Рухани-адамгершілік білімге байланысты әндер



жүктеу 1.21 Mb.
бет1/5
Дата11.04.2018
өлшемі1.21 Mb.
  1   2   3   4   5
РУХАНИ-АДАМГЕРШІЛІК БІЛІМГЕ БАЙЛАНЫСТЫ ӘНДЕР
Құлақтан кіріп, бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй...

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй!...



Абай
Ән – поэзиялық мәтін мен жеңіл, тез жатталатын әуенді біріктіретін вокалды музыканың ең қарапайым және кең таралған түрі. Ән жанр, орындау үлгісі және т.б. белгілері бойынша ерекшеленеді.

Ән мен музыка арқылы эмоциялық күйді балаға да түсінікті болатындай етіп жеткізуге болады. Осы қалыпта берілген ақпараті бала санасында қалыптасып, оның дамуына жағымды ықпал етеді.

Әнмен бірге қуануға, жабырқауға болады, жаңа түсініктер білуге, ойлануға, өмірге қуануға, шығармашылыққа, өнерге деген қызығушылық тудыруға болады.

Ән оқушылардың эстетикалық тәрбие алуына, ұжымның ынтымақтастығына, әр баланың шығармашылық қабілеттерінің толық ашылуына ықпал етеді. Ән арқылы сабақ барысында қолайлы психологиялық ахуал орнатылып, сезімдік тонус пен пәнге деген қызығушылық жоғарылайды. Көптеген оқу курстарында оқытуды әсерлі ету мақсатында ән материалы қолданылады.



Балаларға арналған әндердің тәрбиелік мәні жоғары, олар мейірімділікке, сүйіспеншілікке, адалдыққа үйретеді, балаларды жақсылық пен жамандық сияқты түсініктермен таныстырып, оларды ажырата алуға септігін тигізеді.

Балаларға арналған әндер бала тұлғасының қалыптасуында негіз болып табылатын рухани құндылықтарды қарапайым, түсінікті тілмен жеткізудің тәсілі болып табылады. Балаларға арналған әндер арқылы бала өте күрделі заттарды қуаныш, жабырқау, сүйіспеншілік, қамқорлық, адалдық т.с.с сияқты сезімдер арқылы түсінеді.

Өзін-өзі тану пәнінің «Шаттық шеңбері», «Ойын», «Жаттығу», «Сергіту сәті», «Жүректен-жүрекке» атты әдістемелік тәсілдерінде әндер орындалады.


133

БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚ ШАҚ
Сөзі Ж.Тұрбековтікі

Әні Ә.Еспаевтікі
Жарастықпен жайнатып өмір көркін,

Гүл бақшада сайрандап, өскен еркін.

Шат көңілді, бақытты ел ұланымыз,

Келешекте ұлы істі меңгеретін.
Отанымыз әлпештеп анадайын,

Құшақтайды аялап сағат сайын.

Зәулім мектеп, кең сарай, түрлі алаң,

Не керектің біз үшін бәрі дайын.
Білім шыңын өрлейміз, басып алға,

Қиындық жоқ, бөгеліс жолымызда.

Салтанатпен сап түзеп, ән шырқаймыз,

Бостандық туы желбіреп қолымызда.

БАЛДЫРҒАН ӘНІ
Сөзі Н.Жанаевтікі

Әні Б.Дәлденбаевтікі
Біз балдырған баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туған жердің төрінде,

Алау болып жанамыз.


Алау болып жанамыз,

Құлыншақ боп шабамыз.

Балапандай талпынып,

Көкке қанат қағамыз.


Болсын кіші бойымыз,

Биікке ұшу – ойымыз.

Біз бақытты балдырған,

Тойға ұласқан тойымыз.




ОЙЫНШЫҚТАР
Сөзі Н.Әлімқұловтікі

Әні И.Нүсіпбаевтікі
Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау, қозы, құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Әмір беріп бұйырсақ.


Қуыршақтар ұйықтайды,

Айтқаныңнан шықпайды.

Ал, қозы мен қуыршақ,

Ұйықта десең ұқпайды.


Тыңдамайды ұрысса,

Осылары дұрыс па?!

Тентектігін тыймаса,

Тұрғызармын бұрышқа.



ӨСІП КЕЛЕ ЖАТЫРМЫН
Сөзі Т. Айбергеновтікі

Әні Қ. Сәтиевтікі
Кеудесінде таулардың,

Кемесінде арманның.

Жалау етіп ерлікті,

Ескек етіп ерлікті,

Өсіп келе жатырмын.
Адал терім әрдайым

Моншақтатып маңдайым.

Соқсын дауыл, соқпасын,

Қиындықтың көк тасын,

Өсіп келе жатырмын.
Кейде күнмен теңесем,

Таласып мен күнмен өсем.

Гүл теремін жерімнен,

Бірге туған еліммен

Өсіп келе жатырмын.

БАЛДЫРҒАНДАР ӘНІ
Сөзі О.Әубәкіровтікі

Әні Ш.Қалдаяқовтікі
Қуанышқа бөленген әр күніміз,

Бақыттымыз, балалар, барлығымыз.


Қайырмасы:

Өмір тым жайдары,

Қызықтың қайнары,

Бақшамыз жайнады.


Біз – Отанның балдырған ұлдарымыз.

Әдептілік, батылдық – ұранымыз.


Қайырмасы:


ЖАС ДӘУІРДІҢ ТҮЛЕГІМІЗ
Сөзі Е.Өтетілеуовтікі

Әні И.Нүсіпбаевтікі
Бау, бақша, белдер,

Орман, тау, көлдер –

Көрікті шексіз даламыз.

Дәулеті тасқан,

Сәулеті асқан –

Көңілді ауыл, қаламыз.


Қайырмасы:

Жадырап күндей,

Жайнаған гүлдей –

Бақытты біздер баламыз! (2 рет)


Өзіміз туған,

Көбелек қуған –

Өлкеде өсіп, толамыз.

Жалықпай оқып,

Көңілге тоқып –

Білімді адам боламыз.


Қайырмасы.

ЖАС ҰЛАНДАР МАРШЫ
Сөзі Б.Тәжібаевтікі

Әні И.Нүсіпбаевтікі
Біз – бейбіт ел ұланы,

Өнер, білім ұраны.

Алдымыздан жақсы арман,

Күлім қағып тұрады.


Қайырмасы:


2 рет
Біз – батыр ел жастары,

Бақыт алға бастады.


Тербетіліп алтын дән,

Теңіздейін толқыған.

Даламызда тасқындап,

Еңбек күйі шалқыған.


Қайырмасы.

Күш-қайратын қаулаған,

Келешекке арнаған.

Алтын айдын төріне

Көгілдір ту қадаған.
Қайырмасы.
КӨКЕШІМ
Сөзі Ә.Асылбектікі

Әні М. Омаровтікі
Көкесі: Айналайын, бөпешім,

Ән салады көкешің.

Есейгенде ер жетіп,

Кім болады екенсің?


Бөпесі: Тәтті үніңе көкешім,

Тәнті балғын бөпешің.

Әсерлі де әуенді

Әнге құмар етесің.


Бірге: Ән – көңілдің ажары,

Ән – өмірдің базары.

Әуелесін, қалқысын,

Қазағымның жаз әні.


Көкесі: Айналайын, бөпешім,

Ән салады көкешің.

Жалғастырсаң жолымды,

Жарық күнім екенсің.


Бөпесі: Тәтті үніңе көкешім,

Тәнті балғын бөпешің.

Әнші балапаныңды,

Шын мақтаныш етесің.


Бірге: Ән – көңілдің ажары,

Ән – өмірдің базары.

Әуелесін, қалқысын,

Қазағымның жаз әні.

Ән – көңілдің ажары,

Ән – өмірдің базары.

Әуелесін, қалқысын,

Қазағымның жаз әні.


КЕЛШІ, КЕЛШІ, БАЛАШЫМ
Сөзі Қ.Ыдырысовтікі

Әні Е.Хасанғалиевтікі
Айым болып тудың ба?

Күнім болып тудың ба?

Ата жолын қудың ба?

Әке жолын қудың ба?

Бұл дүниеге келген соң,

Сұрауы бар судың да.


Айдарыңнан айналдым,

Маңдайыңнан айналдым.

Торсық шеке, тоқ шеке,

Бақ болар деп ойладым.

Ашық жанар – көңілің,

Ақ болар деп ойладым


Қуанышым – арай жүз,

Сөйлесерміз талай біз

Бар ағайын жиналып,

Мәз боп саған қараймыз.

Сендей бала ешкімде,

Болмаған деп санаймыз.


Жалғыз дара – өзіңсің,

Атасының көзісің

Әжесінің сөзісің,

Мен барымды аяман.


ӘНШІ БАЛАПАН
Сөзі Қ.Қазыбекұлынікі

Әні М.Омаровтікі
Білім, ғылым, өнерге,

Қанат қағар кездерің.

Ата салтын ертеңге

Жеткізетін өздерің,

Жеткізетін өздерің!
Қайырмасы:

Әнші, биші, әнші балапан,

Әнші, жыршы, күйші балапан.

Әнші, биші, әнші балапан,

Әнші, жыршы, күйші балапан.
Әділқазы береді,

Өздеріңе билікті.

Өнерде кім жеңеді,

Алады сол сыйлықты.

Алады сол сыйлықты.
Қайырмасы.

БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР ӘНІ
Сөзі мен әні Х. Кәкімжанованікі
Біздің балғын балалар,

Ән салады, қараңдар.

Тәртіпті, үлгілі,

Ұқыпты ол әр күні.


Қайырмасы:

Аһа-һа, Аһа-һа,

Ән саламыз шырқата.

Аһа-һа, Аһа-һа,

Би билейміз шаттана.
Қол қусырып көңілсіз,

Әсте жалғыз тұрмаймыз.

Бақытты, шаттықты

Әнге қосып жырлаймыз.

Анам тамақ пісірсе,

Біз де үлкен кісіше,

Көмекке барамыз,

Еңбек сүйгіш баламыз.


Қайырмасы.
Отан-біздің күніміз,

Біз Отанның гүліміз.

Бағында бақыттың

Шырқа әнін шаттықтың.


Қайырмасы.
БАҚЫТТЫ БАЛАЛАР ЖЫРЫ
Сөзі Ә. Ахметовтікі

Әні Л. Хамидидікі
Қарай-қарай келемін Алатауға,

Асқар шыңы ұқсаған ақ отауға.

Баурайында құлпырған жасыл шалғын,

Жұпар шашқан гүлдері таң атарда.


Қайырмасы:

Көкте алтын күніміз,

Шұғылалы нұры біз.

Асқар шыңнан асады,

Асқақтаған жырымыз.
Таудан төмен қараймын таң атарда,

Аясында күміс көл кең даланың.

Сусылдаған самалдай қанаттарда,

Кең даланың еркесі мен боламын!


Аспан ашық, арайлы таң атарда,

Көк жүзіне көз тіге мен қарадым.

Әлемді адам өзіне қаратады,

Көк жүзінің еркесі мен боламын!



БАЛА ТІЛЕГІ
Сөзі С.Молдасанұлынікі

Әні Ф. Жолдасованікі
Бал-балалық, балдырған шақ сан арман,

Барлық бала армандауға жаралған.

Кел, достарым, әндетіңдер, билеңдер,

Гүлденсін деп атамекен қара орман. (2 рет.)


Болашақтың иесіміз бәріміз,

Туған жердің түрлендірер нәріміз.

Алтын бесік – ұлан- байтақ елімде,

Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. (2 рет.)


Қалықтаған көгершіні көгінде,

Мұңаймасын ешбір бала елімде.

Ата берген батаменен көркейсін,

Ұлы Отаным, тілегім сол менің де. (2 рет.)



БІЗ – ӨМІРДІҢ ГҮЛІМІЗ
Сөзі Ә. Дүйсенбиевтікі

Әні Б.Ғизатовтікі
Зеңгір көктен

Нұрын төккен

Ортақ біздің күніміз.

Жайдары өскен,

Жайнап өскен

Біз – өмірдің гүліміз.


Бал достыққа,

Жолдастыққа

Шақырады әніміз,

Тыныштықта,

Нұр құшақта

Бақыттымыз бәріміз



БІЗДІҢ ӘН
Сөзі С. Жиенбаевтікі

Әні Б. Ғизатовтікі
Үйренсең нотаны,

Ән де саласың,

Барлығын оп-оңай жаттап аласың.

Сен де қосыл жасқанба,

Әнің жетсін аспанға.
Шырқалсын әрқашан,

Әсем ән ғана.

Шырқасын бұл әнді

Күнде бар бала.

Сен де қосыл жасқанба,

Әнің жетсін аспанға.


Күлімдеп қарасын

Аспан алабы.

Біз де әнге бөлейік

Туған даланы.

Сен де қосыл, жасқанба,

Әнің жетсін аспанға.



АЙГӨЛЕК
Сөзі Н. Баймұхамедовтікі

Әні Б.Байқадамовтікі
Көлдей шалқып жас өмір,

Тасып жатқан шағында.

Кемерінен шалықтап,

Асып жатқан шағында.

Ойын ойнап, ән салмай,

Өсер бала болар ма?

Күміс күлкі көрмей ол,

Кемеліне толар ма?


Қайырмасы:

Айгөлек-ау, айгөлек,

Айдың жүзі дөңгелек.

Айдай толған ке зімде,

Би билеймін дөңгелеп
Ақыл сөздің ұстазы –

Ақын болар ұрпақпыз.

Өнер, білім, еңбекке

Жақын болар ұрпақпыз.

Тұла бойы толған бір

Өнер болар ұрпақпыз.


Қайырмасы.

КҮНІМ БӨБЕГІМ
Сөзі Ф.Оңғарсынованікі

Әні Ж.Еңсеповтікі
Күнім де сен, бөбегім,

Гүлім де сен бөбегім.

Әлдилеген анаңа

Күлімде сен, бөбегім!


Қайырмасы:

Айналайын, бөбегім,

Айналайын, бөбегім.

Анашыңның гүлі боп

Жайна дәйім бөбегім.
Бал түндерім, бөбегім,

Даңқым – жерім, бөбегім!

Арман тауым Асқарым –

Халқым менің, бөбегім!


Қайырмасы.
Аңсағаным, бөбегім,

Салсам – әнім, бөбегім,

Сені аялап таңдарды.

Қарсы аламын, бөбегім!



КӨҢІЛДІ БАЛАЛАР
Сөзі А.Көпжасарованікі

Әні М.Рахманқұловтікі
Жазда шықты жайраңдап,

Бұзау, бота тайраңдап.

Қозы-лақты өріске

Жібереміз айдап-ақ.


Қайырмасы:

Содан кейін ойнаймыз,

Қызыққа бір тоймаймыз.

Ойын, ойын ойын ғой,

Оқуды да ойлаймыз.
Ақ шабақпен алысып,

Суда жүздік жарысып.

Аңдып басын қармақтың,

Қол да қалды қарысып.


Қайырмасы:

Еркелеткен анамыз,

Біз көңілді баламыз.

Көкжиекке бататын,

Күнді қуып барамыз.
Ай туғанда көп бала,

Шетіне ауыл топтана.

Ән саламыз, билейміз,

Қосыл сен де, тоқтама.


Қайырмасы:

Бала, бала, баламыз,

Оттай лаулап жанамыз.

Жаз клегенде осылай,

Асыр салып қаламыз.

«АЙГӨЛЕКТІ» БИЛЕЙІК
Сөзі Қ. Смағұлдікі

Әні Н. Дүкенбайдікі
Еркін елдің ұл-қызы,

Жарқыраған жұлдызы.

Би билейміз бәріміз,

Айдай толқын нұр жүзі.

Біз балдырған баламыз,

Оқып білім аламыз.

«Айгөлекті» билесек,

Бақытты, шат боламыз.


Жадырасын бойымыз,

Өркендесін ойымыз.

Би билейік келіңдер,

Қызсын кештер, тойымыз.

Біз балдырған баламыз,

Оқып білім аламыз.

«Айгөлекті» билесек,

Бақытты, шат боламыз.


Тыңдасын жұрт жан салып,

Тыңдай қақсын тамсанып.

Көтереміз көңілді,

«Айгөлек» деп ән салып.

Біз балдырған баламыз,

Оқып білім аламыз.

«Айгөлекті» билесек,

Бақытты, шат боламыз.


БАҚЫТТЫМЫН, ҚҰРБЫЛАР
Сөзі Қ.Мүсіреповтікі

Әні Ш.Қалдаяқовтікі
Б ұлбұлмын сайрайтын,

Достарым жанымда,

Оянып таңменен,

Жүрегі мейірлі.

Қазақтың даласын

Тербетем әнменен,

Бақыттың бағында

Жүремін көңілді.


Қайырмасы:

Әдептен аспаған,

Арманға бастаған

Жан-жағым дос-құрбы,

Жан-жағым жақсы адам.

Шаттықтың нұрын шашып жанарымнан,

Билеймін ырғатылып, саламын ән.
Алдымда – ағайым

Абырой асырған.

Алдымда – апайым

Ақылды жасынан.

Өнегем көп менің

Өмірлік өшпейтін.

Қамқоршым көп менің

Құлпырып өс дейтін.


Қайырмасы.

БІЗ – БАҚЫТТЫ БАЛДЫРҒАНДАР
Сөзі М.Әлімбаев, Ә.Дүйсенбиев, Қ.Мырзалиев

Әні Ө.Байділдаев
Асыр салып ойнаймыз да,

Ән шырқаймыз, билейміз.

Үлкендерді сыйлаймыз да,

Тентектерді сүймеміз.


Қайырмасы:

Біз – бақытты,

Біз – бақытты,

Біз – бақытты балалар.


Тату-тәтті достармыз біз,

Анталы да талапты.

Көп білуге құштармыз біз,

Жақсы оқимыз сабақты.


Қайырмасы.
Отырғызып балғын шыбық,

Сән береміз өңірге.

Еңбекте де біз құлшынып,

Талпынамыз өнерге.


Қайырмасы.

БІРІНШІГЕ БАРАМЫН
Сөзі С.Сейітовтікі

Әні Т.Тайбековтікіі
Биыл күзде мектепке,

Біріншіге барамын.

Мақтанбаймын мен текке,

Дайын дәптер, қаламын.
Мынау – есеп кітабым,

Мынау – менің «Әліппем».

Бәрін жинап сықадым,

Тұрмын түгел танып мен.
Ойыншығым, қаларсың,

Берем енді ініме.

Кейін әлде аларсың

Сентябрьдің бірінде.


КӨГЕРШІН
Әні А.Жұбановтікі

Сөзі Н.Баймұхамедовтікі
Ақ көгершін, көгершін,

Қолқанат құс сен едің,

Бар, кезіп қайт ел үшін,

Кең дүниенің көлемін.

Әділеттің құсы деп,

Көз алмастан жолыңнан

Бақыт болып қоншы деп,

Ұшырамын қолымнан.


Қайырмасы:

Ел тілегін алып ұш,

Адамзаттың бағына.

Қара бұлтты жарып ұш,

Мұхиттың арғы жағына.
Сенен көзін алмайды,

Ақ ниетті бар адам.

Ақ қанатың талмайды,

Әділеттен жаралған.

Тыныш – бейбіт өмірдің,

Белгісі боп қанат қақ.

Әлемге ортақ көңілдің,

Қайт шыңына қонақтап.


Қайырмасы.
НАУРЫЗ
Сөзі Г.Жұмақасовтікі

Әні Л.Мельникованікі
Жаңа Жыл – Наурыз.

Оқуда да табыс.

Әр үйге шаттықты,

Әкеледі бақытты.


Қайырмасы:

Наурыз, Наурыз!

Ән, ойын, жарыс.

Әнімен қобыз.

Әкелер жақсы іс.

Көңілді айтыс,

Біз үшін табыс.
Наурыз – жаңа жай.

Далаға кілем жай.

Алтындай қызғалдақ –

Жас жылды қарсы алсақ.


Қайырмасы:


НАУРЫЗ
Сөзі А.Байтұрсыновтікі

Әні Б.Ахмешевтікі
Сәлем бердік! Жас Наурыз, жылдың басы!

Жұрттың күткен, мінеки, ықыласы!

Көжесін қып, күйбеңдеп, басын асып,

Бермек әркім барынша қонақ-асы.

Келгеніне құттықтап бірін-бірі,

Қуанышта, көрісіп кәрі-жасы.


Қайырмасы:

Сәлем бердік! Жас Наурыз, Наурыз, Наурыз!

Құтты болсын! Жас Наурыз, Наурыз, Наурыз!
Көңілі түгел адамның сен келген соң,

Самарқанның елжіреп түскен тасы.

Күйін көріп қуанған мұңсыз деме!

Толып жатқан көбінің бар мүддесі.

Табақ тартып: «Сәлем», – деп қол жаяды жұрт

Батаңды бер, жарылқар жыл мырзасы!


Қайырмасы.
Сәлем бердік! Жас Наурыз, жылдың басы!

Жұрттың күткен, мінеки, ықыласы!

Көжесін қып, күйбеңдеп, басын асып,

Бермек әркім барынша қонақ-асы.

Келгеніне құттықтап бірін-бірі,

Қуанышта, көрісіп кәрі-жасы.


Қайырмасы.


ЖАРҚЫН ЖҮЗДІ ҰСТАЗЫМ
Сөзі Ш. Смаханұлы

Әні И.Нүсіпбаевтікі
Келгенімде алдыңа,

Қызыл арай гүл алып,

Жақын тарттың жаныңа,

Шәкіртім деп қуанып. (2 рет)


Сипадың да басымнан,

«Әліппені» ұсындың.

Бақытымның осыдан,

Басталғанын түсіндім. (2 рет)


Мейір толы көзіңде,

Кім бар сенен шыдамды.

Шалыс басқан кезімде,

Кешіресің кінәмді. (2 рет)




ҚҰТТЫ БОЛСЫН МЕРЕКЕ!
Сөзі Т. Рахымовтікі

Әні Ж. Еңсеповтікі
Шертіп сыры мол күйді,

Жүрегіміз толқиды.

Көкіректі кернейді ән.
Қайырмасы:

Барлық ұстаз апайлар,

Барлық ұстаз ағайлар!

Құтты болсын,

Құтты болсын төл мейрам!
Би билейміз, талмаймыз,

Әнімізді арнаймыз,

Ұстаздардың бәріне.
Қайырмасы.

Біз жүрейік мақтанып,

Бөленіңдер шаттанып,

Шәкірттердің әніне.


Қайырмасы.

ЖАН СЫРЫМ
Сөзі Х. Талғаровтікі

Әні Е. Өміровтікі
Мен кішкентай әншімін,

Таңғы мөлдір тамшымын.

Гүл ернінен жиналған,

Әндерім бар бал шырын.


Тамсандырып ән салдым,

Естігенің тамсандың.

Жүректерге жетсе деп,

Айту үшін жан салдым.

Шындықты айтар әншімін,

Жайып салар бар шынын.

Жүрек тудай желбіреп,

Алаулайды жан сырым.



МҰҒАЛІМ – ОЛ БІЗДІҢ!
Сөзі М. Әлімбаевтікі

Әні И.Нүсіпбаевтікі
Білімнің кілтіндей

Әліппе ұстатқан.

Оқуға іркілмей,

Тоқуға ұстартқан.


Қайырмасы:

Қамқоры ұл-қыздың,

Мұғалім – ол біздің!

Қамқоры ұл-қыздың,

Мұғалім – ол біздің!
Қиынға төзуге,

Үйреткен қашанда.

Жаманнан безуге,

Жақсылық жасауға.


Қайырмасы.

СЫҢҒЫРЛА, ҚОҢЫРАУ, СЫҢҒЫРЛА!
Сөзі С.Қалиевтікі

Әні М.Дауылбаевтікі
Армысың, аяулы мектебім!

Сағынып оралдық қайта біз.

Демалыс, жаз қалай өткенін

Өзіңе жыр қылып айтамыз.


Қайырмасы:

Әкелдік көл лебін, күн нұрын,

Гүлдерін ойдың да, қырдың да.

Той бүгін шаттанбас кім бүгін

Сыңғырла, қоңырау, сыңғырла!
Көп сырын қоңырау үнінде

Ырысын арқалап күз келді.

Ыбырай атадай білімге

Шақырып тұрсың-ау біздерді.



МАҒАН ҰСТАЗ ҮЙРЕТТІ
Сөзі Ж.Сыздықовтікі

Әні М.Дауылбаевтікі
Маған ұстаз үйретті

Әліппесін өмірдің,

Жан-жүйемді билетті

Күйі шалқып көңілдің.


Мені ұстаз баулыды

Тәтті жыр мен өлеңге.

Тәрбиемнің әр күні

Тартты ілгері белеңге...


Қайырмасы:

Қиялымды кездірді,

Таптым ойдың тұрағын.

Маған ұстаз сездірді

Алдағы өмір шырағын.
Өмір күйі аңсаған,

Қандым мөлдір тұнықтан.

Шашты қырау шалса да

Ұстазымды ұмытпан!




КҮЛШІ, КҮЛШІ БӨБЕГІМ
Сөзі Ж.Сыздықовтікі

Әні М.Дауылбаевтікі
Көкті сүйген шың басында тұрағың,

Сайраңдайсың бейбіт өмір шуағын.

Ақ төсіңде бақыт нұры балбырап,

Жарқырайды жарық жұлдыз, шырағың. 2 рет.


Бар ма тағы бізден алар керегің,

Күлімдеші, күлші, күлші, бөбегім.

Суәлеленіп жыл таңымен балқыған

Жұлдызымды, нұр жүзімді өбемін... 2 рет.



АНА ТІЛІ
Сөзі Ә.Табылдиевтікі

Әні М.Дауылбаевтікі
Ақыл-ойын дананың

Ана тілден аламын.

Ана тілім ардақты

Ақ сүтіндей анамның. 2 рет.


Өсірген ой, білімді

Сүйем туған тілімді

Мақсат етем әр сөздің

Мәнін терең білуді. 2 рет.



ҰСТАЗЫМА
Сөзі Б.Әліқұловтікі

Әні М.Рахманқұловтікі
Шәкірт әр кез бас иер ұстазға ұлық,

Өнегеңді ұядан ұшқанда іліп.

2 рет

2 рет


2 рет

Жылы сөзбен алдына жіберетін,

Парасат пен білімге құштар қылып.
Сағынбайды бұлақтай үніңді кім?!

Арналады өзіңе жырым бүгін.

Тәрбиелеп тазалық, жақсылыққа, (адалдыққа)

Жалықпастан төктіңіз білім нұрын.


Ұстаз барда тарылмас өрісіміз,

Қадірлейміз ұстазды сол үшін біз.

Қуансақ та қуанып бізбен бірге,

Қиналсақ та бердіңіз қол ұшын сіз.



ҚОШ КЕЛДІҢ, ЖАҢА ЖЫЛ!
Сөзі А.Меңжанованікі

Әні– В.Питерцевтікі
Қош келдің, Жаңа жыл!

Жаңа өмір, жаңа нұр.

Шашу боп жолыңа,

Төгілсін ән мен жыр.


Қайырмасы:

Шыршаны айналып,

Билейміз ән салып,

Жаңа жыл өзіңді

Жырменен қарсы алып.
Жайнатып шыршаны,

Жағылды жыл шамы.

Шаттыққа бөледі

Қуантып жыл таңы.


Қайырмасы.
Ағылсын жыр толқын,

Кеудеге нұр толсын.

Жеңісті, жемісті

Бақытты жыл болсын!


Қайырмасы.


БАБАЛАРДЫҢ БАҚЫТЫ
Сөзі С.Мәуленовтікі

Әні А.Орынбековтікі
Аспан тұрса күлімдеп,

Айын биік орнатып.

Ақса бұлақ гүрілдеп –

Балаларға сол бақыт.


Қайырмасы:

Балаларға сол бақыт –

Аман болса әкесі,

Қатар өссе тәтесі,

Аман болса анасы.

Жүрке алдында ағасы,

Болса байтақ даласы!
Балаларға сол бақыт,

Болса Отаны аман-сау.

Басын бұлтқа бойлатып,

Тұрса асқақтап Алатау.


Қайырмасы.
Жапырақтарын жайнатып,

Әлдилесе бақша-бау.

Балаларға сол бақыт –

Жаз орманда жақса алау.


Қайырмасы.

Ертегілер әлемі



  1   2   3   4   5


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет