Сабаққа қызығушылығын дамыту.Өздігінен талдау жасай білуге бейімдеу



жүктеу 31.5 Kb.
Дата10.04.2018
өлшемі31.5 Kb.
түріСабақ
Сабақтың мақсаты: Балаларды Ү дыбысымен таныстыру, Ү дыбысының айтылуымен жазылуымен таныстыру. Дыбыстарды бір бірінен

ажырата білуге , Ү дыбысын сөздің қай бөлігінде тұрғанын табуға үйрету. Сызба бойынша

сөйлем құрастырып, сұраққа толық жауап беруге бейімдеу .Сөзді буынға бөліп,дыбыстық

талдау жасауға тәрбиелеу.


Дамытушылық: Өздігімен жұмыс істеуге машықтандыру,ойлау қабілетін,байқампаздығын

Сабаққа қызығушылығын дамыту.Өздігінен талдау жасай білуге бейімдеу.



Тәрбиелілік: Балаларды білімпаздыққа,ұйымшылдыққа баулу,қызығушылықтарын арттыру
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, үйректің суреті,мани жармасы,геоконт,игровизор,таяқшалар және ленталар
Шаттық шеңбері

Кел,балалар,тұрайық

Шеңбер жасап тұрайық

Шаңырақты көтеріп

Керегені керейік

Қазақ үйін құрайық


Тәрбиеші: Балалар, бүгін ерекше күн.Бізге қонақтар келіпті.Ендеше,қонақтармен сәлемдесейік.

Балалар: Сәлемдеседі

Тәрбиеші: Қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Қазір көктем мезгілі

Тәрбиеші: Көктем мезгілі екенін қайдан білдіңдер?

Балалар: Қүн жерге жақындады да қар еріді.Ағаш бүршік атты.Құстар келіп жатыр.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар балалар.Бізге қарайық қандай құс келген екен ?

Балалар: экраннан үйректің суретін көреді.

Тәрбиеші: Балалар қай құс?

Балалар: Бұл үйрек

Тәрбиеші: Үйрек сөзі қандай дыбыстан басталады?

Балалар: Ү дыбысынан

Тәрбиеші: Қандай дыбыс?

Балалар: Дауысты дыбыс

Тәрбиеші: Неге?

Балалар: Өйткені ол созылып,кедергіге ұшырамай шығады

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,балалар.Ендеше «Ү» дыбысын айтып көрейік.(Балалар дауыстап айтады)

Тәрбиеші «Ү» дыбысының жазылуымен таныстырады.Ауада жазады. Сосын экранда жазылу үлгісі көрсетіледі. Балалар «Ү» дыбысының жазылу үлгісімен танысқаннан кейін әр түрлі әдістермен «Ү» дыбысын жазады.Балаларға геаконт,таяқшалар,лента,мани жармасы ұсынылады.Балалар өз таңдаулары бойынша әр түрлі әдістермен «Ү» әріпін жазады

Тәрбиеші Енді үйректің тапсырмаларын орындап көрейік.

Экранда 1 тапсырма төмендегі сөздерге дыбыстық талдау жаса

Күн суреті үкі суреті гүл суреті

Балалар орындарында отырып,текшелермен сөздерге дыбыстық талдау жасап,буынға бөледі.


Сергіту жаттығуы

Балалар экранға қарап қимыл жасайды.


Тәрбиеші келесі тапсырманы қарайық.

Экранда 2 тапсырма сызба бойынша сөйлем құрастыр


---------- үйдің суреті ------------
---------- ------------ ұяның суреті -------------
Гүлге ---------------- ------------------------

Тәрбиеші балалармен ойын ойнайды. Балаларды ойын шартымен таныстырады. Мына

вагондарға құстарды орналастырамыз.Ол үшін құстарды атап,буынға бөліп, қанша буын болса сол вагонға орналастырамыз.

Мысалы қар лы ғаш 3 буын 3 вагонға орналастырамыз

Ша ға ла 3 вагон

Ақ қу 2 вагон



Кө кек 2 вагон
Балаларды мадақтап,қандай дыбыспен танысқандарын, оның қандай дыбыс екенін сұрау.
Балалармен сабақты қортындылап, сабаққа қатысқан балаларды мадақтап, сабақты аяқтау.Егер сабақ ұнаса, мына құмыраға қызыл гүлді,егер ұнамаса сары гүлді жапсырамыз. Балалар өз таңдауларын жасайды.Сабақ соңында балаларды марапаттау.


МККҚ «Алтын дән» балабақшасы

« Ү» дыбысы және әріпі

Тәрбиеші Шакирова К.М.
«Күншуақ» ересек тобының тәрбиешісі

Қосшы 2017 ж
: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет