Сабақ тақырыбы: Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы. Сабақ мақсаттары



Дата03.12.2017
өлшемі35.88 Kb.
түріСабақ
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы

Миялы селосы, №1 мектеп – гимназиясы

Бастауыш сынып мұғалімі

Зейнетова Сандуғаш Маратқызы


Сабақ тақырыбы: Пайдалы қазбалар және олардың адам өміріндегі маңызы.

Сабақ мақсаттары:

1. Пайдалы қазбаларға не жататынын және олардың адам өміріндегі маңызын түсіндіру. Өте кең тараған және көп пайдаланылатын пайдалы қазбалар туралы түсінік.

2. Оқушы танымын кеңейтіп, қызығушылығын ояту. Дүниетанымын кеңейту, сөздік қорын молайту, тіл байлығын арттыру.

3. Еліміздің байлығын, қорғауға, туған жер табиғатына сүйіспеншілігін тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Сабақ әдісі: Түсіндіру, сұрақ – жауап

Көрнекілік: Тақырыпқа байланысты суреттер, слайд, пайдалы қазбалар
Сабақтың барысы: I. Ұйымдастыру кезеңі


  • Амандасу, түгендеу, зейінін сабаққа аудару

Психологиялық ахуал

Табиғат – біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Табиғатты қорғайтын,

Біз әдепті баламыз.

Жер байлығы көп екен,

Меңгеруді қалайды.

Осының бәрін меңгертер,

Дүниетану сабағы.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру



  • Пайдалы қазбалардың түрлері

ІІІ.Үй тапсырмасын қорытындылау («Алтын қақпа» ойыны)
IҮ. Жаңа сабақ

- Ендеше біз бүгін сендермен пайдалы қазбалардың түрлерімен және оның адам өміріндегі пайдасымен танысатын боламыз.


Мұғалімнің түсіндіруі

Жер қойнауында түрлі қазба байлық жерден қазып алып қажетіне пайдаланады. Табиғаттағы заттардың бәрі адам игілігіне жұмсалады. Жерден қазып алып, адам қажетіне жұмсалатын тау жыныстарын пайдалы қазбалар деп атаймыз.



Тұз – қатты, ащы, ерігіш, еріткіш, емдік қасиеті: тамақты шаю, шашқа пайдалы, тіске пайдалы. Көп мөлшерде пайдалануға тыйым салынады, бүйрекке, жүрекке, өтке, қуыққа, қан–тамырларына зиян.
Тас көмір, мұнай, газ, шымтезек, жанармай— тамақ пісіру, үй жылыту, зауыт, фабрика, электр станциялар, транспорттар жұмыс істеуі үшін керек.

Құрылыс материалдары: құм, саз,әк, тас –үй, зауыт,фабрика,т. б.құрылыстары үшін керек.

Металл – әртүрлі көліктер, ұшақ, кеме, темір жол, көпір салу үшін қажет.
Тәжірибе өткізу

Ас тұзын бір стакан суға салып оның ерігіш қасиетін және дәмінің ащы екенін көрсету.

Сипаттама беру

Ас тұзы – ащы, қатты, ерігіш, еріткіш, түсі ақ.


Сен білесің бе?

Геология — жер құрылысы мен қабатын, оның тарихын зерттейтін және ондағы пайдалы кендерді табудың әдісі туралы ғылым.

Геолог - жер асты қазба байлықтарын жер астынан іздеп табатын маман иесі.

Жер астындағы қазба байлықтарды геология мамандары іздестіреді.


Ғалым – ақыл ой иесі, ғұлама, көп оқыған, білімді адам.

Кен – жер астынан қазылып алынатын пайдалы қазбалар.
Кітаппен жұмыс

Суреттерді қара. Пайдалы қазбалардың адам өмірінде қалай пайдаланатынын анықта. (72 – бет)


Қазақстанда ас тұзы қай жерлерде өндіріледі?

Ақтөбе облысы - Шалқарда, Атырау облысы - Доссорда, Индерде, Қызылорда облысы - Аралда, Павлодар облысы т. б.


Географиялық картамен жұмыс

Ас тұзы өндірілетін көлдерді көрсету


Топтық жұмыс (постер қорғау)

1 – тапсырма «Жұптас, ойлан, талқыла!» әдісі
2 – тапсырма Сәйкестендір
«Бес бармақ» әдісімен баға беру (бір бірлеріне)
ІҮ.Қорытынды («Кім жылдам» әдісі)
Ү.Үйге тапсырма

- Мәтінді түсініп оқып келу

- «Егер мен қоршаған ортаны қорғау министрі болсам,……..» тақырыбына эссе жазу
ҮІ.Бағалау


  • Оқушыларды бағалау

Кері байланыс: («Бағдаршам» әдісі)

Бүгінгі сабақты түсіндің бе?


1 мектеп - гимназиясы



Пайдалы қазбалар және олардың

адам өміріндегі маңызы

(ашық сабақ)

2016 – 2017 оқу жылы
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет