Сабақ 6 Сабақтың тақырыбы: «Адам тұлғасы»



Дата14.07.2017
өлшемі35.67 Kb.
түріСабақ
Мерзімі: пәні: бейнелеу өнері сабақ 6

Сабақтың тақырыбы: «Адам тұлғасы»

Сабақтың мақсаты: Дөңгелек мүсін және мүсіндеу тәсілдері туралы түсініктерін қалыптастыру. Көлемді ұлғайту арқылы мүсіндеу тәсілдерін дамыту. Зейіндерін шығармашылық жұмыста өз идеяларына деген қажеттілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже: адам денесінің үйлесімділігі туралы білу, осы білімін адам денесінің көлемін көрсетуде қолдана білу. Адамның әсемдігін, оның әсемдігін оның денесінің сұлулығын түсінуге жетелеу.

Құрал жабдықтар: адамың мүсіндік бейнесінің фотосуреттері, сазбалшық, су, шүберек, таяқша,

Сабақтың жүргізу үлгісі




Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушылардың іс әрекеті

Ұйымдастыру кезеңі


Сәлемдесу. Сабаққа назарларын аудару. Қызығушылықтарын ояту.

Жұмыс орнын даярлау




Белсенді іс әрекетті дайындау.

Тірек білімдерін белсендіру. «мүсін дегеніміз не?» тақырыбына әңгіме өткіземіз.

Баяғы бір заманда біздің ертегі ата бабаларымыз бір кесек сазбалшықты илесе, оны әр алуан пішінге, айландыруға болатыные байқаған. Мүсін сомдау өнері осылайша бастаған.римдіктер «мүсін» деген сөзді енгізген, ол «қиып алу» «ойып түсіру» деген ұғымды білдіреді. Ежелгі славяндар бұл өнер түрін «ваяние»(мүсіндеу) деп атаған.Ежелгі гректер адам денесі сәйкестігінің жетілдірілген қағидасын дамытқан. Олар жасаған сұлу дүниелер маңдай алды шығармалар болып табылады.

Мүсін өнері шығармалары көлемді нышанды болып келеді. Қатты немесе пластикалық (тас, металл, ағаш, сазбалшық, ермексаз, ) жасалады. Дөңгелек мүсіннің айырмашылығы оны жазықтықта орналасқан бедерлерінде барлық жағынан айландырып көруге болады.



  • Көлемді түрдегі адамның пішін бітімін дәл өз қалпында тек мүсін өнері ғана бейнелей алады.

  • Ежелгі грек мүсіншілері ғаламат суретшілер болған. Олар мүсіндерінде адамдардың бітім пішіндерін де, қимыл қозғалыстарын да шынайы көрсете білген.

Жаңа материалды оқып үйрену.

«Адам тұлғасының сәйкестіктері» кестесі бойынша жұмыс істеу. Кез келген тірі организм тұрқының сәйкестігі дамыған сайын өзгеріп отырады. Кішкентай сәби тұрқының сәйкестігінен мүлде өзгеше. Ересек адамның басының мөлшері оның бойының 1\7 бөлігі болса, 4-5 жасар балада ол 1\4 немесе 1\5 бөлігі ғана болады.

Мұғалімнің түсіндіру бойынша кестемен жұмыс істейді.

Адам тұлғасының бейнелеуде сәйкестікті сақтау өте маңызды, егер ол бұзылса, адам өз өзіне ұқсас май қалады.



Практикалық жұмыс

Шығармашылық іс әрекет.

Тұлғаны сомдау кезеңдерін көрсетеміз:

  1. Сазбалшықты даярлау

  2. Сазбалшықты дене мүшелерінің мөлшерлеріне қарай бөлу.

  3. Адам тұлғасын үлгілеу мен пішінді анықтау жұмыстары.

  4. Қимыл қозғалысты беру.

Оқушылар жұмысты өздері жасаған кезде төмендегідей ұсыныстар беруге болады.

  1. Назар сала қарап, өздерінің шын мәнінде нені көретіндеріңді байқатуға тырысыңдар.

  2. Үлгіге көздеріңді сығырайтып қараңдар. Бұл өте қарапайым, алайда өте пайдалы ереже. Көзді сығырайтқан кезде майда шүйде сұрыпталып, тек жалпы үлгі ғана көрінеді.сендерге қажеттінің өзі де сол.

  3. Алғашқыда жылдамырақ, ірі қимылдармен жұмыс істеңдер. Сазбалшықты қабат қабатымен арлы берлі илеген дұрыс. Соңына қарай жұмыс қалыпты ырғаққа түседі,бірақ жылдамдықты жоғалтпаған жөн. Егер қарқын бәсеңдесе, аздаған үзіліс жасап, жұмысты әрі қарай жалғастыру керек.

  4. Барлық дене бөліктерімен бір мезгілде жұмыс істеңдер. Бір бөлшекте тұрып қалмай, композицияның барлық бөлшектерінің шамамен бір дәрежеде өңделуін қадағалаңдар.

  5. Жақсы орындалған классикалық мүсіндер мен картинкаларды қараңдар.

Мұғалімнің іс қимылын бақылап, жұмыстың орындалу жүйесін есте сақтайды.

Оқушылардың өзіндік жұмысы.



Рефлексия

Оқушылармен бірге жұмысқа қойылатын талаптарды анықтаймыз: сәйкестігін дұрыс сақтау; қимыл қозғалысты дәл беру. Жалпы мәнер; жұмыстың аяқталуы.

Алған білімдерін өзіндік бағалау

  • Маған адамға шынайы ұқсайтын мүсін жасау ұнайды.

  • Маған адам мүсінін сомдау өте ұнады. Сәйкестігін анықтау сәл қиындық туғызады.

Қорытындылау


Жұмыстарды ұжымдасып көру.

Жұмыстарды талқылау, бағалау және өзіндік бағалау

Бағалау

Бағдаршам

Мұғалім белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап, шағын сыйлықтарын беремін.



Топтар бірін бірі бағалайды.

Үйге тапсырма

Жұмысты жалғастырып салып келу

Күнделіктеріне жазып алады.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет