Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру: Әнұран, амандасу,түгендеу II. Негізгі бөлім



жүктеу 38.74 Kb.
Дата05.06.2018
өлшемі38.74 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы: Домбыра аспабы Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қазақтың ұлттық музыка аспабын таныстыру. Білімділігі: аспаптың жасалу ерекшелігі, дыбыс бояуының әртүрлілігі, шығу тарихы жайлы білімдерін дамыту. Дамытушылығы: есте сақтау қабілеттерін арттыру, музыка тыңдата отырып елестетуге дағдыландыру. Тәрбиелігі: Музыка аспабын ұлтымыздың мақтанышы тұтуға тәрбиелеу. Көрнекілігі: домбыра аспабы, буклеттер Сабақ барысы: I.Ұйымдастыру: Әнұран, амандасу,түгендеу

II.Негізгі бөлім

Күй - қазақ халқының музыкалық мұраларымыздың бірі. Ол әр түрлі аспапта орындалуына байланысты қобыз, сыбызғы және де домбыра күйлері деп аталады. Домбыра – ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардыңбірі. Домбыра дыбысының сапалы шығуы оның арнайы ағаштардан шебер жасалуына байланысты болады. Сондай – ақ домбыра ішектерінің сапасы, пернелерінің дұрыс тағылып тиектерінің тиісті орнына дәл орналасуы да оның үнінің тазалығына әсер етеді. Бұрынғы кезде домбыраның ішектері мен пернелеріне қой мен ешкінің ащы ішегі қолданылан. Бұл ішектер көп уақытқа шыдамайтын болғандықтан қазіргі кезде жуандығы әр түрлі (диаметрі 0,60; 0,70; 0,75; 0,80 мм) жасанды ішектер пайдаланылады. Жалпы домбыра ішектерінің жуандығы бірдей болған жөн. Орындау мәнеріне орай төкпе немесе шертпе болып екіге бөлінеді. Төкпе күй өзінің құрылымдық өзгешелігіне байланысты бас,негізі, орта буындар мен кіші және үлкен саға деп аталатын бірнеше бөлімдерден тұрады. Төкпе күйлерге қарағанда шертпе күйлерде негізінен жалғыз дауыстылық басым болып, күй тақырыбы әр ішекте кезектесе жүреді



Домбыраның түрлері



imgb2100c01e3.jpg

III.Қортынды бөлім: - Балалар, біз бүгін қандай аспаппен таныстық? Домбыра аспабы туралы не білесіңдер

IV.Бағалау

V.Үйге тапсырма: Домбыра аспабы

Сабақтың тақырыбы: Оқушының орындықта дұрыс отыруы Сабақтың мақсаты: Ұлттық музыканың өнер қуаты мен күйдің күштілік қасиетін домбыра арқылы оқушылардың сезіміне жеткізу. Ой-өрісінің дамуы. Сабақтың түрі: аралас Сабақтың барысы I.Ұйымдастыру Амандасу, түгендеу

II.Негізгі бөлім

Орындаушының орындықты әрі ыңғайлы отыруы қолдарын еркін қимылдатып, домбыраны дұрыс тартуына мүмкіндік береді. Сондықтан оқушы алдымен оң аяғын сол тізесінің үстіне қойып, орындыққа тік, еркін отырып жаттығуы керек. Домбыра ұстап отырған кезде екі иық төмен не жоғары көтерілмей, бір деңгейде бос тұрғаны дұрыс.Домбыраның шанағын оң қолдың шынтағымен сәл қысып ұстап, сол аяқтың үстіне қойылған оң аяқпен демеп отыру керек.



c:\users\user\desktop\img011.jpg c:\users\user\desktop\img011.jpg

III.Қортынды бөлім: Домбыра аспабын тарту үшін орындықта қалай отыруымыз керек? Оң аяқ пен сол аяқ қалай орналасуы туралы не білесіңдер

IV. Бағалау

V.Үйге тапсырма: Орындықта дұрыс отыру

Тәжіғалиев Бақытжан Көпбайұлы
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,

Бәкір Тәжібаев атындағы балалар музыка мектебінің

домбыра аспабының мұғалімі

Сабақтың тақырыбы: Сол қол мен оң қолдың орналасуы.

Сабақтың мақсаты: Аспапқа деген қызығушылығын арттыру. Қазақтың аспаптық музыкасын терең түсінетін. Өрісі биік оқушы тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру Амандасу,түгендеу

II.Негізгі бөлім

Қойылым дегеніміз-музыка аспабын тарту кезіндегі орындаушының бүкіл денесінің,қолдары мен саусақтарының дұрыс қалыптасып, орналасуы және оның аспапты ұстау тәсілі.

  1. Сол қолдың қойылымы

Аспапты ұстап отырған кезде домбыра басының биіктігі сол жақ иық деңгейінде болып, саусақтар пернелер үстіне тізбектеле еркін орналасады. Бас бармақ сұқ саусаққа қарай сәл қиғаштау тұрады. Алақанды домбыра мойнына тіремей, шынтақ пен иықты көтеріп немесе бүйірге тақамау керек. Бұл кейін қолдың еркін қозғалуы үшін өте қажет.

c:\users\user\desktop\img012.jpg c:\users\user\desktop\img012.jpg

2 Оң қолдың қойылымы

Оң қол қойылымының өзіндік ерекшеліктері бар. Төкпе күй дәстүрінде бас бармақ сұқ саусаққа жақын тұрса,шертпе күй дәстүрінде керісінше алшақтау болады. Бірақ екі орындаушылық дәстүрде де төрт саусақ жартылай бүгілуі күйінде бір – біріне жақын тұрып, алақан домбыраның бет қақпағына қарай орналасады. Дыбыстың сапалы шығуы үшін оң қолдың осылай қалыптасуының мәні өте зор.



c:\users\user\desktop\img013.jpg c:\users\user\desktop\img013.jpg

III.Қорытынды бөлім Сол қол мен оң қолдың қалай орналасуын көрсету. Сол қолдың перне басуын көрсету. Оң қолдың қағысты қалай қағуын көрсету.

IV.Бағалау

V.Үйге тапсырма: Сол қол мен оң қолдың орналасуы







©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет