Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары) Американың ашылуы, игерілу кезеңдері, елдері туралы оқып үйрену



жүктеу 72.21 Kb.
Дата26.07.2018
өлшемі72.21 Kb.
түріСабақ

Сабақ : §34. Американың ашылуы мен қоныстануы. Америка елдерін топтастыру

Мектеп: М.Б.Ықсанов атындағы №36 орта жалпы білім беретін мектебі

Күні: 16.01.2016

Мұғалімнің есімі: Уйсимбаева Ш.К

Сынып: 11 A

Оқушылар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)

Американың ашылуы, игерілу кезеңдері, елдері туралы оқып үйрену

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

А. Американың ашылуы мен игерілу кезеңдерін біледі

Оқушылардың басым бөлігі:

В. Америка елдерін топтастырып, айырмашылықтарын ажыратады

Кейбір оқушылар:

С. Ағылшындық Америка мен Латын Америкасының экономикалық және әлеуметтік даму деңгейлерінің әркелкі болуының себебін анықтайды

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Оқушы өзіндік ой түйеді.



Негізгі сөздер мен тіркестер:

Терминмен жұмыс жасайды

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар (тыңдалым)

Ағылшындық Америка мен Латын Америкасының экономикалық және әлеуметтік даму деңгейлерінің әркелкі болуының себебі.....

Сіз неліктен .... екенін аласыз ба?(айтылым)

Америка аумағының қоныстану барысына жергілікті табиғат жағдайларының әсері қандай болды?

Жазылым бойынша ұсыныстар:




Алдыңғы оқу

АҚШ.ЭГЖ , мемлекетт тарихы,геосаяси жағдайы.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз )

Формативті бағалау (ОҮБ)

Ресурстар

Басталуы

(10 минут)



Кіріспе. Таныстырылым (2 мин)

-сынып оқушыларымен амандасып, көңіл-күйлерін бақылай отырып, сыныпта жағымды орта құрамын. Күндеріне сәттілік тілеймін.

-сынып оқушыларын Шығыс Еуропа елдерін мен астаналарын табу арқылы жұптастырамын.

Үй тапсырмасын тексеру (3 мин)

А) Сәйкестендіру

Шығыс Еуропа елдеріндегі саяси картаның өзгерісін сәйкестендіріп, картадан көрсету.


Б) «Чехия еліне саяхат» (2 мин)

1.Чехияның экономикалық-географиялық жағдайының ең басты ерекшелігі? (Еуропаның ортасында орналасуы)

2.Чехия қай жылы Словакиядан бөлініп, жеке егеменді ел болды? (1993ж 1 қаңтар)

3. Чехия батысында қандай елмен шектеседі? (Германия)

4. Халқының саны және ұлттық құрамы? (10,5 млн адам, бір ұлтты)

5. Әйгілі Кох-и-нор карандашын шығарудан қай қала танымал? (Ческе-Будеевице)

6. Чехияға жылына қанша туристер келеді? (10млн)

7. Чехияның елтаңбасында қандай сөз жазылған? (Прага-қалалар анасы)

8. Шаруашылығы жөнінен қай саласы ерекше көзге түседі? (машина жасау өнеркәсібі)

9. Халқының қанша пайызы қалада тұрады? (74%)

10. Чехиядағы ең ежелгі университет? (Карл университеті)

Тұсаукесер. (3 мин)

Оқушыларға жалпы Еуропа елдерінің астаналарын табу сөзжұмбағы беріледі, оқушылар тез шешіп, қою белгімен белгіленген әріптерден құрастырылған сөздерді оқу арқылы жаңа сабақтың тақырыбын айқындап алады. Америка елдерін топтастыру беріледі.

Сабақтың тақырыбы тақтаға, дәптерге жазылады.

Оқушыларға бағалау парақтары таратылады. Сабақтың әр кезеңінде оқушылар өздерін бағалап отырады.

Мұғалім тарапынан белсенді қатысқан оқушылар мадақталып, қалған оқушылар ынталандырылып отырады.


Сурет қиындылары, ресурс, бағалау парақтары, слайд,



Ортасы

(25 минут)



Негізгі бөлім

Тақырыпқа талдау жасауға бағыт беру (жұптық жұмыс)

1 тапсырма: оқып, жұпта талдап, бір біріне сұрақ қояды. (жұптық жұмыс)

2 тапсырма: (жеке жұмыс) тапсырма


  • Жаңа Дүние аумағын қоныстану және игерілу тарихынан;

  • Америкалықтардың мәдениеті;

  • Американың байырғы халқы;

  • Елдердің топтары;

  • Х.Колумб саяхаты және т.б саяхатшылардың жаңа жерді ашуы; (15 мин)

Оқушылар тақырыптар бойынша таныстырып өткен соң «Х.Колумбтың соңғы саяхатынан» бейнеролик көрсету; (2 мин)

3 тапсырма: терминмен жұмыс. «Түйін сөз» (3 мин)

«Тас қайнатушылар» - ағаш немесе теріден жасалған ыдысқа дайындалатын тағамды салып, қыздырған тастар салып, суыған тастар орнына қызған тас сала отырып тамақ пісірген халықтар;

«Вигвам» - лашық

«Апачи» - Мексика жерінің солтүстігін мекендеген тайпа;

«Пуэбло» - апачи тайпаларының ата-бабалары

«Ольмектер»- Мексика шығанағы жағалауының ежелгі тұрғындары;

«Ацтек»-еуропалықтарға дейін Америка жеріндегі аса ірі мемлекет;

«Майя»- еуропалықтарға дейін Америка жеріндегі аса ірі мемлекет;

«Инктер»- еуропалықтарға дейін Америка жеріндегі аса ірі мемлекет;

«Маис мәдениеті»- ежелгі мемлекеттердегі басты ауылшаруашылық дақылы маис жүгерісін өсіру;

«Латифундия»-помещиктік жер иеліктері

«Метис»-еуропалықтар мен үндістер некелерінен туғандар;

«Мулат»-еуропалықтар мен африкалықтар некесінен туғандар;

«Самбо»-африкалықтар мен үндістер некесінен туғандар;

4 тапсырма: Ұлы географиялық ашылулардың тиімді және тиімсіз тұстары. «Екі жақты күнделік»



(3 мин)

Тиімді жағы

Тиімсіз жағы

Жаңа дүниедегі жаңа ашуларға негіз салды.

Батыс жарты шарды алып, Америка дүние бөлігі ашылды.

Жаңа жерлердің табиғаты, халқы,шаруашылығы жөніндегі деректер белгілі болды, т.б.

Американың ашылуы жаңа ашылуларға жол салды.




Үндістердің едәуір дамыған өркениеті мен мәдениетінің дамуына нұқсан келтірілді.

Еуропалықтар келгеннен кейін жергілікті халықты аяусыз құлдыққа салып,олардың өркениеті мен мәдениетін жойды.

Бағынбаған үндістердің көпшілігі қырғынға ұшырады.

Байырғы халықтар тіршілкке қолайсыз аудандарға көшірілді, т.б


5 тапсырма. Кескін картаға Америка дүние бөлігіндегі мұхитқа шыға алмайтын елдерді түсіру; (2 мин)




2 тапсырма бойынша формативті бағалау.

Оқушылар әр оқушының таныстырылымын тыңдай отырып, ерекшелігі үшін мадақтап, стикермен бағалайды.



3 тапсырма бойынша оқушы қаншалықты термин сөзді жаттап, айта алады, соған байланысты бағаланады.

Атлас, кескін карта, дүниежүзінің саяси картасы, Американың саяси картасы, стикерлер, презентация, видеоролик




Аяқталуы

(10минут)



Бекіту.

Шығармашылық жұмыс. «Менің Америкаға саяхатым» Америка дүние бөлігінің кез келген еліне саяхатының себебін ауызша түсіндіру;



Есте сақта!

  • 2007жылдың 7шілдесінде, Португалияның астанасы Лиссабон  қаласында, «үш жетілік» күнінде, әлемнің жаңа жеті кереметі аталды. Соның ішінде Бразилия мемлекетінің Рио-де Жанейро қаласында орналасқан «Бостандық статуясы», Перу мемлекетіндегі Мачу Пикчу тарихи ежелгі қаласы және  Мексика мемлекетінің Юкатан түбегінде орналасқан Чичен-Ица  қаласы бар.

  • Чилидің Атакама шөліндегі Калама қаласында мүлде жаңбыр жаумайды.


Бағалау.Оқушылар өздерін бағалау парағы бойынша бағалайды. Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау. Деңгейіне сәл жетпеген оқушыларды ынталандыру.
Рефлексия (кері байланыс)

описание: http://chiromancy4free.ru/data/images/elementary-hand.png

«Алақан» әдісі арқылы


Бас бармақ – керемет әрі қызықты болды!

Екінші бармақ – осыған көңіл бөлу керек.

Ортаңғы бармақ– маған................түсініксіз болды

Төртінші бармақ – бұл жерде орта...

Кішкентай бармақ– мен ............... туралы ізденгім келеді...

Үйге тапсырма: §34. Американың қоныстануы мен игерілу кезеңдері. Елдерін топтастыру



Бағалау парағы бойынша өзін-өзі бағалау



Сөздер жазылған слайдтар

Парақшалар




c:\users\home\desktop\img-20170117-wa0004.jpgc:\users\home\desktop\img-20170117-wa0008.jpgc:\users\home\desktop\img-20170117-wa0018.jpgc:\users\home\desktop\img-20170117-wa0010.jpgc:\users\home\desktop\img-20170117-wa0022.jpgc:\users\home\desktop\img-20170117-wa0016.jpgc:\users\home\desktop\img-20170117-wa0009.jpgc:\users\home\desktop\img-20170117-wa0017.jpgc:\users\home\desktop\img-20170117-wa0013.jpgc:\users\home\desktop\img-20170117-wa0015.jpgc:\users\home\desktop\img-20170117-wa0011.jpgc:\users\home\desktop\img-20170117-wa0015.jpg




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет