Сабақ тақырыбы: жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия. Сабақ мақсаты



жүктеу 1.35 Mb.
бет1/9
Дата22.12.2017
өлшемі1.35 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
«__________» ____________________
8-сынып.

Сабақ тақырыбы: §1. Жылулық қозғалыс. Броундық қозғалыс. Диффузия.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға жылулық қозғалыс, броундық қозғалыс, диффузия туралы түсінік алуға жетелеу.

  2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін дамыту. Ғылыми ой қозғауға жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ көрнекілігі: компьютер, видеомагнитафон, видеокассеталар

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Жаңа сабақ.

Молекулалардың ретсіз қозғалысын жылулық қозғалыс деп атаймыз.



Диффузия – бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулаларалық кеңістігіне еніп кетуі.

Диффузия сұйықтарда, газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде жүреді.(видеофрагмент көрсетіліп, тәжірибелер жасалады).





Диффузия құбылысынан мынадай қорытынды туады: денелерді құрайтын бөлшектер бір-бірінен белгілі бір қашықтықта орналасады және үздіксіз қозғалыста болады. Сөйтіп, дене көлемінің үлкен бөлігін бос кеңістік алып тұрады.

Броундық қозғалыс – сұйықта немесе газда қалқып жүрген қандай да бір қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық немесе газ молекулаларының соққыларының әрекетінен бейберекет қозғалуы.


ІІІ. Эксперименттік тапсырма. Сұйықтағы броундық қозғалысты бақылау.

  1. Микроскопты жұмысқа дайындаңдар.

  2. Шыныны үстелшеге орналастырыңдар.

  3. Шыныға су тамызыңдар.

  4. Осы су тамшысына аз мөлшерде графит ұнтағын себіңдер. Шыныдағы араласқан қоспаның бетін арнаулы әйнекпен жабыңдар.

  5. Микроскоп тубусын дайындалған шыныға бұрып, жүріп жатқан процестің анық кескінін алыңдар.

  6. Броундық қозғалысты бақылау нәтижесі бойынша қалықтаған графит бөлшегінің әрбір 30 секундтағы қозғалысының орнын белгілей отырып, сызба нұсқасын салыңдар.

  7. Графит бөлшектерімен не болатынын сипаттап айтып беріңдер.

IV. Пысықтау.

  1. Броундық қозғалыс дегеніміз не?

  2. Броундық қозғалыстың себебі неде?

  3. Диффузия құбылысы дегеніміз не?

  4. Диффузия шапшаңдығына температура өзгерісі қалай әсер етеді? Маңызы мен пайдасы қандай?

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма:§1.
БЕКІТЕМІН:

Оқу ісінің меңгерушісі ____________________

«__________» ____________________
8-сынып.

Сабақ тақырыбы: §2.Температура. Температураны өлшеу тәсілдері.

Сабақ мақсаты:


  1. Цельсий шкаласы, абсолют шкаласы, температураның абсолют нөлі, газ қысымы мен оның абсолют темпертурасы арасындағы байланыс туралы түсінік алуға жетелеу.

  2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру, ой-өрісін дамыту. Ғылыми ой қозғауға жетелеу.

  3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас сабақ.

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ көрнекілігі: плакаттар, приборлар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергенін тексеру.

Сұрақтар:

  1. Броундық қозғалыс дегеніміз не?

  2. Броундық қозғалыстың себебі неде?

  3. Диффузия құбылысы дегеніміз не?

  4. Диффузия шапшаңдығына температура өзгерісі қалай әсер етеді? Маңызы мен пайдасы қандай?

ІІІ. Жаңа сабақ.

  1. Галлилей термоскопы және оның жұмыс жасау принципі.

  2. Сұйықтық термометрлер және жұмыс жасау принципі.

  3. Цельсий шкаласы.

  4. Реомюр шкаласы.

  5. Фаренгейт шкаласы.

  6. Термодинамикалық шкала.

  7. Температураның абсолют нолі.

Табиғаттағы өте төменгі температура 273,150С-қа тең. Ол температураны абсолют нөлі деп атайды.

  1. Газ қысым мен абсолют температура арасындағы байланыс.



  1. Цельсий шкаласы мен Кельвин шкаласы арасындағы қатыс.






ІV. Пысықтау.

V. Жаттығулар. 1-жаттығу. №1,№2,№3, №4,№5, №6.

VI. Қорытындылау.

VII.Үйге тапсырма §2. 1-жаттығу. №7, №8. 1-эксперименттік тапсырма.
БЕКІТЕМІН:

Оқу ісінің меңгерушісі ____________________

«__________» ____________________
8-сынып

Сабақ тақырыбы: §§3.4. Ішкі энергия. Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері.

Сабақ мақсаты:

1. Дененің ішкі энергиясы, оның температурамен байланысы, ішкі энергияны өзгертудің тәсілдері туралы түсінік алуға жағдай жасау.

2. Оқушылардың ойлау қабілетін жетілдіру, ғылыми дүниетанымын қалыптастыру.

3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.



Сабақ түрі:аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасы бойынша сұрақтар:

  1. Галилей термоскопы қалай жасалған? Қандай принциппен жұмыс жасайды?

  2. Сұйықтық термометрлердің жұмыс жасау принципі қандай құбылысқа негізделген?

  3. Медициналық термометрдің ерекшелігі неде?

  4. Абсолют температура деген не? Оның бірлігі қандай?

  5. Газ қысымы мен оның абсолют температурасы арасындағы байланыс қандай?

  6. Абсолют нөль деп нені түсінеміз?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Берілетін ұғымдар:



  • Ішкі энергия;

  • Ішкі энергияның темпертураға байланыстылығы;

  • Дененің ішкі энергиясының химиялық реакцияларға байланыстылығы;

  • Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері: жұмыс жасау, жылу алмасу.

Ішкі энергия деп денені құрайтын барлық бөлшектердің кинетикалық энергиясы мен осы бөлшектердің өзара әрекеттесуінің потенциалық энергиясының қосындысын айтамыз. Дененің температурасы жоғары болған сайын оның ішкі энергиясы артады.

Химиялық реакция деп нәтижесінде бір заттың құрамы мен құрылысы жағынан өзгеше болатын басқа затқа түрленуін айтады. Химиялық реакциялар өзара әрекеттесуші денелердің ішкі энергиясының өзгерісін тудырады.

Дене молекулаларының қозғалыс жылдамдығы өзгергенде, демек дененің тепмпературасы өзгергенде оның ішкі энергиясы өзгереді.



Көрсетілетін тәжірибелер:


Ауаның және судың ішкі энергиясының артуы немес кемуі температура өзгерісіне тікелей байланысты. Зат температурасының өзгеруіне байланысты туындайтын процестер жылулық процестер деп аталады.

Ішкі энергияны басқа да жолмен өзгертуге болады.



Тәжірибелер:


Дененің ішкі энергиясын өзгерту тәсілдері: жылу алмасу және жұмыс жасау. Жылу алмасу деп бір денеден энергия температурасы төмен келесі денеге берілуін айтады.

Денемен не дененің өзімен жұмыс жасамай жылу алмасу арқылы ішкі энергияны өзгерту тәсілі жылу беру деп атайды.



ІV. №2-эксперименттік тапсырма. Жұмыс істеу арқылы ішкі энергияның өзгеруін зерттеу.

V. Пысықтау.

  1. Дененің ішкі энергиясы дегеніміз не?

  2. Оны өзгерту тәсілдері қандай?

  3. Дененің ішкі энергиясы температураға қалай байланысты?

  4. Жылу алмасу дегеніміз не?

  5. Химиялық реакция дегеніміз не? Химиялық реакциялар кезінде ішкі энергия қалай өзгереді ме?

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ.Үйге тапсырма §§3.4 . №2-үйде орындалатын эксперименттік тапсырма.
БЕКІТЕМІН:

Оқу ісінің меңгерушісі ____________________

«__________» ____________________
8-сынып.

Сабақ тақырыбы: §§5.6. Жылу берілу түрлері. Жылу өткізгіштік.Конвекция.

Сабақ мақсаты:


  1. Жылу берілу, жылу өткізгіштік, оның мәнісі, конвекция және оның жылу өткізгіштен айырмашылығы туралы түсінік беру.

  2. Оқушылардың өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға дағдыландыру. Ой-өрісін қалыптастыру.

  3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеомагнитафон, видеокассета, жылу өткізгіштік пен конвекция құбылыстарын демонстрациялауға арналған аспаптар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Дененің ішкі энергиясы дегеніміз не?

  2. Оны өзгерту тәсілдері қандай?

  3. Дененің ішкі энергиясы температураға қалай байланысты?

  4. Жылу алмасу дегеніміз не?

  5. Химиялық реакция дегеніміз не? Химиялық реакциялар кезінде ішкі энергия қалай өзгереді ме?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жылу берілу түрлері: жылуөткізгіштік, конвекция, сәуле шығару.

Ішкі энергияның дененің көбірек қызған бөлігінен дененің азырақ қызған бөлігіне тікелей байланыс арқылы немесе аралық денелер арқылы көбірек қыздырылған денеден азырақ қыздырылған денеге берілу құбылысы жылуөткізгіштік деп аталады. (видеофрагмент арқылы тәжірибелер демонстрацияланады).

Әр түрлі заттар жылуды әр түрлі өткізеді. (тәжірибе көрсету).


Конвекция дегеніміз-сұйықтың немесе газдың ағыны арқылы энергияның тасымалдануы барысында жылу алмасу процесі. (видеофрагмент арқылы тәжірибелер демонстрацияланады).





Қатты денелер мен вакуумда конвекция болмайды.

Сұйықтарда болатын конвекцияны демонстрациялау.



ІV. №3-эксперименттік тапсырма. Металл мен ағаштың жылуөткізгіштігін салыстыру.

V. Жаттығулар орындау. 2-жаттығу. 3-жаттығу.

VІ. Қорытындылау.

VІІ. Бағалау.

VІІІ.Үйге тапсырма §§5.6 . №3-үйде орындалатын эксперименттік тапсырма. №4-үйде орындалатын эксперименттік тапсырма.
БЕКІТЕМІН:

Оқу ісінің меңгерушісі ____________________

«__________» ____________________
8-сынып.
Сабақ тақырыбы: §§7.8. Сәулелік жылу алмасу. Жылу берудің табиғаттағы және техникадағы мысалдары.

Сабақ мақсаты:


  1. Жылу берілу ұғымын әрі қарай жалғастыру. Сәулелік жылу алмасу, жылу берудің табиғатағы және техникадағы қолданулары туралы түсінік алуға жағдай жасау,

  2. Оқушылардың өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасауға дағдыландыру. Ой-өрісін қалыптастыру.

  3. Жауапкершілікке, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап

Құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, видеомагнитафон, видеокассета, жылуқабылдағыш, манометр, жылу шығарғыш

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың өткен материалды қалай меңгергенін тексеру.

Берілетін сұрақтар:

  1. Жылу өткізгіштік дегеніміз не?

  2. Жылу өткізгіштігі нашар қандай заттарды білесіңдер?

  3. Қандай заттар жылуды жақсы өткізеді?

  4. Заттардың жылу өткізгіштігінің әр түрлі болу себептері неде?

  5. Конвекция құбылысы дегеніміз не?

  6. Конвекцияның жылу өткізгіштіктен айырмашылығы неде?

  7. Табиғи және еріксіз конвекция дегеніміз не?

ІІІ. Жаңа сабақ.

Сәулелік жылу алмасу деп бір денеден келесісіне электромагниттік сәуле шығарудың жәрдемімен энергияның тасымалдану процесін айтады. (Видеофрагмент көрсетіледі).



Көрсетілетін тәжірибелер:

Электромагниттік сәуле шығару – бұлар электромагниттік толқындар: радиотолқындар, инфрақызыл, ультракүлгін, рентген сәулелері, көрінетін сәуле.

Сәуле шығару қарқындылығы дененің температурасына, дененің түсіне байланысты.

Жылу берілудің табиғаттағы және техникадағы қолдануларына мысалдар келтіру.







ІV. Жаттығу жұмыстары.

  1. Айна жақсы қыза ма?

  2. Өрт сөндірушілер неге бастарына жылтыр металл дулыға киеді?

  3. Бірдей жағдайда қандай топырақ жақсы қызады: қара топырақты ма, әлде күлдісі ме?

  4. Жазда адамдар қара емес, ақ киім киюі неге байланысты?

  5. Тоңазытқыш вагондар мен үй тоңазытқыштары неліктен ақ түске бояйды?

  6. Қыздырғыштарды – радиаторларды үйдің қандай бөлігіне орнатады? Неліктен?

  7. Ескек желдер деген не?

  8. Жылыжайлар қалай жасалады?

V. Қорытындылау.

VІ. Бағалау.

VІІ. Үйге тапсырма: §§7.8.4- жаттығу.
БЕКІТЕМІН:

Оқу ісінің меңгерушісі ____________________


«__________» ____________________


8-сынып.
Сабақ тақырыбы: §§9,10. Жылу мөлшері. Жылу мөлшерінің бірлігі. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы. Жылу мөлшерін есептеу.

Сабақ мақсаты:

  1. Жылу мөлшері, оның неге тәуелді екенін, меншікті жылу сыйымдылығының физикалық мағынасын түсінуге жағдай жасау.

  2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

  3. Тиянақтылыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Керекті құрал-жабдықтар: термометр, спирт шамы, су, май, әр түрлі ыдыстар, компьютер, видеопроектор.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

Берілетін сұрақтар:

  1. Сәулелік жылу алмасу дегеніміз не?

  2. Жылу алмасудың қандай түрлері вакуумда болуы мүмкін?

  3. Қандай денелер сәулені жақсы жұтады?

  4. Жұлдыздардың түсі бойынша температураны қалай анықтайды?

  5. Жылу берілудің табиғаттағы және техникадағы мысалдарын келтіріңіздер.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Жылу мөлшері- жылу алмасу кезінде дененің алған немесе жоғалтқан энергиясын айтады.

Жылу мөлшері мына шамаларға тәуелді: (тәжірибелер көрсетіледі).


  • Дене температурасына;

  • Дене массасына;

  • Дене жасалған зат тегіне.

; өлшем бірлігі

Белгілі заттың масса бірлігінің температурасын 10С-қа өзгертуге қажет жылу мөлшерін көрсететін физикалық шаманы меншікті жылу сыйымдылық деп атайды.



; өлшем бірлігі

ІV. Есептер шығару.

В.И.Лукашик. Есептер жинағы: №792, №795, №796, №798. V. Қорытындылау.



VІ. Үйге тапсырма: §§9,10.Жаттығулар №1, №2, №3, №4.

VІІ. Бағалау.

БЕКІТЕМІН:

Оқу ісінің меңгерушісі ____________________

«__________» ____________________


8-сынып.

Сабақ тақырыбы: §§11, 12. Отынның энергиясы. Отынның меншікті жану жылуы. Механикалық және жылу процестеріндегі энергияның сақталу және айналу заңы.

Сабақ мақсаты:

  1. Оқушыларға жылу мөлшері ұғымын қалыптастыруды жалғастыру, отын жанғанда бөлініп шығатын энергия, механикалық процестердегі энергияның сақталу және айналу заңы туралы түсінік беру.

  2. Оқушылардың ғылыми дүниетанымын қалыптастыру. Ғылыми ой қорытындыларын жасауға жетелеу.

  3. Тиянақтылыққа, жауапкершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: баяндау, сұрақ-жауап.

Керекті құрал-жабдықтар: компьютер, видеопроектор, слайдтар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқушылардың үй тапсырмасын қалай меңгергендерін тексеру.

  1. Жылу мөлшері дегеніміз не?

  2. Жылу мөлшері неге тәуелді? Мысалдармен түсіндір.

  3. Ішкі энергия мен жылу мөлшерін қандай өлшем бірліктермен өлшейді?

  4. Заттың меншікті жылу сыйымдылығы нені көрсетеді?

  5. Заттың меншікті жылу сыйымдылығының бірлігі қандай?Денені суытқандағы жоғалтқан жылу мөлшерін қай формуламен есептеуге болады?

  6. Үйге берілген есептердің шығарылуын түсіндіру.

ІІІ. Жаңа сабақ.

Денені қыздыруға қажетті энергияны отын жаққанда алады. Қарапайым отын –көмір, мұнай, бензин және тағы басқаларының құрамында көміртек бар. Жану кезінде көміртек атомдары ауадағы оттектің атомдарыман қосылып, көмірқышқыл газының молекулаларын құрайды. Нәтижесін мол энергия бөлінеді.



Массасы 1 кг отын толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін физикалық шаманы отынның меншікті жану жылуы деп атайды.

q – отынның меншікті жану жылуы. Өлшем бірлігі 1 Дж/кг.

Кез келген массасы m отын толық жанғанда бөлінетін Q жылу мөлшерін есептеу үшін q меншікті жану жылуын жанған отынның массасына көбейту керек:

Қазақстан Республикасында отын-энергетикалық ресурстардың мол қоры бар. Соңғы жылдары еліміздің отын-энергетикалық баланс құрылымында аса көп өзгерістер болды. 50-жылдары отынның негізгі түрі көмір болса, қазіргі кезде көмірсутекті шикізат – мұнай мен газ алдыңғы қатарға шықты.

Қазақстанда 300-ден астам көмір кен орындары белгілі, олар көбіне Орталық Қазақстанда шоғырланған. Бұл аймақтарда тас көмір көп, ал еліміздің солтүстігі мен оңтүстігінде қоңыр көмір жиі кездеседі. Көп қолданысқа ие болған көмір кен орындарына Қарағанды және Екібастұз кен орындары жатады. Қарағандының тас көмірінің жану жылуы 33,5-33,6 МДж/кг, ал Екібастұз таскөмірінің жану жылуы 31,8-34,3 МДж/кг, ал Торғай өңірінің көмірінің жану жылуы 27,2-28,9 МДж/кг, Майкөбенің қоңыр көмірінің жану жылуы 29,3-31,4 МДж/кг.

Көмірсутекті шикізаттың жалпы қоры бойынша Қазақстан ТМД елдерінің ішінде Ресей мемлекетінен кейін екінші орынды иеленеді, ал әлемдік деңгейде Сауд Арабиясы, Кувейт және Біріккен Араб Әмірліктері мемлекеттерімен қатарласа алады. Жанатын пайдалы қазбаларға жататын мұнай мен газ бассейні Қазақстанның батыс аймағында кездеседі. «Атырау, Ембі, Маңғыстау».

Өткен ғасырдың 80-жылдарынан бастап ас ірі мұнай қорын игеру басталды. Ол –Атырау облысының оңтүстік-шығысындағы «Теңіз» мұнай кен орны.

Отын-энергетикалық өндірістің болашағы газ болып табылады, себеі газ жанады, ауаны ластамайды және құбырлар арқылы жеңіл тасымалданады. Қазақстандағы ірі газ кен орны – Қарашығанақ, онда еліміздегі бүкіл газ қорының 70%-і жинақталған.



Энергияның сақталу заңы:

Энергия жоғалмайды және жоқтан пайда болмайды. Ол тек бір денеден екінші денеге беріледі немесе бірдей мөлшерде бір түрден екінші түрге айналады.



Толық энергия:

Егер денелер жүйесіне сыртқы күштер әрекет етпесе және қоршаған ортамен жылу алмасу болмас, онда ол тұйықталған және жылулық оқшауланған болады.



Энергияның сақталу және айналу заңы:

Тұйықталған және жылулық оқшауланған денелер жүйесінің толық энергиясы-осы жүйеде болатын кез келген өзгерістер кезінде сақталады.



ІV. Есептер шығару.

7-ж.№1, №2, №3 №4



V. Қорытындылау.

VІ. Үйге тапсырма: 7-ж.№5, №6, №7, №8.

VІІ. Бағалау.
БЕКІТЕМІН:

Оқу ісінің меңгерушісі ____________________


«__________» ____________________


8-сынып

Есептер шығару.

Мақсаты:

  1. Оқушылардың «Жылу құбылыстары» тарауы бойынша алған теориялық білімдерін есеп шығаруда қолдана білу біліктіліктерін қалыптастыру.

  2. Оқушылардың өз бетімен ғылыми ой қорытындыларын жасай білуге дағдыландыру.

  3. Жауапкершілікке, тиянақталыққа, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабаққа қажетті құрал-жабдықтар: карточкалар.

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Есептер шығару.

  1. Массасы 1 кг қорғасында 1000С-қа қыздыру үшін 13000 Дж жылу мөлшері жұмсалды. Қорғасынның меншікті жылу сыйымдылығын анықтаңдар. Оны кестедегі мәнмен салыстырыңдар.

  2. 150С-та суды 1000С-қа қыздырғанда, оның ішкі энергиясы 178,8 кДж-ге артты. Судың массасын анықтаңдар.

  3. 1000С-та 5 л қайнаған су қоршаған ауаға 1680 кДж энергиясын бере отырып, қандай температураға дейін салқындайды?

  4. 100 кг антрацит толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?

  5. Қарағанды көмірінің 100 кг-ы толық жанғанда бөлінетін жылу мөлшерін анықтаңдар.

  6. Сыйымдылығы 5 л ыдыс бензинмен толтырылған. Толық жануы кезінде 23ּ107 Дж энергияны алу үшін осы бензин мөлшері жеткілікті бола ма?

  7. 440ּ107 Дж энергияны алу үшін Қарашығанақта өндірілетін табиғи газдың қандай мөлшерін жағу керек?

  8. Массасы 200 г керосин толық жанғанда қанша жылу мөлшері бөлінеді?


V. үйге тапсырма:
Көрсетілетін тәжірибелер:
Iv.карточкамен жұмыс.
Iv. пысықтау.
V.қорытындылау.

: uploads -> doc -> 00a6
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
00a6 -> Оқушылар адам қанының топтары, тромбоциттердің құрылысы және олардың қан ұюдағы рөлі туралы мәлімет алады
00a6 -> Сабақ Сабақтың тақырыбы: Қазағымның қазынасы-домбыра
00a6 -> Қазақстан республикасының Білім және ғылым министірлігі Қызыл ту орта мектебі Сабырлық пен ұстамдылық Пән мұғалімі: Даулеткулова Л. Сынбы: 5
00a6 -> Сабақтың тақырыбы: §17. Жапония


  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет