Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Сабақтың мақсатын айту



жүктеу 77.74 Kb.
Дата07.02.2018
өлшемі77.74 Kb.
түріСабақ
21.12.2015 жыл Ашық тәрбие сағаты 10-класс

Тақырыбы: «Адамгершілік – асыл қасиет»

Мақсаты: Оқушыларға кішіпейілділік, тазалық, әдептілік, көмек беру, достық, жақсылық, ар-ұят, қызмет ету, имандылық, инабаттылық, елін, жерін сүю – адамгершіліктің басты ұстанымдары екенін ұғындыра отырып, оқушылардың бойына адамгершілікті сіңіру, жаман әдеттерден аулақ болуға, кішіге қамқор, үлкенге құрметпен қарауға, ізетті болуға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Плакат, Видео: «Жақсылықөзіңеқайтыпкеледі» , слайд


Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі:



  • Сабақтың мақсатын айту.

  • Шаттық шеңбері. - Балалар, бәріміз шаттық шеңберіне жиналайық.

Тренинг « Мен қандаймын?» (оқушы бойындағы бір жақсы қасиетін айтады)

2.Негізгі бөлім:

Мұғалім сөзі: Өзін ғана ойлаған -

Жамандықтың белгісі.

Өзгені де ойлаған –

Адамдықтың белгісі,- деген ұлағатты жолдардың терең түсінігі бар. Өйткені, адам баласына адамдықтың белгісі адамгершіліктен қалыптасады. «Адамгершілік – асыл қасиет». Осы бір сөздің астарында көп мағына жатыр. Адам бойындағы бар игі қасиеттер отбасында, мектеп қабырғасында қаланады.

Ізетті, сыпайы, мейірімді болу, жақсы жылы сөз айту, адамдарды қуанышқа бөлеу, жақсы сөздерді қолдана алу адамның жақсы қасиетін білдіреді. Адам бойында қандай қасиеттер болады? ( жақсы және жаман ) Ізгі ақылдылықты үлкендер үйретеді. Олар біздің ата-аналарымыз, біз оны түсініп ата-баба салт-дәстүрін үйренеміз.Адам болатын бала барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман әдеттерден, ұнамсыз қылықтардан аулақ болуға тырысуы керек.

«Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» деген екен ғұлама Әл-Фараби. Адамның жоғарғы қасиеті – оның адамгершілігі. Ал, адамгершілік дегеніміз не? Адамгершілік қасиет дегенді қалай түсінесіңдер?
І. Топтастыру

Мұның жауабы, әрине, адам бойындағы асыл қасиеттерді айтамыз. Демек, асыл қасиетіміз – еңбек сүйгіштік, достық, әдептілік, көмек беру, қоғамға қызмет ету, инабаттылық, имандылық, елін, жерін сүю, кішіпейілділік. Яғни, адам бойында осы қасиеттер жоғары тұрса, ол адамның адамгершілігі жоғары болмақ. Сондықтан, біз осы қасиеттерді бойымызға сіңіруіміз қажет. Ал, керісінше, сөзі дөрекі, мінезі шайпау, менмен мақтаншақ, керенау кесір мінезден аулақ болуымыз керек. Осы жерде ұлы Абайдың сөзімен нақтылап өтсек:

«Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Құмарланып шаттанба,

Ойнап, босқа күлуге.

Бес нәрседен қашық бол,

Бес нәрсеге асық бол;

Адам болам десеңіз,

Тілеуің, өмірің алдында,

Оған қайғы жесеңіз.

Өсек, өтірік, мақтаншақ,

Еріншек, бекер мал шашпақ -

Бес дұшпаның білсеңіз.

Талап, еңбек, терең ой,

Қанағат, рақым ойлап қой –

Бес асыл іс көнсеңіз...» -

деп, адам баласын тек адамгершілік қасиеттерді айтып кеткені бізге сабақ.

Демек, асыл қасиет – адамгершілік, сондықтан сөзімнің басында айтқан адамдықтың белгісі – адамгершілік екенін айта отырып, Бөлтірік Әлменұлының «Балаға ақыл» деген сөзімен дәлелдейін.

Үлкен алдында иіліп сөйле,

Кіші алдында сызылып сөйле.

Иіліп сөйлегеннен белің бүгілмейді,



Сызылып сөйлегеннен сөзің үзілмейді, - деп тәрбие сағатымызды жалғастырсақ.

ІІ. Сөйлемді жалғастыру

  1. Егер менің достарымның бірі ыңғайсыз жағдайға түссе, онда мен...

  2. Егер менің үстімнен біреу күлсе, онда мен…

  3. Егер менің сөзімді әрдайым бөлсе, онда мен...

ІІІ.Бейнебаян: «Жақсылықөзіңеқайтыпкеледі» (көрсетілімді көрсетіп балалардың пікірін тыңдау)

ІV.Құпия хаттарға жауап:
Бірінші хат: Құрметті достар! Партада менімен бірге бір бала отырады.Ойнап - ойнап тапсырмасын орындамай, жазбай келеді. Мұғалім сұрағанда қысылады.Сабақты менің дәптерімнен көшіріп алады. Мен бермесем, «Сен сараңсың» - дейді. Мен не істеуім керек?

Екінші хат: Құрметті достар! Менің көршімнің бір баласы бар. Өзі өтірікші. Көзбе - көз өтірікті айта қояды. Маған күнде келіп ойнағысы келеді. Мен онымен дос болып бірге ойнайын ба?

Үшінші хат: Құрметті достар! Менің де бір досым- өзі мақтаншақ. Ойнап жүргенде үй- ішін айтып, нәрселерін айтып, бөсіп мақтанады. Мен онысын ұнатпаймын. Бірақ ойынды жақсы ойнайды. Мен осы баламен дос болайын ба, айтыңдаршы?

V.Постер құрау «Адамгершіліктің негізгі қағидалары қандай?»
Кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік,рұқсат сұрау, сабырлылық, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, қайырымдылық, т.б.

Кешірімді болу, кек сақтамау кез келген жағдайда да ұстамды болу

Сөйлесе білу:  Ата - анаң, мұғалім мен құрбыларынмен сөйлескенде сөзді дұрыс, орынды қолдану керек, сөйлегенде дауыс ырғағына да мән беру керек.

Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.
Әділ болу – адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәртүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.
Рұқсат сұрау – адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.
Имандылық – әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.
Кешікпеу – бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.
Сабырлылық – адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.
Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.

Сергіту сәті «Мен қандай адаммын?»

1. Саусақтарыңызды бір-бірімен айқастырыңыз.



Егер оң қолыңыздың бас бармағы сол қолыңыздың бас бармағының үстінде жатса, параққа «2» деп жазыңыз, егер сол қолыңыз үстіде жатса - «1».

2. Бір көзіңізді жұмып, кез келген нысанаға дәлдеп көздеңіз.



Егер сол көзіңіз ашық қалса, «1» санын жазыңыз, егер оң көзіңіз ашық қалса - «2».

3. Қолыңызды кеудеңізге айқастырыңыз, қай қолыңыз үстіде жатыр?



Егер сол қолыңыз саусақтары оң қолыңыздың үстінде жатса, «1» санын жазыңыз, егер оң қолыңыз үстіде жатса - «2».

4. Көлденең шапалақтаңыз.




Егер сол қолыңыз үстіде болса - «1», егер оң қолыңыз болса, онда «2».

Қорытындысын сандардың орналасу тәртібі бойынша анықтаңыз:

«2222» - (жүз пайыз оңақай) – мінезі тұрақты, консерватизм, біреулермен шиеленісуден, ұрсысудан қашады.

«2221» - ең үлкен кемшілігі – батылсыздық, тартыншақтық.

«2212» - өте ашық, кез келген адаммен тіл табысып кетеді.

«2111» - тұрақсыздық, жалтақтағыш, біреудің қолдауы мен пікіріне тәуелді, өзіне сеніп үйрену керек.

«2211» - мұндай үйлесім көп кездесе бермейді. Ашық адамдар, жақсы қарым-қатынас жасайды, әрі мінездері жұмсақ.

«2122» - бұндай адамдарда аналитикалық ақыл-ой жүйесі қалыптасқан, мінезі жұмсақ. Бәріне сақтықпен қарайды, адамдармен өзін салқынқанды ұстайды.

«2121» - бұл тіркес те сирек кездеседі, қорғансыздық, адамдардың ықпалына ұшырап тұрады.

«1112» - өте әсершіл, қайратты әрі батыл адамдар.

«1222» - жиі кездесетін мінез. Әсершіл, алайда өмірлік сұрақтарды шешуде жігерлік пен батылдық жетпей жатады, басқалардың ықпалына көніп кетеді. Өте ашық, адамдар өздері тартылады.

«1221» - әсершіл, батылдық жетіспейді, мінезі жұмсақ, аңғал.

«1122» - досжанды адамдар, бірақ сонымен қатар аңғал және қарапайым. Істерін саралап, өз-өзін қазбалауға құмар. Қызығушылығы көп, бірақ уақыты жете бермейді.

«1121» - адамдарға қатты сенеді және мінезі өте жұмсақ. Көбіне шығармашылыққа бейім адамдар.

«1111» - (жүзпайыз солақай) – кертартпа адамдар. Шығармашылыққа өте бейім. Көптеген заттарға ерекше көзқараспен қарайды. Өте әсершіл, дарашылдық, эгоизм басым. Қыңыр әрі өзімшіл, бірақ бұл оларға өмір сүруге кедергі емес.

«1212» - рухы мықты адамдар. Бірбеткей десе де болады, қойған мақсаттарына жетеді.

«1211» - өз-өзін қазбалауға құмар, тұйық адамдар, көпке ашылмайды, бірақ рухы мықты, алдына мақсат қойса ештеңеден тайсалмайды.

«2112» - жайдары, еркін мінезді, достарды тез табады, танысуы да оңай және қызығушылықтарын да жиі ауыстырады.




VI.Рефлексия:

1.Оқушылар өзінің бойындағы жағымды, жағымсыз қасиеттерді қағаз бетіне түсіреді де керектісін сандыққа салады , керексізін себетке салады.

2.Топтастыруды толықтырады.

3.Кері байланыс Стикерге өз ойларын жазады

- Мен мейірімді адаммын,өйткені жан- жағымдағы адамдарға мейірімімді

төгіп жүремін.

  • Мен ақылды адаммын , өйткені жан- жағымдағы адамдарға ақыл-кеңесімді

айтып жүремін.

  • Мен салмақтымын, өйткені ........


Қорытынды: Музыка әуенімен (барлығының көздері жұмулы)

Қымбатты, балалар, қазір барлықтарың жақсы бір сезім әсеріне берілесіңдер. Тыныштық сақтайық. Дыбыссыз босаңсып отырыңдар. Бойларыңа бүгіннен бастап жаңа шуақ енгізілді. Ол – адамгершілік шуағы. Ол жылу аяқтарыңның басынан бастап, жоғарылап барады. Қызу шуақты, ыстық жылулықты сездіңдер, жүрекке келді. Жүректеріңе жан шуағы орнады. Бүгіннен бастап жаман әдет пен қылықтардан тазарып, жаны таза, көңілі ақ рухани сезімдерге бай адам болыңдар. Осындай әсем сезімде отырып бір-бірімізге жылы сөздер арнайық! Ықыластарыңа рахмет.
Адам бойындағы ең асыл қасиет ол- Имандылық. Иманы бар адамнан осы сіз айтқан қасиеттердің барлығын бойынан табылары сөзсіз...

Адамның ...

басшысы-ақыл,

шолушысы-ой,

жетекшісі –талап,

қорғаушысы-сабыр,

сынаушысы-халық,

таусылмайтыны-арман,

ең қымбаттысы - ар сақтау,

бәрінен ардақтысы - өмір сүру,

соның ішінде ең тәттісі - сыйластық.

Ал осының бәрі - ИМАННАН!

Сонымен балалар, әдептілік., үлкенді сыйлау, кішіге қамқорлық жасау кез келген адамның бойында қалыптасатын ерекше бір қасиет. Жеке басымызды ойлайтын жаман қасиеттерден аулақ болайық! Жақсы қасиеттерді ғана бойымызға дарытайық деп, бүгінге тәрбие сағатын мына өлең шумағы арқылы аяқтағым келіп тұр.


Үлкенге иман керек,

Кішіге иба керек.

Адамдар бірін-бірі

Құрметтеп сыйлау керек.

Ақкемер орта мектебі

Тақырыбы: «Адамгершілік – асыл қасиет»

( Ашық тәрбие сағаты)

10 Асыныбы

Өткізген: Бабанова Айжамал Жанузаковна

2015-2016 оқу жылы




: uploads -> doc -> 0a36
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет