Рухани жаңғырту- ұрпақ санасының дамуы



жүктеу 51.86 Kb.
Дата24.10.2018
өлшемі51.86 Kb.
Рухани жаңғырту- ұрпақ санасының дамуы

Рухани жаңғырту – адам баласының жаңалықты қабылдауы, оның ішкі әлемінің жаңаруы, сана-сезімі, жаңа өзгерісті қабылдай білуі. Рухани жаңғыртуды өркениеттің өрге жүзуімен байланыстырамыз. Біз өз тарихымызға көз жүгіртсек, өскен ұлттың өрби түсуіне осы «рухани жаңғырту» дәлел болады. Көне замандағы көрікті қалаларымыз, сән салтанаты таласқан озық ескерткіштеріміз, қаншама мәдени мұраларымыз нақты айғақ болып табылады. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев рухани жаңғыртудың тұтас қоғамның және әрбір қазақстандықтың санасын жаңғыртудың бірнеше бағытына жеке-жеке тоқталды. «Сананы жаңғыртудың» мазмұнын негіздей отырып, Президент жаңғыртудың алты бағытын белгіледі. Бұл үшінші жаңғырту қазақ халқына не береді?

Елбасының осы жаңғыртуда халыққа берген негізгі бағыттарына тоқтала кетейін.
Бәсекеге қабілеттілік. Тәуелсіздіктің нығаюы, дамыған елге айналуымыз үшін қазақстандықтар алға батыл қадам басып, жоғары технологияларды меңгеруі, озық стратегиялармен жасақтануы, халықаралық коммерциялық концептуалды жобаларды ілгерілетуі маңызды. Тәуелсіздік ала отырып, Қазақ елі «күрес кеңістігіне» аяқ басты. Бодандықтағы ел бәріне мойынсынуы, көндігуі, ассимиляцияға ұшырап, жойылып кетуі мүмкін. Тәуелсіз елге ертеңге ешқашан енжарлық танытуға, саяси және экономикалық өмірге селқос қарауға болмайды. Оның үстіне мемлекеттілікке төнген жаһандық сын-қатерлер саны артқан сайын «күрес кеңістігі» де кеңеюде. Тәуелсіз мемлекеттер анталаған экстремизммен, терроризммен күресуге мәжбүр болып отыр. Жас мемлекеттер тәуелсіз ел ретінде өмір сүруі үшін күресуге дайын болуы керек. Бұл күрестен мемлекет ешқайда қаша алмайды. Қашса, тарихқа қарай баруы тиіс. Сондықтан Елбасымыз жат идеологияларға ұлттық құндылықтарымыз бен отансүйгіштігіміз арқылы төтеп бере алатынымызды баса айтты.
Прагматизм. Төл тарихымызға, бабаларымыздың өмір салтына үңіліп көрсек, шынайы прагматизмнің талай үлгілерін көруге болады. Халқымыз ғасырлар бойы туған жердің табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оның байлығын үнемді, әрі орынды жұмсап, экологиялық өмір салтын ұстанып келді. Ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан ұлттық прагматизм санаулы жылда адам танымастай ысырапшылдыққа ұласты. Иен даламыздың барлық құнары құрдымға кетті. Біз жаңғыру кезінде бабалардан мирас болып, қанымызға сіңген, бүгінде тамырымызда бүлкілдеп жатқан ізгі қасиеттерімізді қайта түлетуіміз керектігін тапсырған болатын. Прагматизм – өзіңнің ұлттық және жеке байлығыңды нақты білу, оны үнемді пайдаланып, соған сәйкес болашағыңды жоспарлай алу, ысырапшылдық пен астамшылдыққа, даңғойлық пен кердеңдікке жол бермеу деген сөз. Қазіргі қоғамда шынайы мәдениеттің белгісі – ұстамдылық, қанағатшылдық пен қарапайымдылық, үнемшілдік пен орынды пайдалану болып табылады. «Ұлт немесе жеке адам нақты бір межеге бет түзеп, соған мақсатты түрде ұмтылмаса, ертең іске аспақ түгілі, елді құрдымға бастайтын популистік идеологиялар пайда болады» деген
Н. Назарбаев алдағы онжылдықтардың ұранына «реализм мен прагматизмді» ұсынады. «Жалғандық жарға жығады», - дейді қазақ даналығы. Біз – бабалар батасы дарыған, ата аманатын аялаған елміз. Сондықтан Елбасы Тәуелсіздік жылдары қоғамды бос демагогия дертінен арылтуға күш салды. Оның орнына елді өркендетер түбегейлі жаңартуларға жұмылдырды. Білім биігіне, ғибратты ғылымға, өнімді еңбекке бағдарлады. Бұл – қалыпты өмірді қауіпті өмірге айналдырмаудың және нақты жаңғырудың қамы.

Ұлттық бірегейлікті сақтау. Ұлттық жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Оның екі қыры бар. Біріншіден, ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту. Қазір салтанат құрып тұрған жаңғыру үлгілерінің қандай қатері болуы мүмкін? Қатер жаңғыруды әркімнің ұлттық даму үлгісін бәріне ортақ үлгіге алмастыру ретінде қарастыруда болып отыр. Бірақ, өмірдің өзі бұл жорамалдың қате екенін көрсетіп берді. Іс жүзінде әрбір өңір мен әрбір мемлекет өзінің дербес даму үлгісін қалыптастыруда. Ұлттық салт-дәстүріміз, тіліміз бен әуеніміз, әдебиетіміз, жоралғыларымыз, жалпы айтқанда ұлттық рухымыз бойымызда мәңгі қалуға тиіс.

Білімнің салтанат құруы. Білімді, көзі ашық, көкірегі ояу болуға ұмтылу- біздің қанымызда бар қасиет. Табысты болудың ең іргелі, басты факторы білім екенін әркім терең түсінуі қажет. Жастарымыз басымдық беретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құндылықтар жүйесінде білімді бәрінен биік қоятын қілт қана табысқа жетеді. Экономиканың кәсіптік сипаты ешбір дәуірде мұншама жедел өзгермеген. Біз бүгінгі жаңа атауы ертең-ақ ескіге айналатын, жүрісі жылдам дәуірге аяқ бастық. Бұл жағдайда кәсібін неғұрлым қиналмай, жеңіл өзгертуге қабілетті, аса білімді адамдар ғана табысқа жетеді деген болатын. Елбасының көздеген негізгі адамдары – ол жастар. Себебі, ұлттық сананы дамытуда болмасын, бәсекеге қабілеттілікті арттыруда болмасын жастардың алар орны ерек. Себебі, олардың ойы жас, барлық дүниені үйренуге құштар, сонымен қатар болашағы алда. Сол себепті, білімнің салтанат құруы жастардың қолында. Біз осы жолдауды тілге тиек ете отырып, жастарға тәлім-тәрбие беруде, оларды алға сүйреуде өз үлесімізді қосуымыз керек. Себебі, елдің дамуы – ол біздің дамуымыз, болашақ ұрпағымыздың дамуы.

Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы. Әрбір жұрт тарихтан өзінше тағылым алады. Бұл- әркімнің өз еркіндегі шаруа. Біреуге өзіңнің көзқарасыңды еріксіз таңуға болмайды. Бізге тарих туралы өздерінің субъективті пайымдарын тықпалауға да ешкімнің қақысы жоқ. Біз тарихтың сабағын айқын түсінуіміз керек. Революциялар дәуірі әлі біткен жоқ. Тек оның формасы мен мазмұны түбегейлі өзгерді. Біздің кешегі тарихымыз бұлтартпас бір ақиқатқа – эволюциялық даму ғана ұлттың өркендеуіне мүмкіндік беретініне көзімізді жеткізді. Эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс. Сол себепті, тарихтың ащы сабағын түсініп қана қоймай, өзіміз күнде көріп жүрген қазіргі құбылыстардан ой түйіп, болашақтың беталысына қарап, пайым жасай білудің айрықша маңызды екенін баса айтқан еді.



Сананың ашықтығы. Сананың ашықтығы бағытында от басы, ошақ қасында қалып қоймай, жаһандық әлем дамуынан хабардар болу, жаһандық әлемге еркін кірігіп, жұмыс істеу үшін ағылшын тілін жаппай және жедел үйренуіміз керек екені айтылды. Сананың ашықтығы зерденің үш ерекшелігін білдіреді. Дүйім дүниеде, Жер шарының өзіңе қатысты аумағында және өз еліңнің айналасында не болып жатқанын еліміздің әрбір тұрғыны жақсы білуі тиіс. Адамдар жаңа технологияны еркін үйренулері керек. Жастар жарқын болашаққа, жаңа өмір салтына бейімделулері қажет. Санамыз жаңғырмай, дамыған отыз елдің қатарына енеміз деп айту қиын. «Өзімдікі ғана таңсық өзгенікі – қаңсық»,- деп кері тартпай, ашық болу, басқалардың ең озық жетістіктерін қабылдай білу, бұл- табыстың кілті, әрі ашық зерденің басты көрсеткіштерінің бірі»,- деген Елбасы қазақстандықтарды дүниенің дүрмегімен ілесе жүріп, өз билігін табуға үндейді. Сананың ашықтығы- кәсіпке адалдық, білімге ұмтылыс. Шындықтың шамы дарияның астында да жанады. Қай істе де ашықтық пен адалдық керек. Біздің елімізге, жерімізге деген адалдығымыз арта беруі тиіс.

Қорыта айтқанда, елдің имандылығын, татулығын, тұтастығын, бірлігін ту етуіміз керек. Дамыған 50 елдің қатарына қосылдық, енді біздің алдымызда дамыған 30 елдің қатарына қосылу мақсаты тұр. Біз ұлтымыз бойындағы тек жақсы қасиеттерді дамытсақ, озық білім мен үздік жаңалықтарды дарытсақ, жымиып күліп, жылмаң сөйлеп, жыландай жылжыған жат идеологияларға лайықты тойтарыс берсек, жерұйықтай мемлекетке айналамыз. Елбасымыздың ұтымды қағидасы, халқына деген үндеу өсиеті деп білемін. Ішкі руханиятымыз арқылы, сыртқы өзгерістерді жақсы жағынан қабылдап, жаңғырудың даңғыл жолына түсуге көшбасшымыз болашақ мына бізге дара жол көрсетті. Ол соқпақтардан қалай өту керектігін айтып, бағыт, бағдар берді. Қазақ халқының алдағы өмірі мен болашағын берілген бағыттарды дұрыс жұмыстармен атқаратын жастарымызда патриоттық сезімнің беріктігі болғай. Елбасының бұл идеялары еліміздің болашағының жарқындығын көрсетеді. Ендеше, көкжиектен ауытқымай, ұлт көшбасшысының өскелең ұрпаққа меңзеген дара жолымен биік шыңдарды бағындырайық.
: uploads -> 2018 -> post02
post02 -> Сабақтың тақырыбы Бөліп шығарудың маңызы
post02 -> Сабақтың тақырыбы: «Тұрақты электр тоғы»
post02 -> Тобы: Еркетай Білім беру саласы: Әлеумет Бөлімі: Экология Тақырыбы
post02 -> Сабақтың тақырыбы: Жабайы андар
post02 -> Сабақтың тақырыбы : §39. Шөл және шөлейт зонасы Мұғалімнің аты-жөні
post02 -> 2 бөлім Гидросфера
post02 -> Дене тәрбиесі (баяндама)
post02 -> 1-нұсқа Генетикалық психология адамның несін зерттейді?
post02 -> Қыз және ер баланың психологиялық ерекшеліктері




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет