Сабақ мақсаттары



жүктеу 85.66 Kb.
Дата22.03.2018
өлшемі85.66 Kb.
түріСабақ
Қысқа мерзімді жоспар

Тақырып: Қадыр Мырза Әлі «Кәрі қыран» өлеңі


Мектеп: «Шыпан» жом

Күні: 19.04.2016 жыл


Мұғалімнің аты- жөні: Ергешова Сабахат

Сынып: 7- сынып

Қатысқандар:29

Қатыспағандар:1

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

7.Т.4 7.Т.6 7.А.6 7.О.3 7.Ж.1

Сабақ мақсаттары

Повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдай алады, тақырыбы мен идеясын талдай алады.(Білу, түсіну)

Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап бере алады.Визуалды материалдар арқылы тілді дамыта алады.(Қолдану, талдау)

Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдай алады. Әртүрлі стильде мәтіндер құрастыра алады.(Жинақтау, бағалау)

Тілдік міндеттер


Оқушылар повестердің және лирикалық поэзиялық шығармалардан үзінді тыңдайды, тақырыбы мен идеясын талдайды.Тыңдалым материалдарының мазмұны негізінде өз пікірін өзгелердің пікірімен салыстыра отырып жауап береді. Визуалды материалдар арқылы тілді дамытады. Прозалық және поэзиялық шығармалардағы кейіпкердің іс-әрекетіне немесе лирикалық кейіпкердің образын талдайды. Әртүрлі стильде мәтіндер құрастырады.

Балапан, қан түбіт, тірнек, тас түлек, мұзбалақ, көк түбіт, құм түлек, жаңа, май түбіт, барқын, баршын, шөгел.

Қутүлек, кәрітүлек, ақтүлек, ақырғы түлек.

Бүркітті не үшін қазақ халқына теңейміз?

Бұл өлең кімге арнап жазылған?

Халықтың ақын Қадыр Мырза Әліні «Қыран құсқа» теңеуінің себебі неде?


Алдыңғы білім

Мұқағали Мақатаев «Үш бақытым» өлеңі

Сабақ барысы




Сабақ кезеңдері


Уақыт

Сабақта жоспарланған оқыту іс- әрекеттері

Оқыту ресурстары







Басы

3 мин


1.Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен амандасу.

Оқушыларды ортаға шақырып,

«Шаттық шеңбері» құру.

Гүл суретін ала отырып, оқушылар бір- біріне жылы лебіздерін айтады.

Сыныпты топқа болуде қималанған суретті қағаздарды пайдаланамын.



Гүл суреті

Қималанған суретті қағаздар




5мин


2.Үй тапсырмасын сұрау:

Мұқағали Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңінің

1-шумағын барынша көтеріңкі көңілмен жатқа оқу.

2-шумағын ренжіп, жылап оқу.

3-шумағын мейілінші тез оқу.


Орындықтар

Т.Ж


2мин


Ой толғау. Жұмбақтар арқылы.

Сырты жасыл қап- қатты,

Іші қызыл тәп- тәтті. (қарбыз)
Ақ сандығым ашылды,

Ішінен жібек шашылды. (Күн нұры)


Айналдырып киген тоны бар,

Кішкентай ғана бойы бар. (қой)





Өлең жолдар

М.Ж


Ортасы

5мин

Жаңа сабақ: Қадыр Мырза Әлі «Кәрі қыран» өлеңі

Интербелсенді тақтадан Қадыр Мырза Әлінің өмірі мен шығармашылығынан үзінді көру.



АКТ

М.Ж


2мин

Символдар туралы түсінік алу.

Символ—бір нәрсені не құбылысты тура суреттемей, бұларға ұқсас бір нәрсеге немесе құбылысқа құпия келіп, жасыра жарастырып, бүкпелей бейнелеу, ойды да ашық айтпай, тартымды түспалмен түсіндіру.

Мысалы, гүл-жастықтың символы, ақ көгершін-бейбітшіліктің символы, аққу-адалдық, махабаттың символы, ал, қыран-еркіндіктің, ерліктің символы. Оның дәлелі туымыздағы қыран бейнесі. Бұл біздің халқымыздың бақыт пен молшылыққа,адамзат өркениетінің биіктерге ұмтылуын айқындайды.


Гүл, ақ көгершін, бүркіт, аққу суреттері

Т.Ж


6мин

Қыран құс туралы деректі фильм тамашалау.

Не білеміз? «Қыран » сөзінің мәні, қыран туралы білімдерін байқау.

1.Қыран қандай құс?

2.Қазақстанның қай жерлерін мекендейді, немен қоректенеді?

3.Халқымыз қыран құсты не себепті қасиетті құс деп санаған?

4. Мемлекеттік рәмізіміз – туда қыран не себепті бейнеленген?



АКТ

Т.Ж





4мин

Сергіту сәті.Атамекен өлеңі (караоке)

Сөзі:Қ.Мырза Әлі.

Әні: Е.Хасанғалиев

АКТ

4мин

«Кәрі қыран» өлеңін оқу.

Қанатынан қаңтарлың қары бүркіп

Қашатұғын көргенде бәрі де үркіп.

Қырағы көз бүгінде қарауытып,

Қалғып отыр қияда кәрі бүркіт.
Санағанмен өлімнен өмірді артық

Соңғы кезде қарттықтың зәбірі артып.

Тұла бойы құрыстап,

Шабыт қашып,

Денесі де кетіпті ауыр тартып.
Тұсы бар ма тауыңның бұлт артпаған!

Тау бүркіті ол,

Далаға бұлт тартпаған.

Қайран күндер:

Қиядан құйылғанда

Қырдың қызыл түлкісін бұлтартпаған!

Түлкі түгіл,

Түсетін қасқырыңа,

Қасқырыңа-

Албасты басқырыңа,

Өткір еді-ау ақ алмас шеңгелі оның

Қайрап- қайрап алғандай тас қырына!
Бауырында таулардың пұшпағы аунап,

О, жастық- ай!

Ауылдан ұшқан аулақ!

Құрыш тырнақ қолалай қайырылып,

Қалғаны ма енді оның тышқан аулап?!
Сеңгір- сеңгір бұлттарды жарып өтіп,

Самғап ұшар жастықтың әрі кетіп.

Қалғаны ма?

Ендеше

Бұл тірлікті

Қырандарша өтейін тәрк етіп!
О, дүние, білсемші өтеріңді!

Деген оймен шау бүркіт көтерілді.

Көтерілді,

Өртенген самолеттей

Қанатының астында от өрілді.
Көк аспанын

Бұлт емес-

Мұң қаптаған

Кезде

Қыран қыран ба үн қатпаған?!

Шаңқ етті де шау бүркіт

Заулап келіп,

Қойып кетті көк тасқа күн қақтаған!

Күрсінді тау ақ қарлы-

Ақ кебінді.

Кәрі қыран осылай тапты өлімді.

Жасын түскен дөңгелек шарайнадай

Пай-пай шіркін!

Көк тасың қақ бөлінді!
Қыран еді бұл неткен құдіретті!

Найзағайдай жарқылдап ғұмыры өтті.

Көрген кезде осыны

Шіміркеніп,

Жас бүркіттің жүрегі бір дір етті!
Сабақ алып шежіре көне күннен,

Бәрін көздің өткізіп елегінен,

Қыранша өмір сүргенің-

Қандай бақыт!

Қандай бақыт-

Қыранша өле білген!

Мәтін

Т.Ж


4мин

Мәтінге байланысты тапсырмалар орындау:

1топ. Бүркіт сөзіне дара диаграмма толтырады.

2топ. Өлең мазмұнын оқиға картасына қойып

талдау.

3топ.Өлең мазмұнына сатылай кешенді талдау.

4топ. Венн диаграммасы (кәрі қыранның қимыл- әрекеті және жас мұзбалақтың қасиеті)

Дара диаграмма,Венн диаграммасы

Т.Ж


2мин

Бүркіт жасын орналастыру. «Ромб» ойынын пайдаланамын.

Кеспе қағаздар Т.Ж

4мин

Өлең мазмұны бойынша бес жолды өлең құрастыру.(Синквейн)

1.зат есім

2. сын есім

3. етісітк

4. зат есім, сын есім, етістік

5.түйін
Жаңа сабақты пысықтауда «Теледидар дикторы » әдісін пайдаланамын.

Әр топ мүшесіне 1 минуттан уақыт беріледі.


Синквейн

Ж.Ж


Соңы

2мин

Кері байланыс. А-4 форматты қағаздан бүркіт пішініндегі графикалық органайзер жасап, өз ұсыныстарын жазып тақтаға іледі.

1.       Бүгін қандай тапсырмалар ұнады?

2.       Не өзгертер едіңіз?

3.       Жаңа сабаққа көңіліңіз толды ма?



А-4 пішінді қағаз

Ж.Ж


1мин

«Қыран құс» тақырыбында эссе жазу

Ж.Ж

1мин

Бағалау. Бағалау парағы таратылады.

Әр тапсырма сайын топтар бірін –бірі күлімдеген

күн-3балл,

бұлтты күн- 2 балл,

бұлт-1 баллмен бағалап отырады.

Мұғалімнің қорытынды бағалауы.



Бағалау парағы

Т.Ж


Саралау қолданатын дереккөздеріне байланысты бөліп оқыту.

Бағалау қалыптастырушы бағалауды пайдаланамын

Музыка, тарих,АКТ-мен байланыс, батылдыққа , ержүректікке тәрбиелеу.

Рефлексия




Қорытынды бағалау






















































Рефлексия







Қорытынды бағалау

: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет