Сабақ реті 17 Cабақтың тақырыбы: §17. Организмдердің көбею формалары. Жыныссыз көбею түрлері. Жынысты көбею



жүктеу 35.25 Kb.
Дата06.07.2017
өлшемі35.25 Kb.
түріСабақ
Сабақ жоспары
Оқу ісінің меңгерушісі -------------------------------------------------------
Күні Пәні Биология. 9-сынып. Сабақ реті 17
Cабақтың тақырыбы: §17.Организмдердің көбею формалары .Жыныссыз көбею түрлері. Жынысты көбею.

Сабақтың мақсаты:

1. Организмдердің көбею формалары . Жыныссыз көбею түрлері. Жынысты көбею туралы түсінік беру.

2. Жыныссыз көбею, бүршіктену, телу, телітуші, телінуші, бүршіктелу, қиылыстыра телу ,өркен ұластыру т.б сөздерді түсіндіре отырып, олардың сөздік қорларын,ой-өрістерін, дүниетанымдарын дамыту.

3.Өз беттерімен жұмыс істеуге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақ



Сабақтың әдісі: дәріс, сұхбат

Пәнаралық байланыс: ботаника

Сабақтың көрнекілігі:сызбалар, суреттер
Сабақтың барысы

I.Ұйымдастыру кезеңі.Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатынасуын және дайындығын тексеру, оқушы назарын сабаққа аудару.

II.Үй тапсырмасын тексеру.

1.Жасушаның тіршілік циклі дегеніміз не?

2. Митоздық циклдің анықтамасы қандай?

3.Митоздық бөлінуге дайындық кезеңі қалай жүреді?

4.Митоздық бөлінудің фазаларын сипаттаңдар?

5.Митоздық бөлінуде хромосома жиынтығының саны өзгере ме?

6. Митоздық бөліну қандай жасушаларда жүреді?

7.Митоздың биологиялық маңызы қандай?

8.ДНҚ молекуласы еселенуінің мәні неде?

ІІІ.Жаңа сабақ .

Көбею - барлық тірі организмге тән қасиет. Көбею арқылы ұрпақ жалғасады, түрдің даралары сақталады. Организмдер жыныссыз, жыныстық жолмен көбейеді. Жыныссыз жолменкөбейгенде , жаңа организм жеке бір дараның бір жасушасынан өсіп жетіледі.Жыныссыз көбеюге бір ғана аналық, не аталық дара қатысады. Жас организмді түзетін дене жасушалары митоз нәтижесінде түзілгендіктен, ұрпақтарының белгісі аналық дараға ұқсас болады.

Біржасушалылар - кейбір төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар, балдырлар , жануарлар спора түзіп көбейеді.

Ол үшін жасуша бірнешеге бөлінеді. Бір жасушалы – кейбір төменгі сатыдағы саңырауқұлақтар , мүктер, қырықбуындар спора түзіп , көбейеді .



Бүршіктену.Мысалы; бір жасушалы ашытқы саңырауқұлақтарының жасушаларынан бүршіктену арқылы алдымен кішілеу ядросы бар төмпешік

-өсіп шығады да, біртіндеп ұлғайып аналық дараның мөлшеріне жеткенде бөлініп кетіп, өз бетінше тіршілік етеді. Тұщы су гидрасында денесінің қабырғасы екі қабат жасушалардан түзілген бүршік жетіледі. Ол өсіп ұзарып алдыңғы бөлімінде ауыз қуысы түзіледі. Біржасушалы жәндіктердің көпшілігі жыныссыз көбейеді. Мысалы; эвглена, амеба ядросы екіге бөлінеді.

Бөлінгеннен кейін пайда болған ядролар жасушаның екі жағына жылжып орналасады. Содан соң жасуша бөлінеді.

Өсімдіктерде қалемшелері, мұртшалары , түйнектері арқылы вегетативті көбею кең тараған. Тал,терек, жүзім, қарақат қалемшелері арқылы көбейтуге болады. Картоптың топырақасты түрі өзгергенөркендерінің бөлімі- түйнектер арқылы көбейеді. Нарғызгүл тамыртүйнектері арқылы көбейеді.



Қолдан вегетативті жолмен көбею.

Мәдени өсімдіктерді қолдан вегетативті көбейту – бұрыннан келе жатқан әдіс.Бірнеше түрі бар. Оның бірі – телу.

Телу –бір өсімдік бүршігін немесе бүршігі бар өркенін екінші өсімдік денесіне ұластыру. Өз тамырында өсіп тұрған өсімдікті телітуші, оған әкеліп ұластыратын бүршікті немесе өркенді телінуші деп атайды

Телудің бүршіктелу, қиылыстыра телу, өркен ұластыру деген түрлері бар. Қолдан вегетативті көбейтуге қалемше арқылы көбею жатады.



Жынысты көбеюге ата-аналық даралардың екеуі де қатысады.

Олар арнайы жыныс жасушаларын гаметаларды түзеді. Гаметалардың нәтижесінде түзілген зигота жаңа организмге бастама болады.



IV. Бекіту

1. Көбеюдің қандай түрлері бар?

2.Жыныссыз көбею деген не?

3.Қандай организмдер жыныссыз жолмен көбейеді?

4.Жыныссыз көбеюдің қандай түрлері бар?

5.Қолдан вегетативті көбею деген не?

6.Телу деген не?

7. Қалемшелер арқылы көбею деген не?

8.Сұлатып вегетативті көбейтудің ерекшелігі?



V.Үйге тапсырма:Организмдердің көбею формалары . Жыныссыз көбею түрлері. Жынысты көбею.

IV . Білімді бағалау.

VII.Сабақты қорыту.Жаңа термин сөздер арқылы.



: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет