен Сауран Ақ Орданың орталығы болды. 13 – 14 ғасырларда бұл қалаларда үлкен құрылыс жұмыстары жүргізілді, мешіттер, медреселер, басқа да қоғамдық архит. құрылыстар салына бастады. Түркістанда теңге соғылды. Мұнда Әмір Темірдің бұйрығы бойынша Қожа Ахмет Иасауи қабірінің үстіне кесене тұрғызылды, қала аймақтың ресми идеол. орталығына айналып, қауырт өсті.

Отырарда да теңге соғылғаны туралы деректер бар. Мұнда ‘’Арыстан баб кесенесі’’ салынды. 14 – 15 ғасырларда Отырардың орталығында үлкен мешіт салынып, жұмыс істеген. Отандық археологтар ізденістерінің нәтижесінде 16 ғ-дың аяғы 17 ғ-дың 80-жылдарындағы Отырар қ-ның халқына демографиялық есептеулер жүргізілді. Отырар қ-ның 16 – 17 ғасырлардағы аумағы 20 га-ға тең. Оның төрттен бір бөлігін алаңдар, көшелер, шаруашылық жайлар алып жатқан. Махаллаларда (100 шақты) орта есеппен 45 – 63 адам тұрған, ал қаладағы барлық тұрғындар саны 4500 – 6300 адам немесе орта есеппен 5500 адам өмір сүрген. Сығанақ (20 га) пен Созақта (22 га) да тұрғындар саны осындай. Көлемі 35 га болатын Түркістанда 170 махалла болған, оларда 9180 адам тұрған. Көлемі жағынан Сауран Отырардан екі есе үлкен, онда 11000-дай адам, ал Сайрамда (28 га) 7560-тай адам болған. Қарасаманда (6 га), Иқанда (6,7 га), Қарнақта (4,5 га), Қарашоқта (5 га), Сүткентте (6 га), Аркөкте (7 га), Қотанда (7 га), Үзкентте (9 га), Аққорғанда (8 га) 1500-ден 2000-ға дейін тұрғындар тұрып, махаллалар саны 20-дан 40-қа дейін жеткен.

Жақанкентте, Суриде, Жүнкентте, Құжанда, Қарақұрымда және Раң сияқты баламасы табылмаған, көлемі 1 – 2 га-ға дейін жететін қалашықтарда 800 – 1000-дай адам тұрған. Жалпы, 16 – 17 ғ-лардың үш ширегі кезеңінде Қазақстандағы қала халқының саны 70 мыңнан аспаған. 17 – 18 ғ-лардағы жоңғарлар шапқыншылығы Қазақстан қалаларының экономикасын құлдыратты. Қазақстандағы орта ғасырлардағы елді мекендер мен қала-лар, мұнда қалалық мәдениет пен өркениеттің ежелден қалыптасып, дамығандығын көрсетеді.

Архелогиялық зерттеулерде ерте орта ғасырға қарағанда орта ғасырдың дамыған кезінде отырықшылықмәдениет өркендеп, қалалар саны көбейген.
Егер бұрын Оңтүстік қазақстанда 30 қаланың орны белгілі болса, ал кейнгі кезде зерттеулер бойынша, олардың саны 37 қалаға жеткен. Жазба деректерде алғашқы кезенде 6 қала ғана аталса, соңғы кезде 33-ке жетті.
Қалалар санының өсуі Шығыстың экономикалық, мәдени байланыстар жүйесіне қатысуға байланысты қалалар маңызының артқандығын көрсетеді. Екіншіден, қала манында жартылай көшпелі мал өсірушілердің отырықшылана бастауы қала санының өсуіне әсер тигізген.
Оңтүстік Қазақстанда қалалардың топтаса орналасқан жерлері – Арыс өзенінің Сырдариядағы қосылатын тұсындағы сағалары. Арыстың орта ағысында орталығы Осбаникент қаласы болған Кенже аймағы құрылса, ал өөзеннің сырдарияға құяр жерінде орталығы Отырар қаласы болған Фараб аймағы орын тепкен. Ал Шауғар аймағында
Қарнақ, Шур , Шағылжан қалалары болған. Сырдың орта ағысында – Сүткент, төменгі ағысында Сығанақ , Жанкент, Асынас Жент, Баршынкент қалалары өмір сүрген.
Қалаллық отырықшылық мәдениеттің тағы бір қанат жайған жері – Жетісу аймағы. Әсірісе оңтүстүк-батыс Жетісудың орталығы Таразда да қала мәдениеті өркендеген. Бұл аймақта 36 қала жұрты табылды. Солтүстік-шығыс Жетісудан (орталығы – Лабан, Алматы, Талхир қалалары) 70 қала жұрты ашылған.
Қалалар тек саны жағынан ғана емес, көлемі, экономикалық жағынан да өсіп отырған. Оны негізінен үш топқа бөліп қарауға болады. Бірінші топқа көлемі 30 гектардан асатын қала жұрттары жатады. Ондай қалалар Испиджаб, Отырар, Сауран, тағы басқалар. Екінші топқа 10 гектардан 30 гектарға дейінгі қалалар жатады. Мұндай қалалар Бурух, Хурлуг, тағы басқалар. Ал үшінші топқа көлемі 10 гектарға жетпейтін қалалар - Алмалық , Лавар , Қапал , Ақтам , Арасан , тағы басқалар жатқызылған.
Мұнадай қалалар 1 және 2- топқа қарағанда өте көп кездеседі. Қалалар көлеміндерінің үлкен-кіші болуының өзі, олардың тұрғындарының санына ғана емес, ішкі құрұлыс жүйелеріне, қоғамдық сауда , діни орындардың орналасуына да байланысты.
X-XII ғасырлардағы қалалар дамуының өзіне тән бір ерекшелігі - бұл кезде отырықшылық мәдениеттің дамуы Қазақстанның орталық және шығыс аймақтарына қарай жайыла бастауы. Мәселен , Ұлытау етегіндегі Басқамыр, Аяққамыр немесе Кеңгір өзенінің бойындағы Сарайлы, Торайлы қалаларының өмір сүруі қалалық мәдениеттің дамуын көрсетеді.

Қала құрылысындағы өзгерістер. Қалаларға жүргізілген археологиялық


Зерттеу жұмыстары олардың ішкі құрылыс жүйелерінен толық мағлұмат береді.
Дамыған ортағасырлық қалалар Отырар, Тараз, Талғар, Баба-Ата, Құйрықтөбеге кең көлемде жүргізілген қазаба жұмыстары, бұл қалалардың қоғамдық құрылыс орындары жобаларының қанадай дәрежеде болғандығын көрсетті. Көшелер онын екі жағына салынған үйлер, шаруаға қажетті бөлмелер, олардан аулақтау жерге шеберханалар аршылған. Шеберханалар – қыш-құмыралардың махалласы тұрғын үйлерден алыстау салынатын болған. Жазба және археалогиялых деректерді салыстырғанда, ертедегі орта ғасырдағы қыш құмырашылар махалласына қарағанда дамыған орта ғасырдағы құмырашылар шеберханалары екі-екі жарым есе ұлғайған. Бұған байланысты үйлер саны да өскен. Отырар қаласын қазған кезде сауда орны анықталған. Оған басты дәлел, бұл аумақта жүріс-тұрыс көп болғандықтан , көшеге қыш-құмыралардың сынағы төселген. Құмыршылардың шеберханасы қаланың оңтүстік жағында, биіктеу жерге салынған. Қолөнер шеберлері шоғырланған қала көшелелері сол негізгі кәсіп атымен (Зергерлер көшесі) аталған.
X-XII ғ. Қалаларыедағы басты бір жаналық – жаңадан салына бастаған қала құрылысының ерекше бір жүйесі – мұсылман дінінің енуі байланысты мешіттердің пайда болуы. Осы кездегі қалалардың құрылыс жүйесінің тағы бір жаңа түрі – шығыс моншасы. Отырар қаласының екі жерінен шығыс моншасының орны табылған. Мұндай моншалар Тараз, Йасы, тағы басқа қалалардан да белгілі болған. Тараз, Отырар моншаларына су қыш құбырлармен тартылған. Мұның өзі орта ғасыр мәдениетінің даму дәрежесін көрсетеді.
Зерттеу жұмыстары қалалардың бекінісітері жайлы да мәлімет береді. Отырар қаласының дуалы да мәлімет береді. Отырар қаласының дуалы табанының қалындығы 6,2 м болса, ол жоғарылаған сайын сүйірленіп, 1,5 м-ге дейн жұқарған. Қалалардың қорғаныс жүйелері олардың үлкен-кішілігіне байланысты әрқалай болған. Мәселен, Х ғасырдағы Баба-Ата қаласының шахристанының дуалы екі қатар етіп кірпіштен тұрғызылған. Дуалдың жиегіне кірпіштен кемер жасалған. Ол жерге қарауыл немесе қаланы немесе шабуылдан қорғаушылар тұрған.
Жетісу аймағындағы қалалардың қорғаныс жүйелері, ішкі құрылыс жүйесі де өзгеше болған. Жергілікті ру-тайпалардың отырықшылануына байланысты, Талғар қаласының ішіндегітұрған үйлердің жанында малға арналған қора-жайлар да салынған.

Сонымен, Х ғасырдан ХІІІ ғасырдың басына дейінгі кезенде Қазақстандағы қалалардың құрылыс жүйелерінде елеулі өзгерістер болды. Ол қаланың үшінші сыртқы бөлігінде қалыптасуы, махаллалар көлемнің ұлғаюы, қала құрлымындағы жаңа элементтер – мешіт, монша сияқты қоғамдық құрылыстар салынып, қорғаныс бекіністерінің неғұрлұм мықты бола түсуіне көрінеді.


Тұрғын үйлер. Х-ХІІ ғасырлар қалаларына жүргізілген қазба жұмысының кезінде аршылған үйлердің құрылыс жұйелері ерте орта ғасыр кезінде (VІ-ІХғасырлар) салынған үйлерге ұқсас екендігі байқалды. Бірақ Х ғасырдың тұрақ-жайларында бөлме сандары көбйе бастайды. Бөлменің еден дейіңгі тек кіреберіс алдындында ғана сақталды. Сәкілер бөлменің жартысын, тіпті үлкен бөлігін алып тұрады. Бөлмеге аузын есік жаққа қаратып тандыр ошақ орнатылды. Мұражасы тандырдың артқы жағынан тесіліп, түтін қабырғаның бойымен үйдін төбесі арқылы шығарылған. Ал тандырдың жанында төрт бұрышты 30х30 см, беті ашық ошақ болады. Оған қазап тұрған шоқ салып қояды. Ол үйге жылу беру үшін пайдаланылған. Үйдің төбесі бір немесе 3-тен 5-ке дейін белағаш қойылып немесе итарқа етіліп жабылған. Үйдің төбесінің жабылуы оның көлеміне байланысты болған.
Тандыр ошақтың оң жақ бұрыш қабырғасында ыдыс-аяқ қоятын
ұя-тақта жасалады. Қабырғанын ортасында шырақ немесе әр түрлі ұсақ-түйек құрал-саймандар қоятын ойықтар болады. Ал ошақтың алдында күл түсетін шұңқырлары бар.
ХІ-ХІІ ғасыр тұрғын үйлері құрылысында да өзгерістер болған. Мәселен, Құйрықтөбе қаласын қазғанда қатар жасалған үш бөлмелі, бір-бірімен байланысты үйлер аршылған. Қазақтар ондай үйлерді “қоржын үй” деп атаған. Ондай үйлер қазақ қыстауларында көптеп кездеседі. Олардың сәкілері бөлмелердің тең жартысын алып жатады. Сәкілердің үстіне, еденге орналасқан ашық ошақтар соқпақша, дөңгелек, таға тәрізді болып келеді. Бөлмелердің көлемі әртүрлі болған. 30 шаршы метрден 40-50 шаршы метрге дейін жететіндері кездеседі. ХІІ ғасырдың тұрғын үйлеріндегі тағы бір ерекшелік – еденге орнатылған дөңгелек немесе тік бұрышты темір ошақтар. Олар өсімдік және геометриялық өрнектермен безендірілген. Бұл ошақтар Орта Азия тұрғын үйлері бөлмесінің ортасындағы сандалдарға ұқсас. Бірақ тардың кигіз үй ортасындағы ошақтарынан ешбір айырмашылығы жоқ. Мұндай ошақтардын маңызы өте зор болған Олар үйге әрі жылу, әрі жарық берген. Ошақ айналасына отырған отбасы мүшелері әңгіме-дүкен құрған, тәлім тәрбие мәселелерін талқылаған.

ХІІ ғасырдағы және бір жаңалық, бөлмелерде ошақ алдында ташнау болған. Ташнау деген бүгінгі күнде көп қабатты үйлерде пайдаланып жүрген канализацияның қарапайым түрі. Ол үшін ошақ алдында терендігі екі үш метр шұқыр қазылып, оған түбі арнайы тесілген күбі құбыр орнатылады. Тесіктін үстінен қалындығы 4 – 5 см, төрт бұрышты 30х30 см күдірілген кірпіштер төселіп, олардың тесігінің астындағы күбі құбыр тесігінің тұсы ашық қалдырылады. Кейбір ірі қалаларда ташнаудан арнайы қыш құмыралар тартылып, қаланың сыртына қарай шығарылған.


Х – ХІІ ғасырлардағы Жетісу аймағындағы қалалардың үй құрлыстарында өзіне тән жергілікті ерекшеліктері болды. Үй бөлмөлері белгілі бір негізгі құрылыстың төңірегіне топтастырылып салынады. Көлемі 500 – 600 шаршы метр келетін аумақ дуалмен қоршалып , оның ішкі жағынан дуалға тақап жағалай тұрғын үйлер салынады да, ортасы аула ретінде пайданылады. Мұндай тұрақжайлар кішігірім қорған сияқты болған. Бөлмелері қатар – қатар орналасқан. Ортадағы ашық аланаға мал қораланып, киіз үйлерде тігіледі. Мұндай жағдай Жетісу қалаларында жиі кездеседі.
Мәдени мұраларды зерттеу, сақтау және оны қолданудағы бетбұрыс Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың бүгінгі Қазақстанның алдында тұрғын маңызды міндеттерімен өатар мәдени мұрамызды дамыту мәселесі жайлы айтқан Үндеумен тығыз байланысты. Осыған байланысты 2004 – 2006 жылдарға арналған «Мәдени мұра» атты мемлекетік бағдарлама жасалды. Қазақстанның ежелгі және ортағасырлардағы тарихы жазылуда, біздің туған тарихымыз осылайша тірнектеп жинақталуда.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> Аппарат для локальной криотерапии фирмы tur therapietachnik GmbH
2016 -> Анальный полип. Что такое анальный полип?
2016 -> Уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта; уметь распознавать проявления врожденной патологии лица и органов полости рта
2016 -> Дентальная имплантация


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет