Сабақ №11 Пәні: Экологиялық проблемалар Сыныбы: Күні: Тақырыбы: Жануарлар экологиясы Сабақтың мақсаты



бет3/3
Дата03.07.2017
өлшемі0.57 Mb.
түріСабақ
1   2   3

Табиғатты қорғау – бұл бүкілдүние жүзілік , мемлекеттік және қоғамдық, ғылыми негізде шешілетін, берілген табиғат байлықтарын тиімді қолдана отырып, сақтау, қорғау және қорғай отырып ұрпақтан ұрпаққа мирас болып қалдырылатын, табиғатты ластану мен бұзылудан сақтауды шешетін ауқымды мәселе. Табиғатты қорғау мәселесі – кешенді жүргізілуі керек. Табиғаттың белгілі бір ресурстары немесе белгілі бір аймағы ғананемесе жекеленген бөліктерінің қорғауға алынуы – табиғатты қорғау мәселелерін шешпейді, қорғауға табиғаттың барлық компаненттері алынып, тарихи дамуында бірлесіп жатқан, жаратылыстарынан табиғи байланысты әртүрлі компаненттерін біріктіретін табиғи кешенді (комплекс,экожүйе) толығымен қорғауға алынуы тиіс. Табиғатты қорғау керек және қолдану керек.Бұнсыз адам қоғамындағы прогрес мүмкін емес. Адамдар арасындағы табиғатты қорғау принциптері мен ережелерінің сақталуы оны заңдастырылған жағдайда ғана сақталады. Ең негізгі табиғатты қорғау заңы болып - табиғатты әркімнің, қазақстан халықтарының аса бағалы байлығы ретінде, әлеуметтік, экономикалық дамуы мен адамзаттың жағдайының жақсаруының ең негізгі кепілі ретінде тануы болып табылады. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері.
- экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шараларын кеңінен қолдаумен қатар,табиғи бұзылған жүйелерді қалпына келтіру;
- биологиялық алуан түрлілікті ғылыми және мәдени маңызы бар сирек объектілерді,ерекше құнды табиғи аймақтарды сақтауды қамтамасыз ету;
- табиғи ресурстарды толық тиімді түрде пайдалану және толытыру; Қәзіргі таңда дүние жүзінде құрылған қорықтардың қорғау тәртібі, атқаратын қызметі мен негізгі бағыты әртүрлі, сондықтан қорғауға ажыратылған жерлерді қорықтар,қорықшалар,резерваттар,ұлттық парктер,табиғат ескерткіштері деп бөлінеді.Қазір дүние жүзінің 124 елінде 2600- дан артық ірі қорық бар екен.Олардың ішіндегі ең үлкені Греландия ұлттық паркі.Олардың ішіндегі ең үлкені .Оның жер көлемі 7 млн.гектар. Табиғатты қорғау,оның байлықтарын тиімді пайдалану,ормандар мен шалғындар, жануарлар мен өсмдіктер ,су,күн,жел энергиясы,жауын-шашын ылғалдары, табиғат ресурстарын ұтымды пайдалануын ұйымдастыру үшін табиғат заңдылықтарын білу қажет.Адамдар осы заңдылықты дұрыс пайдаланса,табиғат ресурстарын қалпына келтіріп қорын молайтып,қорғап тиімді пайдалануды білу керек.Заңда экалогиялық тәрбие мен экологиялық білім беру бірінші кезекке қойылған.Табиғатты бүлдірмей сақтап келешек ұрпаққа тоздырмай, байлығын ортайтпай жеткізу үшін барлық жұмыс істеген абзал.Себебі табиғат тағдыры-адам тағдыры.
VI. Түсінік тексеру.


Жердің су қабығы Гидросфераны құрайтын бөліктерді атайық:

Мұхиттар,өзендер,көлдер,теңіздер ,жер асты сулары бөгендер,каналдар,батпақтар.

 Су –құрлықтағы сұйық,қатты,газ күйінде болатын және бір күйден екінші күйге жеңіл өте алатын бірден –бір минерал.Қазақстанның жер бедерінің алуан түрлі болуына байланысты ішкі сулары да әртүрлі. Олар бірнеше түрге бөленеді :өзендер,көлдер,жер асты сулары,мұздықтар,бөгендер,каналдар.

VII.Жаңа сабақты бекіту.


1. Адам баласының тіршілік тынысы, әрі таусылмас қазынасы

2. Табиғат қорғау дегеніміз не?

3. Табиғат қорғаудағы негізгі мақсат қандай?

4. Табиғат қорлары нешеге бөлінеді?


Тексерілді____________

Сабақ № 3

Пәні: Экология әлеміне саяхат

Сыныбы:


Күні:

Тақырыбы: Табиғатты қорғау заңы

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:  Жаңа сабақты меңгерту, дұрыс мазмұнын білу. Туған өлкенің табиғаты мен қыр-сырына жан-жақты мән бергізе отырып, зерттеуге, көрген-түйгенін білу.

Дамытушылық: Өлке табиғатына деген ерекше ықыласын ояту, қызықтыру.

Тәрбиелік : Табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, қоршаған ортаның тазалығын сақтау, ластанудан қорғау, аялау, экологиялық тәрбие беру.

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ көрнекілігі: суреттер, тест, қанатты сөздер.

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу. Олардың назарын аудару.

IV.Жаңа сабаққа дайындық кезеңі. Жаңа сабақ тақырыбын тақтаға жазу. Сабақ мақсатын түсіндіру.

V.Жаңа сабақты түсіндіру.

Табиғатты қорғау дегеніміз – тек қана өсімдік пен жануарларды ғана емес, топырақты, суды, атмосфераны, жылпы табиғи кешенді сақтап қорғап қалу. Оны тиімді жүргізу үшін ғаламшарымыздағы барлық елдер біріге отырып жұмыс жасауы қажет. Қазіргі кезде көптеген өнеркәсіп орындары пайдаланған суды арнайы сүзгіден өткізіп, тазалап қайтадан іске қосуда. Осындай жолмен ресурс қорын сақтап қалуға болады.

 1-бап. Негізгі терминдер мен анықтамалар.     Осы заңда мынадай негізгі терминдер мен анықтамалар пайдаланылады:

 Қоршаған орта - табиғи объектілердің, оның ішінде өзара қарым-қатынастағы атмосфералық ауаны, суды, топырақты, жер қойнауын, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін сондай-ақ климатты қоса алғанда, табиғи ресурстардың жанды әрі жансыз жиынтығы;



Қоршаған ортаны қорғау - табиғат пен адамның өзара үйлесімді іс-қимылына, қоршаған ортаның сапасын жақсартуға, табиғи ресурстарды үтымды пайдалану мен молықтыруға бағытталған мемлекеттік және қоғамдык шаралар жүйесі;

Қоршаған ортаны қорғау объектілері - қоршаған ортаның заңдармен корғалатын құрамдас бөліктері;



Табиғи ресурстар - қоғамның материалдық, мәдени және басқа қажеттерін қанағаттандыру үшін қоршаған ортаның шаруашылық т.б. қызмет процесінде пайдаланылатын құрамдас бөліктері;

Табиғат пайдалану - адамның шаруашылық және өзге де қызметінде табиғи ресурстарды пайдалануы;

Қоршаған ортаның сапасы - қоршаған ортаның құрамы мен қасиеттерінің сипаттамасы;

Қоршаған ортаның мониторингі - адамды қоршаған табиғи ортаның жай-күйін бақылау және адамдардың денсаулығы мен өзге де тірі организмдерге зиянды немесе қауіп туғызатын қатерлі ахуалдары туралы ескерту;

Қоршаған ортаның сапасын номалау - адамның өмір сүруі үшін қоршаған ортаның жарамдылығын айқындайтын және биологиялық алуан түрліліктің сақталуы мен экологиялық жүйелердің тұрақты пайдаланылуын қамтамасыз ететін қоршаған орта сапасының көрсеткіштерін белгілеу;

Қоршаған ортаны ластау - қоршаған ортаға ықтимал қауіпті химиялык және биологиялық заттардың, радиоактивті материалдардың, өндіріс пен тұтыну қалдықтарының түсуі, сондай-ақ қоршаған шудың, тербелістің, магнитті өрістердің және өзге де зиянды физикалық ықпалдардың әсері;

    экологиялық талаптар - Қазақстан Республикасының заңдық, өзге де заңға қосымша нормативтік құқықтык және нормативтік-техникалық актілерінде қамтылған қоршаған ортаға теріс әсер ететін шаруашылық және өзге де қызметті орындауға міндетті шектеулер мен ондай қызметке тыйым салу;

    экологиялық қауіпсіздік - жеке адамның, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен құқықтарын қоршаған ортаға антропогендік және табиғи ықпал ету нәтижесінде туындайтын қатерден қорғалуының жай - күйі;

    экологиялың жүйе - организмдердің және олар мекендейтін жансыз ортаның өзара байланысты біртұтас функционалдық жиынтығы.

    3-бап. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі принциптері

    Олар:

    - адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдылығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;

    - экологиялық жағдайы қолайсыз аумақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

    - биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми, мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;

    - халықтың, қоғамдық бірлестіктер мен жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді түрде және демографиялық жолмен қатысуы;

    - жер, оның қойнауы, су, атмосфералық ауа, ормандар мен өзге де өсімдіктер, жануарлар дүниесі;

    - табиғи экологиялық жүйелер, климат және Жердің озонды қабаты қорғалуға тиіс.

    Экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше құнды қоршаған орта объектілері, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар ерекше қорғалуға тиіс.Ұлттық тұрғыда қорғау дегеніміз – сол елдің заңдарына сәйкес іс-шаралар жүргізіледі. Халықаралық тұрғыдан қорғауға алынған объектілер – барлық елдерге тән. Мысалға Дунай өзені 9 мемлекетті кесіп өтеді, Балтық пен Каспий теңіздерінің жағалауы бірнеше мемлекетке тиесілі. Бұндай объектілер Халықаралық келісімшарттар (Конвенция және т.б.) арқылы қорғалады.Атмостфера да ғаламшарымызға ортақ объект. Оены қорғау барлық мемлекеттердің және адамдардың ортақ міндеті. Халықаралық бірлестіктің негізгі жұмыстарының бірі – озон қабатын қорғау. Үлкен жетістіктеріміздің бірі – ядролық қару-жарақты сынауға тыйым салынды. Жалпы адамзат жыл өткен сайын атмосфераны қорғауға көп көңіл бөлуде. Болашақта таза ауаны, суды, құнарлы топырақты қалпына келтіруге болады, егер зауыттар мен фабрикаларда түтінді ұстап қалатын сүзгі, тазалағыш қондырғылар орнатып экологиялық таза отын түрлерін пайдалансақ. Алдағы күндері дәстүрлі пайдаланып жүрген отын түрлерінің орнына экологиялық таза сарқылмайтын отын – сутегін пайдаланатын боламыз. Топырақтың құнарлылыған көтеру және оны қалпына келтіру үшін: органикалық және тиісті мөлшерде минералды тыңайтқыштар беру керек.



VI.Түсінік тексеру.

1.     Табиғатты қорғау дегеніміз не?

2.     Табиғатты қорғау не үшін қажет?

3.     Өздерің тұратын жерлеріңде табиғатты қорғауға арналған қандай іс-шаралар жүргізілуде?

 

VII.Жаңа сабақты бекіту.

Қазіргі кезде қоршаған ортаны қорғау үшін қандай шаралар атқарылып жатыр?




Тексерілді____________

Сабақ № 1

Пәні: Аймақтық экология

Сыныбы:


Күні:

Тақырыбы: Экология дегеніміз не? Экология нені зерттейді?

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: оқушылар табиғат жөнінде анықтама беріп, келешекте тағдыры өз қолдарында екендігі туралы толық түсінік беру.

Дамытушылық:экология мәселелеріне, табиғат келешегіне көз жүгіртіп, қоршаған ортаның тағдырына немқұрайлықарамауға баулып, табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін одан әрі дамыту.

Тәрбиелік: қоршаған орта мен оның табиғи ресурстарын тиімді пайдалану барысында табиғатты қорғай алатын, аялай білетін адамгершілігі мол ізгілікті, мәдениеті жоғары ұрпақ тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ көрнекілігі: кестелер, экологиялық суреттер.

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу. Олардың назарын аудару.

IV.Жаңа сабаққа дайындық кезеңі. Жаңа сабақ тақырыбын тақтаға жазу. Сабақ мақсатын түсіндіру.

V.Жаңа сабақты түсіндіру.

Тірі ағзалардың өзара әсерінің  жәнеқоршаған  тіршілік ортасымен  өзара әсерінің заңдылықтарын  биологиялық ерекше бөлімі  Экология зерттейді.  Грекше Экология  үй жай және  ілім деген мағынаны білдіреді.

Экология терминін  Э.Гекель  ұсынды.

   Экология бөлімдері:

1.Аутэкология-  жеке ағзалар мен  популяцияларға сан алуан  сыртқы орта факторларының әсерін зерттейтін экология бөлімі.

2.Демоэкология-  популяцияның  орта мен және  популяцияның  ішкі үрдістерімен  тура және кері  байланыстарын зерттейді.

3.Синэкология– биотикалық бірлестікті  және  олардың тіршілік ортасымен өзараарақатынасын  зерттейтін  бөлім. Экология организм мен қоршаған орта арасындағы байланысты, қарым - қатынасты зерттейтін ғылым. Біздің Отанымыз - Қазақстан дүние жүзіндегі табиғат байлығы мен мол елдердің бірі. Қазақстанның байлығын ысырап етпей, ластамай, оларды ұқыпты, тиімді пайдалану керек. Табиғатты қорғау әрбір азаматтың борышы. Экология ғылымы жедел дамып, көптеген жаңа салалары пайда болды. 19 ғасырдың аяғы, 20 ғасырдың басында ғалымдар негізінен жекелеген факторлардың, әсіресе климаттық факторлардың, организмдердің таралуы мен сан динамикасына әсерін зерттеді. Бірімен-бірі тығыз байланысқан, біртұтас құрылымдық бірлік түзетін азғалар қауымдастықтары (қ. Биоценоз) туралы ұғым да осы кезде қалыптаса бастады (К.Мәбиус, 1877; С.Форбс, 1887).

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/2/2f/ernst_haeckel_2.jpg/150px-ernst_haeckel_2.jpg

Эрнст Геккель

20 ғасырдың басында Экология жеке ғылым бағыт ретінде таныла бастады, ал “экологияның алтын ғасыры” аталған 20 – 40-жылдары популяциялар мен қа-уымдастықтарды зерттеудің басты бағыттары айқындалып, Экологияның негізгі ережелері мен заңдары тұжырымдалды: Ф.Клементс (1916) биоценоздардың өзгеріп, дамитынын және бұл бейімделушілік сипатындағы құбылыс екендігін көрсетті; А.Тинеманн (1925) өнім ұғымын енгізді, ал Ч.Элтонның Э. бойынша алғашқы оқулығында (1927) биоценоздарда жүріп жатқан процестердің заңдылықтары көрсетіліп, трофикалық қуыс ұғымына анықтама берілді, Экологиялық пирамидалар ұғымы тұжырымдалды; 1926 жылы В.И. Вернадскийдің “Биосфера” атты кітабы жарыққа шығып, онда алғаш рет Жердегі бүкіл тірі азғалар жиынтығының – “жердің тірі затының” ғаламдық рөлі айқын көрініс тапты.

VI.Түсінік тексеру. Биологиялық диктант.

Тірі ағзалардың өзара әсерінің  жәнеқоршаған  тіршілік ортасымен  өзара әсерінің заңдылықтарын  .......................  зерттейді. Грекше  ..................  және ілім деген мағынаны білдіреді. Экология терминін ...................   ұсынды.  Экология бөлімдері…,…,….



VII.Жаңа сабақты бекіту.

1. Сарқылмайтын қорға мысал келтір.

2. Қазақстанның су ресурстарын ата

Тексерілді____________

Сабақ № 6

Пәні: Аймақтық экология

Сыныбы:


Күні:

Тақырыбы: Арал теңізінің экологиялық апатының себептері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік :Арал теңізі туралы мағлұмат алу,көлдің экологиялық жағдайына тоқтала отырып,оның проблемасын ашу,түсіну. 

Дамытушылық: Арал теңізі және оның экологиялық жағдайы туралы мәліметтер жинап, проблемасын ашудың жолдарын іздеу.

Тәрбиелік: табиғатты аялауға, оған қамқорлық жасауға, оны сақтап, көркейту үшін үлес қосуға тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ көрнекілігі: кестелер, экологиялық суреттер.

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу. Олардың назарын аудару.

IV.Жаңа сабаққа дайындық кезеңі. Жаңа сабақ тақырыбын тақтаға жазу. Сабақ мақсатын түсіндіру.

V.Жаңа сабақты түсіндіру.

Арал теңізі - Қазақстанның інжу-маржаны. Арал теңізі ірі экологиялық апатқа ұшырыағанға дейінгі көлемі - 1066 км2, тереңдігі - 30-60 м, тұздылығы - 10-12% болған. Қойнауы кәсіптік бағалы балықтарға бай, жағасы қоға мен қамысты теңіз еді. Сол кездерде жылына 50-150 мың балық ауланса, теңіз жағасынан едәуір мөлшерде бұлғын терісі игерілген.
1966 жылдардан бастап Арал өңірін игеру қолға алынды. Осы аймақтағы игерілетін жер көлемі бұрынғыдан Өзбекстан мен Тәжікстан 1,5, Түрікменстанда 2,4, Қазақстанда 1,7 есеге өсті. Ал Амудария мен Сырдария бойындағы халықтың саны 1960-1987 жылдар аралығында 2,2 есеге артты. Халық санының өсуіне орай суға деген қажеттілік те артты. Осыған орай 1970-1980 жылдар аралығында аралға құйылатын су мөлшері азайды. Оның негізгі себептері - антропогендік факторлар еді. Екі өзен бойындағы суды мол қажет ететін күріш пен мақта өсіру ісі қарқында дамыды (Шардара).Оның үстіне ауылшаруашылығының басқа да салалары барынша дамыды. 

Арал апатына себеп болған факторлар:

1.жергілікті жердің тарихи-табиғи ерекшеліктерін ескермеу;

2.ауыл шаруашылығын дұрыс жоспарламау, судың қорын есепке алмау;

3.суды өте көп қажет ететін күріш, мақта дақылдарын барынша көбейтіп жіберу;

4.жерді игерудің агротехникалық шараларын сақтамау және суды үнемді пайдаланбау;

5.табиғат ресурстарын пайдалануға жіберілген қателіктер мен оны меңгерудің ғылыми тұрғыдан негізделмеуі болып табылады.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/commons/thumb/b/b7/aralzee.jpg/180px-aralzee.jpg

Серіктік суреттер: сол жақта - 1989; оң жақта - 2003 жж.

Осы аталған фактілер Арал теңізі экожүйесіндегі тіршілік атаулыны экологиялық дағдарысқа әкелді. Бұл жағдайлар адам баласының қолдан істелген қателігі ретінде дүние жүзіне белгілі болды. Арал өңірінде туындап отырған қазіргі экологиялық апаттар нышаны жыл өткен сайын теңіз суын тарылтуда. Оның фаунасы мен флорасы жойылып бітуге жақын. Топырақтың тұздануы өте жылдам жүруде. Арал теңізінде балық өсіру шаруашылығы тоқталып, соңғы 1-2 жылда ғана қайта қолға алынды. Ондағы тұрғындардың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Теңіз түбінен көтерілген улы тұздың мөлшері жылына 13-20 млн т деп есептеледі. Тіптен, тұзды шаңдар әсері сонау Орта Азия республикалары аумағына жетіп, ауыл шаруашылығына зардабын тигізуде. Топырақтың тұздануы Өзбекстанда – 60%, Қазақстанда – 60-70%-ға артып отыр. Мұның өзі жалпы шаруашылықа зиянын тигізуде. Арал өңіріндегі климаттың өзгеруі шөл белдемінің табиғи ландшафтарын бірте-бірте күрделі әрі қайтымсыз антропогендік экожүйелерге қарай ығыстыруда. Арал теңізін қалпына келтіріп жандандыру жөніндегі бірнеше ғылыми болжамдар мен жобалар бар. Олар:

1.Сібір өзендерін Қазақстанға бұру.

2.Әмудария мен Сырдария өзендерінің суын реттеу арқылы суды молайту.

3.Арал теңізін жартылай сақтап қалу.

4.Каспий теңізінің суын жасанды канал арқылы әкелу.

5.Жер асты суларын пайдалану.

6.Арал теңізінің өздігінен табиғи ретттеулерін немесе толысуын күту.[4]

VI.Түсінік тексеру.Арал апатына себеп болған факторлар қандай? Арал теңізі орналасуы. Арал теңізін құтқару жобалары қандай?

VII.Жаңа сабақты бекіту.Оқушылар кесте толтырады

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?










Тексерілді____________

Сабақ № 9

Пәні: Экология әлеміне саяхат

Сыныбы:


Күні:

Тақырыбы: Қазақстанның жануарлар ресурсы және оларды қорғау.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушылардың жануарлар әлемін қорғау, қорықтар бойынша білімдерін қортындылау, тереңдету.

Дамытушылық : Жануарларды қорғаудың ерекшеліктеріне мән беруге үйрету, шығармашылықпен жұмыс істеуге, тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

Тәрбиелік : Оқушыларды ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға, өз туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ көрнекілігі: әр түрлі қорықтарда қорғауға алынған құстар мен жануарлардың суреті, Жануарлар әлемінің Атласы.

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу. Олардың назарын аудару.

IV.Жаңа сабаққа дайындық кезеңі. Жаңа сабақ тақырыбын тақтаға жазу. Сабақ мақсатын түсіндіру.

V.Жаңа сабақты түсіндіру.

Жануарлар дүниесі де биосфераның құрамдас бір бөлігі. Жануарлардың табиғатта және адам өмірінде маңызы зор. Олар табиғаттағы заттар мен энергия айналымында негізгі рөл аткарады. Қазіргі кезде жер бетінде жануарлардың 2 млн-нан астам түрі белгілі, олардың ішінде тек жәндіктердің ғана 1 млн-ға жуық түрі бар.



Жануарларды зиянды және пайдалы деп тек салыстырмалы түрде ғана жеке топтарға бөледі. Бұл ғылыми тұрғыдан алғанда дұрыс емес. Өйткені табиғатта мүлде зиянды немесе мүлде пайдалы жануар жоқ. Табиғаттағы тіршілік тізбегінде олардың әркайсысының өз орны бар.

Қазіргі кезде жануарлар түрлерінің азаюына, негізінен, антропогендік факторлар әсер етеді. Ондай факторларға шектен тыс аулау, тіршілік ететін орта жағдайларының өзгеруі, ретсіз жерсіндіру, судың, топырақтың ластануы және т.б. жатады.

Қазақстанда омыртқалы жануарлардың 835 түрі және омыртқасыздардың 100 мыңдай түрі кездеседі. Қазақстанда жануарларға арналған Қызыл кітап 3 рет (197819911996) жарық көрді.

2006 жылы Қазақстанның омыртқасыз жануарларға арналған Қызыл кітабы жарық көрді. Оған буылтық құрттардың — 2,ұлулардың — 6, шаянтектестердің —1, өрмекіштектестердің — 2, жәндіктердің — 85 түрі тіркелген (барлығы 96 түр). Қазір бұларға қоса жеке облыстардың Қызыл кітаптары жарық көре бастады. Мысалы, 2006 жылы республикамызда алғаш рет Алматы облысының жануарларға арналған Қызыл кітабы шықты. Бұл кітапқа облыс аумағында сирек кездесетін жануарлар тіркелген. Соңғы жылдары шығып жаткан жануарларға арналған Қызыл кітаптарда жеке түрлер 5 категорияға бөліп беріледі:

I—жойылып кету қаупі төнген түрлер;

II— саны күрт азайып бара жатқан түрлер;

III—сирек кездесетін түрлер;

IV—толық зерттелмеген түрлер;

V— қалпына келтірілген түрлер.

Қызыл кітапқа енген түрлер заң жүзінде катаң қорғалады.[1]



VI.Түсінік тексеру.

Қазақстан жерінің байлығына нелер жатады? (Флора, Фауна,адамдар)

Осы байлықтар отанымызда сақталуы жеткілікті ме?

Адамдар осы байлықтарды сақтау үшін не істейді?

Қорық деген сөзді қалай түсінесің?

Қазақстанда неше қорық бар?

Шығыс Қазақстанда орналасқан қандай қорықтарды білесіңдер?

VII.Жаңа сабақты бекіту.
Әр топ оқушылары өздері білетін, естерінде қалған қорықтар атын топтастырады.


Тексерілді____________

Сабақ № 1

Пәні: Экология әлеміне саяхат

Сыныбы:


Күні:

Тақырыбы: Табиғатты қорғау шараларын ұйымдастыру

Сабақтың мақсаты:

Білімділік : Оқушылардың жануарлар әлемін қорғау, қорықтар бойынша білімдерін қортындылау, тереңдету.

Дамытушылық : Жануарларды қорғаудың ерекшеліктеріне мән беруге үйрету, шығармашылықпен жұмыс істеуге, тапсырмалар орындау арқылы оқушылардың сын тұрғысынан ойлауын дамыту.

Тәрбиелік : Оқушыларды ұйымшылдыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу, жануарлар мен өсімдіктерді қорғауға, өз туған жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақ типі: жаңа сабақ

Сабақ көрнекілігі: әр түрлі қорықтарда қорғауға алынған құстар мен жануарлардың суреті, Жануарлар әлемінің Атласы.

I.Ұйымдастыру кезеңі. Оқу-құралдарын түгелдеу, реттеу. Олардың назарын аудару.

IV.Жаңа сабаққа дайындық кезеңі. Жаңа сабақ тақырыбын тақтаға жазу. Сабақ мақсатын түсіндіру.

V.Жаңа сабақты түсіндіру.

Табиғатты қорғау - қазіргі кезде өмір сүрушілер ғана емес сондай-ақ, болашақ ұрпақтардың да денсаулығы мен хал-жағдайы дұрыс және өз уақытындағы шешімдерге тәуелді болатын қазіргі кездегі мәселелердің бірі.[1]

Табиғатты қорғау - бұл табиғи жер және су ресурстарын ұтымды пайдаланып, сақтауды және ұдайы өсіруді қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік, қоғамдық, әкімшілік-шаруашылық, техникалық-өндірістік, экономикалық және заңды шаралар жүйесі. Қазақстанның табиғи ресурстарын қорғау және ұтымды пайдалану. Қазақстан Республикасының Мәжілісі және Үкіметінде табиғатты қорғауды күшейтуге, республикамыздың табиғи ресурстарын ұдайы өсіруге бағытталған бірқатар заңнамалық актілер қабылданып, пайдаланылуда. Әрбір облыстардың жанында осы актілердің орындалуын бақылайтын арнаулы мекемелер бар. Республикада табиғат қорғау прокуратурасы құрылды. Ол Қазақстан Республикасының табиғат қорғау туралы заңдарының орындалуын қатаң кадағалайды. Қазақстанда мемлекеттік ұйымдар торабы құрылған, олардың қызметі бірегей құрамды флоралар мен фауналары бар үлкен аумақты барынша ұзақ сақтауға арнайы бағытталған. Бұл ұйымдар - қорықтар, ұлттық табиғи саябақтар және ерекше қорғалатын аумақтар. Қазақстан Республикасында 2003 жылы ерекше қорғалатын 25 аумақ бар деп есептеледі, олардың қорықтары 10, табиғи ұлттық саябақтары - 10. Бұл табиғат қорғау мекемелері шамамен 3 млн гектар ауданға орналасқан.



Мына қорықтар әлемге әйгілі:
Наурызым қорығы - дала флоралары мен фауналарын қорғау үшін 1934 жылы құрылды. Мұнда бірегей дала қарағайлы орманы бар.
Қорғалжын қорығы - дүниежүзілік маңызы бар суда жүзетін құстардың мекен орны ретінде Теңіз-Қорғалжын көлдерінің табиғи кешенін қорғау үшін 1968 жылы құрылды. Бұл жылыстайтын құстар мен әлемде өте көп ұя салатын қоқиқаздардың тынығу орны болып табылады. Бұл екі қорық әлемдегі жалғыз ғана бірегей үлгі өлшемді (эталон) аумақ болып табылады. Онда сан алуан дала келбеті сақталған. БҰҰ-ЮНЕСКО жанындағы білім, ғылым және мәдениет жөніндегі дүниежүзілік ұйым оларға Дүниежүзілік мұра нысан мәртебесін берді.
Ақсу-Жабағылы қорығы - Батыс Тәңіртаудың солтүстік аудандарының табиғи кешендерін қорғау үшін 1926 жылы құрылған. Қорықта марал, елік, арқар, сібірлік таутеке, ақтырнақ аю, ілбіс, доңыз, жайра, ұлар өмір сүреді.
Барсакелмес қорығы - бұл шөл кешенін қорғау және соған тән жануарлардың санын қалпына келтіру үшін Арал теңізіндегі аралда 1939 жылы құрылды. Аралда құлан, бөкен, қарақұйрық өмір сүреді;
Алматы қорығы - бұл Іле Алатауының табиғи кешенін қорғау үшін 1964 жылы құрылды. Қорықта марал, ілбіс, арқар, сібірлік таутеке, ақтырнақ аю, ұлар, қырғауыл, кекілік, құр өмір сүреді.
Марқакөл қорығы - бұл Марқакөл көлімен қоса Оңтүстік Алтайдың табиғи кешенін қорғау үшін 1976 жылы құрылды. Мұнда сүтқоректілердің 40 түрі өмір сүреді. Олардың ішінде қоңыр аю, бұлғын, марал, құстардың 200-ге жуық түрлері және жергілікті түр - эндомик осқы балығы бар болатын

VI.Түсінік тексеру.

Қазақстан жерінің байлығына нелер жатады? (Флора, Фауна,адамдар)

Осы байлықтар отанымызда сақталуы жеткілікті ме?

Адамдар осы байлықтарды сақтау үшін не істейді?

Қорық деген сөзді қалай түсінесің?

Қазақстанда неше қорық бар?



Шығыс Қазақстанда орналасқан қандай қорықтарды білесіңдер?

VII.Жаңа сабақты бекіту.
Әр топ оқушылары өздері білетін, естерінде қалған қорықтар атын топтастырады.


Тексерілді____________
Каталог: uploads -> doc -> 1322
doc -> Сабақтың тақырыбы: Бөлу Сабақтың мақсаты: Білімділік: Рационал сандарды бөлу ережесін есептер шығаруда тиімді
doc -> Сыныптан тыс сағат Тақырыбы : «Наурыз тойы» Ұлттық ойындар №3 9-10-11-сынып
doc -> Сабақтың тақырыбы Ішкі, сыртқы және аралас бездер Жалпы мақсаттары
doc -> Сабақ жоспары Мұғалім: Сабыргалиева Гулсім Сәлімқызы Сынып: 8 " а "
doc -> 1. Хлоропластары көп ұлпа a фотосинтездеуші ұлпа
doc -> ДСҰ- ның Саудадағы техникалық кедергілер жөніндегі комитеті 2015 жылдың 1-30 қараша аралығында жарияланған хабарламалар тізімі
1322 -> Шко. Көкпекті ауданы. Қарамойыл ауылы Ю. Гагарин атындағы бастауыш мектебі. Бастауыш сынып мұғалімі Зияданова Сара Нурахмановна Тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет