Сабақ барысы І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушыларға психологиялық көңіл-күй туғызу (2 мин) «Жыландар, кесірткелер, крокодилдер»



жүктеу 35.53 Kb.
Дата03.07.2017
өлшемі35.53 Kb.
түріСабақ

Сабақтың тақырыбы:

Жыландар, сарыбас жылан, сұр жылан. Жыландар мен мен кесірткелердің ұқсастығы және айырмашылығы. Жыланның улы аппараты, уының әсері. Жыланның шағуынан қорғану және улы жылан шаққан жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек. Жыландардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

Сабақ мақсаты

Оқушыларға жыландардың құрылысы туралы түсіндіріп, олардың улы аппараты, уының әсері, жылан шаққан жағдайда көрсетілетін алғашқы көмек, жыландардың маңызы жайлы білімдерін жетілдіру.

Күтілетін нәтижелер

1. Жорғалаушылар класын қосмекенділер класымен салыстыра отырып, ерекшелігін айта алады;

2. Жыландардың құрылысын кесірткілермен салыстырып, өзгешелігін ажырата біледі;

3. Жыландардың улы аппараты, уының әсері туралы мағлұматты түсінген, жылан шаққан жағдайда көрсетілетін алғашқы көмекті көрсете алады; Жыландардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын біледі;

Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушыларға психологиялық көңіл-күй туғызу (2 мин)

«Жыландар, кесірткелер, крокодилдер» атты жорғалаушылардың өкілдерін пайдалану арқылы 3 топқа бөлу;

Жорғалаушылардың аты бар қима қағазды құрастыру арқылы топқа бөлінеді. (3 мин)

ІІ. Өткен тапсырманы еске түсіру

«Ортақ талқы» әдісінің сұрақтары арқылы үй жұмысын тексеру:

"Ортақ талқы" әдісінің сұрақтары: (7 мин)

І топ :

1.Қосмекенділердің қазіргі кезде қанша түрі бар? (5000)


2.Қосмекенділердің неше түрі сирек кездеседі? (3)
3.Құрбақа неліктен секіруге және жүзуге ебедейсіз келеді? (аяқтарындағы бұлшықеттері әлсіз дамығандықтан)
4.Бақаның дернәсілі не деп аталады? (итшабақ)

ІІ топ:
1.Қосмекенділер дегеніміз не? (суда да ,құрлықта да мекендегендіктен)


2.Құрбақалар немен қоректенеді? (зиянкес бунақденелілермен)
3.Құйрықтылар отядына жататын қосмекенділерді атап бер? (тритондар, саламандралар)
4.Қосмекенділердің жүрегі неше қуысты? (екі құлақшадан және екі қарыншадан)

ІІІ топ:
1.Қосмекенділердің аяқтары неше саусақты болып келеді? (алдынғы саусақтары 4, артқы саусақтары 5)


2.Аяқсыз қосмекенділер қай елдерде тіршілік етеді? (Африкада , Америкада, Үндістанда)
3.Құйрықтылар отрядына жататын қосмекенділердің бірі? (жетісулық бақатіс) 4. Жорғалаушылардың жүрегі қанша қуысты? (үшеу)

Жаңа тақырып

Ой қозғау:

1.«Жыландар жайлы қызықты материалдар» слайд арқылы көрсетіледі (5 мин)

2 . Түсіну.

Шығармашылық жұмыс (19 мин)


Оқушылар "Тұжырымдамалық карта" әдісі бойынша мәтінді оқып, топта талқылап, жылан жайлы не білетіндіктерін таныстыру мақсатында постерге жинақтайды.

І топ Жылан жайлы не білеміз?


ІІ топ Жылан тұқымдастары ІІІ топ Жылан шаққандағы алғашқы көмек, жылан уының емдік қасиеттері
IV. Қорытындылау

  1. Бекіту сұрақтары Мозайка әдісімен сурет құрастыру (5 мин)

1. Жорғалаушыларды зерттейтін зоология ғылымының саласы не деп аталады? (герпеталогия)

2. Жорғалаушылар қайда тіршілік етеді? (құрлықта ,суда тіршілік ететіндері де бар)

3. Жыланның уы қай жерінде орналасқан? (үстінгі жақсүйекте орналасқан улы тістерінде)

4. Жорғалаушылардың жүрегенің құрлысы нелерден тұрады? (екі құлақшадан және екі қарыншадан)

5. Жорғалаушылардың сезім мүшелері.....?

6. Жорғалаушылар немен тіршілік етеді? (шыбын шіркей, бұзаубас кейбір түрлері ірі қара малдармен)

7. Жорғалаушылар қалай ұрықтанады? (дара жынысты іштей ұрықтанады)

8. Әлемдегі ең алып жылан – анаконда.

9. Жыландар қайсы отрядтың өкілі? (қабыршықтылар отряды)

10.Жыландар неліктен ирелеңдеп тез қозғалады? (қабырғаларының төменгі ұшы бұлшықеттер арасында бос жатады,сондықтан тез қозғалады)

11. Жыландар жыл санауға кірген нешінші жыл? (6)

12. Қазақстанда жыландардың неше түрі кездеседі? (18)

13. Улы жыландарды атап бер? (даласұр жылан,қолқантұмсық,оқжылан)

14. Қазақстанда кездесетін жыланның ерекше түрі? (оқжылан)

15. Әлемдегі ең ұзын жылан ( тор көзді питон)

16. Әлемдегі ең улы алып жылан ( корольдық кобра) 17.Сұржыландардың неше түрі бар (2 түрі),

18. Жылан жылына неше рет көбейеді ( Жылына бір рет көбейеді)



Бағалау. 3 мин

Үйге тапсырма. (1 мин)





































: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет