Сабақ жоспары Пәннің аты: Физика



жүктеу 335.53 Kb.
Дата22.12.2017
өлшемі335.53 Kb.
түріСабақ
Астана қаласы

49 орта мектеп



Физика пәні мұғалімі: Оразбаева Ж.Т.

Сабақ жоспары

Пәннің аты:__________________Физика___________________




Сабақ өткізілетін күн

Сабақ өткізілетін топ, курсы, мамандығы

Өткізілетін орны (аудитория нөмірі)

Сабақ өткізілетін уақыты

18.11.2015 ж

10 сынып оқушылары

214 кабинет

8.50-9.35


І. Сабақтың тақырыбы: Изопроцестер. Бойль-Мариот, Гей-Люссак, Шарль,

Дальтон заңдары.

ІІ. Сабақтың мақсаты:

а) білімділік: физикадан белгілі термодинамикалық параметрлер температура, қысым, көлем ұғымдарын оқушыларға тереңдете түсіндіру, параметрлердің біреуі тұрақты болған кезде, қалған екеуінің өзгерісі туралы түсінік беру.

б) ой-өрісін дамытушылық: Оқу материалын талдай білу дағдысын дамыту, бақылау, салыстыру, оқылған құбылыстар мен фактілерді салыстыра білу, қорытынды жасай білуге баулу. Жаңа білімді қолдану дағдысын дамыту, ақылға салу дағыдысын қалыптастыру.

в) тәрбиелік: Жауапкершілікті сезіне отырып жұмыс жасауға, өз жолдасының пікірін тыңдауға тәрбиелеу.

ІІІ. Сабақтың типі: жаңа білімді меңгеру , құрама сабақ.

ІV. Сабақтың түрі: теориялық.

V.Сабақтың өткізілу әдістері: түсіндіру, жазбаша, зерттеу, салыстыру, талдау, графикпен жұмыс.

VІ. Сабақтың көрнекілігі: презентация, электрондық оқулық, үлестірмелер.

Пәнаралық байланыс: математика, сызу.

Педагогикалық технология-деңгейлеп-саралап оқыту.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру, кабинеттің тазалығы, сабаққа дайындығына назар аудару-1 минут.

2. Үй тапсырмасын сұрау өткен тақырып бойынша оқушылар білімін тексеру-10 минут:

А) «Ой қозғау». Өткен тақырып бойынша сұрақтар қойылады.

1) Идеал газ түсінігі не үшін енгізілген ? (газ түрлері өте көп,құрылысы,құрамы, өзара әрекеттесуі әр түрлі,сондықтан макро мен микро байланыстарын тағайындау үшін.)

2) Температура мен молекулалардың кинетикалық энергиясы арасындағы байланысты тағайындаған ғалым (Больцман)

3) Бірдей қысым мен температурада газдың бірдей көлеміндегі молекулалар саны тең (Авогадро саны)

4) Қалыпты жағдайдағы мольдік көлем (V=22,4 л/моль)

5) Идеал газ күйінің теңдеуі ()

6) Бір моль мөлшерінде алынған заттың массасы (Мольдік масса)

7) Заттың бірлік көлемінде қанша бөлшек бар екенін көрсететін шама (молекулалар концентрациясы)

8) Температуралық шкалаларды ата. (Кельвин, Ремор, Цельсий, Фаренгейт)

9) Макроскопиялық параметрлерге нелер жатады? (көлем, қысым, температура)

Ә) «Семантикалық картаны толтыру». Сұрақ пен дұрыс жауаптың қилысына «+» таңбасын қойыңыз. (екі сұрақтың жауабы біреу болуы мүмкін)

Сұрақ


Газдың МКТ негізгі теңдеуі


Авогадро тұрақтысы неге тең

Менделеев – Клапейрон теңдеуі


Абсолют температура неге тең


Газ қысымы темпера

тураға n-шоғырына тура пропор

ционал


Больцман тұрақтысы

Молекуланың жылу

лық қозғалысының орташа жылдам

дығы


Темпера

тура орташа кинети

калық энергия

ның өлшеуі



ші

1.38*10-23 Дж/К
















+















+




























+













6,02*1023моль-




+






















+






















K
















+































+















+










NА




+








































+





Б а ғ а л а у к р и т е р и й і

9-10 балл - «5»

7-8 балл - «4»

4-6 балл - «3»

1-3 балл - «2»

Бірін – бірі бағалайды

3. Сабақтың жаңа тақырыбын хабарлау, мақсатын қою: Оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсаты хабарланып, тақырып тақтаға жазылады.

4. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтар:


  • Изопроцестер және олардың графиктері.

  • Дальтон заңы

5. Жаңа сабақта қаралатын сұрақтардың қысқаша түсінігі - 12 минут

Газдың қандай күйде тұратынын білу үшіноның термодинамикалық параметрлерін, яғни қысымды, температураны, көлемді білу қажет. Термопараметрлердің біреуінің өзгерісі, оның басқа параметрлерінің өзгеруіне әкеп соғады. Газдың бір параметрінің мәні тағайындалып, қалған екеуінің арасындағы сандық тәуелділікті айқындайтын заңдарды газ заңдары деп атайды.

Параметрлердің біреуінің мәні өзгермей қалған кезде өтетін процестер изопроцестер деп аталады. Изопроцестер табиғатта кең таралған және техникада жиі пайдаланылады.

1. Изотермиялық процесс. Ағылшын физигі Р.Бойль 1662 ж. және оған тәуелсіз француз физигі Э.Мариотт тәжірибе жүзінде тұрақты температура кезінде газдың берілген массасы үшін оның қысымының газ алып тұрған көлемге көбейтіндісі тұрақты шамаға тең болатынын тағайындады. Бұл заң Бойль–Мариотт заңы деп аталады.

http://college.ru/physics/courses/op25part1/content/models/screensh/isothermicprocess.jpg

Берілген газдың массасы үшін тұрақты температурада газ қысымының көлемге көбейтіндісі тұрақты болады. . немесе

Изотермиялық процесті сипаттайтын графикті изотерма деп атайды. Графикте Т12.



2. Изобаралық процесс. Француз физигі Гей–Люссак 1802 ж. тәжірибе жүзінде тұрақты қысымда газдың берілген массасы көлемінің температураға сызықты тәуелді болатынын

тағайындады. Бұл заң Гей–Люссак заңы деп аталады. http://college.ru/physics/courses/op25part1/content/models/screensh/isobaricprocess.jpg



Берілген газдың массасы үшін тұрақты қысымда газ көлемінің температураға қатынасы тұрақты болады. . немесе .

Гей-Люссак заңын Цельсий шкаласындағы температураны пайдаланып келесі түрде жазылады: мұндағы: - температурадағы газ көлемі, - температурадағы газ көлемі, - газ көлемінің ұлғаюының температуралық коэффициенті.

Изобаралық процесті сипаттайтын графикті изобара деп атайды. Графикте р1<р2.

3. Изохоралық процесс. Бұл процесті француз физигі Ж.Шарль зерттеген. 1787 ж. француз физигі Ж.Шарль ол тәжірибе жүзінде тұрақты көлемде берілген газ массасының оның температурасына тура пропорционал болатынын тағайындады. Бұл Шарль заңы.

http://college.ru/physics/courses/op25part1/content/models/screensh/isochoricprocess.jpg

Берілген газдың массасы үшін тұрақты көлемде газ қысымының температураға қатынасы тұрақты болады. . немесе .

Шарль заңын Цельсий шкаласындағы температураны пайдаланып келесі түрде жазылады ,мұндағы: - температурадағы газ қысымы, - температурадағы газ қысымы, - газ қысымының температуралық коэффициенті.Изохоралық процесті сипаттайтын графикті изохора деп атайды. Графикте V1<V2.



Авогадро заңы. А.Авогадро италиялық физик 1811 ж мынадай болжам айтты: температуралары және қысымдары бірдей газдардың бірдей көлемдеріндегі молекулалар саны тең. Қалыпты жағдайда () кез-келген газдың 1 м3 көлемінде молекула болады. Бұл сан Лошмидт саны деп аталады.

Дальтон заңы . Д.Дальтон ағылшын физигі әрі химигі Қоспа газдардың қысымы Дальтон заңының көмегімен анықталады: Қоспа газдардың қысымы қоспаны құрайтын жеке газдардың парциаль қысымдарының қосындысына тең болады:


Парциаль қысым деп қоспадағы басқа газдардың қысымын ескермеген жағдайдағы жеке газдардың түсіретін қысымын айтады.

Қоспа газдарға Менделеев-Клапейрон теңдеуін қолдануға болады.

мұндағы: - қоспа газдың толық массасы, - қоспа газдың зат мөлшері, қоспа газдың мольдік массасы, - қоспа газдағы жеке газдардың үлесі.

Сергіту сәті. 5 минут. Қызықты сұрақтар


  1. Кім барлық тілде сөйлейді? (жаңғырық)

  2. Теңізде қандай тастар табылмайды? (құрғақ)

  3. Елеуішпен су әкелуге бола ма? (болады, қар мен мұзды)

  4. Стакандағы суды ішіп қойса ішінде не қалады? (ауа, бу)

  5. Ашық ыдыстағы су неге азаяды? (буланады)

  6. Неліктен су отты сөндіреді? (су ауа жібермейді, от ауасыз жанбайды)

  • Кәдімгі ақ қағаз, өлшемдері барлық жағынан бірдей. Егер екеуін жерге бір мезетте тастайтын болсақ, онда екеуінің жерге бірдей түсетінін байқаймыз.

Сіздерге сұрақ қағаздың бірі екіншісіне қарағанда жерге жылдам, әрі тез түсе алады ма? Жауабы: Ия, бір қағазды мыжамыз.

Қағаздың үстіне кез келген затты қояйық. Енді затқа тиіспей қағазды алуға болады ма? Жауабы: Ия, тек қағазға ғана әсер етеміз.



6. Жаңа материалды бекіту – 13 минут

1. Тест (қосымша тіркелді)

2. Есеп шығару. (деңгейлік есептер)

1.ТЕСТ

1. Универсал газ тұрақтысын көрсет.

Ответ1. R=83,1 Дж/(моль*К);

Ответ2. R=1,38 Дж/(моль*К);

Ответ3. R=8,31*1023 Дж/(моль*К);

Ответ4. R=8,31 Дж/(моль*К);

2. Идеал газ күйінің теңдеуі немесе Менделлев – Клапейрон теңдеуі.

Ответ1. p=RT; Ответ2. pV=RT;

Ответ3. V=RT; Ответ4. pV=kT;

3. Температура тұрақты болғанда жүретін процесс ... деп аталады.

Ответ1. Адиабаталық; Ответ2. Изобаралық;

Ответ3. Изотермиялық; Ответ4. Изохоралық.

4. Қысым тұрақты болғанда жүретін процесс ... деп аталады.

Ответ1. Адиабаталық; Ответ2. Изобаралық;

Ответ3. Изотермиялық; Ответ4. Изохоралық.

5. Көлем тұрақты болғанда жүретін процесс ... деп аталады.

Ответ1. Адиабаталық; Ответ2. Изобаралық;

Ответ3. Изотермиялық; Ответ4. Изохоралық.

6. Сыртқы ортамен жылу алмаспайтын жүйеде жүретін процесс ... деп аталады.

Ответ1. Адиабаталық; Ответ2. Изобаралық;

Ответ3. Изотермиялық; Ответ4. Изохоралық.

7. Газ молекулаларының жылдамдығын өрнектейтін формуланы көрсет.

Ответ1. =; Ответ2. =;

Ответ3. =; Ответ4. =.

8. Газ қысымының молекулалар шоғырына және температураға тәуелділігі.

Ответ1. p=NkT; Ответ2. p=nRT;

Ответ3. p=nkT; Ответ4. p=mkT.

9. Қандай тұжырым МКТ-ң негізгі қағидаларына жатпайды?

Ответ1. заттар бөлшектерден тұрады;

Ответ2. бөлшектер хаосты қозғалыста болады;

Ответ3. бөлшектер бір-бірімен әсерлеседі;

Ответ4. молекулалардың массасы мен өлшемі аз

10. T=267 К температурасы Цельсий шкаласы бойынша қандай температураға сәйкес?

Ответ1. Ответ2.

Ответ3. Ответ4.

Диктант пен тесттің

Б а ғ а л а у к р и т е р и й і

9-10 балл - «5»

7-8 балл - «4»

4-6 балл - «3»

1-3 балл - «2»

Бірін – бірі бағалайды
2. Есеп шығару:

Графиктік есептер

1. Суреттегі диаграммаларда қандай үш процесс көрсетілген?( ауызша)



Ж: изохоралық, изотермалық, изобаралДеңгейлік есептер

І деңгей. Ыдыста қысымы 100 кПа және температурасы 150К-ге тең идеал газ бар. Егер

осы ыдыс көлемі тұрақты болып қалып, ал температурасын 300 К-ге арттырса,

қысым қалай өзгереді?

Бер: р1=100 кПа Шешуі:

Т1=150 К p2 = = = 200000 =200 кПа

Т2=300 К

Т/к: р2=?

ІІ деңгей. 1,4·105 Па қысымдағы газы бар ыдысты көлемі 6 л бос ыдыспен жалғады. Осыдан кейін

ыдыстарда 105 Па қысым орнады. Процесс изотермиялық. Бірінші ыдыстың көлемі

қандай?

Бер: р1=1,4*105 Па Шешуі:

р2= 105 Па р1 * V1 = р2 * V2 x = = = = 15* м3 =

V1 = x =15 л

V2 = x + 6 л р1 * x = р2 * (x + 6 л ); р1 * x = р2 * x + р2 * 6 л

V1 = ? x ( р1 - р2 ) = р2 * 6 л

ІІІ деңгей. Суретте көрсетілген процесті VT және PT диаграммаларында өрнектеңдер.

http://zkoipk.kz/images/stories/608.jpg

7. Сабақты қорытындылау-3 минут:

Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.



8. Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау.

9. Үй тапсырмасы

1) Есеп шығару: А.П.Рымкевичің «Физика есептерінің жинағы» № 531, 533-есептер

2) Кестемен жұмыс

Кестеде газ күйінің кейбір параметрлерінің мәндері берілген. Белгісіз параметрлерді анықтаңдар.

Газ

р, Па

n, м3

υ2, м/с

m0, кг

р, кг/м3

СО2

?

2,7*1023

9*104

7,3*10-26

?

Н2

4*104

?

2,5*105

3,3*10-27

?

О2

1,8*105

1*1024

?

5,3*10-26

?

N2

1,54*105

2*1025

0,5*106

?

?

Дұрыс жауабы:

Дұрыс жауабы


Газ

р, Па

n, м3

υ2, м/с

m0, кг

р, кг/м3

СО2

5,3 МПа

2,7*1023

9*104

7,3*10-26

19,7*10-3

Н2

4*104

5,8*1020

2,5*105

3,3*10-27

22*10-7

О2

1,8*105

1*1024

3,2*103

5,3*10-26

5,3*10-2

N2

1,54*105

2*1025

0,5*106

9,24*10-30

18,5*10-5

11. Сабақтың аяқталуын хабарлау: Көңіл қойып тыңдағандарыңызға және сабаққа белсенді қатысқандарыңызға рахмет. Сау болыңыздар!

Оқытушының қолы:___________ Тексерушінің қолы: ______________

Астана қаласы

49 орта мектеп



Физика пәні мұғалімі: Оразбаева Ж.Т.

Сабақ жоспары

Пәннің аты:__________________Физика___________________



Сабақтың тақырыбы: Физика өмірде

Мақсаты:   Оқушылардың теориялық білімдерін өмірде қолдана білуін  дағдыландыру.  Пәнге қызығушылығы мен таным белсенділігін арттыру.

Әдісі: Практикалық, демонстрациялық, сұрақ-жауап жарыстар.

Түрі: Сыныптан тыс сабақ

Көрнекілігі: Интерактивті тақта, физикалық приборлар, компьютер, таратпа материалдары, тәжірибеге керекті заттар;

Сабақтың барысы:  Ұйымдастыру

1. кезең.Сәлемдесу. (физика тілінде топтардың сәлемдесуі)

2. кезең. «Кім көп біледі?». (сұрақтарға жауап беру) 

3. кезең. Бұл фокус емес, бұл – Физика! (тәжірибе жасау)

4.кезең. Сергіту сәті.

5. кезең. Домино ойыны.(сөздерді ретімен орналастыру)

6. кезең.Физика қиын, ашиды миың. (логикалық сұрақтар)

7. кезең.Капитандар сайысы.(әннің физикалық мағынасын ашу, формула құрастыру)

8. кезең.Фантомимо.( физикалық құбылыстарды көрсету)



1-жүргізуші:

Қайырлы күн, құрметті көрермен!



2-жүргізуші:

Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Баршаңыз «Физика өмірде» атты сайысқа қош келдіңіздер. Біз бүгін сайысымызды 10 сыныптар арасында жүргіземіз.

1-жүргізуші: Енді сіздерді ойын шартымен таныстырып өтейік: (әр дұрыс жауапқа 1 ұпай)

1. кезең.Сәлемдесу. (Физика тілінде топтардың сәлемдесуі)

2. кезең. «Кім көп біледі?». (сұрақтарға жауап беру) 

3. кезең. Бұл фокус емес, бұл – Физика! (Тәжірибе жасау)



4.кезең. Сергіту сәті.

5. кезең. Домино ойыны (сөздерді ретімен орналастыру)

6. кезең. Физика қиын, ашиды миың (логикалық сұрақтар)

7. кезең. Капитандар сайысы (Әннің физикалық мағынасын ашу, формула  құрастыру)

8. кезең. Фантомимо. (Карточкада көрсетілген физикалық құбылыстарды көрсет)



2-жүргізуші:

Армысыздар құрметті төрешілер,

Сіздер бүгін әділ баға берерсіздер – деп, әділқазы алқаларымен таныстыру.

1-жүргізуші:

I кезеңімізді бастайық. Мұнда топтар өздерін таныстырады.

1. «Күш» тобының таныстыруы:



Біз күшпіз тартамыз, тебеміз,

Әлемге тартылыс береміз,

Әділдік жолына сенеміз!

 - Біз күшпіз, сондықтан да жеңеміз!

2. «Атом» тобының таныстыруы:

Физиканың жолын қуған

Атом тобының атынан,

Қабылдаңыздар, шын жүректен

Сәлем сіздерге жалынды!

2-жүргізуші:

 II кезең жорға кезеңі. «Кім көп біледі?»

 Топ мүшелерін ортаға шақырамыз. 14 сұраққа жауап беруге дайынсыз ба?

 «Күш» тобынан бастайық



1. Заттың сұйық күйден, қатты күйге өтуі? – (кристалдану, қатаю)

2. Тұтас алғанда атом заряды? – ( бейтарап)

3. Тоқ күшін өлшейтін құрал - (амперметр)

4. Қуаттың өлшем бірлігі – (Ватт)

5. Материяның ажырамас қасиеті – (қозғалыс)

6. Жылдамдықтың өлшем бірлігі - (м/с)

7. Бойымен жарық таралатын сызық – (сәуле)

8. Еркін түсу үдеуі неге тең – (9,8 м/с2)

9. Сүт неше градуста қайнайды?- (1000С)

10. Салмақтың өлшем бірлігі – (Н)

11. Мөлдір емес денеден өтетін сәуле – (Рентген сәулесі)

12. Ньютонның I заңы не деп аталады? – (Инерция)

13. Зат мөлшерінің өлшем бірлігі?- (моль)

14. Атомның теріс зарядталған бөлшегі – (электрон)

1-жүргізуші:

Топ мүшелерін ортаға шақырамыз. 14 сұраққа жауап беруге дайынсыз ба?

 «Атомдар» тобына сұрақтар:

1. Ядроның бейтарап бөлшегі – (нейтрон)

2. Электр зарядының өлшем бірлігі – (Кулон)

3. F=-kx кімнің заңы? – (Гук заңы)

4. Жиіліктің өлшем бірлігі – (Герц)

5. Ең алғаш радионы ойлап тапқан кім? – (Попов)

6. Қысымның өлшем бірлігі – (Па)

7. Бөлінбейтін бөлшек – (атом)

8. Денеге әсер етуші күш дене массасы мен үдеуінің көбейтіндісіне тең кімнің заңы? – (Ньютонның II заңы)

9. Қай планетаның сақинасы бар? – (Сатурн)

10. Қазақстанда ең алғаш теледидир қай жылы пайда болды? – (1958ж.)

11. Заттың үш күйі – (қатты, сұйық, газ)

12.Қан қысымын өлшеуге арналған прибор -  (танометр)

13. Жарықтың вакуумдегі жылдамдығы неге тең – (300 000 км/сағ)

14. Кернеуді өлшейтін құрал – (вольтметр)

2-жүргізуші: 

III кезең. «Бұл фокус емес, бұл физика» деп аталады.

Тәжірибелер сайысы. Өздері үйден дайындап келген тәжірибелерін көрсетіп жасап, түсіндіреді. Егер дайын болмаса, көрсетілетін тәжірибелер.

1.  «Мұзды судан алу». Суы бар стакан, мұз кесектері, жіп, тұз. Осы заттарды пайдаланып, мұзды стаканнан алу керек. (Тұздың әсерінен мұз ериді де, жіп мұзға кіріп лезде салқындап жабысып қалады.(кристалдану, балқу)


2. «Шардың жабысуы». Кәдімгі үрілген балалар шарын газетпен ысқылап бөлме төбесіне апарып жіберіп қалу керек. Шар төбеде ұзақ уақыт тұрады. Неге? (Шар электрленеді.)
3. «Денелердің жүзуі». Суға картоп, сіріңке, жұмыртқа, өшіргіш саламыз. сонда нені байқауға болады? (Архимед күшіне байланысты денелердің жүзуі, батуы, қалқуын)
4. «Теңгені құрғақ алу». Тарелкенің ішіне тиынды салып, су құямыз.
Сұрақ: тарелкедегі тиынды қолды суламай қалай алуға болады?
(Қағазды жағып, стакан ішіне саламыз. Стаканды тезірек тиынның жанына төңкере қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стакан ақ түтінге толады да, тарелкедегі су оның ішіне жиналып, тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта қалады)

5. «Жұмыртқаның жүзуі». Шикі жұмыртқа, суы бар стақан, бірнеше қасық ас тұзы

1) Суы бар стақанға жұмыртқаны ептеп, қасықпен сал. Не байқалады?

Жұмыртқа стақан түбіне дейін түседі, яғни батады. (Жұмыртқаның тығызыдығы судың тығыздығынан артық)

2) Жұмыртқаны стақанның ішінен ал, стақанға 10 шәй қасық тұз сал, толық ерігенше араластыр. Енді жұмыртқаны стақанға ептеп сал.Не байқалады?

Жұмыртқа жоғары қарай қалқып шығады, яғни батпайды. (тұзды судың тығыздығы жұмыртқаның тығыздығынан артық, сондықтан да жұмыртқа батпайды)



1-жүргізуші:

IV кезең. СЕРГІТУ СӘТІ. (Кел, күлейік!)

Тапсырма: Адамға қарағанда 5 қабырғасы артық, 30 қабырғалы, 517 мускулдан, алдыңғы аяғында 5 саусақ, артқы аяғында 4 саусағы бар, жүгіргенде 50 км/сағ жүгіре алады, 60 метр қашықтықтан көре алатын, адамға қарағанда 14 есе иісті артық сезе алатын жануар қалай аталады? (мысық)

2-жүргізуші: V кезең. «ДОМИНО» (сөздерді ретімен орналастыру)

Келтірілген сөздерді мынадай ретпен орналастыру керек:келесі сөз алдыңғы сөз аяқталған әріптен басталуы керек.

Сөздер: Евклид – файл – телеграф – килобайт – робот – дюим – процессор – монитор – тире – разряд – диск.

(процессор -разряд-диск- килобайт- тире-Евклид- дюим- монитор- робот- телеграф- фаил)

1-жүргізуші: VІ кезең. «Физика қиын, ашиды миың» (логикалық сұрақтар)


  1. Екі жұмыртқа біреуі піскен, екіншісі шикі қалай ажыратамыз? (Айналдыру арқылы. Қатты дене мен сұйықтардың қозғалысы арқылы білеміз.)

  2. Адамның алғашқы мінген көлігі не? (балалар арбасы)

  3. Үстіне қара құм, не күл сепсек қар тез ериді, неге? (Қара түс күн сәулесін тез жұтады)

  4. Таудан түскенде автомобильдің қай дөңгелегі айналмайды? (артық дөңгелегі, запаска)

  5. Жердің қай жерінде ең ұзақ тәулік? (Барлық жерінде бірдей (24 сағ)

  6. Батареяны өлтіретін металл (күміс)

  7. Судың кішкене бөлшегі қалай аталады? (тамшы)

  8. Кім барлық тілде сөйлей алады?» (жаңғырық)

  9.  Өзен сияқты бір бағытта ағады және тоқтамайды (сағат)

  10.  Не көрінеді, егер ештеңе көрінбесе? (тұман)

11. Дүниедегі ең жүйрік не? (ой – қиял)

12. Көзіңмен көресің,бірақ ұстай алмайсың? (көлеңке)

1 3.Жүгі болса жүреді, жүгі жоқта тұрады. (Аспалы сағат)

14.Егер түггі сағат 12 – де даңбыр жауса 72 сағаттан соң күн ашылып

шуақ түсе ме? (Жоқ.Түнгі мезгіл)

15.Алты аяқ, екі арқа, бір бас. Бұл не? (адам орындықта отыр)

16.Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай сызық сызады.

(Шеңбер тәрізді траектория)

2-жүргізуші:V кезең. Капитандар сайысы.

2 капитанға 2 әннің мәтіні беріледі.



1-тапсырма.

Осы әннің бір шумағын орындау немесе орындаушыны айту. Әнде кездескен сөздердің физикалық мағынасын ашу.

1. Желсіз түнде жарық ай.... (Жарықтың шағылу құбылысы)

2. Жұлдызды түнде шаттанамын... (Жұлдыздардың ашық түнде жарқырауы физикалық құбылыс)

2-тапсырма. Формула құрастыр. F, υ, m, W, N, S, k, g, P, ρ, V, c, T, q, t, R, ρ٫ μ, Ј,  a, v, h, M, x, r;

1-жүргізуші: VІ кезең.  Фантомимо – карточкада көрсетілген физикалық құбылысты көрсету, қарсылас топтар оның қандай құбылыс екенін анықтайды.

1. Зарядтардың әрекеттесулері (бірін-бірі тарту және тебу құбылыстары).

2. Деформация (созылу, иілу, бұралу).

2-жүргізуші

Білім деген биік шың

Бақытқа сені жеткізер.

Білім деген ақылшың

Қиындықтан өткізер...деп бүгінгі сайысымызды аяқтаймыз.

Сабақты қорытындылау. Топтардың жеңісін баяндау, марапаттау.

Осымен «Физика өмірде» атты сайысымыз аяқталды.Қатысқандарыңызға рахмет айтамыз.



Астана қаласы

49 орта мектеп



Физика пәні мұғалімі: Оразбаева Ж.Т.

Сабақ жоспары

Пәннің аты:__________________Физика___________________



Сабақтың тақырыбы: Ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы.

Сабақтың мақсаты:

Ядродағы нуклондардың байланыс энергиясы

жөніндегі материалды толық түсінуге жағдай

жасау, байланыс энергиясын есептей білу әдісін

үйрену, алған теориялық білімдерін практикада

қолдана алу . ҰБТ-ке дайындық жұмысын

жалғастыру.

Міндеттері:

- Жеке тұлғаның ақыл-ойын, танымдық және

шығармашылық ойлау қабілеттерін дамыту,

физиканың қазіргі қоғам өміріндегі ролін ашу

- Оқушыларды еңбекке, адамгершілікке, өз

достарына көмектесе білуге тәрбиелеу.



Сабақтың типі: Білімді жүйелеу және тереңдету.

Сабақтың түрі: Жаңа тақырыпты меңгерту, кіріктірілген сабақ.

Оқытудың техникалық құралдары:

  • интерактивті тақта, слайдтар.

  • Жеке тапсырмалары бар карточкалар

  • Бағалау парағы.

Сабақтың кезеңдері:

  1. Ұйымдастыру кезеңі . 2 мин.

  2. Мақсатты анықтау. 5 мин.

  3. Өткен сабақты еске түсіру. 10 мин.

  4. Жаңа сабақты түсіну. 10 мин

  5. Жаңа сабақты бекіту. 5 мин.

  6. Рефлексия. 2 мин.

  7. Үй жұмысы. 1 мин.

  8. Қорытынды, бағалау. 1 мин.

Сабақтың өту барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Білім теңіз тәрізді тұңғиық, жұмбағы көп түбіне жетіп зерттеу үшін көп еңбек қажет, теңіз түбіндегі асыл тастар алу, теру көп тер төгуді қажет етсе, білім де дәл солай. Неғұрлым тереңдеп сүңгіген сайын ғылым қызығына бойлай бересің. Әр оқушыны осындай ғылым теңізінде жүзгізіп, білімнің асыл тастарын тергізетін кеме «Мектеп» болып табылады.



ІІ.Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Американдық физик Роберт Фейнман:

«Егерде қандай-да бір бүкіл әлемдік апат болып,қазіргі кездегі ғылымның жеткен жетістігінің барлығы да жоғалып кеткен жағдайда және кейінгі пайда болатын тіршілікке тек қана бір екі ауыз сөзден тұратын түсінік қалатын болса, ол түсінік аз сөзден құралып,көп жағдайды түсіндіретін болса, меніңше бұл түсінік атом гипотезасы дер едім. Атом гипотезасы:барлық заттар өте кішкентай бөлшектер атомдардан тұрады, атомдар үнемі, үздіксіз қозғалыста болады, олар бір-бірімен әрекеттеседі.»

Сіздер қалай ойлайсыздар осы Роберт Фейнманның айтқаны дұрыс деп ойлайсыздар ма?

Мен дұрыс деп айтар едім.Өйткені атом құрылысы арқылы кез келген заттың құрамы туралы айта аламыз (спектрлік анализ), оның қандай зат екенін анықтай аламыз (қатты,газ,сұйық), оның шығу тегін анықтай аламыз.



ІІІ. Өткен сабақты еске түсіру.

Деңгейлік тапсырмалар.

І деңгей

1. Атомның құрылысы қандай?

2. Изотоптар деген не?

3. М.а.б. деген не? Ол неге тең? Оған энергияның қандай шамасы сәйкес келеді?

Жауабы: М.а.б. деген атомдық және ядролық физикада массаның -өлшем бірлігі.

1 м.а.б.=1,660546*10-27кг . 1 м.а.б.= 931,5 Мэв

4. Күміс және менделеевий ядроларының құрамы қандай, қанша нуклондар бар? Жауабы: Ag ( 47р, 60п) 47е , 107 нуклон ;

Md (101р, 155п) 101е , 256 нуклон

5. Атом ядросында 7 протон және 7 нейтрон; 51 протон және 71 нейтрон;

101 протон және 155 нейтрон болатын химиялық элементті ата.

Жауабы: 7 протон және 7 нейтрон - азот ;

51 протон және 71 нейтрон - сурьма;

101 протон және 155 нейтрон - менделеевий

ІІ деңгей

1. ; ; изотоптарындағы протондарды нейтрондармен, ал нейтрондарды протондармен алмастырсақ, онда қандай элемент атомдары пайда болады?

Жауабы: ; ;

2. және атомдарының тыныштық массалары 4,002603 м.а.б. және 3,016042 м.а.б. , массалар айырымын Мэв бойынша анықта.

Δm = 4,002603 - 3,016042 = 0,986561м.а.б. * 931,5 = 918,9 Мэв

ІІІ деңгей

1. Электронның массасының 0,511 Мэв екендігін дәлелде.

mе =9,1*10-31 кг = = 5,48*10-4 м.а.б. = 1,000548 м.а.б. * 931,5 = 0,511 Мэв

ІV.Жаңа сабақ

Ядролық күштер- ядрода нуклондарды берік байланыста ұстап тұрған күш.

Ядролық күштердің қасиеттері:


  1. Ядролық күштер-күшті әрекеттесу күштері

  2. Ядролық күштер-қысқа әрекетті күштер

  3. Ядролық күштер-электр зарядтарына тәуелсіз

  4. Ядролық күштер-қаныққыш күштер

Атом ядросын жеке нуклондарға толық ыдырату үшін қажетті энергияны ядроның байланыс энергиясы деп атайды. Жеке бөлшектер бірігіп ядроны құрағанда пайда болатын масса ақауы есебінен бөлініп шығатын энергия ядроның байланыс энергиясы деп атайды. Жеке бөлшектер массаларының қосындысынан сол бөлшектерден құралған ядро массасын алып тастасақ қалған қалдық Δm ядроның масса ақауы деп аталады.

Бір нуклонға сәйкес келетін байланыс энергиясының шамасын меншікті байланыс энергиясы деп атайды. Eб = Δm*c2 Eб – байланыс энергиясы

Δm = Z*mp + N*mn – Мя ; Δm- масса ақауы Mя < Z*mp + N*mn ;

Eб = (Z*mp + N*mn – Mя) c2 -байланыс энергиясының формуласы

1( м.а.б.)с2 = 931,5 Мэв осыған байланысты

Eб = (Z*mp + N*mn – Mя) *931,5 Мэв; mp =1,00728 м.а.б. ;

mn =1,00866 м.а.б. ; mе =1,00548 м.а.б. ; Eмб = ; [Eмб ] =

Табиғатта жиі кездесетін және ядродағы протондардың немесе нейтрондардың саны киелі сандар деп аталады. Оларға 2,8,20,24,50,82,126 жатады, бұл ядролар тұрақты болып келеді. Қосарланған киелі санды ядролар



гелий; оттек; кальций; хром; қорғасын

V. Жаңа сабақты бекіту.

1) Семантикалық карта




Масса ақауы

Байланыс энергиясы

Меншікті байланыс энергиясы

Ядролық

күштер

Жеке бөлшектер массаларының қосындысынан сол бөлшектерден құралған ядро массасын алып тастасақ қалған қалдық













Атом ядросын түгелімен жеке нуклондарға ыдырату үшін қажетті энергия













Δm = Z*mp + N*mn – Mя













Eб = Δm*c2













Мэв-пен анықталады













Ядроның байланыс энергиясының массалық санға қатынасы













Ядрода нуклондарды берік байланыста ұстап тұрған күш













анықталады













Протон-протон,

протон-нейтрон



нейтрон-нейтрон арасында әсер етеді












Eмб =














Семантикалық карта (жауабы)




Масса ақауы

Байланыс энергиясы

Меншікті байланыс энергиясы

Ядролық

күштер

Жеке бөлшектер массаларының қосындысынан сол бөлшектерден құралған ядро массасын алып тастасақ қалған қалдық

+










Атом ядросын түгелімен жеке нуклондарға ыдырату үшін қажетті энергия




+







Δm = Z*mp + N*mn – Mя

+










Eб = Δm*c2




+







Мэв-пен анықталады




+







Ядроның байланыс энергиясының массалық санға қатынасы







+




Ядрода нуклондарды берік байланыста ұстап тұрған күш










+

анықталады







+




Протон-протон,

протон-нейтрон

нейтрон-нейтрон арасында әсер етеді











+

Eмб =







+





2) Есептер шығару.

1. гелий ядросының меншікті байланыс энергиясын табыңдар.

Бер: Eб = (Z*mp + N*mn – Mя) *931,5 Мэв;

Eб = ? Eб = (2*1,0073 + 2*1,0087 – 4,026) *931,5 Мэв =

0,0294*931,5 = 27,3Мэв

2. уран нуклидіндегі нуклондардың меншікті байланыс энергиясын есептеңдер.

Бер: Eб = (Z*mp + N*mn – Mя) *931,5 Мэв; Eмб =

Eмб = ? Eб = (92*1,0073 + 146*1,0087 – 238,0511) *931,5 Мэв =

1,8907*931,5= 1761,2 Мэв

Eмб = = 7,39

3. дейтерийдің байланыс энергиясы Eб = 2,23 Мэв . Ядроның массасын анықтаңдар.

Бер: Δm = = = 0,0239

Eб = 2,23 Мэв Δm = Z*mp + N*mn – Мя ; Мя = Z*mp + N*mn – Δm

Мя = ? Мя = 1*1,00728 + 1*1,00866 – 0,00239 = 2,01355 м.а.б.



VІ . Сабақты қорытындылау.

Оқушылардың жаңа сабақта алған білімдерін пысықтау, сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды мадақтау.



Оқушылардың білімін және сабаққа белсенділігін бағалау.

Оқушының


аты-жөні

Оқушы бағасы




Мұғалімнің бағасы

Қорытынды баға

1-деңгей

есеп


2-деңгей

есеп


3-деңгей

есеп


семант.карта

1-есеп

2-есеп

3-есеп

деңгейлік есеп

семант.карта

бекіту

есеп








































Үй тапсырмасы:

Есеп шығару: А.П.Рымкевичің «Физика есептерінің жинағы» №1176, 1177
: 2016
2016 -> Беттің және ауыз қуысы ағзаларының туа пайда болған ауытқуларының көріністерін анықтай білу
2016 -> Анатомо-физиологические особенности кожи. Кожа это трехмерная пограничная ткань Кожа
2016 -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
2016 -> Программы вступительных испытаний, проводимых консерваторией самостоятельно Вступительные испытания творческой и (или) профессиональной направленности бакалавриат




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет