Сабақ: «Өсімдік тірі организм»



жүктеу 109.4 Kb.
Дата24.01.2018
өлшемі109.4 Kb.
түріСабақ
Аршалы ауданы

Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі

Дүниетану пәнінен ашық сабақ:

«Өсімдік – тірі организм»

plain

Өткізген:Шахатова Б.А.

бастауыш сынып мұғалімі

2014-2015оқу жылы

Шахатова Баян Аиповна

бастауыш сынып мұғалімі

жоғары деңгейдегі екінші санатты

Иманжүсіп Құтпанұлы орта мектебі

Ақмола облысы Аршалы ауданы Жібек жолы ауылы

2 сынып

Дүниетану

Сабақтың тақырыбы:

Өсімдік – тірі организм

Мақсаты:

Дүниетану пәні бойынша берілетін материалды модульге бөліп, балаға берілген тақырыпты тереңдете, жан-жақты әрі, жеңіл түрде игерте отырып, пысықтау. Осы мүмкіндікті беру арқылы баланың өздігінше ізденуін дамыта отырып, пәнге деген қызығушылығын арттыру.



Міндеттері:

  • Мұғалім тақырып бойынша ойлануға дұрыс бағыт беру;

  • Әр оқушыны жеке тұлға ретінде қарастыру;

  • Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жетуін дамытуға ерекше назар аудару

Жазба жұмыстар




Пазл құрастыру,дәптердегі тапсырмаларды орындау

Жасалатын жұмыс түрлері


1.Ұйымдастыру кезеңі:

Жақсы оқып сабақты,

Әдеп сақтау сәніміз.

Сәлем бердік сіздерге,

Басты иіп бәріміз.
2.Үй жұмысын тексеру: Өткенді қайталау

топтық тапсырма

1. ауа,ауаның қасиеттері

2.су,судың қасиеттері

3.топырақ,топырақтың қасиеттері



3.Жұмбақтар жасыру:

Кіріспе:

Оқушыларға жұмбақ жасыру:

Жазда жатсаң, көлеңкесіне алады,

Қыста жақсаң, жаның рахат табады.

(Ағаш)


Жасыл ине киемін,

Жайлаймын тау биігін.

Жаңа жылды тойласаң,

Төріндемін үйіңнің.

(Шырша)

Ағайынды бәрі, шықса жасыл, түссе сары.



(Жапырақ)

Осының барлығын бір сөзбен қалай айтуға болады? Өсімдіктер
2. Өсімдік – тірі организм
Біз кімбіз? Біз – адамбыз. Адамның достары өте көп. Солардың қатарында өсімдіктер де бар. Олар бізге әрқашан қамқор болған, әрі қамқор бола береді. Егер, әрине, адамдар олардың достығын құрметтей білсе. Олар қамқорлығымен бірге бізге қуаныш, әдемілік, таза ауа сыйлайды.

Біз оларды қандай табиғатқа жатқызамыз?
Біз оларды тірі табиғатқа жатқызамыз. Өйткені олар өседі, өнеді, көбейеді, уақыты келгенде немесе ауырса - солып, тіршілігін тоқтатады. Өсімдіктер күнге қарап бой түзейді, тыныс алады. Оған өсуі үшін не керек?
- күннің жылуы,
- таза ауа,
- су,
- қоректік заттар керек.
Мінекей, оларда адамдар сияқты. Күтімі жақсы болса жақсы өседі, әдемі болады. Күтімі нашар, жоқ болса қисық өседі, немесе қурап қалады. Біз бұдан өсімдіктің тірі организм екендігін білеміз.

Ойын: «Пазлдан сурет құрастыру»

Емен,бөртегүл,бақбақ

3. Өсімдік түрлері.


Өсімдіктің негізгі топтарына тоқталайық:
ағаштар,
бұталар,
шөптер.

Тақтамен жұмыс:

Өсімдіктің әр тобының көптеген түрлері болады.
Ағаштар:
қайың, емен, қарағай, көктерек, терек, шырша, қарағаш, жөке, жеміс ағаштары, т.б.
Ағаштар мәңгі жасыл болып тұратын, жапырақтары ине сияқты-қылқан жапырақты болып келетін және күзде жапырағы сарғайып түсетін, жалпақ жапырақты ағаштар болып бөлінеді. Ағаш – діңі жақсы жетілген, бойы 2 метрден кем емес көп жылдық өсімдік (суреттері беріледі).
Бұтаның түрлері:
таңқурай, итмұрын, қарақат, жыңғыл, бөртегүл, шеңгел, т.б. Бұталар ағашқа қарағанда аласалау болады. Әрі олардың сабақтары ,бұталары болады (суреттері беріледі).
Шөп тектестер:
жоңышқа, бақбақ, көкнәр, селеу, бидайық., күнбағыс, бидай, т.б.

Шөптер – бұл кәдімгі жұмсақ, жіңішке сабақтары бар өсімдіктер.

Шөптер біржылдық: бидай, күнбағыс, т.с.с және екі жылдық: орамжапырақ, сәбіз, шалғам т.с.с немесе көпжылдық: бидайық, жоңышқа, бақ-бақ т.с.с. болады (суреттері беріледі)

Салыстыру.

Ұқсастығы-айырмашылығы

Сергіту сәті:

Видеофизминутка «Шырша»



Оқулықпен жұмыс:

4. Өсімдік мүшелері
Өсімдіктің әр мүшесінің атқаратын өз қызметі бар (суреттері беріледі).
Тамыр:
Өсімдіктің топырақтағы бөлігі. Тамыр тереңге бойлай өседі. Өсімдікке су тасиды, әрі оны бекітіп ұстап тұрады. Тамыр әр түрлі болады: негізгі жуан тамыр, жанама тамыр, шашақ тамыр. Мысалы ағаштардың бәрінде дерлік негізгі жуан тамыр болады. Еменнің тамыры тіпті 15 метрге жетеді. Сәбіз, қызылша, жауқазын сияқты өсімдіктердің де тамыры жуан болып келеді. Күнбағыс, жолжелкендердің тамыры шашақ болып келеді. Олардың ішінен негізгісін табу қиын.
Тамырдың ұзындығы оның өсіп тұрған жеріне де байланысты болады. Су тереңде болса тамыр ұзын, таязда болса қысқа болады. Шөлде өсетін сексеуілдің тамыры 20-30 метрге дейін барады.
Сабақ:
Өсімдіктердің сабағы жер бетінде өседі. Сабақта бұтақтар, жапырақтар. Гүлдері, жемістері орналасады.
Тамырмен келген қоректік заттар сабақпен жоғары көтеріліп, керек жеріне жетеді. Гүлге, жемісіне барады.
Сабақтар қатты. Жұмсақ, иілгіш, сынғыш болады. Қысқа немесе ұзын болуы мүмкін.

Жапырақ:
Жапырақ сабақ пен бұтада орналасады. Жапырақ өсімдіктің тыныс алатын басты мүшесі. Жапырақ көмірқышқыл газын жұтады да таза оттегі бөліп шығарады.
Жапырақтағы артық ылғал буланып, өсімдікті қатты ыстықтан сақтап тұрады. Жапырақта өсімдіктің өсуі үшін қажетті қоректік заттар: қант пен крахмал түзіледі. Топырақтағы су тамыр арқылы сабаққа келеді, сабақтан жапыраққа жетеді. Жапырақ сол судан қоректік заттар жасайды да өсімдікке береді. Жапыраққа қоректік заттар жасау үшін: күннің сәулесі, жылуы, ауа, су керек.
Бұлардан басқа өсімдікте гүлі мен жемістері, тұқымы болады.
Әуелі тұқым құнарлы жерге түседі. Қолайлы жағдай болса ғана сол тұқымнан тамыр пайда болады. Тамыр тереңге бойласа, сабағы күнге ұмтылады. Сабақта жапырақтар мен гүлдер пайда болады. Гүл ашылады, ашылғаннан кейін сол жерде жеміс пайда болады. Жемістің ішінде тұқым болады.

Өсімдіктер суды қайдан алады?
адам қолдан суғарады, арық қазып су жеткізеді,
жаңбырдың суы,
жер асты суларынан алады.
Әр өсімдік өзі өсетін жердің табиғатына қарай бейімделеді. Олар ылғал сүйгіш немесе құрғақшылыққа төзімді болып келеді. Тіпті тасқа да шығатын өсімдіктер болады.

Өсімдік ауаны тамыр арқылы да жапырағы арқылы да ала береді. Сондықтан топырақты қопсытып отырған дұрыс болады. Тығыз топырақ ауаны нашар өткізеді. Күннің жылуы көктемде жеткілікті бола бастайтындықтан өсімдіктер көктемде өсе бастайды.
Көктем мен жаз өсімдіктің өсуі үшін өте қолайлы мезгілдер.
6. Модуль бойынша тапсырмалар
Тест тапсырмалары
1. Өсімдік – тірі организм
Қайсысы дұрыс деп ойлайсың?.
а) Өсімдік өседі, өнеді, қурайды
б) Өсімдік - өлі табиғатқа жатады.
в) Өсімдіктердің пайдасы өте аз.
2.Өсімдікке тірі организм ретінде не керек?
а) ауа, жайлы жер, бөлме
б) ауа, жылу, жарық, су, топырақ
в) тамақ, су, топырақ
3. Өсімдік түрлері.
Қайсысы дұрыс деп ойлайсың?.
а) таңқурай - шөп
б) шырша - жалпақ жапырақты
в) өсімдік ағаш, бұта, шөп болып бөлінеді .
4.Жыңғыл қай топқа жатады?
а) ағаш
б) шөп
в) бұта
5. Өсімдік мүшелері
Өсімдік мүшелері қалай бөлінеді деп ойлайсың?
а) тамыр, жеміс, сабақ
б) тамыр, сабақ, жапырақ, гүл, жеміс, тұқым
в) тамыр, жапырақ
6.Тамыр қандай қызмет атқарады?
а) су әкеледі, қорек жасайды
б) су әкеледі, топырақта бекітіп ұстап тұрады
в) жарық , жылу береді


7.Қосымша білім:
өсімдіктер туралы мәліметтер
өсімдік рекордтары
Қызыл кітаптан деректер
тапсырмалар, тест тапсырмалары, ойын-жұмбақтар

Жауқазын
Шалғындарда, қыраттарда, бұталардың арасында, көгалдарда өсетін, әдемі сары гүлдері мен хош иісті жапырақтары бар шөптесін өсімдік.Ол ерте көктемде алғашқы шығатын гүлдердің бірі.
Жауқазын мамыр айында шығып, адамдарды қуантады.Оның әдемілігінен басқа емдік қасиеті де бар. Ежелгі гректер жауқазын кез-келген ауруды жеңеді, ол оны он екі құдайдың гүлі деп айтқан.
Емен
Алып ағаштардың қатарына жатады. Оның діңі жуан болады. Еменді адамдар да жанарларда жақсы көреді. Оның жемістерін- жаңғақтарын жабайы қабандар мен үй шошқалары өте жақсы көреді. Күзде еменнің жапырақтары ең соңынан түседі. Ол өте төзімді ағаш.
Терек
Тез өсетін биік ағаш. Көктемде теректе жабысқақ, хош иісті бүршіктер өнеді. Кейін олардан сырғалар пайда болады. Сосын теректің жемістері – жаңғақтар пайда болады. Олар піскен кезде ашылып, тұқымдары желмен бірге жан-жаққа тарайды. Оны сен көрге шығарсың, кәдімгі аппақ мамықтар ауада ұшып жүреді.
Терек адамдардың сенімді көмекшісі. Олар жолдың жиегінде тұрып, бізді шаң-тозаң мен желден қорғап тұрады.

Өсімдік рекордтары
Қылқан жапырақтылардың арасында ұзақ өмір сүретін секвойя деп есептеледі. Ол 2000 жылдан астам өмір сүре алады екен. Әрі ол ең алып ағаш: биіктігі 100 метрден, диаметрі 20 метрден асуы мүмкін.
Шөптердің ішіндегі ең үлкені – бамбук. Оның ұзындығы 20 метрге жетуі мүмкін. Ол бір тәулікте 1 метрге өсе алады екен.
Ең ірі жапырақ – рафия пальмасында болады екен. Оның ұзындығы 20 метрге дейін жетеді.
Ең ірі тұқым – кокоста болады. Салмағы 20 кг.
Ең ұзын - теңіз балдыры. Ұзындығы 60 метр.
Ең үлкен ормандар – Сібірдің суық тайга ормандары мен Бразилияның тропикалық ормандары.

Ойын - жұмбақтар
Жаздай інге тығылып,
Жатқан қызыл түлкіні,
Құйрығынан суырып,
Әкелді әжем бір күні. (сәбіз)

Бұл не деген көп киім,
Жетпіс қабат көк киім? 
Үй ішінен табасың.
Тамаққа да саласың. (қырыққабат)

Бақтарда балбырап,
Тұрады албырап,
Уылжыған уыздай,
Алма емес ол бірақ... (шабдалы)


Сабақты қорыту:

Ағаш отырғызу «табиғатты қорғау»


1.Топқа ағаш,бұта,шөптектес өсімдіктер арқылы бөлінеді. Оқушылар бір-бірімен жақын араласады.
2. Оқушылардың еркін ойлауы, ұйымдаса отырып есептеуге үйренеді.
3.Оқушыларға сергіту сәтін ұйымдастыру үшін сабақ арасында тренинг жасату.


Бағалау

Формативті арқылы бағалау арқылы

Модул түрлері

Жұптық, топтық жұмыстар. Сын тұрғысынан ойлау элементтері.

Жас ерекшеліктеріне сәйкес білім беру. Бағалау.АКТ.Диалогтік әдіс.



Үйге тапсырма

Өсімдік- тірі организм

: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Тело большинства моллюсков покрыто раковиной, образованной в результате накопления извести в поверхностных слоях кутикулы
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Лейкоциттер, олардың құрылысы мен қызметі. Сабақтың мақсаты
lessons -> 1 тақырып: Молекулалық биология пәніне кіріспе «Молекулалық биология»
lessons -> Ақуыздар. Ақуыздардың қызметтері. Ақуыздардың аминқышқылдық құрылымы
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Қанайналым мүшелері. Жүрек
lessons -> Оқушылардың витаминдер туралы білімін толықтыру, дамыту. Оқушылардың витаминдер туралы білімін толықтыру, дамыту
lessons -> Сабақтың мақсаты Танымдық: Көз қызметі, оның бұзылуы, көз гигиенасы туралы оқушыларға түсінік беру
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Қазақтың ұлттық тағамдары. Сабақтың мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Жасушадағы зат және энергия алмасу. Атф синтезі
lessons -> Тақырыбы: Мінез-адам көрсеткіші Сыныбы: 5 сынып Мақсаты




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет