Сабақ Сабақтың тақырыбы: «Терiстеу» ұғымы. Ақиқат және жалған. Сабақтың мақсаты: "Терiстеу" ұғымын және "Ақиқат", "жалған" түсiнiктерiн беру



жүктеу 65.89 Kb.
Дата05.04.2018
өлшемі65.89 Kb.
түріСабақ
Ашық сабақ
Сабақтың тақырыбы: «Терiстеу» ұғымы. Ақиқат және жалған.

Сабақтың мақсаты:

  1. “Терiстеу” ұғымын және “Ақиқат” , “жалған” түсiнiктерiн беру.

  2. Тапсырмаларды орындата отырып, оқушылардың логикалық ойлау қабiлетiн дамыту.

  3. Түрлi логикалық ойындар арқылы оқушылардың өзiндiк, танымдық iс-әрекетi мен шығармашылық бейнесiн қалыптастыру.


Сабақ барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ Үй тапсырмасын тексеру

ІІІЖаңа тақырыпты меңгерту

ІV Сабақты қорытындылау

V Бағалау



VI Үйге тапсырма

І Ұйымдастыру кезеңі

    1. Оқушылармен амандасу

    2. Оқушыларды тізім бойынша тексеру

    3. Сабаққа дайындықтарын тексеру


ІІ Үй тапсырмасын тексеру
Мына жиындардың элементтерін жаз.

  • Жәндіктер (көбелек,маса,шыбын)

  • Ыдыстар (қасық,кесе,тәрелке)

  • Киімдер (көйлек,бөрік,шалбар)

  • Өсімдіктер (гүлдер,ағаштар,бұталар)



ІІІ Жаңа тақырыпты меңгерту
Әдiстемелiк нұсқаулар:

“Терiстеу” ұғымы - алгебралық логика немесе Буль алгебрасының негiзгi түсiнiктерiнiң бiрi. “Емес” жұрнағының көмегiмен заттардың кейбiр қасиеттерiн үйретiп, осы ұғымды түсiндiру үшiн ойын ұйымдастырылады.

«Керiсінше айт» ойынын өткiзуге болады.

Мұғалiм бiр сөздi айтады. Оны оқушылар “емес” сөзінің көмегiмен терiс мағынада айтуды шығарып, керi мәндерiн атайды. Мысалы:

Үлкен – үлкен емес – кiшi.

Тiк – тiк емес – қисық.

Тәттi – тәттi емес – ащы және т.б.

«Керiсінше жаса» ойынын өткiзуге болады.

Мұғалiм бір әрекеттi көрсетiп, оның атын атайды. Ал оқушы соған олардың керi әрекетiн көрсетiп, оның мәнін айтады, мысалы: оқу – оқымау, қарау – қарамау, отыру – тұру, оңға қарау– солға қарау, қолды көтеру – қолды түсіру және т.б.

Оқушылармен бiрлесiп, мына мақалдарды талқылаңдар:

Бiлiм – жарық сәуле, бiлiмсiз – қараңғылық.

Бiлсең – айт, бiлмесең – үндеме.

Математикалық логиканың негiзгi түсiнiктерiнiң бiрi – “ақиқат” және “жалған” ұғымдары.

«ИӘ – ЖОҚ» ойынын өткiзуге болады.



Үлгi сұрақтары:

КУ-КА-РЕ-КУдеп әтеш айғайлайды? ИӘ. Ақиқат.

Тышқан мысықты аулай ма? ЖОҚ. Жалған.

Аю балды жақсы көре ме? ИӘ. Ақиқат.

Ит қасықпен жей ме? ЖОҚ. Жалған.

Балалардың өздерiне осындай сұрақтар қою тапсырмасы ұсынылады.




Тапсырмалар.

2 топқада
1.Қайсысы ақиқат, қайсысы жалған екенін айт

Компьютер сыныбында:



  1. Жүгіруге болады(жалған)

  2. Тышқан мен ойнауға болады(ақиқат)

  3. Компьютерде жұмыс жасауға болады(ақиқат)

  4. Сымды ұстауға болмайды(ақиқат)

  1. Секіруге болады(жалған)

  2. Компьютерде суретсалуға болады(ақиқат)

  3. Су қолмен жұмыс жасауға болады(жалған)

  4. Монитор экранына жақын отыруға болмайды (ақиқат)


1 топқа

2.Әрiптердi қорша. Қалған таңбаларды қалай атауға болады? Жауабы:Әрiптер емес.


2 топқа

2.Сандарды қорша. Қалған таңбаларды қалай атауға болады? Жауабы:Сандар емес.


2 топқада
3.«Емес» сөзінің көмегімен қарама – қарсы сөздерді жаз


Биік

Аласа

Ыстық

Суық

Қатты

Жұмсақ

Толық

Арық

Үлкен

Кіші

Түзу

Қыйсық

Кең

Тар

Жоғары

Төмен


4. Жазулары ақиқат болатындай етiп, суреттерге өзгертулер енгіз. Жауабы: 3 қызыл жалау салу,2жасыл шар,3 жалау







1 топқа
5.Аттары АҚИҚАТ (шын) көрсетілген суреттердi боя, ал аттары ЖАЛҒАН (өтiрiк) бейнеленген суреттердi сызып таста.

2 топқа
5Аттары АҚИҚАТ (шын) көрсетілген суреттердi боя, ал аттары ЖАЛҒАН (өтiрiк) бейнеленген суреттердi сызып таста.


2 топқада
6.Аақиқат және жалған болатындай етіп таңбаларды қой.
4<5-(ақиқат)

3+5=8- (ақиқат)

2+3=5-1-(жалған)

4+3>6- (ақиқат)

4+4=7-2- (жалған)

7-2>8- (жалған)



Сергіту сәттері:

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш

Жаттығуды жасаймыз,

Шынығуды бастаймыз.

Орнымыздан тұрамыз,

Алақанды ұрамыз.

Бір отырып, бір тұрып,

Тез шынығып шығамыз
7.Жалған жазуларды ақиқатқа айналдыр
Алма – алмұрт, Қолшатыр – саңырауқұлақ

Сағат – будильник, кірпі – шырша, компьютер – компьютер, кеме – балық



1 топқа
8.Жазулар ақиқат болатындай етіп, суреттерін сал. Плакатқа суретті салу



2 топқа



2 топқада

9.Жұмбақтарды шеш.


  1. Түнде ұйықтамай, тышқан күзетеді (Мысық)

  2. Ыстық құйсаң, суымайды, Суық құйсаң, ысымайды (Термос)

  3. Қанаты бар, ұшпайды, Су астында қыстайды (Балық)

  1. Қанша ақса да бітпейді, Арнасынан асып кетпейді (Өзен)

  2. Дегендей ешкім тимесін, Алыпты қадап инесін (Кірпі)

  3. Ақ түсті, қар емес, Дәмі тәтті, бал емес (Қант)



I V Сабақты қорытындылау.
Сабақты қорытындылай келе «Білмегенін сұрап, үйренген – ғалым, арланып сұрамаған өзіне залым» демекші, кімде қандай сұрақтар бар? Бүгін біз не білдік, не үйрендік?
V Бағалау

Бағалау парақтары бойынша оқушылардың қорытынды бағасын шығару



V I Үйге тапсырма: Ақиқат пен жалғанға 4 сөйлемнен құру




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет