Сабақ тақырыбы: Органикалық заттар: нәруыздар,олардың құрылыс, қасиеттері және атқаратын қызметі. Сабақ мақсаты



жүктеу 40.44 Kb.
Дата15.04.2017
өлшемі40.44 Kb.
түріСабақ
Сабақ : Сыныбы: Күні:

Сабақ тақырыбы: Органикалық заттар:нәруыздар,олардың құрылыс, қасиеттері және атқаратын қызметі.

Сабақ мақсаты: Нәруыздардың құрылысы мен атқаратын қызметтерін баяндау. Нәруыздар күрделі қосылыстар екеніні және олардың ағзаға тигізер пайдасы туралы түсіндіру.

Сабақ көрнекілігі: слайд, плакаттар, оқулық

Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: «Миға шабуыл», «ой қозғау», білім дамыту, тапсырмалар, сұрақ-жауап,сиқырлы сандық

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

-Сәлеметсіздер ме?

-Сыныпта кім кезекші?

-Сыныпта кім жоқ?



ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

Карточкамен жұмыс.

1-нұсқа

  1. Амин қышқылдары қай органикалық заттың мономері?

  2. Амин қышқылы қандай заттардан тұрады?

  3. Жай нәруыздарды қалай атайды?

2-нұсқа

  1. Күрделі нәруыздар қалай аталады?

  2. Ферменттер дегеніміз не?

  3. Алғаш рет нәруыздарды зерттеген кім?

Нәруздардың қызметі туралы кестені толтыру

Жай нәруыздар

Кездеседі

Альбуминдер




Глобулиндер




Гистондар







Күрделі нәруыздар

Кездеседі

Фосфопротеидтер




Гликопротеидтер




Хромопротеидтер





ІІІ. Жаңа сабақ. Қызығушылықты ояту

Мұғалім: Тағамның, оның ішінде жұмыртқаның, бидайдың құрамында көптеп кездесетін қандай органикалық зат?

Нәруыз әр түрлі қасиеттермен ерекшеленеді. Сол қасиеттердің бірі нәруыздың суда ерігіштігінің әр түрлі дәрежеде болуы. Нәруыздардың көбісі суда жақсы, кейбіреулері нашар ериді, ал кейбір нәруыздар ерімейді. Нәруыздың екінші бір қасиеті − сыртқы орта жағдайларының әсеріне төзімділігі біркелкі болмайтындығында.

Нәруыз молекуласының тағы бір қасиетіне оның әр түрлі әсерлерден табиғи құрылымының өзгеруі жатады. Бұл құбылысты денатурация деп атайды.

Нәруыздың организм тіршілігіндегі маңызы өте зор болғандықтан алуан түрлі қызмет атқарады.



Құрылыс қызметі. Жасуша мен цитоплазма органоидтерінің мембраналары нәруыз молекуласынан тұрады.

Тасымалдау қызметі. Қанның құрамында жасушаның мембранасы мен цитоплазмасын және ядроның арасын байланыстыратын ерекше тасымалдаушы нәруыз болады.

Қозғалыс қызметі. Организмнің қорғаныс қызметіне бұлшық еттің талшығы мен ұлпалардың түрлі жиырылғыштық жүйесіне әсер ететін арнайы нәруыздар қатысады.

Қорғаныштық қызметі. Нәруыздар организмді түрлі жұқпалы аурулардан қорғайды. Егер жануарлардың немесе адамның организміне зиянды нәруыздар енетін болса, оған қарсы тұратын ерекше нәруыздар − антиденелер түзіледі.

Белоктардың екінші және үшінші реттік құрылымдарына жауапты байланыстар (сутектік, дисульфид көпіршесі, т.б.) әлсіз болғандықтан, оңай үзіліп, белоктардың кеңістік құрылымдарының қайтымсыз бұзылуы белоктың денатурациясы деп аталады. Денатурацияға ұшыраған белок өзінің биологиялық функциясын атқара алмайды (denatuze — табиғи қасиетінен айырылуы). Қыздыру, радиация, ортаның өзгеруі, кейбір химиялық әсерлерден, шайқап сілкуден белок денатурацияланады. Жұмыртқаны пісіргенде альбумин белогының, сүт ашығанда казеиннің ұюынан, олардың кеңістік құрылымдары бұзылады. Шашты химиялық бұйралаудың, теріні илеудің негізінде де белоктардың денатурациялануы жатады.

Қыздырғанда денатурацияланатын немесе айырылып кететін болғандықтан, белоктардың нақты балқу температуралары болмайды. Кейбір белоктар, мысалы, тауық жұмыртқасының белогы суда ериді, кейбіреулері суда ерімейді.

Химиялық қасиеттері

Құрамы мен құрылысы күрделі болғандықтан, белоктардың қасиеттері де алуан түрлі. Олардың құрамында әр түрлі химиялық реакцияларға түсетін функционалдық топтар бар.

Белоктар — екі дайлы электролиттер. Ортаның белгілі бір рН мәнінде олардың молекулаларындағы оң және теріс зарядтар бірдей (изоэлектрлік нүкте деп аталады) болады. Бұл — белоктардың маңызды қасиеттерінің бірі. Бұл нүктеде белоктар электрбейтарап болып, суда еруі азаяды. Белоктардың осы қасиеті технологияда белокты өнімдер алуға қолданылады.



http://www.itest.kz/upload/images/1355215694.47.jpeg.jpg

Ақуыздың құрылымының деңгейлерi: 1 — біріншілік, 2 — екіншілік, 3 — үшіншілік, 4 — төртіншілік



http://www.itest.kz/upload/images/1355215775.93.jpeg.jpg

Жоғары температураның әсерінен тауық жұмыртқасының ақуызының қайтымсыз денатурациясы



http://www.itest.kz/upload/images/1355215813.67.jpeg.jpg Одоардо Беккари (1843-1920)

Белоктар туралы алғашқы мәліметтер 18 ғасырдан белгілі. 1745 ж. италиялық ғалым Беккори бидай ұнынан лейковина деген белокты бөліп шығарған.



V. Қорытындылау, бағалау.

VІ. Үйге тапсырма беру.

Кесте толтыру

Нәруыз қасиеттері

Атқаратын қызметі














VII. Рефлексия.

  • Бүгінгі сабақта не түсініксіз болды

  • Бүгінгі сабақта жақсы түсінген тақырып

  • Келесі сабақта білгім келеді

: uploads -> doc -> 0956
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0956 -> Сабаққа рефлексивті талдау




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет