Сабақ мақсаттары



Дата21.01.2018
өлшемі74.75 Kb.
түріСабақ
Алтынганым Захарьяқызы Айтмукашева,

ЖОББ Шипов мектебі,

І санатты бастауыш сынып мұғалімі,

БҚО, Тасқала ауданы


10 саны

Математика пәні, 1-сынып





Ұзақ мерзімдегі оқу мақсаты

1.1.1.1** натурал сандардың және 0 санының құрылуын түсіну; 10 көлеміндегі сандарды тура және кері санау; олардың натурал сандар қатарындағы орнын анықтау

1.4.3.1.** 10-ға дейінгі сандар тізбегін құру

1.1.1.2** бір таңбалы сандарды оқу және салыстыру

1.1.1.3**бір таңбалы сандардың құрамын анықтау

Сабақ мақсаттары

1. Барлық оқушылар: Бірліктермен 10-ға дейінгі сандар тізбегін құрастырады, атайды, жазады, салыстырады. Бір таңбалы сандардың құрамын анықтайды.

2. Көптеген оқушылар: 10-ға дейінгі сандарды қосып, азайта біледі,өрнектерді салыстырады.

3. Кейбір оқушылар: 10-ға дейінгі сандардың құрамын біледі, өз бетімен сандарға амалдар орындай алады, кері мысалдар

төрттігін құрастырады.



Бағалау критерилері

1.10-ға дейін қатесіз санайды, оқиды, жазады, салыстырады.

2. Ондықтан аттамай қосу және азайтуды біледі.

3. Он санының құрамына амалдар қолданып, кері мысалдар төрттігін құрастырады.


Сөздік қор


Бір таңбалы сан, екі таңбалы сан, он

он десять ten



Құндылықтарды дарыту

Өзара сыйластық, топтасып, жұптасып жұмыс істей білуге баулу.

Денсаулық және

техника қауіпсіздігін сақтау

Сабақта қолданылатын қауіпсіздік ережесі, сергіту сәттері, күзде, жаңғырық ойыны кезінде қауіпсіздік ережесін сақтауға баулу

Пәнаралық байланыстар

Сауат ашу, дене шынықтыру

АКТ қолдану дағдысы (сабақта қолданылатын болса көрсетіңіз)

Сергіту сәтін пайдаланамын.

10 санының жазылу үлгісін белсенді тақтадан көрсету.



Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар 10-ға дейін санауды, салыстыруды біледі.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақта жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы


  1. Ұ. Ширату(шаттық шеңбер)

– Қазір жылдың қай мезгілі?

– Күз мезгілінде адамдар қандай еңбекпен айналысады? (егін жинау,жеміс-жидектер теру)

– Алма (алмұрт, шие, қауын) пісті күзде, жей бер алып үз де (қимылмен көрсету)


  1. Жемістер арқылы топқа бөліну (алма, алмұрт, банан, қара өрік)

Ұ. 3.Жаңғырық-ойыны. Гонгіні бірнеше рет соғамын, оқушылардан сонша рет қол соғуын сұраймын. 5 рет, 7 рет, 9 рет

Енді осыдан 1 рет артық соғамыз

Қанша болды?(10)

Сабақ мақсатымен таныстыру

-10 саны нені білдіретінін түсінесің.

-10 санын қалай алуға болатынын білетін боласың.


Ынтымақтас-тықты орнату

Цифрлар


Жемістердің суреті.


Сабақ ортасы

Сергіту сәті
Жазылым



Ұ. Тақтаға 10 оқушыны шақырамын. Соңғы оқушыға 3 жемістің суретін беремін.

Сіздер жеміс ағаштарысыздар. Барлығы қанша?

Қанша ағаш жемісі жиналмаған?

Олар – 1 ағаш

Нешеуі жиналған?

Олар – 9 жеміс ағашы

10 санын қалай шығарып аламыз?

Он санының сандық сәуледегі орны қай жерде?

Жіпке, яғни сандық сәулеге 10 санын орналастырайық.

10-ға дейін тура санау

10 санының басқа сандардан қандай айырмашылығы бар?

10 саны неше цифрдан тұрады?

10 саны 1 және 0 цифрларынан құралғандықтан, екі таңбалы сан деп аталады.1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 0 – бір таңбалы сандар.

Түсіндіріп көрші?

Тура, кері санайықшы.

Адамның дене құрылысында 10 санына тең қандай мүшеміз бар? (қолдың саусақтары, аяқтың башпайлары).

«Еркін микрофон» әдісі арқылы орындалады.
Ұ. Оқулықпен жұмыс. Суретте барлығы қанша сан бар?

Бір таңбалы сандар нешеу?

Екі таңбалы сандар нешеу?
Ж. Оқушыларға жұппен жұмыс орындату

Сандарды салыстыру <, >, = белгілерін қой.

Тапсырманың қорытындысын шығарып салыстырады.

Қай жазу басқаларынан өзгеше? Неліктен? Өзара бағалау



Т. Қанша жеміс бар?

Топтағы оқушыларға барлық жемісті 10 данадан жинау керектігін тапсырамын (ауызша орындату).



ҚБ Бас бармақты жоғары немесе төмен (қолдаймын, қолдамаймын).

Суреттер салынған қағаздарды балаларға таратамын, «Қар кесегі» ойынын ойнай отырып, он санына қатысты суретті табады.



Дәптермен жұмыс

Ө. Сандарды сандық сәулеге жаз

Әр қапта 10 көкөніс болатындай толықтыруға тапсырма ұсынылады



М.К. 10 санын үлгі бойынша жазу, слайд арқылы көрсету

Ж. «10 санын әртүрлі тәсілмен ал» тапсырмасын орындату

Қ тапсырма

Тапсырма1

Моншақтағы сандар тізбегін толықтырыңыз.

Дескриптор: Білім алушы:

тізбектілікті сақтай отырып, белгісіз сандарды жазады



2-тапсырма

Үлкен доптарды және кіші доптарды санап, бос торкөздерге жазыңыз. Сандарды салыстырыңыз.



Дескриптор: Білім алушы:

- Үлкен доптардың санын анықтайды және сәйкес цифрмен

жазады;

- Кіші доптардың санын анықтайды және сәйкес цифрмен



жазады;

- Сандарды салыстырады және салыстыру таңбасын дұрыс

Қояды.


  1. Орындап көр. Білім ленд тапсырмаларын ауызша орындайды.

Цифрлар


Керемет-қолпаштау арқылы

Бағалау
Жіп 10 цифры.

Оқулық

Жұмыс дәптері

10саны


Парақшалар

Интербелсенді тақта



Сабақтың соңы

Ұ. Ойын «Үйшікті толтыр»

Оқушыларға 1-ден 10-ға дейінгі сандар үлестіріледі.

Қай топ санның құрамын дұрыс құрастырады?

Қай топ тез орындайды?


Кері байланыс

Бағдаршам. Жасыл түс – бәрін түсіндім

Қызыл түс – түсінбедім

Сары түс – әлі түсінбеген жерлерім бар.


Санның құрамы.

Бағдаршамның түстері.



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау әдістерін тақырыпты ашу мақсатында ширатуда, топтық және ұжымдық жұмыстарда жүргіздім. Ширатуда бүгінгі өтетін 10 санына байланысты тапсырма: Алдарындағы жаңа саннан өрнек құрады, 10 санының құрамын анықтайды.

2.10 санын басқа сандармен салыстырады.



Топтық жұмыста «Ауызша бағалау» әдісі, «Қолпаштау» әдісі, ұжымдық жұмыста өзара бағалауда «Бас бармақ» әдісі, соңында «Бағдаршам көздері» арқылы бағалау әдісін қолдандым.

Ширатуда «Күзде», «Жаңғырық» ойынында, «Үйшікті толтыр» тапсырмасында қолдандым.



Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет