Сабаққа керекті құралдар: компьютер, видеопроектор, слайдтар. Сабақ барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушыларды топқа бөлу



Дата27.04.2018
өлшемі29.98 Kb.
түріСабақ
Бекітемін______________

22.12.15ж 10 сынып

Сабақ тақырыбы: Термодинамиканың екінші заңы.
Сабақ мақсаты:
Термодинамиканың екінші заңы, қайтымсыз процесс туралы түсінік беруді жалғастыру, Термодинамиканың екініші заңы туралы түсінік беру.
• Оқушылардың өз бетімен ғылым ой қорытындыларын жасай білуге жетелеу.
• Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, жауапкершілікке, тиянақтылыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: сұрақ-жауап, баяндау.
Сабақ түрі:аралас
Сабаққа керекті құралдар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушыларды топқа бөлу

ІІ. Үйге берілген тапсырмалардың орындалуын тексеру. Тақырып бойынша қойылатын сұрақтар:


• Жылу қозғалтқышы деген не?
• Дөңгелек немесе циклдік процесс дегеніміз не?
• Тура, кері цикл дегеніміз не?
• Жылу қозғалтқыштарының ПӘК-і деген не?
• Жылу қозғалтқышының құрылысы, жұмыс істеу принципі туралы айтып беріңдер.
• Карно циклі деген не?
• Карноның жылу машинасының ПӘК-і қандай формуламен есептеледі?
• Жылу машинасының ПӘК-н арттырудың қандай жолдары бар?
• Жылу қозғалтқыштарының қандай түрлерін білесіңдер?
«Сәйкесін тап» ойыны
1. Термодинамиканың І заңы
2. Газдың жұмысы +=+
3.Жылу балансының теңдеуі
4.Жылу мөлшері
5.Адиабаттық процесс

6.ЖҚ ПӘК-і Q


ІІІ. Жаңа сабақ.


Термодинамиканың екінші заңының тұжырымдамалары:
Клаузиус тұжырымдамасы: жылу өздігінен ыстық денеден суық денеге беріледі.
Кельвин тұжырымдамасы: салқын жүйеден жылу алып, оны жұмысқа айналдыратын машина жасау мүмкін емес.
Кельвиннің айтуы бойынша, жекелеген жүйені сол жүйенің температурасынан төмен температурада суыту арқылы үздіксіз жұмыс жасау мүмкін емес.
Карноның қорытындысын жалпылай келіп, Кельвин мынадай тұжырымдама жасады: бір ғана жылу көзінен алынған жылу мөлшерінің есебінен периодты жұмыс імтейтңн жылу машинасын жасау мүмкін емес, яғни екінші ретті мәңгі қозғалтқыштың болуы мүмкін емес.
Екінші ретті мәңгі қозғалтқыш дегеніміз – бір ғана резервуардан алынған жылуды толығымен жұмысқа айналдыратын машина.
Термодинамиканың екінші заңының математикалық өрнегі:

>


Қайтымды процестер табиғатта кездеспейді.
Қорытынды:
IV Беркіту а)Физикалық диктант
Термодинамиканың бірініші заңына сәйкес, сырттан энергия алмай жұмыс істейтін ---------------- жасау мүмкін емес.
Термодинамиканың екінші заңына сәйкес, денеге берілген жылу мөлшерін толығымен --------------- айналдыру мүмкін емес.
Термодинамиканың бірінші заңы --------, яғни оны барлық жерде қолдана беруге болады, ал термодинамиканың екінші заңы абсолют емес және ------------сипатқа ие болады.
Ә)Физикалық жұмбақтар
Формуласы күрделі
Есептеп жылу мөлшерін
Ойлап тапқан ғалымға
берген бірлік өлшемін

Жоғалмайды ешқашан


Түрлендірсек егер де.
Басқа күйге ауысқан
Жұмыс істейді әрқашан

Б)«Физика мақал-мәтелде»:

Адам азықсыз алысқа бармас

Тонның жылуы терісінен емес,жүнінен

Ескі мұз ерігіш,жаңа дос жерігіш

Быламық бетінен, көже түбінен суыйды

В)Есептер шығару

І деңгей 25с температурада бір атомды идеал газдың ішкі энергиясы 12кДж. Газдың мольдік мөлшерін табыңдар.

ІІ деңгей Циклдік процесс нәтежесінде 120Дж жұмыс атқарылып, тоңазытқышқа 380Дж жылу берді.ПЭК-ті анықта?


V.Бағалау.



VI Қорытынды

VIIҮйге тапсырма §5.12 §5 тараудың ең маңыздысы
: uploads -> doc
doc -> Олар: аңға байланысты
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет