С. И. Пискун Мектеп директоры м а. Ә. Е. Тасболатова “» 2014ж “» 2014ж «Федоров ауданы әкімдігінің «№2 орта мектебі»



жүктеу 96.46 Kb.
Дата17.06.2017
өлшемі96.46 Kb.
«Келісемін» «Қаралды»

Федоров ауданы әкімдігінің АӘК меңгерушісі Педкеңесте №

С.И.Пискун Мектеп директоры м.а. Ә.Е.Тасболатова

________ _______ “___» ______2014ж “___» ______2014ж

«Федоров ауданы әкімдігінің «№2 орта мектебі»

Жаратылыстану-математикалық бағытындағы

11 сыныбына арналған қолданбалы курстың



Күнтізбелік жоспары


Тақырыбы :    «Тіршілік химиясы»

Бағдарлама жасаушы:  Оспанова С.К.

химия пәнінің мұғалімі

.

2013-2014 оқу жылы

Түсінік хат

Бұл бағдарлама 11 - сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін және химия пәні бойынша білім, біліктіліктерін есекере отырып химия пәнін қосымша оқытуға арналған. Бағдарлама негізінде химиялық элементтердің тіршіліктегі орны туралы айтылмақшы. «Тіршілік химиясы» 11-сыныпқа арналған арнайы курс бағдарламасы, барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат.

Бағдарламада химияны биологияға қолданудың маңызды нәтижелерін айқындап, тіршілік химиясы саласындағы көңіл аударарлық қандай болашағының бар екендігін көрсетеді.

Биологиялық актив молекулаларының біршама күрделі формулалары материалды баяндаудың алғашқы қадамдарына қиындық келтірмеу үшін курста жай қосылыстар мен микроэлементтер әрекетінің химизмін мұқият қарастырмай-ақ, олардың рөліне шолу жасалды. Оқушылар органикалық қышқылдардың, көмірсулар, ақуыздар және полинуклеин қышқылдар туралы мәліметтер алып олардың структуралық құрылымына шолу жасайды.

Қазіргі заманғы биохимия бірсыпыра шектес ғылымдарға, соның ішінде медицинаға, барған сайын ықпалын күшейте түсуде. Сондықтан, курс бағдарламасында дәрумендер әрекетінің механизміне, антителдер мәселесіне, химиотерапия міндеттеріне назар аударылды. Соңғы тарауларда фотосинтез процестері сипатталып, тіршіліктің Жерде пайда болу процестерінің химиялық жағы қазіргі кездегі көзқарас қарастырылды.



Курстың принциптері мен міндеттері
Курс негізіндегі принциптер:

-«Химия мен биологияның бір тұтастығы»

-оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкестігі.

Бағдарламаның міндеттері:

-оқушының пәніне қызығуын арттыра отырып, тіршілікке қажет элементтердің сырын білдіру, ойды жинақтауды, өз бетімен ізденуін қалыптастыра отырып білімін дамыту;

-интелектуалды және практикалық білімі мен дағдысын қалыптастыру;

-ғылыми зерттеу ізденісін, коммуникативті дағдасын, топпен жұмыс істеу қабілетін дамыту;

-химияның пәндік мүмкіндіктерін пайдаланып оқушыларға кәсіптік бағдар беру.

Курс бойынша оқу процесті ұйымдастыруда келесі негізгі принциптер енгізілді:


  • Курсқа қызығушылықты арттыру;

  • Белсенді қатысу;

  • Еркіндік және диалогқа дайындық;

  • Өз ойына сеніммен қарау.

Әдістер:

Жұмыс түрлері:

  • Әңгіме, семинарлар, конференция, теориялық сабақтар (дәрістер), есептер шығару.

Бағалау барасы:

  • Материалдың дұрыстығы, әрі сапалы баяндалу;

  • Ұғымдар мен заңдылықтардың толық ашылуы;

  • Химиялық терминдердің дәл қолданылуы;

  • Дербес жауап;

  • Материалдық логика;

  • Дәлелді баяндау және өзіндік икемділік.


Күтілетін нәтижелер:

1. Сабақта алған білімдерін күнделікті өмірде қолдана біледі.

2.Тіршілікке қажет элементтердің сырын біледі.

3. Химиялық, биологиялық тақырыпта шығармашылық жұмыстарды орындай алады.

4. Танымдық қабілеттері дамиды.

5. Экологиялық мазмұны бар есептерді шеше біледі.



Бағдарламаның тақырыптық толықтыруы
І тарау. Тіршілік химиясы (6сағат)

Химияның негізгі сатылары. Жаңа ғасырдағы химия. Атомдар және молекулалар. Реакциялар және тіршілік. Организмдер құрлысының биохимиялық тұрғыдағы бірлігі. Организмдердің элементтік құрамы. Микроэлементтер мен олардың өсімдіктер мен жануарлардың дамуындағы ролі.


ІІ тарау.Тіршлік элементтері (13 сағат) Күкірт .Тіршілікке маңызы. Фосфор. Азот. Тіршілікке маңызы .Тіршілікке маңызы. Темір. Тіршілікке маңызы Мыс. Тіршілікке маңызы. Натрий .Алу жолдары, тірі ағзалардың дамуына натридің маңызы Калий .Алу жолдары, тірі ағзалардың дамуына калий маңызы. Кальций. Маңызы. Жерде тіршіліктің пайда болуы, ағзаға кальций қажеттілігі. Магний .Маңызы. Жерде тіршіліктің пайда болуы, ағзаға магнийдің қажеттілігі. Кобальт. Тіршілікке маңызы. Хлор. Тіршілікке маңызы. Иод. Тіршілікке маңызы. Марганец. Тіршілікке маңызы.
ІІІ тарау. Құрамында сутек, көміртек және оттек болатын тіршілік үшін маңызды молекулалар ( 5 сағат)

Химиялық байланыс. Биологиялық маңызды қосылыстардың көпшілігі неліктен үлкен молекулалы қосылыстар қатарына жатады? Су-тіршілік заты. Органикалық заттар, майлар. Көмірсулар.


ІҮ тарау. Көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт бес элементтерінен не алуға болады?( 5 сағат )

Амин қышқылдарының құрамы, мен құрылысы. Амин қышқылдарының қасиеттері. Ақуыздар. Ақуыздардың жіктелуі.«Аминқышқылдар. Ақуыздар» жоба қорғау.



Ү тарау. Ферменттер. Дәрумендер (3 сағат)

Ферменттер. Дәрумендер. « Ферменттер. Дәрумендер» Жоба қорғау




ҮІ. Жарық және тіршілік. Тіршілік пайда болуының химиялық мәселелері (2сағат)

Тіршілік пайда болғанға дейінгі .Жер химиясы«Биохимиялық машиналар детальдары» қалай пайда болды. Тіршілік химиясы. Конференция



Тіршілік химиясы

11-сыныпқа арналған арнайы курс бағдарламасы

Барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат


№ сабақ

Сабақ тақырыбы

Сағат саны

уақыты




І тарау. Тіршілік химиясы

6




1

Химияның негізгі сатылары . Жаңа ғасырдағы химия

1




2

Атомдар және молекулалар

1




3

Реакциялар және тіршілік

1




4

Организмдер құрлысының биохимиялық тұрғыдағы бірлігі

1




5

Организмдердің элементтік құрамы

1




6

Микроэлементтер мен олардың өсімдіктер мен жануарлардың дамуындағы ролі

1







ІІ тарау.Тіршлік элементтері

13




7

Күкірт .Тіршілікке маңызы.

1




8

Фосфор. Тіршілікке маңызы

1




9

Азот. Тіршілікке маңызы

1




10

Темір. Тіршілікке маңызы

1




11

Мыс. Тіршілікке маңызы

1




12

Натрий .Алу жолдары, тірі ағзалардың дамуына натридің маңызы

1




13

Калий .Алу жолдары, тірі ағзалардың дамуына калий маңызы

1




14

Кальций. Маңызы. Жерде тіршіліктің пайда болуы, ағзаға кальций қажеттілігі.

1




15

Магний .Маңызы. Жерде тіршіліктің пайда болуы, ағзаға магнийдің қажеттілігі.

1




16

Кобальт. Тіршілікке маңызы

1




17

Хлор. Тіршілікке маңызы

1




18

Иод. Тіршілікке маңызы

1




19

Марганец. Тіршілікке маңызы

1







ІІІ тарау. Құрамында сутек, көміртек және оттек болатын тіршілік үшін маңызды молекулалар.

5




20

Химиялық байланыс

1




21

Биологиялық маңызды қосылыстардың көпшілігі неліктен үлкен молекулалы қосылыстар қатарына жатады

1




22

Құрамында сутек және оттек болатын тіршілік үшін маңызды молекулалар. Су-тіршілік заты

1




23

Көміртегі-қосылыстардың химиясы

1




24

Биологиялық маңызды қосылыстар. Майлар.Көмірсулар.

1







ІҮтарау. Көміртегі, сутегі, оттегі, азот, күкірт бес элементтерінен не алуға болады?

5




25

Амин қышқылдарының құрамы, мен құрылысы

1




26

Амин қышқылдарының қасиеттері

1




27

Ақуыздар

1




28

Ақуыздардың жіктелуі

1




29

Аминқышқылдар.Ақуыздар. Жоба қорғау

1







Ү тарау. Ферменттер. Дәрумендер

3




30

Ферменттер.

1




31

Дәрумендер

1




32

Ферменттер. Дәрумендер. Жоба қорғау

1







ҮІ . Жарық және тіршілік. Тіршілік пайда болуының химиялық мәселелері

2




33

Тіршілік пайда болғанға дейінгі Жер химиясы «Биохимиялық машиналар детальдары» қалай пайда болды?

1




34

Тіршілік химиясы. Конференция

1





Қолданылған әдебиеттер:

1.Л.А. Николаев. Тіршілік химиясы. «Мектеп» баспасы-Алматы, 1979

2.Химия мектепте. Республикалық әдістемелік журналдар.

3. Химик анықтамалығы. Республикалық әдістемелік журналдар.



4. Ғаламтордан материалдар
: user-files
user-files -> «Ботаника және өсімдіктер экологиясы»
user-files -> Жетекшісі: Оспанова С. К. 2010 жыл. Мазмұны. Кіріспе
user-files -> Ұйымның мақсаттары: Оқушылардың экологиялық саналығы мен білім денгейін көтеру
user-files -> Абстракт Тақырыбы: «Оқушылар арасында жалпақтабандылықты анықтау және алдын алу шаралары» Ғылыми жобаның мақсаты
user-files -> Федоров ауданы әкімдігінің білім бөлімінің «№2 орта мектебі» кмм бағдарлама биологиядан қолданбалы курс
user-files -> Цель Форума – изучение мирового опыта бальнеологии, проблем бальнеологических курортов и путей их решения, интеграция в мировую курортную систему, а также привлечение инвесторов в курортную отрасль. Дата проведения
user-files -> Цель Форума – изучение мирового опыта бальнеологии, проблем бальнеологических курортов и путей их решения, интеграция в мировую курортную систему, а также привлечение инвесторов в курортную отрасль. Дата проведения




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет