Сабақ Тақырыбы: Адамның жоғары жүйке әрекетінің ерекшеліктері



Дата03.07.2017
өлшемі21.88 Kb.
түріСабақ
65-сабақ

Тақырыбы: Адамның жоғары жүйке әрекетінің ерекшеліктері

Мақсаты: Мінез – құлықтың рефлекстік теориясы туралы білімді тұжырымдау, адамның жоғары жүйке қызметінің ерекшеліктерін анықтау.

Міндеттері: Білімділігі- есте сақтау және оның түрлері, ойлау және сананың дамуындағы, ақыл-ой әрекетіндегі рөлі туралы білім беру;

Тәрбиелілігі - өзінің және қоршаған адамдарының денсаулығына жауапкершілікпен қарау тәрбилеу;



Дамытушылығы- жүйке қызметі туралы жалпы биологиялық түсініктерін, кітаппен, кестелермен жұмыс істей білуді дамыту. Оқушылардың шығармашылық тұрғыда ойлануын және ақыл-ой қабілеттерін дамыту.

Құрал – жабдықтар: электронды көрсетілімдер және бейнематериалдар; «адамда шартты рефлекстердің қалыптасуы» сызбанұсқасы.

Сабақ типі: Аралас сипатта.

Әдістемелік шешім: Сұхбаттасу, әңгіме-сұхбат, өздік жұмыс, суреттер мен кестелерді пайдалану, бейнефильм

І.Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Оқытылған тақырып бойынша білімді өзектеу.

  1. Ауызша сауалнама жүргізу: адам өмірінде биологиялық ырғақтардың рөлі, олардың оргинизмге тигізетін әсері.

  2. Баяу және тез ұйқы,олардың сипаттамасы, маңызы.

  3. түс көру.

  4. Ұйқы гигенасы.

  5. «Гипноз және оның маңызы» , «түс көру». «Аян беруші түстер», «Ұйқының бұзылуы» тақырыптарында хабарламалар.

  6. Ұйқы гигенасының ережелері бойынша сұхбат жүргізу.

ІІІ. Тіректік білімді өзектеу.

  1. Жоғары жүйке әрекеті дегеніміз не және оның адамға қандай ерекшеліктері тән?

  2. мынадай жағдайларды түсіндіріңдер: кішкентай балаға ең алғаш рет лимон бергенде, ол қолын созып алады, бірақ балада тамаққа деген сілекей бөліну реакциялары байқалған жоқ. Ересек адамда лимонды еске алғанның өзінде сілекей қарқынды түрде бөліне бастайды.

  3. Қызмет істеуге алынған ит даярлау сабақтарынан сәтті өтті. Иттің осы тәжірибесін оның күшіктеріне қолдануға бола ма ?

  4. жануар (немесе адам) бұзылмаған тағамды тағамнан өзінің қандай туа біткен жүйкелік механизмддеріне байланысты ажырата алады?

IV. Жаңа тақырыпты оқыту.

  1. Жоғары жүйке әрекетінің рефлекстік негіздері.

  2. адам мен жанаурлардың жоғары жүке әрекетіндегі ұқсастықтар мен айырмашылықтар.

  3. Оқулықтағы мәтінмен өздік жмыс.

  4. Кестені толтыру



Жоғары жүйке әрекетінің процестері

Адам

Жануарлар

Адам және жануарларға ортақ







Тек адамға ғана тән










  1. Танымдық спихикалық процестер: сезіну және қабылдау (мұхалімнің әңгімесі)

V. Үй тапсырмасы. 64-параграф бойынша мазмұны, сұрақтарына жауап беру, тапссырмаларды дәптерге орындау. «Тұлға және интеллект » тақырыбына қысқаша шығарма жазу.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет