Сабақ: «Үй құстарына қамқорлық»



жүктеу 48.17 Kb.
Дата21.12.2017
өлшемі48.17 Kb.
түріСабақ
«Көкпекті орта мектебі»КММ

Ашық сабақ:

«Үй құстарына қамқорлық»


Тәрбиеші: Дюсембаева Г.Т.

Мақсаты: Балаларға үй құстарының ерекшелігі туралы білімдерін кеңейту, үй құстарының қасиетіне қарай тануға, оларға қамқор болуға тәрбиелеу. Балаларды табиғатты аялай білуге, табиғат аясында өздерін еркін сезінуге ықпал ету.

Әдіс-тәсілі: әңгімелеу, сұрақ-жауап, сергіту, сипаттау, ойын.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі: саяхат сабақ.

Көрнекіліктері: ИКТ,

Алдың-ала жүргізілген жұмыс: құстар туралы тақпақтар жаттату.
Шаттық шеңбер

-Балалар, бізге қонаққа көп апайлар келіпті. Бәріміз сәлемдесейік!

-Сендер ертегі тыңдағанды ұнатасындар ма?

-Ия, ұнатамыз.

-Ендеше, мен сендерге, «Тарғыл тауық» ертегісін айтып берейін.

Ертеде атай мен әжей болыпты. Олардың тарғыл тауығы болыпты. Атай мен әжей тарғыл тауыққа жем беріп, күтіп бағады. Бір күні тарғыл тауық алтын жұмыртқа туады. Атай алтын жұмыртқаны қолына алып, әрі ұрады, бері ұрады сынбайды. Әжейде алтын жұмыртқаны алып сындыра алмайды. Бір кезде анадай жерде кетіп бара жатқан тышқан жұмыртқаны құйрығымен қағып кетеді. Сол кезде алтын жұмыртқа жарылып қалады. Атай мен әжей жарылған жұмыртқаны көріп қатты жылайды. Сонан кейін тарғыл тауық ақ жұмыртқа туады. Оған әжей мен атай қатты қуанады.

-Балалар, сендерге ертегі ұнады ма?

-Ұнады.


-Бұл ертегіде қандай кейіпкерлер бар?

-Әжей, атай, тауық, тышқан.

-Қандай тауық?

-Тарғыл тауық.

-Тарғыл тауық қандай жұмыртқалар туды?

-Алтын жұмыртқа, ақ жұмыртқа.

(осы кезде шиқылдаған дыбыс естіледі.)

-Балалар, естідіңдер ме, тыңдайықшы бұл ненің даусы?

-Қане, балалар бәріміз бірге іздейікші балапанды. (кішкентай балапан көрінеді)

-Балалар, мынау не?

-Бұл балапан.

-Ой, қандай сүйкімді балапан, бұған не болды, бұл балапан анасынан адасып кеткен сияқты, соған көмектесейік.

-Балапанның түсі қандай?

-Балапанның түсі сары.

-Ендеше бәріміз балапанмен бірге анасын іздеп шығайық.

-Балалар бұл тауық қора ғой, бұл жерде тауықтар мекендейді. Балалар әне, әже келе жатыр, содан сұрайық мүмкін сол кісі білер.

-Сәлеметсіз бе, әже! Біз мына кішкентай балапанның анасын іздеп жүрміз.

Әже: Анасы менің қорамда.

-Балалар, әженің қорасында үй құстары бар екен, көргілерің келе ме? Ендеше, бүгін біз үй құстарымен танысамыз.

Мынау әтеш, оның басында айдары бар. Әтештің түсі қандай?

-Әтештің түсі қызыл.

-Әтештің екі көзі, екі қанаты, екі аяғы болады және құйрығы бар екен. Әтеш қалай дыбыс шығарады?

-Ку-ка-ре-ку.

-Балалар, сендер әтеш туралы тақпақ білесіңдер ме?

-Ия, білеміз.

Ақылбек: Мен әтешпін, әтешпін

Жалқаулармен аразбын.

Таңды бұрын қарсы алып,

Елді оятып жар салып.
Ерасыл: Әдемі әтеш танатпай тұрыпты

Ой қастап жүріпті

Жан-жаққа қарапты

Айдарын тарапты.

-Ал, мына тауықты мекиен деп атаймыз, бұл да үй құсына жатады. Міне балапанның анасы осы. Олар жем жеп, су ішеді. (әже тауықтарға жем шашады)

-Балалар, тауықтың түсі қандай?

-тауықтың түсі ақ.

-Олар қалай дыбыстайды?

-қыт-қыт-қыт

-Тауық туралы қандай тақпақ білесіндер?

Асем: Шұбар тауық, ақ тауық

Бола көрме қақсайық.

Жерден азық тап,

Шөжелерді бақ.


Ильнура: Ақ тауық ау ақ тауық

Ақ тауық неден қақсауық

Ертемен қытқыттайсын

Ауламыздан шықпайсын


-Жарайсыңдар, балалар! Қане бәріміз, балапанға ұқсап қимыл жасайықшы.

Сергіту сәті:

Балапандар оңға-солға қарайды (тауық ана қайда)

Балапандар қанаттарын қағады (жоғары-төмен)

Құйрықтарын бұлғақтатады

Отырып жем теріп жейді (саусақтарын еденге бірнеше рет соғады)

Балапандар тауық-аналарына қарай жүгіреді (бір орнында жүгіру)


Экраннан тағы да құстардың суреттері көрінеді.

-Мынау-қаз. Қаздың мойны, тұмсығы ұзындау болады. Ал мынау қанаттары. Қаз тауықтарға қарағанда улкендеу болады.

Қаз туралы тақпақ айтайықшы.

Нуршат: Қазым, қазым, қаңқылда

Суда жүзіп саңқылда.

Арпа, бидай шашайын,

Тойып алып қаңқылда.
Нуралы: Әжемнің 2 қазы бар

Мойындары иілген

Қағып қағып қанатын

Жел көрсе мойны жазылар.

-Ал мынау- үйрек. Үйректің түсі ақ екен. Бұл құстар суда жүзгенді ұнатады.

Нурай: Демейді жаз, күз еді.

Балдыр, жалбыз үзеді.

Сол жүзгеннен сол үйрек,

Мұз қатқанша жүзеді.

Ойын «Кім тапқыр» Қазір бастарыңа үй құстары мен дала құстарының суретін кигіземін. Кімнің басында үй құсының суреті, сол қораға барады. Ал дала құстары далада қалады.

-Балалар, біз бүгін қандай үй құстарымен таныстық?

-Әтеш, тауық, қаз, үйректермен таныстық.

-Оларға қалай қамқор боламыз!

-Оларға адамдар қамқорлық жасайды. Арнайы қора салады, уақытымен жем суларын береді.

-Олардың қандай пайдасы бар?

-Құстың жүні мен мамығын жастық, көрпе, күртеше жасайды.

Тыйым сөздер. 1. Құстың ұясын бұзуға болмайды.

2. Жұмыртқасын жаруға болмайды.

3. Құсты аяқпен тебуге болмайды.

Сиқырлы жұмыртқа балаларға. Қане балалар енді біз сендермен үй құстарына жем берейік. Балалар сендерге тауық комектескен үшін сиқырлы жұмыртқа беріп отыр.

-Ал енді, балалар, бәріміз қонақтармен қоштасайық.

Қол ұстасып тұрайық,

Шеңберді біз құрайық.

Көріскенше күн жақсы,



Сау-саламат болайық.
: uploads -> doc -> 088e
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
088e -> Ж. Досмұхамедов атындағы жббомбк биология пәнінен тест жинақтары 2016 жыл
088e -> Сабақтың тақырыбы: адамның шығу тегі және тарихи даму кезеңдері




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет