Сабақ Әдебиеттік оқу Абай «Шегіртке мен құмырсқа»



Дата03.12.2017
өлшемі73.1 Kb.
түріСабақ
Батыс Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Подстепный ауылы

Подстепный қазақ жалпы орта білім беретін мектебі
Бастауыш сынып мұғалімі: Бейбитова Тулпан Мараткызы


Әдебиеттік оқу


Абай «Шегіртке мен құмырсқа» ҚМЖ



Сабақ Әдебиеттік оқу

Абай «Шегіртке мен құмырсқа»



Мектеп: Подстепный қазақ ЖОББМ

Күні:

Мұғалімнің есімі: Бейбитова Т.М.

Сынып 3 ә


Қатысқандар саны: 18

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты (мақсаттары)

Мысал өлеңді мәнерлеп, рөлдерде мәнерлеп оқып үйрену.

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

Мысал-өлеңді мәнерлеп кейіпкердің кейпіне еніп оқи алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Мысалға сүйеніп, шегіртке мен құмырсқаны салыстырып сипаттайды.

Кейбір оқушылар:

Өмірде іс-әрекеті мысал кейіпкерлеріне ұқсас адамдар туралы әңгімелеп, өз ойларын жеткізеді.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Өз ойын жеткізе алады, мәнерлеп оқиды, салыстыра алады. ... (істей алады)

Негізгі сөздер мен сөз тіркестер:

Шырылдауық, гөлайттап, сорлы, жығылды, ән салған, суыққа тоңған, қарны ашқан, қабағын қайғы жабады.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар: (тыңдалым)

Шегіртке мен құмырсқа ... , Сен қалай ойлайсың?

Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? (айтылым)

Шегіртке неліктен жылады?... Менің ойымша, ..., мен ... істей алар едім...

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Шегіртке - стрекоза - grasshopper, құмырсқа - муравей - ant (орысша, ағылшынша)

Алдыңғы оқу

Күзгі орманның көріністері

  1. Күзгі орманның көріністерін сипаттайды.

  2. Мәтінді өз беттерімен жалғастырып әңгімелейді.

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар (ескертпелер)

Оқу үшін бағалау

Ресурстар

Басталуы

І Кіріспе Ұйымдастыру (оқушылармен амандасу)

Тренинг: «Мен қандаймын?»

Бәріңе сәттілік тілеймін!

Сабаққа дайындығын тексеру. Сабақ мақсаты мен табыс критерийін бірге анықтау, жыл мезгілдері атауларына сай топқа бөлу.

«Қыс, көктем, күз, жаз» Қима суреттер арқылы жыл мезгілдерін шығару.

Өткенді қайталау. Сұрақ-жауап

«Мен – саған, сен – маған»

-Күз мезгіліндегі орманды суретте.

-Тиіннің күзгі тіршілігін әңгімеле.

-Қоянды сипатта.

-Борсық туралы әңгімелеп бер.

Жаңа сабақ.

Жұмбақты шеш.

Бір кішкентай қара батыр,

Қара тасты арқалап бара жатыр. (Құмырсқа)

Ат басты, арқар мүйізді, бөрі кеуделі, бөкен санды, қос қанатты.

(Шегіртке)

-Шегіртке мен құмырсқа туралы не білесіңдер?

Слайдпен жұмыс.

А.Құнанбаев және И.Крылов



6 http://stuki-druki.com/aforizms/krilov02.jpg

-Портреттен кімдерді көріп тұрсыңдар?

-Портретте қандай айырмашылық бар?

-Бүгінгі сабаққа осы авторлардың қандай қатысы бар деп ойлайсың?

Қазақ халқының ақыны, данышпаны, ойшылы – Абай Құнанбайұлы 1845 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданы, Қасқабұлақ деген жерде дүниеге келген.Шын аты – Ибраһим. Абай ауылындағы Ғабитхан деген молдадан сауатын ашқан.Әкесі оның білімге деген құштарлығын байқаған соң, Семейдегі Ахмет – Ризаның медресесіне оқуға берген.
Абай 12 жасынан бастап өлең жаза бастады. Өз өлеңдеріне 20-дан астам ән шығарған сазгер. Абай ақынның 500-ге тарта өлеңдері, 45 қарасөзі бар.

Иван Андреевич Крылов – белгілі орыс жазушысы, мысалшы,журналист, академик . И. А. Крылов 13 ақпанда 1769 жылы Мәскеуде  офицердің отбасында дүниеге келген.

Оқулықпен жұмыс.

Суретпен жұмыс

-Суреттен нелерді көріп тұрсың? – Қандай жыл мезгілі бейнеленген? - Құмырсқаның киімі қандай? - Шегірткенің ше?

-Шегіртке неліктен жылап тұр деп ойлайсың?



Мұғалімнің амандасуы

Табыс критерийі:

1.Мысал өлеңді мәнерлеп, рөлге бөліп оқи алу;

2. Мысалдағы кейіпкерлерді салыстырып, сипаттай алу;

3.Өмірде іс-әрекеті мысал кейіпкерлеріне ұқсас адамдар туралы өз пікірімді дәлелдеу.

Жұмбақтың шешімін іздейді, табады.

Сұрақтарға жауап береді.




Жыл мезгілдері

суреті


(слайд, шегіртке мен құмырсқаның суреті)

АКТ мүмкіндігімен портрет көрсету арқылы ой қозғау,

(А. Құнанбаев, И.Крылов) визуалдандыру


Ортасы

-Шырылдауық шегіртке неге жылап тұр екен, соны білу үшін Абайдың «Шегіртке мен құмырсқа» туралы мысалын оқып танысайық.

1. Мысалды түсініп оқы. Жеке оқу.



2.Жұпта оқып, талқыла."Көршіңе әңгімелеп бер" әдісімен мәтіннің мазмұнын меңгеру.

3. Топта талқылау. Әр топқа өлең жолдарын бөліп беру, сол жолды оқып талдау.



Сөздік жұмысы: Шегіртке - стрекоза - grasshopper, құмырсқа - муравей - ant

Сергіту сәті.

Тапсырма: Мысалды рөлге бөліп оқыңдар.

Мысалдағы жасыл бояумен жазылған сөздерді дауыстап оқы. Бұл сөздер қай кейіпкерге қатысты?

-Неге олар жасыл бояумен жазылған деп ойлайсың?

-Жасылмен жазылған сөздерді екі топқа бөл.

А) жаз мезгіліндегі шегіртке

Ә) қыс мезгіліндегі шегіртке

Мысалға сүйеніп, шегіртке мен құмырсқаны салыстыра сипатта. Венн диаграммасы:

Шегіртке мен құмырсқа

Жұптық жұмыс.

-Бұл күндерді қандай түске бояр едің? Неліктен?

-Сен құмырсқаның орнында болсаң, не істер едің?

-Өмірде іс-әрекеті шегірткеге ұқсас адамдар бола ма? –

-Шегіртке сияқты қиналып қалмас үшін не істер едің?

«Әр жыл мезгіліндегі шегірткенің іс-әрекеті» тақырыбында постер шығару, қорғау.
Құмырсқаның адам денсаулығына пайдасы: Аяғы ауыратындар кей жағдайларда құмырсқа илеуіне аяғын салып құмырсқаға шақтырған. Құмырсқадан алынатын дәрілер буын ауруларын, қант диабетін емдеуде, қан қысымын реттеуде қолданылады. Оңтүстік Азия елдері, Мексика тұрғындары құмырсқаны тамақ ретінде де пайдаланады. Құмырсқаның 10 мыңдай түрі бар.
Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бунақденелілердің бірі - шегірткелер. Өзге жәндіктерден айырмашылығы - бір немесе екі жұп қанаттары бар. Сондықтан ұша алады.

«Бес жолды өлең» Интерактивті тақтаға жаздырту.


  1. Құмырсқа. Шегіртке.









«Қапшықтағы фасоль»

-Бүгін қандай шығармамен таныстық?

-Мысалдың авторларын ата.

-Мысал не туралы?

-Мысалдан қандай ой түйдің?

Бағалау.




Оқушылар өз беттерімен оқып танысады.

Жұпта, топта талқылайды.

«Нағыз құзіреттілікті қалыптастыру» идеясына сәйкес рөлдік ойын

Мысалдағы кейіпкерлерді салыстырады.

«Оқушының бастапқы және соңғы деңгейлері арасында байланыс орнату» идеясына сәйкес

Оқушы ойын дәлелдейді.



Бағалау критерийі:

1.Мысал өлеңді мәнерлеп рөлге бөліп оқып, тапсырмаларды толық орындай алдым.

А) мысал өлеңді мәнерлеп рөлге бөліп оқи алдым, тапсырмаларды толық орындадым.

5 ұпай


Ә) мысалды мәнерлеп оқи алдым, бірақ рөлге бөліп оқи алмадым, тапсырмаларды жартылай орындадым. 4 ұпай

Б) мысалды оқығанмен, тапсырмаларды орындай алмадым. 3 ұпай

2. Шегіртке мен құмырсқаны салыстырып сипаттай алдым.

А) Мысал кейіпкерлерін толық сипаттай алдым.

3 ұпай.

Ә) Мысал кейіпкерлерін толық сипаттай алмадым. 2 ұпай



3.Өмірде іс-әрекеті мысал кейіпкерлеріне ұқсас адамдар туралы әңгімелей алдым.

А) Өмірде іс-әрекеті мысал кейіпкерлеріне ұқсас адамдар туралы әңгімеледім. 3 ұпай

Ә) Өмірде іс-әрекеті мысал кейіпкерлеріне ұқсас адамдар туралы әңгімелей алмадым.

2 ұпай



Оқулық 48-49-бет

Аяқталуы

Үйге: мысалды мәнерлеп оқу, мақал-мәтел жинастыр.


Табыс критерийі:

1.Мысал өлеңді мәнерлеп оқи алдым;

2.Мысалдағы кейіпкерлерді салыстырып, сипаттай алдым;

3.Өмірде іс-әрекеті мысал кейіпкерлеріне ұқсас адамдар туралы өз пікірімді дәлелдедім.







Каталог: uploads -> doc -> 042e
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
042e -> Сабақ Ана тілі пәнінен Тақырыбы: Абайдың қара сөзінен Мақсаты: Білімділік: Қара сөздерді мәнерлеп оқу,нақыл сөздерді танып білу, нақыл сөздің мәнін бүгінгі өмірмен байланыстыру


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет