Сабақ Қаралды Күні Сыныбы : 6 Пәні : биология Тақырыбы: §27. Тұқымның құрылысы, құрамы. Тұқымның типтері



Дата06.07.2017
өлшемі66.17 Kb.
түріСабақ
10-сабақ Қаралды____________

Күні__________ Сыныбы : 6 Пәні : биология


Тақырыбы:§27. Тұқымның құрылысы, құрамы.

Тұқымның типтері.

5 зерт. жұмыс.Даражарнақты және қосжарнақты өсімдік тұқымдарының құрылысы. Көкөніс дақылдарының алуантүрлі тұқымдарымен танысу.



Мақсаты: 1. Сыртқы және ішкі кұрылысы. Тұқымның типтері. Даражарнақты және қосжарнақты гүлді өсімдіктердің тұқымдарының құрылысы.Тұқымның органикалық және бейорганикалық заттары. Тұқымдағы өсімдік ұрығы. Тұқымдардың алуан түрлілігі жөнінде түсінік беру

2. Оқушылардың білім-білік дағдысын, іскерлігін, зерттеу, салыстыру қабілеттерін дамыту.

3. Еңбек мәдениетіне, әрбір істі саналы түрде орындауға тәрбиелеу

Сабақ типі: Аралас сабақ.

Сабақтың технологиясы: Дамыта оқыту (Блум)



Сабақтың әдісі: Түсіндіру, оқулықпен жұмыс т. б.

Көрнекілігі: Суреттер, сызба нұсқалар, слайд

Пәнаралық байланыс:

Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру. Сәлемдесу, түгелдеу, назарларын сабаққа аудару

ІІ. Мақсат қою кезеңі. Нені білу керек :

  1. Тұқымның сыртқы және ішкі құрылысын.

  2. Тұқымның типтерін.

  3. Дара және қосжарнақты өсімдіктердің тұқымының құрылысын.

  4. Тұқымның құрамы (зертханалық жұмыс)

ІІІ. І кезең. «Көпір» (Үй тапсырмасын сұрау)
1-тапсырма. Өсімдік ұлпаларының түрлерін сызбаға жаз.
Өсімдік ұлпалары

2-тапсырма. Ұлпа аттарын құрылысымен сәйкестендір.
Өткізгіш ұлпа, түзуші ұлпа, тірек ұлпа, бөліп шығарушы ұлпа, жабын ұлпа, негізгі ұлпа




Аттары

Ұлпалардың құрылысы және маңызы

1.




Жасушалары жас, ұдайы бөлінетіндіктен өсімдік өседі, бүршіктер мен гүлшанақтары ашылады. Тұқымнан жас өсімдіктер өсіп шығады.

2.




Жасушалары бір-біріне тығыз жатады, сондықтан өсімдіктерді сыртқы ортаның қолайсыз жағдайынан сақтап қорғайды.

3.




Жасуша қабықшалары қалың, мықты, тірек қызметін атқарады. Сабаққа, жапыраққа мықтылық қасиет беріп, сынудан, майысудан қорғайды.

4




Жасушаларында хлоропластары көп болғандықтан органикалық зат түзеді. Су, ауа жинаушы жасушалары болады. Жасушалары өте ірі, онда қоректік заттар қоры жиналады.

5.




Жасушалары ұзын, түтік тәрізді, қорек заттар мен су әр мүшелеріне өтеді.

6.




Жасуша пішіндері әр түрлі, қабықшасы жұқа, біртіндеп қалыңдайды, сүтті шырын, эфир майы, шірне бөлінеді.



ІІ кезең. Жаңа сабақ «Тұқымдардың құрылысын» өз бетімен меңгеруге жағдай жасап, тапсырмалар орындау:

«Білу» Тұқым дегеніміз не?

Ж: Жатыннан дамыған бүршікті тұқым деп атайды.



  1. Тұқым қабығының қызметі не?

Ж: Тұқым қабығы тұқымды құрғап кетуден, шіруден, мезгілсіз өнуден сақтайды.

  1. Тұқым қандай бөліктерден тұрады?

Ж: Тұқым ұрық, қауыз, жарнағынан тұрады.

  1. Тұқымның құрылысы туралы не білесіз?

Ж: Өсімдіктер тұқымы дара және қос жарнақты болып бөлінеді

  1. Дара жарнақты өсімдіктер дегеніміз не?

Ж: Ұрығында тұқым жарнағы біреу болатын өсімдіктер дара жарнақты өсімдіктер деп аталады.

«Түсіну» Себебін анықтаңыз.

  1. Неліктен астық тұқымдастарды дара жарнақтылар деп атаймыз? (Себебі, ұрығындағы тұқымында бір жарнақ бар.)

  2. Бидай дәнегіне эндосперм не үшін қажет? (Бидай дәнегіне эндосперм қоректену үшін қажет)

  3. Бидай тұқымы неге дәнек деп аталады? (Бидай тұқымы әрі тұқым, әрі жеміс болғандықтан дәнек деп аталады.)

«Талдау»

1. Қос жарнақты және даражарнақты тұқымдардың құрылысын бір-бірімен салыстыра отырып, айырмашылығын түсіндіріңіз.



Даражарнақты Ұқсастығы Қосжарнақты

Ұрығында тұқым жарнағы біреу




Ұрығында тұқым жарнағы екеу




Екеуі де тұқым

2.Тақырыптың басты идеясы неде? (Тұқым дара жарнақты және қос жарнақты болып бөлінеді. Даражарнақтыларда қоректік зат эндоспермде жиналады, ал қос жарнақтыларда жарнақта жиналады.)



Тәжірибені демонстрациялау:

Тұқымның құрамын анықтау.

Мақсаты: тұқымның құрамында болатын минералды және органикалық заттарды анықтау.

Құрал жабдықтар: кез келген тұқымдар,ұн,иод,қалайы қасық,таза су,спирт шам,т.б.

Орындалатын тапсырма.

Тұқымның құрамындағы минералды затты анықтау.

А)Құрғақ сынауырдың ішіне он шақты тұқым салып, сынауырды қысқышпен ұстап спирт шамға қыздырады.Тұқымдар қызып сынауырдың қабырғалары сулана бастағанда оттан алып,су тамшыларын қарау.



Қорытынды: су болады.

Ә)Тұқымды әбден күйдіргенде не байқалады?



Қорытынды:тұқым құрамында судан басқа минералды тұз болады.

Б) органикалық заттарды анықтау.

Ұннан аздап қамыр илеп дәкеге орап ыдыстағы таза суға саламыз. Су лайланады, лайланған суға иод тамызамыз, йодтың әсерінен көгереді.

Қорытынды: крахмал тұқымның органикалық заты.
«Жинақтау»

Тұқым құрылысындағы жеке бөлімдері қандай қызмет атқаратынын жазыңыз:



Қауызының қызметі

Жарнағының қызметі

Ұрықтың қызметі

Кеуіп кетуден, зақымданудан қорғайды

Ұрыққа қорек болатын заттар жинақталады

Жаңа өскін пайда болады


«Қолдану»

Оқулықты пайдалана отырып қосжарнақтыларға жататын өсімдіктердің аттарын жазыңыз.

Ж: қауын, қарбыз, кунбағыс, қияр, асқабақ.

Тұқымында екі тұқым жарнағы бар өсімдіктер қосжарнақтылар деп аталады.



«Баға беру»

Сіз қалай ойлайсыз, күнделікті тамағымыз болған қауын, бидай, күнбағыс, жуа қандай тұқымдастарға жатады?

Ж: қауын, күнбағыс, қосжарнақты, ал жуа , бидай даражарнақтыларға жатады.
ІІІ кезең. Бағалау. Деңгейлік тапсырмаларды орындап, ұпай жинау

1 деңгей

1. Бидай тұқымының құрылысына нелер жатпайды?

а) ұрық; ә) қауыз; б) сабақша; в) спермий.



2. Алғашқы тамырша, сабақша, бүршікшеден тұратын бөлімдер қалай аталады?

а) гүл; ә) өркен; б) ұрық; в) сабақ.



3. Қандай өсімдіктерде кіндік тамыр жүйесіболмайды?

а) тұқым жарнағы біреуде;


ә) тұқым жарнағы екеуде;

б) тұқым жарнағы көпте.

4. Тұқым құрылысымен толық танысу үшінқандай өсімдікті аламыз?

а) бидай; ә) алма; б) шие; в) картоп.

1-в; 2-6; 3-а; 4-а.

II деңгей
1.Неліктен қосжарнақтылар деп аталады? Себебі, қосжарнақтылардың тұқымында екі тұқым жарнағы болады.

2.Тары, күріш, жуа неге дара жарнақтылар деп аталады? Себебі, тары, күріш, жуа тұқымында бір ғана тұқым жарнағы болады.



3.Бидайда неліктен қоректік заттар жарнағында жиналмайды? Себебі, бидайда қоректік зат жиналатын арнайы орны эндосперм болады.

4.Үрмебұршақ тұқымының құрылысы мен бидай тұқымының құрылысын салыстырып, айырмашылықтары неде екендігін анықтаңыз.

III деңгей.

  1. Сызбанұсқаны толтыр



Қосжарнақты тұқымның құрылысы




Ұрығы

Екі жарнағы

Қабығы


Алғашқы тамырша

Алғашқы сабақша

Бүршікше




Даражарнақты тұқымның құрылысы




Қабығы (қауызы)

Бір жарнақ


Эндосперм

Ұрық



  1. Дәнектің қоректенуінде эндоспермнің қандай маңызы бар деп ойлайсыз?

Менің ойымша .................................................................

ІV. Үйге тапсырма. §27. 88-89-беттердегі тапсырмалар
Каталог: uploads -> doc -> 12e4
doc -> Баяндама Тақырыбы: «Қазақтың ұлттық ойындары»
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
12e4 -> Сабақ жоспарлары 1-сабақ. Сурет. Тақырыбы: Сиқырлы қылқалам


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет