Сабақ тақырыбы : Еріншек Сабақ мақсаты : 1 Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығымен таныстыру



жүктеу 52.57 Kb.
Дата10.04.2018
өлшемі52.57 Kb.
түріСабақ
Сарсенбаева З.Ш.

№3Хромтау орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі.

Ақтөбе обылысы . Хромтау қаласы.

Әдебиеттік оқу

Сабақ тақырыбы : Еріншек

Сабақ мақсаты : 1) Шәкәрім Құдайбердіұлы шығармашылығымен таныстыру.

Еріншек сөзінің мағынасын ашу Адам бойындағы жағымды,

жағымсыз қасиеттерді ажырата білуге үйрету.

2) Оқушылардың дүниетанымын , мәнерлеп оқудағдыларын дамыту,шығармадағы көркем сөздердің , тіркестерінің мағынасын меңгерте отырып , сөздік қорын дамыту.

3)Жаман әдеттерден , жат қылықтардан аулақ бола білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі : Жаңа білімді меңгеру.

Сабақ түрі : Дамытпалы сабақ

Сабақ әдісі :Топпен жұмыс ,сұрақ – жауап ,ой қозғау,топтастыру,талдау жинақтау.

Көрнекілік : Слайдта М.Қ.Шәкәрімнің шығармашылық,еңбектерді ,суреті,сұрақтар.



І Ұйымдастыру :

1 )Психологиялық сәт : Үлкенге де сіз, кішіге де сіз,сәлембердік сіздерге,

әдеппенен біз.

2 )Оқушыларды топқа бөліп отырғызу .Әр топтың топбасшыларын таныстыру,жақсы тілектер айтқызу.



ІІ Өлең сөздің патшасы сөз сарасы , қиыннан қиыстырар ер данасы, - деп Абай

атамыз айтқандай бірінші сабағымызды өлең тыңдаудан бастаймыз.

Шәкәрім : Адамдық борышың,

Халқына еңбек қыл

Ақ жолдан айнымай

Ар сақта оны біл ,

Талаптан да, білім мен өнер үйрен,

Білімсіз,

Өнерсіз,

Болады ақыл тұл.

- Өлең не туралы (адамдық борыш)

- Бұл кімнің өлеңі?

- Олай болса біз бүгінгі сабағымызда Ш. Құдайбердіұлы «Еріншек» өлеңінен танысамыз

ІІІ Жаңа сабақ


  1. Шәкәрім Құдайбердіұлы туралы туралы мағұлмат .(1-слайд)

Шәкәрім (1858 - 1931) шығыс Қазақстан обылысының Абай ауданы. Ұлы Абайдың

немере інісі. Әкесінен 7жасында жетім қалған. Атасы Құнанбай тәрбиесіне алады.

Абайдың-ақыл кенесімен өлең жаза бастады.

2 ) Ой қозғау «Еріншек» сөзін қалай түсінесіндер. Еріншек – жалқау , тілазар , салақ , надан , жігерсіз , ұйқышыл.

І топ – тілазар сөзінің мағынасын түсіндір

ІІ топ – салақ сөзінің мағынасын түсіндір

ІІІ топ – жігерсіз сөзінің мағынасын түсіндір


Ұлы ақын

Абайдын немере інісі

Шәкәрім

Шығыс .

Қазақстан



Тарихшы





Аудармашы

3. Оқулықпен жұмыс

а) мұғалімнің мәнерлі оқуы.

ә) мәнерлеп оқыту

б) Сөздік жұмысы

-Ақын адам бойындағы адамдық қасиеетер қалай жоғалады ?

І топ.Ақынның айтуынша адам бойындағы адамдық қасиетті қалай жоғалады ?

ІІ топ. Өлендегі қорытынды ой қай шумақта айтылған ? Тауып оқы мәнін түсіндір.

ІІІ топ. Осыөленде кездескен «Еріншектік» қасиетті Абай атамыз қалай түсіндірді?



Жалқау

Ұйқышыл

Еріншек

Жігерсіз

Тілазар

Салақтық

Надан



  • Міне балалар , адам бойындағы жаман қасиеттердің бірі – еріншектік деп жалқаулақ,надандық,тілазарлық,салақтық,ұйқышылдық,жігерсіздік пайда болады екен.

«Мағынаны аш»

І топ – Тілазар

ІІ топ – Салақ

ІІІ топ - Жігерсіз

І топ.Тілазар – деп үлкеннің тілін алмайтын,жұмсағанға бармайтын баланы айтады. Бұл адам бойындағы жаман қасиет.

ІІ топ. Салақ – үсті басын , өзінің құралдарын , киімін күтіп ұстай алмайтын адамды айтады. Салақтық еріншектіктен пайда болады.

ІІІ топ. Жігерсіздік – ұятсыз, өтірікші дегенді білдіреді .Жігерсіздік те еріншектіктен пайда болады.

3.Оқулықпен жұмыс.

а) мұғалімнің мәнерлі оқуы.

ә) жеке оқушыларға мәнерлеп оқыту. ( Әр топтан төрт оқушыдан оқиды )

б) сөздік жұмысы .Ғибадат,харекет,кесел, (ауызша)

Ғибадат- үлгі өнеге

Харекет – әрекет

Кесел – дерт,сор.



  • Тамаша балалар бәрінде жақсы оқыдыңдар.

  • Ендеше сұрақтарға жауап берейік.

І топ. Ақынның айтуынша адам бойындағы адамдық қасиет қалай жоғалады ?

ІІ топ. Өлендегі қорытынды ой қай шумақта айтылған.Тауып оқы мәнін түсіндір.

ІІІ топ. Осы өленде кездескен еріншектік қасиетті Абай атамыз қалай түсіндірді ?


  • Абай атамыз еріншектік бес дұшпанның бірі деп түсіндірген. Атамыз «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде.

5 нәрсеге асық бол,

5 нәрседен қашық бол .

Адам болам десеніз – деп түсіндірген.

Адамның 5 асыл ісі мен 5 дұшпанын таныстырған.

Абай атамыз бен Шәкәрім атамыздың өлеңдерінің арасындағы ұқсастық барма екен ?

(Екеуі де жас ұрпақты еңбексүйгіштікке , өнерге , білімге шақырған екен)

Сергіту сәті: Абайдың қара сөзінен . (мәнерлеп оқу)

Дәптермен жұмыс.



Жағымды қасиеттер

Жағымсыз қылықтары

Сергектік

Ұйқышылдық

Еңбексүйгіштік

Еріншектік

Ұқыптылық

Салақтық

Білімді

Надандық

Тілалғыш

Тілазарлық

Өзінің бойында осы қасиеттердің қайсысы бар деп ойлайсын ? (2-3 оқушы)

  • Балалар , адам өз бойындағы жаман қылықтарды жоюға өзі күш жұмсап , өзін – өзі тәрбиелей білуі керек .

Сонда ғана , адам , саналы , үлгілі , тәрбиелі азамат бола алады.

5. «Мәнерлеп оқу минуты»

Мәнерлеп оқу әлемі,

Әсерлі де әдемі.

Әр адамның міндеті.

Жүрегі мен оқуы

– деп мәнерлеп оқу минутын өткізбекпіз. Әр топтан бірнеше оқушы шығып Шәкәрімнің өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтады. «Жаз» , «Адамдық борышы» , «Сен ғылымға» , «Бүгінгі жастраға», «Мен кетемін , келеді».

ІV Қорытындылау.


  • Бүгінгі сабақта кім туралы айтылды?

  • Шәкәрім кім?

  • Шәкәрімнің шығармаларымен таныстық?

  • Ендеше , біз Еріншек шығармасы арқылы неге үйрендік? Ойымызға не



  • түйдік ?ойымызды дәптер бетіне түсірейік.

Еріншек (эссе) (ой толғау)

(3 топтан 3 оқушыға оқытамын)

Мұғалім : Бүгінгі сабақтан біз еріншектік жаман қасиет екенін білдік, мұндай әдеттерден сақ , аулақ болайық.

4.Әрқашан,елгезек,тілалғыш,еңбексүйгіш болайық.

Ән : "Болайықшы осындай»

V Бағалау

(Әр топ өзінің ұпай санын есептеп топ басшылары топтағы оқушыларға баға береді .Әр топтын ұпай санына байланысты « Ақылдылар», «Білімділер», «Ынталылар» деген атақпен марапатталады)



VІ Үйге : Еріншек (мәнерлеп оқу )

Еріншекттікке байланысты мақал – мәтелдер жазу.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет