Сабақ Тақырып: Ашу-дұшпан, ақыл-дос Құндылық: Ақиқат



жүктеу 41.37 Kb.
Дата21.01.2018
өлшемі41.37 Kb.
түріСабақ
Өзін - өзі тану сабағының жоспары
Мектеп: №2 Қазанбасы орта мектебі

Мерзімі:

29-сабақ



Тақырып: Ашу-дұшпан, ақыл-дос..

Құндылық: Ақиқат

Қасиеттер: шындықты айту, басқалардаң жақсылықты іздеу, қарапайымдылық

Мұғалім: Абузара Г.С.

Сынып: 4

Оқушылар саны: 9

Сабақ мақсаты: Оқушылар өз достарын ардақтауға, сыйлап құрметтеуге, бір біріне деген махаббатты шексіз екендігін сезіндіру арқылы ақиқат құндылығын ашу.

Міндеттері:

1.Білімділік:оқушылардың бойына шындықты айту ұғымын түсіндіру.

2.Дамытушылық: оқушыларға өзара жағымды қарым-қатынас жасау іскерліктерін дамыту;.

3.Тәрбиелік: оқушыларды шындықты айту, басқалардан жақсылықты іздеу және , қарапайымдылыққа тәрбиелеу;

Ресурстар: (құралдар мәліметтер)

Сабақ барысы: 5 Т

  1. Ұйымдастыру кезеңі.

  2. Тыныштық сәті .

Орманға саяхат

Денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Көздеріңізді жабыңыздар. Терең тыныс алып елестетіңіздер.

Қазір біз бірге орманға саяхата барамыз. Елестетіп көріңіздер, сіздер орындарыңыздан тұрып, сыныптан шығып, далаға шықтыңыздар. Далаға шыққанда сіздер таза ауаны сезіндіңіздер, осы ауамен терең тыныс алып, беттеріңе күн шуағының жылуы сезіледі. Орманға қарай бағыттаңыздар. Орманға кіріп, жан жақтарыңызға бір қараңыздар. Айнала толған әсем, түрлі түсті гүлдер. Таза ауамен тағы да терең тыныс алыңыздар. Қараңыздар, сіздер гүлді көрдіңіздер. Осы гүлге жақындап гүлдің хош иісін иіскеңіздер. Орманда құстардың әні, ағаштардың иісі, жәндіктердің тынысы сезіледі. Ағаштарға қараңыздаршы, олар биік және үлкейіп бара жатыр. Сіз өзіңізге бір ағашты таңдап, сол ағаштың қасына жақындаңыз. Ағашты ақырын құшақтап тұрыңыз. Ағаш сізге өз энергиясын береді. Ақырындап ағашты жіберіп, ағаштың астына отырыңыз. Жан – жақыңызға қараңыз. Орман ішіндегі тіршілікті көріп тұрсыз ба? Осы қалыпта біраз отырыңыз. Бұл сіздің ағашыныз. Бұл ағашқа сіз қалаған уақытыңызда келе аласыз. Орманның таза ауасымен тағы да терең тыныс алып, артқа қайтуға дайындалыңыз. Келген жолдарыңызбен орманнан қайта шығыңыз. Ақырындап мектепке кіріп, өз кабинетімізге кірейік. Өз орынымызға отырайық. Осы сезімді жүректеріңізде сақтаңыздар.


  • Үй тапсырмасы:

Қайнекей Жармағамбетовтың «Ормандағы оқиға» ертегісі.

  • Бұл ертегіден қандай ой түйдіңдер?

  • Тобылғының жасаған әрекеті жайында не ойлайсыңдар?

  • Ашу-ызадан қалай арылуға болады?

  • Сендердің ашуды ақылмен жеңген кездерің болды ма?




Сабақ барысын талдау:

Дәйексөз.

Ақыл-адам көрігі,


Ақылдың сабыр серігі.

М. Әуезов

Нақыл сөзді дауыстап оқып, жұмыс дәптерлеріне жазып алу ұсынылады.

-Мағынасын қалай түсінесіңдер?

Оқушылардың жауаптарымен дәйексөз қорытындыланады.





Әңгімелеу.

3. Мұғалім сыйы.

 «Жан жарасы жазылмайды» аңыз әңгімесі.  

Ертеде қарияның ашушаң, ұстамсыз баласы болыпты. Бір күні қария баласына бір қапшық шеге беріп:
- Өзіңді ашу қысқан сайын ағаш бағанға шеге қағып, ашуың басылған кезде, суырып аларсың, - дейді.
Бала бірінші күні - ақ бағанға он шақты шеге қағылғанын байқап, өзін - өзі ұстауға, ашуға бой бермеуге тырысты. Қағылған шегенің саны күнбе-күн азая бастады. Бала бағанға шеге қағылғаннан гөрі ашуын басқан жеңіл екенін түсінді. 

Ақырында бағанға бір шеге қақпаған күнге де жетті. Сонда әкесі баласын бағанға жетелеп келіп:


- Жарайсың, балам! Бірақ бағанның шұрық-шұрық болғанын көріп тұрған шығарсың? Ол ешқашанда бастапқы қалпына келе алмайды. Адамға ғайбат сөз айтсаң, оның көңіліне жара саласың, оның жан дүниесі осы баған сияқты шұрық-шұрық болады. Одан кейін қанша кешірім сұрасаң да, жан - жарасы жазылмайды. Ашуыңды ақылға жеңгізе біл, балам,- дейді.

 

Мәтін соңынан берілген сұрақтар бойынша әңгімелесу.



.  Бұл әнгіме не туралы?

·          Әкесі баласын ұстамдылыққа қалай үйретті?

·          «Ашуды ақылға жеңгізе біл» деген сөзді қалай түсінесіңдер?

Балалардың жауаптары тыңдалады.





5.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс

«Ашу-дұшпан, ақыл-дос» атты тақырыпта 3-топ тапсырмалар орындайды.


1-топ: Постер қорғау.
2-топ: Сахналау көрсету.
3-топ: Өлең шығару.






Топпен ән айту

Оқушылар орындарынан тұрып, әр түрлі қимылдармен «Сабырлы жүре білсең» әнін орындайды.

(Серік Ибрагимовтың «Жаяу» әнінің әуенімен)

1.Сабырлы жүре білсең,

Әрдайым күле білсең

Сенімен достасуға болар бәрі асық.

Өкпелеу білмедім,

Мұңайып жүрмедім

Достармен ұрыссам да ойын арасы.

Қаяу салса егер жаныңа,

Сен де, түсінсеңші оны да.

Қайырмасы

Тыңда, да, да, ән саламын тағыда,

Жүрек дүрс, дүрс, дүрсілдеп соғуда

Бағына, на, на, жүректің сұлу бағына

Тамаша хош иіс гүл шешек атады.

2.Болса да мүмкіндік,

Айтайық тек шындық.

Ар-ұжданымызбен

Әрекет етейік.

Жақсылық ойлайық,

Тек ойлап қоймайық,

Әлемнің барлығына шуақ шашайық.

Қаяу салса егер жаныңа,

Сен де, түсінсеңші оны да.

Қайырмасы

Тыңда, да, да, ән саламын тағыда,

Жүрек дүрс, дүрс, дүрсілдеп соғуда.

Бағына, на, на, жүректің сұлу бағына,

Тамаша хош иіс гүл шешек атады.







Үй тапсырмасыОқулықтағы В.А.Сухомлинскийдің «Балалардың көз қуанышы» әңгімесін оқу.

Дәптермен жұмыс.






Қорытынды:

Соңғы тыныштық сәті:

Бүгінгі сабақты есімізге түсірейік;



    -Бүгінгі сабақтан не алдыңдар?

    -Бүгінгі сабақтан алған әсерімізді жүрегімізге жеткізіп сақтайық.






: uploads -> doc
doc -> Олар: аңға байланысты
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет