Сабақ тақырыбы: Асқорыту мүшелерінің құрылысы Сабақ мақсаты



Дата03.07.2017
өлшемі30.73 Kb.
түріСабақ
Ақтөбе облысы Шалқар ауданы

Ақтоғай орта мектебінің

биология пәнінің мұғалімі

Байзақова Рауза

Сабақ тақырыбы: Асқорыту мүшелерінің құрылысы

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Мүшелерде астың қорытылу құбылысын, ас қорыту сөлдерін,

ферменттердің әсері туралы түсінік бере отырып, асқорытудың адам

денсаулығына қажеттілігін ұғындыру;

Дамытушылық: Оқушылардың білімдерін жетілдіру мақсатында оқушылардың

дүниетанымын ойындар ойнату арқылы дамыту;



Тәрбиелілік: Дұрыс және ағзаға пайдалы тағамдармен қоректену арқылы

салауатты өмір салтын сақтауға тәрбиелеу;



Сабақтың типі: Дәстүрлі емес

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі көрнекілік, сұрақ – жауап.

Сабақтың көрнекілігі: Асқорыту жүйесінің құрылысы суреттері, тірек – сызбалар,

электрондық оқулық.



Пәнаралық байланыс: медицина, әдебиет

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру: Сәлемдесу;

Түгендеу;

Бейімдеу

«Тазалық – денсаулық кепілі, денсаулық – байлық негізі»

«Жақсы көңіл күй» тренингі. Сіздерге арналған текшелер

Сабақ барысында мақал – мәтелдерді қолдана отырып, әр бөлімге көшіп отырамыз.



Үй тапсырмасы: мәнжазбаларға шолу жасау

«Дені саудың жаны сау»

«Миға шабуыл» үй тапсырмасына арналған сұрақтар

1.Ас қорыту сөлі мен ферменттердің рөлі қандай?

2.Тамақ өнімдері дегеніміз не?

3.Қоректік заттар дегніміз не?

4.Ас қорыту дегеніміз не?

5.Адам ағзазы үшін тамақтың маңызы қандай?

6.Су мен минералды тұздардың ерекшеліктері мен қызметі қандай?

7.Дәрумендердің ағза үшін маңызы



«Денсуалық ауадан аумайды, барында кім оны ойлайды»

«Сөзжұмбақ»

1.Бұл фермент майларды глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдыртады

2.Адам организімінің дене салмағының 60% құрайды

3.Бұл қоректік зат жасуша мембранасының құрамына кіретін қандай материал

4.Нәруыздар, майлар, көмірсулар, су, дәрумендер бұлар

5.Организмнің негізгі құрылыс материалы

6.Организімде тамақ өнімдерінің қандай процестері жүреді

7. Нәруыз текті заттар

8. Организмдегі негізгі энергия көзі

«Шынықсаң – шымыр боларсың»

«Білгенге маржан» жаңа сабақ түсіндіру

Асқортыу мүшелерінің құрылысы. Асқорыту жолына жеке – жеке тоқталамыз.

1.Асқорыту жүйесі.

2.Ауыз қуысы

3.Жұтқыншақ

4.Өңеш


5.Асқазан

6.Ашішек


7.Тоқішек

8.Бауыр


9.Ұйқы безі

10.Бауыр


«Ұйқы – тынықтырады, жұмыс – шынықтырады»

«Кім жылдам»

1.Адамда асқорыту жолының ұзындығы:

А) 3-5 м ә) 8-10 м б) 15-18 м

2.Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?

А) жұмсақ таңдайда ә) ұрттың сілемейлі қабығында б) тілде



3.Асқорыту және тыныс жолдары қай жерде қиылысады?

а) Ауыз қуысында ә) жұтқыншақта б) өңеште



4.Асқорыту жолында асқазаннан кейін не орналасқан?

а) ашішек Ә) тоқішек б) ұлтабар



5.Тоқішектің бөлімдері

А) ашішек, жиекішек, тікішек

Ә)соқырішек, ашішек, мықынішек

Б) соқырішек, жиекішек, тікішек



6.Ашішек бөлімдері

А)ұлтабар, тікішек, ашішек

Ә)ұлтабар, ашішек, мықынішек

Б)Соқырішек, жиекішек ,тікішек



«Ауырып ем іздегенше, ауырмаудың жолын ізде»

«Жинақтау»

1.Сіздерге суреттер беріледі сол суретті ретімен орналастырып, атын тақтаға жазу.

2. Сұрақты суретте

1.Орналасқан жері ауыз қуысы, өзі тағамды ұнтақтауға көп көмек көрсетеді

2.Бұл ішектің бір бөлігі тұйықталып, бүйен деп аталады да,құрт тәрізді өсінді – соқырішек түзеді

3.Ас қорыту бездерінің ішіндегі үлкен без.



3. Биологиялық диктант

Асқорыту жолының қабырғасы ішкі, ортаңғы, сыртқы үш қабаттан тұрады.Жұмсақ таңдайдың артқы бөлігі бөбешік түрінде болады. Жұтқыншақтың төменгі жағы тартылып, өңешке жалғасады.Өңеш көкет арқылы өтіп, ХІ кеуде омыртқасы деңгейінде асқазанға ашылады. Асқазанның ішкі сілемейлі қабығындағы қатпарлар арасында көптеген ұсақ бездер болады. Соқырішекте құрт тәрізді өсінді - ұзындығы 8-15 см аппендиксі болады. Асқорыту қызметінен басқа ұйқы безі ішкі секрециялық қызметін де атқарады. Бауыр – күрделі түтікшелі без.



4.Ас қортыу жуйесі кесте толтыру

5. Жолдастарыңды салауатты өмір салтына шақыр.

.......................................жатпаңдар,

........................................тастаңдар.

........................................жадырап,



......................................бастаңдар.

Үйге тапсырма: §43 Асқорыту мүшелерінің құрылысы. Денсаулық туралы мақал – мәтелдер жинақтау.

Қорытынды: бағалау


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет