Сабақ №: Тақырып: Харди-Вайнберг заңы ІІ. Сабақтың мақсаты



Дата02.07.2017
өлшемі109.75 Kb.
түріСабақ
Пән биология сынып 11 Күні 2.12

сабақ №:

Тақырып: Харди-Вайнберг заңы

ІІ.Сабақтың мақсаты: 
а)білімділігі: Оқушыларға Харди-Вайнберг формуласын пайдаланып, есептер шығарту. 
б) тәрбиелігі: Оқушыларды өз бетінше жұмыс істеуге тәрбиелеу. 
в)дамытушылығы: Оқушылардың ізденімпаздығын, ойлау қабілетін әр түрлі есептер шығарта отырып, дамыту. 
ІІІ .Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту. 
ІҮ .Оқыту әдісі: сөздік 
Ү. Сабақтың түрі: төрттік сабақ 
ҮІ. Көрнекілігі: компьютер,тест тапсырмалары. 
Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Бөлінген уақыт

Мұғалімнің іс - әрекеттері

Оқушылардың

іс - әрекеттері

І. Амандасу, қызығушылықтарын ояту




Оқушылармен сәлемдесу, сабаққа қатысуларын тексеру. Оқушылардың сабаққа дайындықтарын тексеру, ынта назарларын ұйымдастыру. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын және жоспарын хабарлау.

Оқушыларың сәлемдесу. Топ басшысының топтың сабаққа қатысуы туралы ақпарат беруі.


ІІ. Үй жұмысын тексеру.




Карточкамен жұмыс

1. Мутация дегеніміз не? Мутацияның түрлері қандай? 
2. Гендік мутация дегеніміз не? Оның қандай түрлері бар? 
3. Цитоплазмалық мутация дегеніміз не? 
4. Хромосомалық мутация дегеніміз не? 
5.Вавиловтың гомологтық қатарлар заңы туралы. 

III. Жаңа тақырыпты түсіндіру




Систематиктердің есебі бойынша, жануарлардың 
2 миллиондай,ал өсімдіктердің 500 мыңдай түрі белгілі. 
Популяция дегеніміз- тіршілік ортасы және оған бейімделу қабілеті де бірдей,бірімен-бірі будандасып ұрпақ бере алатын дараларды айтады. Популяцияның генетикалық құрылымын дат генетигі В.Иогансен зерттеді.1903жылыПопуляциядағы және таза линиялардағы тұқым қуалаудеген еңбегі жарық көрді. Бұл ілімді орыс генетигі С.С.Четвериков әрі қарай жалғастырып,дамытты. 
1908жылы ағылшын математигі Г.Харди мен неміс дәрігері В.Вайнберг популяциядағы генотип пен фенотиптің таралу жиілігін анықтайтын формула ұсынды. 
Ол кейіннен Харди-Вайнберг заңы деп аталды.Бұл формула бойынша гетерозиготалы организмдегі доминантты А аллелінің мөлшері Р деп,ал рецессивті а-ның мөлшері q деп белгіленеді. 


 
 
РА 
qа 
РА 
Р2АА 

РqАа 
q а Р qАа q2аа 

РА+ qа=1 (1) Осы формуланың екі бөлігін квадраттасақ: 
(РА+ qа) 2 =1; енді жақшаны алгебралық жолмен ашатын болсақ, генотиптердің жиілігін анықтайтын формула аламыз: 
Р2АА+ 2Р qАа+ q2аа=1 (2) 
Мұны жинақтағанда Харди-Вайнберг формуласы шығады: 
Р2АА+ 2Р qАа+ q2аа 

Табиғи сұрыпталу 

қозғаушы сұрыптау тұрақтандырушы сұрыптау 

Есеп: Бір қаланың перзетханасында 10жыл ішінде өмірге келген 84 мың баланың 210-ында рецессивті белгі ауру бар делік.Оның генетипі аа болады. Харди-Вайнберг заңы осы мәліметтерді пайдаланып,қалада тұратын адамдар популяция генетикалық талдау жасауға көмектеседі. Популяцияда генотипі аа ауру 
баланың саны 210. Ол q2- қа тең. 
q =210:84 000=0,0025 
q= q 2= 0.0025=0,05 
РА+ qа=1 РА=1- qа. РА=1-0,05=0.95 
АА= Р2 =0.952 =0,9025; Аа=2рq=2 0,95 0,05 =0,095 
аа=2q2=0,0025 



V. Сергіту сәті.




Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.

  • Қолды қысу

  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

  • Көзіңмен ақырын оң жаққа, жоғары, солға, төмен қарай 3-4 рет айналым жаса

Жаттығуды

орындарында отырып орындау.



VI. Бекіту.





Карточкамен жұмыс

Тест жұмысы берілді: 
1. Хромосома санының өзгеруіне байланысты болатын мутация. 
а) геномды б) хромосомалық в) гендік 
2. Ағзадағы ДНК-ң мөлшері мен құрылымының өзгеруі: 
а)модификация б) мутация в) комбинативтік 
3. Хромосоманың бір бөлігінің үзіліп түсуі: 
а) делиция б) инверсия в) дупликация 
4. Тұқым қуаламайтын өзгергіштік 
а) модификация б) мутация в) комбинативтік 
5. Мутацияны ғылымға енгізген ғалым: 
а) Г.Де-Фриз. б) Г.Мендель. в) Н.И.Вавилов. 
6. Хромосоманың үзілген бөліктерінің бірінің орнына бірі ауысып келуі: 
а) дупликация б) транслокация в) инверсия 
7. Гендердің молекулалық құрылымының өзгеруі: 
а) гендік б) геномды в) цитоплазмалық 
8. Плазмогендердің өзгеруі нәтижесінде ағза белгілерінің өзгеруі: 
а) гендік б) геномды в)цитоплазмалық 
9. Гамологтық қатарлар заңын ашқан ғалым: 
а) Г.Де-Фриз. б) Г.Мендель в) Н.И.Вавилов 
10. Хромосома санының үш еселенуі: 
а) пентаплоидті б) тетраплоидті в) триплоидті 



VIІ. Рефлексия




c:\users\сабина-пк\desktop\скачанные файлы.jpg

c:\users\сабина-пк\desktop\скачанные файлы.jpg

VIII.Оқушыларды бағалау.




Оқушыларды сабақта орындаған жұмыстарына қарай бағалаймын.

Күнделіктеріне баға қойдырады.

ІХ.Үй жұмысы.







Үй жұмысын күнделіктеріне жазып алады.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Жеке оқушымен жұмыс дәптері
attachment -> Сыныбы: 8-сынып Тақырыбы: Қалқанша бездің құрылысы мен қызметі Мақсаты
attachment -> 1. Ішкі секреция бездерінен бөлінетін сұйықтық Гормондар
attachment -> Тақырыбы: Зиянды әдеттен сақтан Мақсаты: а білімділігі
attachment -> Сабақтың тақырыбы: Ас қорыту жүйесі
attachment -> 14 орта мектеп биология пәні мұғалімі Жолдасбаева Зауре Конакбаевна Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу. Сабақтың мақсаты
attachment -> Кездесуі қолданылуы
attachment -> Республикалық «Инновациялық педогогикалық идеялар фестивалі» конкурсының аудандық кезеңіне сұраныс


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет