Сабақ№13 Пән биология 7-сынып Эпиграф: Ғалым үшін ғылыми шындықта әрдайым болжамның элементі болады



Дата18.07.2017
өлшемі62.61 Kb.
түріСабақ
Сабақ№ 13

Пән биология

7-сынып

Эпиграф: Ғалым үшін ғылыми шындықта әрдайым болжамның элементі болады

Зерттеу тақырыбы:Жоғарғы деңгейлі сұрақтары арқылы 7сынып оқушыларының биология сабағында сыни тұрғыдан ойлауына дағдыландыру.

Сабақтың тақырыбы: Сиыр цепені-таспа құрттар өкілі.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Сиыр цепенінің тіршілік ету әрекеттерін анықтау.

Дамытушылық:топтық жұмыспен жұмыс істеуді дамыту.

Тәрбиелік:топтық жұмыста бір-бірін сыйлай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,пікірталас,ойын,.

Сабақтың нәтижесі:сиыр цепенінің тіршілігі туралы анықтай алады.

Көрнектілік:презентациялар,суреттер, таблица , геометриялық фигуралар, бағалау парағы,

Дереккөздер: оқулықтар,анықтамалар,журналдар,


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру 2(мин)

Психологиялық ахуал. Оқушыларды фигуралар бойынша топтарға бөлу.


Оқушылардың психология-лық ахуал көтеру бір-біріне

тілек айту. Топтарға бөлінеді.



Білім
3-8(мин)

Интербелсенді тақтада слайд көрсету.Тағы қандай құрттар танысамыз? Бүгінгі сабақтың тақырыбы түсінікті ме? Неге бұл құрттарды білуіміз керек?

Бір оқушы сыныпқа 10 сұрақ қояды.Оған жауап иә не жоқ деп беріледі.

Ойын «Он сұрақ!»



Түсіну
9-19(мин)

Оқулықпен жұмыс.Қандай негізгі ұғымдармен таныстыңдар? Сиыр цепенінің адамға қалай әсерін тигізеді? Бұл құрттардан сақтану шараларын ойластырыңдар.

Жұппен, топпен жұмыс істейді.себебін тауып сұрақтарға жауап береді. Бармақпен бағалау.


Қолдану

20-27(мин)



Венн диаграммасы бойынша айырмашылығы мен ұқсастығы

Венн диаграмасын постерге сызу.Сиыр цепені мен ақ сұламаны салыстыру. Топтардың қорғауы.2жұлдыз 1ұсыныс.

Талдау

28-38(мин)



Сөйлемдерді толықтыру.

Паразиттік тіршілікке байланысты.....мүшесі жоқ,сондықтан иесі ..... денесімен сіңіреді. Жүйке жүйесі....мүшелері болмайды.Тақтадағы жазумен тексеру.бағалау инсерт арқылы бағалайды.

39-42(мин)

Жинақтау


синтез

Синквеин «құрттар»

Тақырып аты –зат есім;

2сөз сын есім;3сөз етістік; мағаналы бір сөйлем құрастыру.



Бағалау 43-45(мин)

Бүгінгі сабақтан не алдыңдар? Сіздерге не ұнады?

Қорытынды жасау 3ббб

білемін

білдім

Білгім келеді












Сабақ№ 14

Күні:15.10

7-сынып


Зерттеу тақырыбы:Жоғары деңгейлі сұрақтар арқылы 7сынып оқушыларының биология сабағында сыни тұрғыдан ойлауына дағдыландыру.

Сабақтың тақырыбы: Сорғыш құрттар даму циклі.

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік:Сорғыш құрттардың даму цилкдері туралы түсіндіру.

Дамытушылық:ойлану,сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушыларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,пікірталас,ойын,.

Сабақтың нәтижесі:сорғыш құрттар даму циклін анықтай алады.

Көрнектілік:презентациялар,суреттер, таблица , түрлі түсті қағаздар.


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Ұйымдастыру 1(мин)

Психологиялық ахуал топқа бөліну түрлі түсті қағаздар бойынша бөлінеді.

Оқушылардың психологиялық ахуал орнату әртүрлі халықтар-дың сәлемдесуі.Оқушыларды топқа бөлінеді.

Білім

2-5(мин)


Үй тапсырмасын еске салу үшін оқушыларға Блум түймедағы бойынша құрастырылған сұрақтар беріледі.Мысалы: 1-т берілген тапсырма. Кірпікшелі класқа жататын құрттарды атаңдар.Сұламаның сыртқы құрылысы қандай ерекшеліктері бар? Сұламаның мүшелер жүйесін құрастырыңдар.

Гидраның құрылысынан сұламаның айырмашылығы неде? Сұламаның дене құрылысының күрделілігін дәлелде.Сұлама туралы әңгіме жаз.Балалардың жауаптарын тыңдай отырып, негізгі сұрақтарға жауап алып, оқушыларды бірінші кезең бойынша әрбір топ өзара бір-бірін бағалайды.Формативтік бағалау түрлерінің бірі оқушылардың баға беруі.



Берілген тапсырма бойынша әрбір топ сұрақтармен жұмыс істейді.Топ мүшелері тасырма-мен жұмыс кезінде жеңіл сұрақтардан бастап, біртіндеп күрделі сұрақтарға көшеді.

Бірінші топтың сұрақтарының жауаптары: Кірпікшелі құрттар класына ақ сұлама жатады. Сұламаның ерекшеліктері құрылысында сезім мүшелері-көз екі симметриялы,яғни екі жағы бірдей болады.Мүшелер жүйесі бірнеше түрлерін атап айтты.Ал сұрақтар күрделенгенде жауап беруге қиналды.Топтық әңгімеге сөйлемейтін оқушылардың бірі үлгерімі төмен деңгейлі Темирлан өз ойын айтуға тырысады.Әрбір топ жауаптарын айтып өзара бірін-бірі бағалайды. Балалар айтуынша 2-топ жауапбы толық деп мақтайды.



Түсіну

10(мин)


Келесі кезеңде оқушылар жаңа тақырыптың мазмұнымен танысады.Оқулықпен жұмыс. Берілген тапсырманың сұрақтары:Сорғыш құрттардың қандай өкілдері бар? Сорғыш құрттардың даму циклін талдаңдар.Неге сорғыш құрттар сақтануымыз қажет түсіндіре аласыз ба? Ойын «Жұптасып-ойлан бөліс».Оқушылардың түсінгенін бағалау формативті бармақ арқылы бағаланады.

Тапсырма алғаннан кейін әр қайсысы жеке жауап жазады,жұптасып ең үздік жауаптарын біріктіреді, сыныппен бөліседі. Оқушыларды тапсырма арқылы не түсінгенін тексеру. Үлгерімі орташа оқитын оқушы Баян өз ойын айтады:Сор-ғыштар өкілі бауырсорғыш, сиыр цепені.Олар паразитті құрттар қара малда кездеседі.Шала піскен етті жеуге болмайды.


Қолдану

10(мин)


Сабақтың келесі кезеңінде оқушыларға берілген тапсырма «Күнделікке екі рет жазу» әдісі бойынша кесте толтырады. Оқушылар инсерт арқылы бағаланады.

Сергіту сәті.



Тірек сөз

пайымдау

бауырсорғыш

Паразитті құрт

Берілген кестені толтырады. Оқушылар жазғандарын оқып дұрыс жауаппен тексереді.

Талдау

10(мин)


1.Жалпақ құрттардың қандай өкілдерін білесіңдер? 2. Бауыр-сорғыш қайда мекендейді?

3. Жалпақ құрттар қалай көбейеді?

4. Кірпікшелі құрттар класының өкілі атаңдар.5.Финка дегеніміз не? 6.Сиыр цепені қалай көбейеді?

7.Сиыр цепенінің жұмыртқасы адамға қалай жұғады?

8. Паразитті құрттардың дене құрылысының ерекшелігі неде?

9.Адамда қандай паразитті құрттар кездеседі?



1

2

3

4

5

6

7

8

9

Крестиктер-нөлдіктер ойыны.Екі командаға бөлінеді.Бірінші команда сан таңдайды.Алынған сан бойынша тақтада сұрақтар пайда болады.Команда дұрыс жауап берсе, ойынды жалғастыра береді.Крестиктер ойынды жеңеді.Оқушылар қол соғып қошемет көрсетіп бағалайды.



Жинақтау

8мин


Сабақтың жинақтау кезеңінде оқушыларға тестік тапсырмалар беріледі.Тестің кілті бойынша бір-бірін тексереді.Бағалау критериялары жазылған:

9-10 дұрыс жауап баға бес;

6-8 дұрыс жауап баға төрт;

3-5 дұрыс жауап бағаүш;

0-2 дұрыс жауап баға екі.


1Қосжынысты көпжасушалы жәндіктер:

а)өрмекші

б)шыбын

с)құмырсқа



д)таспақұрт

2.Ішекқуыстыларға жатпайды:

а)актния

б)гидра


с)бодо

д)көпаяқты маржан

Тестің кілтімен тексеру бір-бірін бағалау.


Бағалау

2мин


Бүгінгі сабақ ұнады ма? Сабақтан нені білдім?

Нені білемін? Нені білгім келеді?



Оқушылардың өзін-өзі бағалау. Үйге тапсырма әр топ тақырыпқа байланысты кроссворд құру.
Дереккөздер: оқулықтар,анықтамалар,журналдар,

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет