Сабақ : қазақ тілі Мектеп: Т. Рысқұлов атындағы №48 орта мектеп Күні: 20. 11. 2017



Дата26.10.2018
өлшемі81.79 Kb.
түріСабақ

Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

Көшбаева Мая Қабылтайқызы



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Сүйіспеншілік пен достық



Сабақ: қазақ тілі


Мектеп: Т.Рысқұлов атындағы №48 орта мектеп

Күні: 20. 11. 2017


Мұғалімнің аты-жөні: Көшбаева М.Қ.

Сынып: 7

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Сүйіспеншілік – жаны ашу, аяушылық

Оқу мақсаттары


7.О5.Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастыру.

7.ӘТН4.Еліктеу сөздердің стильдік мәнін түсініп қолдану






Барлық оқушылар орындай алады:

Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады.

Еліктеу сөздердің стильдік мәнін түсініп қолданады


Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Мәтін бойынша проблемалық сұрақтарға жауап береді, мәтіннен еліктеуіш сөздерді табады.



Кейбір оқушылар орындай алады:

Проблемалық сұрақтарға ұтымды жауап береді.Мәтін бойынша проблемалық сұрақтар құрастырады. Еліктеу сөздердің стильдік мәнін түсініп қолданады



Бағалау критерийлері


Мәтін бойынша проблемалық сұрақтарды анықтайды.

Проблемалық сұрақтар қарастырады



Еліктеу сөздердің өзіндік ерекшеліктерін біледі.Мәтінде еліктеу сөздерді орынды қолданады

Тілдік мақсат


Пәнге қатысты терминдер

Сүйіспеншілік, жаны ашу, аяушылық



Диалог құруға / шығарма жазуға арналған тіркестер

Жаны ашу, аяушылық білдіру



Талқылауға арналған сұрақтар

- Жаны ашу,аяушылық дегенді қалай түсінесіңдер?

-Мейірімді болу үшін адамға қандай қасиеттер қажет?



Құндылықтарға баулу


Сүйіспеншілікке, адамгершілікке, мейірімді бола білуге, жанашырлыққа баулу

Пәнаралық байланыс

Өзін- өзі тану

Алдыңғы оқу

Сүйіспеншіліктің,сағыныштың не екенін біледі

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басы


Ұйымдастыру

Оқушылармен сәлемдесу

Психологиялық ахуал орнату

Топқа бөлу. «Хаттар легі» әдісі бойынша топқа бөлінеді. «Сүйіспеншілік», «Достық», «Мейірімділік», «Аяушылық» тақырыптарына қарай топқа бөлінеді.

Ой шақыру. Суреттер арқылы жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

достық туралы ойлар картинки по запросу екі досhttp://artpsy.kz/wp-content/uploads/2015/12/dos-bolaiyk-690x336.jpg https://i0.wp.com/crossfitinvasion.com/wp-content/uploads/2013/08/generosity.jpghttp://ped-kopilka.ru/upload/blogs2/2016/4/6818_9880dc1ff47ca4a743a6cc39a8b28671.jpg.jpg

АКТ

«Хаттар легі»

Ой шақыру



Ортасы

Соңы



Рефлексия



1-тапсырма. Оқылым.Мәтінді интонациямен рөлге бөліп оқиды.

Сүйіспеншілік - жаны ашу, аяушылық

Саудагер айналаны бақылап тұрған. Осы сәтте дүкенге шашы желп –желп еткен сүйкімді бүлдіршін кіріп келіп, сөредегі заттарға көз жүгіртті. Тастары жалт-жұлт еткен алқаларды көргенде көздері жайнай түсті. Сәлден соң қолын созып, көгілдір ақықтан жасалған алқаны нұсқады.

- Мұны әпкеме сыйлағым келеді. Саудагер көзі жәудіреген бүлдіршіннің ақшасы бар екеніне күмән танытып: - Сенің қанша ақшаң бар? – деп сұрады. Бүлдіршін қалтасынан бірнеше тиындарды сылдырлатып үстелдің үстіне қойды. - Бұл жете ме? – деп сұрады. Бүлдіршін ұсынған ақша алқаның қорабына да жетпейтін еді. - Білесіз бе, мен сүйікті әпкеме сыйлық жасағым келеді. Ол анамыз қайтыс болғалы бізді бағып келеді және өзіне мүлдем назар аудармайды. Бүгін оның туған күні еді. Саудагер бүлдіршіннің мына сөздерін естіп, жүрегі дір етіп, елжірей түсті.

Алқаны жылтыр қаптамаға салып, сыртын лентамен байлады.

- Ала ғой, құлыным! Жолда абайлап жүр,жоғалтып алма, - деп алқаны ұсынды. Қуаныштан жүрегі лүп-лүп еткен бүлдіршін сыйлықты ала салысымен үйіне бет алды. Күн кешкіріп қалғанда дүкенге жас бойжеткен кіріп келді. - Бұл алқа осы жерден сатып алынды ма?- деп асыл бұйымды үстелге қойды да, бағасын сұрады

- Мен кез-келген бұйымымды келісімді бағамен сатамын.

- Мына алқа таза ақықтан жасалған емес пе? Оның бағасы да қымбат болу керек. Мұны қалтамыз көтермейді, - деп бойжеткен шыр-пыр болды. Саудагер қызға жалт қарады да, моншақты қайта ұсынды.

- Ол ең қымбат бағаны төледі. Қолында бардың барлығын берді. Ал мұны мына заманда ересек адамдар да жасай алмас еді...

Дүкеннің ішінде үнсіздік орнап, екі көзден мөлтілдеп жас ағылды.

Дескриптор:

- мәтінді рөлге бөліп оқиды.

-пікірлерін білдіреді

2-тапсырма.Жазылым.Топтық жұмыс. Оқылым мәтініндегі көтерілген мәселелер бойынша проблемалық сұрақтар құрастырыңыз.

«FILA» кестесі


Facts (мәтіндегі фактілер)

Ideas (мәтіннің идеясы)

Learning issues (3 проблемалық сұрақ)

Action plan (сұраққа жауап)












Дескриптор:

- мәтіннен көтерілген мәселені анықтайды;

-проблемалық сұрақтар құрастырады



3-тапсырма. ӘТН.Еліктеу сөздер туралы түсінік. Оқылым мәтініндегі еліктеу сөздерді тауып, мағынасына қарай ажыратыңыз. Еліктеу сөздерді қатыстырып сөйлем құраңыз.

Мөлтілдеп, шыр- пыр, лүпілдеп, жылтыр, сылдырлатып, дір, жалт –жұлт,желп –желп, жәудіреген, жалт



Еліктеуіш сөздер Бейнелеуіш сөздер

Дескриптор:

-еліктеу сөздерді табады

-еліктеу сөздерді қатыстырып сөйлемдер құрайды

4-тапсырма. Шығармашылық тапсырма.Ғаламтор, газет- журналдарды пайдаланып, сүйіспеншілік және мейірімділік туралы нақыл сөздерді тауып, жазу керек.

I топ. Сүйіспеншілік - мейірімділік

II топ. Сүйіспеншілік - махаббат

III топ. Сүйіспеншілік – достық

IV топ.Сүйіспеншілік – аяушылық

5-тапсырма. Жұмбақ. Жұмбақ шешуін тауып, еліктеу сөздерді мағынасына қарай табыңыз.

1.Қалқиған ұзын құлағы,

Елеңдеп қорқып тұрады. (қоян)

2.Тарпаң-тарпаң тарбиған,

Түрі жаман жарбиған.(тасбақа)

3. Көк көйлекті жеңешем,

Көлбең-көлбең етеді.

Желмен ұшып кетеді,

Жер түбіне жетеді. (түтін)

4.Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен. (су)

7. Тырылдап көкте инелік,

Инелік емес, үй делік. (вертолет)

Қорытынды. «Керемет аяушылық» бейнебаяны көрсетіліп, сабақ қорытындыланады.

Үйге тапсырма: Төмендегі ойды жалғап, 3-4 сөйлеммен қорытындылаңдар.

Мен үшін сүйіспеншілік...

Бағалау

Мадақтау сөз: «Жарайсың!», «Бәрекелді!»



«Бағдаршам» тәсілі


c:\users\пк\desktop\image01.png


Бүгін не үйрендің?

Ол сенің өміріңе қаншалықты

қажет?

(оқушылар осы сұрақтар төңірегінде бір сөйлеммен жауап береді)


 https://massaget.kz/layfstayl/debiet/tmsil/24836/

Интербелсенді тақта, слайд

« FILA» кестесі

АКТ-мен жұмыс

Бейнебаян.

https. youtu.be/8FTXP7nts.



Өте жақсы!

Жақсы!

Төмен



Қосымша мәлімет

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз ?

АКТ-мен байланыс

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті?









Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет