Сабақ №1 Сабақтың тақырыбы: Тістердің шыққандағы аурулары. Сілекей бездерінің аурулары



жүктеу 1.81 Mb.
бет1/9
Дата29.12.2016
өлшемі1.81 Mb.
түріСабақ
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
Сабақ №1

1.Сабақтың тақырыбы:Тістердің шыққандағы аурулары.Сілекей бездерінің аурулары.

.


2. Сағат саны: 2 сағат 90мин(100% )

3. Сабақ түрі: теориялық

4. Сабақтың мақсаты:

- оқыту: Тіс жарып шығу процесі кезіндегі дерттерді оқыту.Сілекей бездерінің дерттері.

- тәрбиелік: Ақыл тістің кедергімен кешігіп жаруынан болған аурулардың асқынуы. Сілекей бездерінің дерттері кезіндегі науқастарды тексеру.

- дамыту: Төменгі үшінші азу тістің кедергіленіп жаруынан пайда болатын асқынулардың клиникасы. Сілекей бездерінің дерттері кезінде рентгендік тексеру.

5. Оқыту әдісі: Модульды оқыту.

6. Материалды – техникалық жабдықталуы:

а) техникалық құралдар: компьютерлер, интерактивті тақта,мультимедиялық құрылғы

ә) көрнекі және дидактикалық құралдар: Плакаттар,тесттік сұрақтар,рефераттар,фантомдар

б) оқыту орны:

7. Әдебиеттер:

Негізгі:

Қосымша :

8. Ұйымдастыру кезеңі: 5 мин (6 %)

  • Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру

  • Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру

  • Сабақтың мақсаты мен міндеті

9. Оқушылардың өтілген тақырып бойынша білімін тексеру.15мин(16%)

1.Стоматологияның даму тарихы.

2.Стоматология туралы түсінік.

10. Жаңа сабақты түсіндіру: 40мин(44%)

. TIC ЖАРЫП ШЫҒУ ПРОЦЕСІ ДЕРТТЕРІ

Тістің жаруы әдеттегі физиологиялық процестерге жатады. Олар белгілі уакытында, адамға білінбей, ешқандай ауыру сезімінсіз шығады. Бірақ кейбір тістер нактылы шығатын уакытынан кейінгі шыкканда оның маңайындағы тіндер қабынады. Тістің кедергімен кеш жаруы өз алдына мынадай топқа бөлінеді.

Дистопия — дурыс қалыптасқан тістің тіс қатпарынан шығуы. Кейде ұртқа қарай не тілге қарай жантая шығады. Кейбір тістер мұрынның ішінен не гаймор қуысына немесе көзге қарай шығуы мүмкін. Бұндай жағдайда тістің жаруы кешігіп, сол маңай тіндері зақымданып, қабынуы мүмікн. Онда тісті суырып алып істеу керек.

Ретенция — дұрыс қалыптасқан тістің шығуы әртурлі дертімен баяулап ұсталып қалуы. Егер тіс жартылай шықса, он шала ретенция, ал тіс мулде шыға алмай қалса, онда толық ретенция деп аталады.

Кейде көп уақыттан кейін адамның бар тістері түсіп, алынбалы тіс протезін пайдаланған кезінде ғана бұрын уақытында шығып қалған тістң жарғанын байқауға болады. Турақты тістердің ұрықтану процесінің бұзылғанынан олар мулде жарып шықпас онда толық адентия деп атайды.

Дистопия мен ретенцияга сут тістерде, тұрақты тістер де ұшырайды. Тұрақты тістердің ішінде ретенцияға жиі ұшырайтын ақыл тістер, әсіресе астыңғы сегізінші тістер. Ал сирек ұсталып шыға алмай қалған жағдайға сойдақ тістер (ұры тіс) мен жоғарғы не астыңғы кіші азулар тап болады. Ретенция мен дистопия ауруы: ceбебі толық анықталмаған. әртурлі ғалымдардыц пікірі бойынша оның мынандай себептері болуы мумкін:

а) Зат алмасу процесінің — ішкі секреция бездерінің гормондарды реттеу жұмысыньң нашарлағаны не витаминдердің жеткіліксіздігі, инфекциялық аурудың әсері т. б. жағдайлар.

б) Зат алмасудың реттелуіне қатынасатын ішкі бездің қызметінің өзгерістері (гормондар қызметі бәсеңдесе не инфекциялық) себебінен тіс дұрыс ұрыктанбай қалады не жақ сүйектердің кейбір бөліктері ерекше дамып, тістің жарып шығуын: тездетеді және қанмен жабдықталуын да өзгертеді.

Филогенез — даму процесінде адам тісіснің саны мен мөлшері біркелкі қалпында қалса, жақ сүйектердің көлемі кішірейеді. Сондықтан кейбір тістерге шығатын орын болмай, ол не альвеоль, өсіндінің ішінде не сүйектің денесінде шыға алмай қалады.



  1. Тістердің уақтылы жарып шығуын тежейтін жергілікті себептер көп: сут тістер тубірдің кеш сорылуы не болмаса сүт тістердің ерте суырып тастаса, қатардағы тістер бос орынға қарай жылжығандыктан кейін шыққан тұрақты тіске орын болмай қалады. Кейде сут тіс маңындағы шырышты қабықта зақымдай қабынуы не тіс ұрығыныц жақ суйекте өте терең жатуы. Тісті кедергімен кеш жарып шығуының бір себебі болады. Жақ суйектерінің дамып өсу процестері бұзылса не суйекте ісік болса, тіс эмбриональдық дамуы бұзылып, тіс кеш шығуы не шетке қар жаруы мүмкін.

Клиникасы. Қатардан тыс жарып шыққан (дистопиялы) шыға алмай ұсталып қалған тістер ешқандай зиян келтірмесе, кездейсоқ рентгенге тускенде ғана табылады. Кейде науқастар жақ суйектің әлсіз-әлсіз сыздап ауырғанына көңіл бөлед, не астыңғы жактың тістері сыздап ауыратын болады, ерін ұйды.

Сырт көзбен қарағанда тістің кедергімен қиналып жарып келе жатқан белгілері мынадай болады: қатарда бір тістің жоқ болтаны анықталады, бұрын жұлынса бос орын болу керек не уақытында туспей қалған сут тісі турады не ол тіс қатардан тыс жарып келе жатқаны көрінеді. Кейде альвеолдық өсіндінің шырышты қабығының астынан шығып турған төмпешік байқалады. Рентген суретінде ұсталып шықпай қалған тістің бейнесі керінеді.

Біраз ғалымдардың пікірінше және біздің клиниканың бақылауы бойынша кедергімен кейінірек жарған тістер жиі қабынуға ұшырауы мумкін. Содан пульпит (тістің ұлпасының қабынуы) периодонтит (тістің дәнекер қабығыньң қабынуы) сияқты аурулар болады, не қатар турған тістің зақымдауы мумкін. Кейде ауру өршіп асқынып жедел перикоронаритке айналуы мумкін. Сол себептен ірің әрі қарай суйекті шірітеді де, маңайындағы май шелімен жұмсақ тіндеріне жайылады. Сол аурудьң салдарынан жақасты бездері шошынып лимфаденит дамиды. Қабыну процесінің даму себебінің бірі ауыз ішіндегі инфекциялардың зақымданған шырышты қабыққа еніп оны қабындыруы. Не болмаса денедегі басқа созылмалы инфекциялық аурудан қан арқылы тарап, шыға алмай жатқан ісік зардабынан болтан жараны қабындырып іріңдікке айналдырады. Кедергімен ұсталып шыға алмаған тістің зардабынан қатерсіз ісіктер — амелобластома, одонтома т. б. Ісктер өсуі мумкін.Ұсталып кедергімен жарған туралы түрлі ой бар. Егер ол тіс қатарындағы тістерге зақым келтірмесе, жақ суйекте дұрыс орын алып, залалсыз, қабындырмай шықса, онда оған тиіспейді.. Ал егер оның себебінен жарақаттар шықса, онда ол тісті суырып алып тастау керек. Егер ақыл тіс кедергімен кепппп жарып, Tic қатарындағы өз орынында дұрыс тұрса, онда ол тістің тездеп шығуына жағдай жасау керек. Ол үшін үстіндегі қызыл иек бүркегішті кесіп алып тастап, маңайының қызыл иегін тітіркендіріп функционалдық әрекеттер істеуге болады. Ақыл тіс ұсталып кедергімен жарғанда бас не жақ сыздап ауырса не шырышты қабық оның маңайындағы жұмсақ тіндер қабынып іріңдесе ондай тісті суырып алып тастап, емдеу керек. ,

Ұсталып кедергімен кейін жарған тісті жұлу едәуір қиын болады. Сондықтан бұл операцияны жасаудан бұрын eкi проекцияда рентген суретін түсіру керек. Рентген арқылы ол тістің қалай жарып келе жатқанын, қатардағы тіске қатынасын, астыңғы жақтың өзегімен байланысын анықтайды. Жоғарғы жақта иіс мұрынның ішіне не гаймор қуысына қарай шыққанын және ол суйектің ішіне не сыртына жақын жатқандығын анықтау керек; себебі операцияның ыңғайы соған байланысты болады. Ticтің жақын жатқан тұсынан шырышты қабағын сопақша не үшбұрыш не трапеция тәрізді қиықша кесірі суйектен сыдырады, содан соң сауытына сәйкес мөлшерде бормен не қашаумен альвеолды өсіндінің қыртысынан тесік жасайды. Кедергімен шыға алмай қалған іріңді мумкінддк болса қысқышпен не болмаса элеватормен суырып алады. Айтылған әдіспен суырылмаса, онда оны бормен әлде қашаумен бөліп барып элеватормен суырып алады. Содан соң тіс үгінділерін және оның майының фолликулдық дәнекерін өлеттенген грануляцияларды хирургиялық қасықпен тазартып, қуысты зарарсыздандыратын ерітіндімен жуады. Жұлынған түтіктің орнын даты қуысты ұйыған қанмен толтырып, үстінен пенициллин не сульфадимезин ұнтағын ceуiп, қиық кесіндінің орнына келтіреді де шеттерін кетгут жібімен қапсыра тиеді. Операциядан кейін қабынуға қарсы ем тағайындалады. Бұндай операцияны жергілікті жансыздандыру әдісімен жасайды.



Аурудың этиологиясы. Тістің кедергімен қиналып шығуымен қоса пайда болатын ауруларды талдап-талқылаудан бұрын ең алдымен ондай ауруларды топқа бөліп, оларға қандай термин қолдану керектігін анықтап алған жөн. Ceбебі, әртурлі авторлар тістің кедергімен қиналып жарғанын және содан болған асқынуды өз ойынша талқылайды. Бірақ клиниканың пайдасына „тістің кедергіден қиналып жаруы" деген термин мен оның „асқынуы қабынуы'‘ деген түсінікті бөліп айтқаны жөн. „Кедергімен қиналып шығу" деген термин тіс жару процесіне қарайды. Бұл термин тістің ерекше кедергіленіп қисық жаруын анықтайды, ал соның салдарынан болған қабыну зардабын — периостит, перикс ронарит деп атайды. Сондыктан аурудың диагнозын былай жазады: Астыңғы ақыл тістің кедергімен қиналып жаруы мен оның маңындағы суйек қабығының жедел қабынуы (периостит) не жақ суйеінің іріңдеп өршуі (остеомиелит) мен асқынуы.

Астыңғы ақыл тістің кедергімен қиналып шығуының себебі көп. Әртурлі авторлар өз пікірін алға шығарады. Сондықтан бұл себептерді топқа бөлген жөн.



  1. "Тістің дұрыс шығуына кедергі болатын себептің бipi ол жақ суйектің анатомо-топографиялық ерекшелігі.

  2. Шығатын тістің маңындағы қызылиек етінің ерекшелігі.

  3. Шығып келе жатқан ақыл тістің өзіне байланысты себептері.

Ақыл тістің кедергімен кешігіп жаруынан болған аурулардың асқынуы.

Көптеген ғалымдардың пікірі бойынша ақыл тістің дамуы басқа тістерден ерекше болады. Және ол өте қолайсыз жағдайда шығады, оған ұяшық дайындайтын алдынан ізашар сут тісі жоқ және ол тіс қатарында ең шеткі. Астыңғы жақ суйектің ішінен де сыртынан да өтетін қиғаш сызығы суйекті қалыңдатып, 8-шi тістерге арналған ұяшықтарды тарылтып сол тістердің жарып шығуына кедергі келтіреді.

Ақыл тістер 18—25 жас шамасында астыңғы жақ толы қалыптасқан, кальцийленіп қатайған кезде кедергіден кеміріп жарып шығуға мәжбүр болады. Кейде ақыл тіске орын аз не мулде жоқ болғандыкдан ол қатардан шет шығады не суйектен мулде шықпай қалуы мумкін. Астыңғы жақ суйегінде ақыл тіске орын болмауы филогенезде адамның эволюциялық дамуына қара жақсуйектің кішіреюінен болады.

Бірақ, филогенездік даму процесінде тістің жалпы саны азаймаған. Кейде астыңғы жақтың даму бұзылыстарына байланысты болады. Оның себебі гормондық ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуы, витаминдердің жетіспеуі, бала кезінде жақсуйек іріңдеп шіріп немесе инфекциялық аурумен ауырса не тістің ұрықтанып жетілу шарты бұзылса және т. б. себептер болуы мумкін.

Альвеолдық тексергенде 8-ші тіске орынның жеткіліксіздігінен ақыл тіс астыңғы жақтың альвеолдық өсіндінің ішкі жағына не сыртына, кейде тіс астына қарай шығуы мүмкін. Ақыл тіс тек бұағының түбіне қарай жарса, онда үстінен төнген суйек қалқанынан шыға алмай ұсталып қалуы да мумкін. Ақыл дұрыс жарып шығу үшін оның маңындағы қызыл иек пен шырышты қабыққа зор маңыз беру керек. 7-ші тістер артының қызылиекпен шырышты қабығы өте қалың болады. Ол шайнағанда тамақпен не қарама-қарсытіспен зақымданып тыртықтанып қатаяды. Сондықтан ақыл тіс жарғанда ол сорылмайды да шығуына бөгет болады. Кейде ақыл тістің үстінен тік журген (жазық емес) жақ-қанатша қатпары бөгет жасайды. Оны кейін алса да тістің шығуын бөгейді. Жоғарыда аталған кедергілермен қоса, кейде ақыл тістің кедергімен шығу себебі оның өте үлкен, ірі болуынан болады.

Клиникада өте жиі кездесетін жағдайдың бірі — ақыл тістің қисық орналасуы. Ақыл тістің ұрықтану нүктесінің астыңғы жақтың тэждДк бутағына қарай жайғасуынан оған орын болмауы мумкін.

Адам өскен сайын тістің ұрығы да дамып болашақ ұяшығына қарай жайлап жылжиды. Бірақ, кейде сәті болмайды. Ақыл тіс әдеттегі иек қалпынан ауытқып кетсе, онда шығуының түрі бірнеше сапқа бөлінеді:

а) ақыл тістің көлденең жатуы;

б) қисық орналасуы медиальды, дистальды, ұрттық және тістің қисаюлары болады. Әрине, дұрыс орын алмаған кешігіп қинала шығады кейде мүлде шыкпай қалады. Астыңғы ақыл тістің кедергімен ұсталып қиналып шығуы тек жоғарыда аталған жағдайлармен байланысты болмайды. Ақыл тіске орын жеткілікті болып, тік турса да қиналып кешігіп жарғаны байқалады, бірақ, себебі белгісіз. Сондықтан П. П. Львовтың (1929), Д. Е. Танфильевтің (1952) түрлерімен келуге тура келеді. Олардың айтуынша астыңғы ақыл тістің кедергімен қиналып шығу ceбeбi іш не сырт факторларымен байланысты болуы мумкін. Кунделікті жұмыс бабына байланысты ақыл тістің кедергімен жаруынан болтан әр турлі қабыну, асқынған ауруларды кездестіреді. Ондай ауруды дұрыстап зерттеу ушін Е. А. Магид пен В. М. Штейнберг мынадай топқа бөледі:

I.Тістің жұмсақ жабын тіндерінің қабынуынан болтан;

1. Жедел перикоронарит:

а) қанталап қызаруы;

б) іріңдеу түpi;

в) іріңді- жаралы түpi.



  1. Созылмалы перикоронарит.

II. Астыңғы жақтың кемж нндерғац ауыр қабыну процестері:

1) жедел іріңді периостит;

2) шырышты қабықтың іріңдеуі (абсцесс) мен тіндерінің іріңнен өлеттенуі (флегмона);

3) Ауыздыц шырышты қабығының ірің жарасы (стоматит).



  1. Астыңғы жақтың ауыр қабыну процесі

  1. Одонтогенді остеомиелит:

а) жедел;

б) созылмалы;



  1. Парадентарлы іріңді (Tic маңындағы).

  1. Басқа асқынба аурулар (қатар жатқан тістің, зақымдануы, нервтің қабынуы, нервтің салданып жансыздануы т. б.).

Бұл топқа актиномикоз, одонтогецад гранулема, иістен болтан жара т. б. аурулар кірмеген. Ондай науқастар сирек кездесетіндіктен оларды екінші не төртінші топқа кіргізуге болады.

Асқынулардыц патогенезі. Асқынудың пайда болуына бірден-бір себеп — жарып келе жатқан тістің шайнау бетінш жауып тұратын (шырышты-суйек сыртқы қабықтарынан тұратын) жабынды. Оны ақыл тістің шайнау бетіндегі бір бұдыры жарып шығады да, оның астында қалта пайда болады. Осы қалтада тамақ, шырыш, тіндердің екі клеткалары жиналып, микробтардың өсіп- енуіне жағдай жасайды.

Жабындының үстінен беті жоғарғы жақ сүйгіндегі ақыл тістен зақымданып қабыну процесі дамиды. Аурудың бұл кезеңінде инфекциялы қабыну процесі ақыл тістің сауытын қоршаған және жауып тұрған жұмсақ тіндермен шектелетіндіктен, оны перикоронарит деп атайды.

Егер жақ сүйегінде сегізінші тістің жарып шығуына орын жеткілікті болса немесе дер кезінде дәрігерлік көмек көрсетсе, бұл тic толық жарып шығады да, қабыну процесі тоқтайды. Егер тістің жарып шығуына жағдай болмаса, жедел перикоронарит созылмалы туріне өтеді де қабыну процесі қоршаған жұмсақ тіндер мен сүйекке жайылады. Ceгізінші тістің орналасуындағы топографиялық-анатомиялық ерекшеліктерге байланысты, қабыну процесі кез келген бағытға таралуы мүмкін.

Төменгі үшінші азу тістің кедергіленіп жаруынан пайда болатын асқынулардың клиникасы. Перикоронарит — жедел және созылмалы болып бөлінеді. А. Т. Руденко (1961) перикоронариттің рецидивті түрін бөлуге ұсынады. Перикоронарит — төменгі ақыл тістің кешігіп жаруында жиі және көбнесе бірінші (75% дейін) кездесетін асқыну турі. Ол екінші азу тістің артында ауыру сезімінің пайда болуымен білінеді.

Алғашында ақыл тістің үстіндегі шырышты қабық ептеп, қан кернеп қызарып, домбығады. Егер зондпен ептеп байқап көрсе жарып шығып келе жатқан тістің сауытын байқауға болады. Жабынды қолмен басқанда, жутынғанда және аузын ашқанда ауыру ceзімі болып, ол кушейеді. Жақасты лимфа туйіндері үлкейіп, ауырсына бастайды. Науқастың дене қызуы көтеріліп, басы ауырады, тәбеті нашарлайды.

Еғер Tic жартылай жарып шықса, онда оның қалған бөлігін жауып тұрған жабынды зақымданып жарақаттанады да, экссудаттың шығуы нашарлайды. Ол қабыну процесінің үдеуіне әкеп соғады. Ол жақ жанындағы жұмсақ тіндерде коллатеральды домбығудың пайда болуымен және жақ бұлшықеттерінің қарысуымен сипатталды. Жабынды астынан ірің шығады. Оның шырышты қабығы жараға айналады. Жедел перикоронаритті ката- ральды, іріңі. Жаралы түрлеріне бөлу шартты болып есептеледі. Қабыну белгілерінің көрінісі мен аурудың жалпы жағдайына қарай перикоронариттң жеңіл, орташа, ауыр формаларына бөледі. Қабыну күшейген сайын қанатша жақ бүрмесі, алдыңғы таңдай доғасы, жұтқыншақ қан кернеп қызарып, домбығады. Жұтынғанда ауыру сезімі күшейіп, құлаққа, самайға тарайды. Бұл „дентарлық ангина" көрінісі деп аталады. Сондықтан науқастар қулақ, тамақ және мұрын ауруларын тексеретін дәргерге көрінуі мүмкін.

өтынғанда пайда болатын ауру сезімі күрделі емес. Сегізінші азу тістің сауытын жауып туратын шырышты қабық таңдайдың алдыңғы доғасына өте жақын. Ал шырышты қабық астындағы клетчатка, жұтқыншақтың бүйір бөлігіндегі клетчаткамен тікелей байланысты. Сондықтан төменгі үшінші азу тістен пайда болған қабыну процесі жұмсақ таңдайға, бадамша безге, жұтқыншақтың қабырғасына жайылады. Шайнау бұлшықеттерінің қарысуы сезімтал және қозғалтқыш нервтердің қабынуына және қабыну процесінің тікелей еттердің астына жайылуына байланысты.

Созылмалы перикоронариттің диагностикасы — анамнез бен клиникалық белгілерінен құралады.

Көбнесе науқастарда ешқандай шағым болмайды. Тісін жауып тұрған жапқыш аздап, домбыққан, оның астынан бipaз сарысулы іріңді зат шығады. Yнемі домбығудың жарақаттанудың әсерінен жапқыш тыртықтанады. Ол тістің жару процесін одан сайын те- жейді. Сегізінші тістің сауыты мен дистальды бетіне жақын орналасқан суйектің арасында патологиялық қалта пайда болады да, ол грануляциялық тінмен толады.

Рентген суретінде бұл қалта „жарты ай" тәрізді суйектің ыдырауымен байқалады.

Суйек — грануляциялық тіннің әсерінен сорылып бұзылады. Оны ретромолярлы остит (ақыл тіс артындағы суйек қабынуы) деп атайды. Оның орнында уақыт өткеннен кейін парадентарлы киста ( тіс маңындағы қалта) пайда болады. Ол да рентген суретімен анықталады. Ретромолярлы остит пен парадентарлы киста созылмалы перикоронариттің жиі қозуының себепшісі болуы мүмкін. Созылмалы перикоронарит — созылмалы жақасты лимфаденитке әкеп соғады.

Сонымен бірге созылмалы перикоронарит, одонтоген жылжымалы теріасты ганулемасының пайда болуына себеші болуы мүмкін. Жапқыш астындағы грануляция ұрт аймағындағы теріасты клетчаткасына енеді де, қабыну процесінің туындауына себепші болады. Іріңді зат жиналысымен тері қабаты жұқарып, көкшіл тартады. Бұл жерде мезгіл-мезгіл жыланкөз пайда болып тұрады.

Үшінші азу тістің кедергіленіп жаруынан жедел іріңді периостит дамиды (10—12% дейін). Егер жедел перикоронаритте жапқыш астындағы экссудаттың шығуы қиындаса ол жақ суйектің вестибулярлық қабығы астына қиғаш сызықтыц бойымен жылжып туседі де, жетінші, алтыншы азу тістердің немесе кіші азу тістердің (премолярдың) тұсында іріңді қабыну тудырады.

Ол іріңдері тінін ашпаса, орнында жыланкөз пайда болады. Егер үлкен азу тістердің біреуі бұрын емделген болса, ол қабынуға себепші болған тіс деп қате жұлынуы мүмкін. Содан соң жыланкөз жұлынған тістің ұясына ауысады. Ол өз алдына тіс ұяшығының созылмалы остеомиелиттің көрінісін білдіреді де, жасалған ем еш нәтиже бермеуі мүмкін. Сондықтан төменгі жақ сүйектің жедел іріңді периоститі деген диагнозды қоярда, созылмалы перикорона эиттщ жоқ екеніне көз жеткізу керек. Ақыл тістің кедергіленіп жаруы кезінде пайда болатын одонтогенді төменгі жақ сүйек осгемиелий көбнесе жақтың бұрышы мен бұтағына жайылады.

А. И. Евдокимов, Ғ. А. Васильев (1959 ж), Ғ. И. Семенченко (1961 ж) остеомиелиттің себепшкл ретінде екінші орында, үшінші- төменгі азу тісін кедерліленіп жаруы тұрады деп есептеген. Инфекция маргинальды (қызылиек жиегі) жолмен тарайды Остеомиелит сау тістің маңында пайда болатындықтан, клиникалық көргенде ерекшелік болады.

Процесс көбнесе шектелген, созылмалы формасына тез өтеді; Венсан симптомы кездеспейді немесе өте кеш пайда болады Мұндай остеомиелиттің көрінісі — наукас организмінің жалпы жағдайына, әсерлесу дәрежесіне байланысты.

Үшінші азу тістің кешігп жаруы абсцесс және флегмоналармен де асқынады. Олар өз бетінше немесе остеомиелиттің асқынуымен пайда болады. Мұндай абсцесс, флегмоналардың клиникалық көрінісі басқа себептерден туған абсцесс, флегмоналар мен бірге болады.

Ауыз қуысының жаралы уылуы (стоматит) — созылмалы перикоронариттің асқынуы болып есептеледі. Ол қайталанып туратын және ауырған тіс жағындағы шырышты қабықты қамтитын ауру. Бұл ауыру созылмалы периодонтитте ауыз қуысында биологиялық тепе-теңдік бұзылып тісдердің резистентігі төмендейді де, организмде сенсибилизация пайда болуымен сипатталады.

Үшінші азу тіс — медиальды қисая немесе көлбеу орналасса, онда оның көрініспен жанасқан бетінде тіс жегі (кариес) пайда болып, уақыт өте ол пульпитпен, периодонтитпен асқынады.

Оның дурыс диагнозы тек рентген суретінің негізінде қойылады. Егер диагноз дұрыс қойылмаса, науқастар ұзақ уақыт бойы үшкіл нервтің невралогиясынан емделуі мүмкін.

Төменгі үшінші азу тістің кешігіп жаруынан пайда болатын асқынуларды емдеу практикалык дәрігерлер үшін күрделі мәселе болып отыр. Өйткені оларды емдеудің көптеген тәсілдері ұсынылған және олар бір-біріне қарама-қайшы келеді.

Мысалы: жарып шығып келе жатқан тісті жұлудың орнына, оныц жапқынынкесіп ашады немесе алып тастайды. Кейбір жағдайда үшінші тістің жарып шығуы үшін, екінші үлкен азу тісті немесе жоғарғы үшінші азу тісті жұлу ұсынылады.

Сонымен қатар кейбір авторлар, тісті тек жедел қабыну белгілері басылғаннан кейін ғана жұлу керек деп есептейді.

5 см бұл тіспен жақ суйегі бұтағының алдьңғы қырына дейінгі ара қашықтық. Бұл кезде тіс жарып шыға алады және үстіндегі шырышты қабық кедергі болмайды. Егер тіс үстіндегі шырышты қабық қалыңдаса, онда тіс артындағы және жапқышты кесу ешқандай нәтиже бермейді. Мұндай жағдайда тісті жұлу қажет.

Ticтi сақтап қалу мүмкіншілік болса, жедел перикоронаритті, консервативті және хирургиялық жолмен емдеу қажет.

Егер тістің шайнау бетінің көп белт жарып шықса, онда жапқыш астындағы кеңістікте бірнеше қайталап жуу, тістесуде (прикус) ажырату, қабыну процесінің басылуына және тістің жаруына мүмкіндік тудырады. Егер шайнау бетінің көп бөлігі жапқыш астында қалса, онда оны түгел кесңп алып тастау қажет. Ол үшін қандауыр немесе кішкене қайшы қажет. Жапқышты кесерде „москит" тәрізді қысқашпен ұстап тұру керек. Операция инфильтрациялық жансыздандыру әдісімен жасалады.

Егер бұлшықеттер қарысуы болса, оны Берше тәсілімен жансыздандыру арқылы босаңсытады.

Дәрі-дәрмекпен емдеу әр адамның организміне байланысты жүргізді. Көрсетілген жағдайда ауыру сезімін басып қабынуға қарсы, сенсибилизацияны жоятын, домбығуға қарсы дәрі- дәрмектер және физиотерапия тағайындалады. Егер науқастың жағдайы қанағаттанарлық ал қабыну процесі шамалы болса, онда дәрілер тағайындаудың қажет болмайды. Жапқышты тіліп қана қою оның астындағы экссудатты шығару үшін қолданылатын уақытша шара. Мұны рентген суретін жасап, жарып келе жатқан тістің тағдырын толық шешкенге дейін жүргізуге болады. Бұл операция қабынуға қарсы ем тағайындаумен толықтырылуы тиіс.

Кедергіленіп жарып келе жатқан төменгі ақыл тісті жұлатын жағдайлар.


  1. Қалыпты жағдайдан ауытқыған кез келген тіс жұлынуы тиіс.

  2. Альвеолдық өсіндіде жарып келе жатқан тіске орын жетіспесе ол да жұлынады.

  3. Егер де тіс, жақ суйегінде тік орналасса, бірақ, оның үстінен қанатша-жақ бүрмеленіп тұрса ол тіс жұлынуы тиіс. Өйткені бүркетшті кесіп алып тастағанмен, қанатша-жақ бүрмесі жарып шыққан тістен зақымданып жаралар, тыртықтар, қабыну процестері пайда болуы мүмкін.

  4. Созылмалы қайта қайталанған перикоронаритте тіс жұлынуы тиіс.

5. Егер де қабыну процесі жапқыштың шетінен шығып ұлғайып кетсе (жедел ірің периостит, остеомиелит, флегмона және т. б.), Tic жанындағы сүйекте патологиялық процесс пайда болса (пародентарлы киста, ретромолярлы остеомиелит және т. б.) және консервативті емге тіс көнбесе оны жулу қажет.

Ticті жұлуға науқастың жалпы жағдайы қарама-қайшылық келтірмесе, онда тісті неғұрлым ерте жұлу науқастың жазылуын жеделдетеді және жұмысқа жарамсыздық уақытын қысқартады.

Сегізінші азу тic жарып шығу үшін, cay жетінші тісті жұлу пайдалы емес, өйткені 8-шi тістің жарып шығуына анатомиялық-топографиялық жағдай кедергі болады.

Үшінші азу тіс, жұлынған тістің ұясына жылжымайды, керісінше медиальды (бepi) қисайып, функциональдық бағалығы болмайды. Жетінші азу тісті, тек оның түбірінде, сегізінші тістің көлбеу орналасуынан тіс жегі пайда болса, оны емдеу мүмккіншілік болмаса ғана жұлу қажет. Егер сегізінші азу тіс альвеоларлық өсіндіде өте терең, көлбеу орналасса, оны атипиялық тәсілмен жұлғаннан соң, жетінші тістің дистальды түбірі жалаңаштанып әр турлі тітінкендіргіштерге сезімтал келеді. Осыдан өте терең сүйек қалтасы пайда болады. Осындай жағдайда сирек бірінші 7-ші азу тісті жұлып, содан соң көлбеу орналаскан 8-ші тісті жұлған жөн.




Шала жарған төменгі ақыл тісті жұлу операциясының техникасы.
Созылмалы интерстициальды паротит.
Жаңа тақырыпты бекіту.
Бет және мұрын сүйектерінің сынықтары
Күйіктік шок.

: wp-content -> uploads -> 2014
2014 -> Домашнее задание к теме
2014 -> Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы 2013 жылғы 21 қаңтар №23-ө-м Астана қаласы
2014 -> Антипирин Антипирин
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы КӘсіптік қазақ тілі пәні бойынша әдістемелік нұСҚау мамандығы: Стоматология Курс: 4 Семестрі: VІІ
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Төтенше жағдай ошағындағы хирургиялық профильдің емдеу әсері және диагностиканың ерекшелігі


  1   2   3   4   5   6   7   8   9


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет