Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары) 2 3 жануарлардың көбею жолдарын түсіндіру



жүктеу 75.71 Kb.
Дата03.12.2017
өлшемі75.71 Kb.
түріСабақ
c:\users\user\desktop\бисенгалиева сания.jpg

Бисенгалиева Сания Хамитқызы,

№26 С.Датов орта мектебі,

Оқу ісінің меңгерушісі

Атырау облысы, Атырау қаласы, Ақжар ауылы



Жануарлар қалай көбейеді?


Пәні: Жаратылыстану

СЫНЫП: 2 «Е»



Сабақ негізделген оқу

мақсаты (мақсаттары)

2.2.2.3 - жануарлардың көбею жолдарын түсіндіру;

2.2.2.4 - жануарлардың саналуандығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру.



Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.

Кейбір оқушылар:

  • Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.

Бағалау критерийі

Жеке, жұптық, топтық тапсырмаларды орындай алады.

Сабақ барысында тыңдаушының назарын өзіне аудара алады.



Ресурстар

Оқулық, суреттер, топқа бөлуге арналған суреттер  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, жануарлардың, көкөністердің муляждары, өнімдер, кері байланыс.

Әдіс-тәсілдер

Сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.

Пәнаралық байланыс

Музыка, қазақ тілі, тарих.

Жоспарланған

Уақыт

Жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Басталуы




Табиғат – біздің анамыз.

Табиғатқа баламыз,

Иіліп сәлем береміз

Біз әдепті баламыз.

Топқа бөлу

Оқушылар үй жануарларын, жабайы жануарларды, балықтардың, құстардың суреттерін таңдау арқылы топтарға бөлінеді.

1-топ - «үй жануарлары»

2-топ - «жабайы жануарлар»

3-топ - «балықтар»

4-топ - «құстар»

Әр топтан бір оқушы өз топтары туралы ой білдіру.

Неліктен сол суретті тандағанын.


Инт. тақта. Табиғаттың суреті.

Түйе, сиыр, жылқы, қой.

Аю, қасқыр, түлкі, тиін, кірпі.

Тауық, қаз, үйрек, бөдене, аққу.

Бекіре, шортан,сазан, жайын, көксерке, қарагөз

Ортасы


Табиғат

Тірі Өлі


Адамдар Тас

Жануарлар Тау

Өсімдіктер Күн Ай

Балалар, біз жануарлар туралы ән білетін едік, ән айтып бір сергіп алайық.



«Төлдер әні»

Оқушыларға сұрақ қою:

Жер бетінде жануарлар неге мүлдем жойылып кетпейді?

Балалардың жауабын тыңдау.

2.2.2.3 - жануарлардың көбею жолдарын түсіндіру;

2.2.2.4 - жануарлардың саналуандығын сақтаудың маңыздылығын түсіндіру

Үйлерінде жануарлар, құстар өсіретін оқушылар болса сол оқушыларға әңгімелету.

Білу және түсіну

Оқушылар оқулықтағы негізгі тақырыппен танысады.





Дескриптор:

-Суреттері жануарларды сыртқы белгісін сипаттайды;

-Жануарлардың барлығы бірдей болса не болатынын айтады;

-Жануарлардың көбеюін болжайды.



Қолдану

Топтық жұмыстар

Ұяда сиқырлы жұмыртқалар бар содан бір-бір жұмыртқа таңдап алайық.

Тапсырмалары:

1-топ: үй жануарларының төлдерін сәйкестендір және адамға пайдасы қандай?

2-топ: жабайы жануарларды ата және балаларын қалай атайды, оларды неге қорғаймыз?

3-топ: балықтардың ішінде бағалы балықтар бар ма, олар неге көп уылдырық шашады?

4-топ: құстар калай көбейеді?

Оқушылар суреттермен жұмыс жасап, постер құрастырып,

әр топ өз жұмыстарын қорғайды.

Топтар бір-бірінің жауаптарын бағалайды, өздеріне ұнаған топты: Жануарлар тобы құртпен, жабайы жануарлар жаңғақпен, балықтар уылдырықпен, құстар жұмыртқамен бағалайды.

Дескриптор:

-Үй жануарларының төлдерін сәйкестендіріп, адамға пайдасын айта алады;

-Жабайы жануарларды балаларын атайды, неге қорғайтынымызды айта алады;

-Бағалы балықтарды ажыратып, олардың неге көп уылдырық шашатынын айта алады;

-құстардың қалай көбейетінін айтады.


Слайдтан суреттер шығады оқушылар осы сурет бойынша әңгімелеп түсіндіреді.

Инт. тақта, суреттер.

Суреттер

Құрт, жұмыртқа, уылдыр, жаңғақ



Сергіту сәті


Сиқырлы қорап әдісі

Әр топтан бір оқушы шығып қораптағы затты көреді, басқаларына бір белгісін қимылмен көрсетіп немесе бір белгісін айтып жасырады, соны басқа балалар тауып айту.

Үш тілде айту.


Қорап, жануарлардың ойыншықтары



Аяқталуы



Оқылым жазылым

Жеке жұмыс, жұмыс дәптері

Оқушылар берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды



c:\users\admin\pictures\2017-10-21 жарат\жарат 001.jpg
Дескриптор:

-жұмыртқа салатын жануарларды анықтайды, жазады

-уылдырық салатын жауарларды атайды, жазады

-баласын тірі туатын жануарларды жазады


Талдау

Екі түрлі түсініктеме күнделігі.

Оқушылар қолдарындағы суреттерді тақтадағы кестеге жануарлардың қалай көбейетінін ажыратып жабыстыруға тапсырма беру.



Дескриптор:

-жануарлардың көбею жолдарын біледі;

-жұмыртқа салатынын, уылдырық шашатынын ажырата алады;

-балаларын тірі туатын жануарларды анықтай алады.




13-жұмыс парағы 15 - бет

Суреттер



Үйге тапсырма: Мазмұндау.


Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?


Бағалау – Әр топ бір-бірлерін бағалауы. Құстар – жұмыртқамен.

Үй жануарлар тобы-өнімдерімен.

Жабайы жануарлар –қоректенетін заттарымен.

Балықтар-уылдырықпен.

Жеке оқушыларды себеттегі жеміс, көкөністермен бағалаймын. Әр көкөністің сыртында сөздер жазылған. (тамаша, керемет, дұрыс жауап т.б)


Пəнаралық байланыс

Қауіпсіздік жəне еңбекті

қорғау ережелері

АКТ-мен байланыс

Құндылықтардағы

Байланыс


Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары

шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен

өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне

неліктен?

«Менің көңіл-күйім»

Бүгінгі сабақ түсінікті болса,ұнаса қолымыздағы кыстырғышты басбармақтарға түсіне қарай қыстыру.


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеру)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеру)?



1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?


Үй жануарларының төлдерін сәйкестендір және адамға пайдасы қандай?


Жабайы жануарларды ата және балаларын қалай атайды, оларды неге қорғаймыз?
Балықтардың ішінде бағалы балықтар бар ма, олар неге көп уылдырық шашады?
Құстар калай көбейеді?

c:\users\user\desktop\сания.jpg

c:\users\user\desktop\сания апай.jpg
: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Экзаменационные вопросы по детской хирургии 6 курс медико-профилактический факультет
2017 -> Вопросы к 2 аттестации для интернов и клинических ординаторов 1 го года обучения
2017 -> Методические разработки для студентов
2017 -> 6 инфекционные и аллергические заболевания нервной системы 001. Острый некротический энцефалит вызывают вирусы
2017 -> Механизм заражения контактный. Пути передачи алиментарный, контактный, аэрогенный
2017 -> Хронический гастрит




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет