Сабақ тақырыбы §10. Халықтың ұлттық және діни құрамы Мақсаты



Дата02.08.2018
өлшемі35.61 Kb.
түріСабақ

Күні




Сыныбы

9

Сабақ тақырыбы

§10. Халықтың ұлттық және діни құрамы

Мақсаты:

Қазақстан аумағында ұлт және дін өкілдерінің қоныстану ерекшелігін оқып үйрену

Күтілетін нәтиже:

А) Халықтың ұлттық құрамын біледі;

В) Дүниежүзіндегі қазақ диаспорасының таралу ерекшелігіне сипаттама береді;

С) Қазақстанда кең таралған діни ұйымдарға баға бере алады;


Сабақтың көрнекілігі

Оқулық, бейнеролик, атлас, кескін карта, Қазақстанның экономикалық картасы, бағдаршам

Әдіс-тәсілдер

Шығармашылық тапсырма, «Бағдаршам», «Ой қозғау», «Үш қадамдық сұхбат», төмен және жоғары дәрежелі сұрақтар, «Түйін сөз», «Рефлексиялық нысана»

Уақыты

Мұғалімнің іс -әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

Кіріспе

(6 мин)

-сынып оқушыларымен амандасып, сыныпта психологиялық жағымды орта орнату;

-сынып оқушыларын ұлт өкілдері арқылы топтастыру. (1 мин)



Қазақ, қырғыз, өзбек, түрік, орыс, белорус, украин, неміс, корей, жапон, қытай, дүнгендер

-үй тапсырмасын «Менің болашақ мамандығым» тақырыбында жазылған эсселерін тексеру. (5 мин)

Мадақтау, сыныптастары «Бағдаршам» арқылы бағалайды.


Оқушылар мұғаліммен амандасып, көңіл-күйлерін айтады;

Оқушылар берілген ұлт өкілдері арқылы топтасады. Әр топ өз топтарында топбасшыларын сайлайды.

Оқушылар шығармашылық тапсырмаларын оқып шығады.


Тұсаукесер

(5 мин)

Оқушыларға сабақ басында бейнебаян көрсету. Қазақстандағы халықтар Ассамблеясына 20 жыл толуына орай дайындалған роликті көру арқылы оқушыларға «Ой қозғау» сұрақтарын қою (5 мин)

  1. Қазақстан Республикасында қанша ұлт өкілі тұрады?

  2. Қандай ұлт өкілдері бар?

  3. Сенің басқа ұлт өкілінен досың немесе танысың, жақының бар ма?

  4. Ара қатынасың қандай?

  5. Биылғы жыл тарихта қалай қалмақшы?

  6. Халықтар Ассамблеясын қалай түсінесің?

Жаңа сабақтың тақырыбын анықтап алу.

Оқушылар бейнебаянды тамашалап, сұрақтары болса, мұғалімге сұрақ қояды. «Ой қозғау» сұрақтарына жауап беру арқылы жаңа сабақтың тақырыбын айқындайды.

Жаңа сабақтың тақырыбын анықтаған соң дәптерге жазып алады.




Негізгі бөлім

(25 мин)

Жаңа сабақты меңгеру үшін оқушыларға тапсырмалар беру;

  • Мәтінді оқып шығу (3 минут)

«Үш қадамдық сұхбат» әдісі арқылы тақырыпты жұпта талдайды. (5 мин)

  • Топтық жұмыс (12 мин)

І топ: Халықтың ұлттық құрамы;

ІІ топ: Қазақ диаспорасының таралуы

ІІІ топ: Халықтың діни құрамы;


  • Оқушыларға проблеманы шешу дағдысын дамыту бағытында сыни тұрғыдан сұрақтар қою. (3 мин)

  1. Елімізде қалыптасқан діни ұйымдар туралы көзқарасың қандай?

  2. Елімізге оралған отандастарымызға жасалып отырған әлеуметтік қолдау туралы қандай пікірдесің?

Кескін картамен жұмыс. (2 мин)

І топ: Қазақтардың басым көпшілігі орналасқан облыстарды тауып белгіле.

ІІ топ: Қазақстандағы басым диаспора қоныстанған облысты белгіле.

ІІІ топ: Қазақ диаспоралары таралған елдерді картадан көрсетіп, тауып жаз.



Оқушылар мәтінмен танысады.

Оқушылар жұптасып, «Үш қадамдық сұхбат» әдісімен тақырыпты талдайды.


-Әр топ болашақтағы халық санын арттыру үшін жасалатын жұмыстарды жарнама түрінде көрсетеді.

Жауап берген оқушыларды мадақтау, ынталандыру арқылы бағалау;

Кескін картамен жұмысты жұпта бағалайды.


Қорытынды

Сабақты «Түйін сөз» әдісімен қорытындылау.

(3 мин)

Сабақ соңында оқушыларды ұлтаралық бірлікке шақыру мақсатында видеоролик көрсетіледі.

Кері байланыс: «Рефлексиялық нысана» әдісі
Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан,

Үйге тапсырма:

- §10. Халықтың ұлттық және діни құрамы тақырыбын қайталау.

-кескін картамен жұмысты аяқтау.



Оқушылар сабақтың соңғы кезеңінде сабақ барысында өткен термин сөздерді атап, түсіндіріп шығады.

Оқушылар берілген нысанаға

өз рефлексияларын жазады.

Оқушылар үй тапсырмасын жазып алады.



Каталог: uploads -> doc -> 0d9b
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
0d9b -> Сабақ: №12 пән мұғалімі: Туймебаева А. Т. Пәні: Биология Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет