Ромашев Қ. М., Жұмагелдиев А.Ə., Ақкөзова А. С., Шалхарова Д. Ж., Манкібаев А. Т., Қазтаева Б.Қ



жүктеу 50.86 Kb.

Дата25.11.2018
өлшемі50.86 Kb.

 

 

137



 

 

Romashev K.M.,  Zhumageldiev A.A.,  Akkozova A.S., Ergymarova M.O.,                      



Bazarbaev R.K, Shalharova D.J. 

 

DETERMINING THE AMOUNT OF VITAMINS AND MINERAL SUBSTANCES IN 



COMPOSITION MEAT OF RABBIT OF BREED 

 

Determining the amount of vitamins and mineral substances in meat composition of rabbit 

of the "White giant”, "Silvery" and "Soviet chinchilla"breed. On the basis of scientific research 

was defined  that the amount of vitamins in meat of rabbit in a limit 0,008-8,3 mg, the amount of 

the mineral substances in a limit 19-2400 mgs in a 100 gramme.  

Key words: meat of rabbit, vitamins, mineral substances. 

 

 



ƏОЖ: 637.5:636.92   

                                                                                                                                                                        



Ромашев Қ.М., Жұмагелдиев А.Ə., Ақкөзова А.С.,  Шалхарова Д.Ж., 

Манкібаев А.Т., Қазтаева Б.Қ. 

 

Қазақ ұлттық аграрлық университет 

 

ƏР ТҮРЛІ ТҰҚЫМДАС ҚОЯН ЕТІ ҚҰРАМЫНДАҒЫ АМИН  

ҚЫШҚЫЛДАРЫ МӨЛШЕРІНІҢ ӨЗГЕРУІ 

 

Аңдатпа  

Зерттеу нəтижелері бойынша  «Советтік шиншилла» тұқымы қоян етінде ауыспайтын 

амин қышқылдары 8188 мг/100 г, «Күміс тəрізді» тұқымында қоян етінде 8001 мг/100 г, «Ақ 

алып»  тұқымында  қоян  етінде 7856 мг/100  г  құрайды,  ал  ауысатын  амин  қышқылдары 

13133 мг/100 г, 12812 мг/100 г жəне 12579 мг/100 г. Зерттеу көрсеткіші бойынша барлық 

қоян  етінде  керекті  амин  қышқылдары  бар,  ол  химиялық  жəне  амин  қышқылдары  қоян 

етінің сапасын жақсартады. 

Кілт сөздерамин қышқылдары, қоян, қоян еті, тағамдық құндылық.                                                 

Кіріспе  

Амин қышқылдары барлық тірі организмдерде жүретін азотты заттар гормондардың, 

витаминдердің,  медиаторлардың,  пурин  жəне  пиримидин  негіздерінің,  алколойдтардың,  

т.б  заттардың  негізгі  де,  бастапқы  қосылыстары  болып  саналады  жəне  зат  алмасуына 

қатысады, жануарлар мен өсімдіктер организмдердің барлық ақуыздарының мономерлері 

қызметін  атқарады.  Жасушалардағы  протеиндер  биосинтезиндегі  амин  қышқылдарының 

ақуыздағы  орындарын  генетикалық  код  анықтайды.  Микроорганизмдер  мен  өсімдік 

организмдерінің  көпшілігінде,  оларға  қажет  амин  қышқылдарының  барлығы  түгелімен, 

аталған организмдерде түзіледі, ал адам мен жануарлар организмдерінде ауыспайтын амин 

қышқылдары  түзілмейді,  олар  тек  дайын  түрінде  ғана  тамақ  пен  азықтың  құрамымен 

организмге  келеді.  Біздің  ғылыми  зерттеу  жұмыстарымыздың  мақсаты  əр  түрлі 

тұқымдарына байланысты қоян еті құрамындағы амин қышқылдарының мөлшерін анықтау 

[1]. 

Қоян етінің сапалылығына көптеген ішкі жəне сыртқы факторлар əсер етеді. Олардың 

бірі тегіне байланысты болады. Қояндардың көбеюге дайындығы 3-3,5 айында басталады, 

бірақ  оларды  бұл  жаста  шағылыстыруға  болмайды,  өйткені  олардың  ағзасы  əлі  де 

толыққанды қалыптаспаған. Ірі тұқымды ұрғашы қояндарды 5 айлығында салмағы 3,5 кг 

болғанда,  ал  орташа  тұқымдылары 4 айдан  асқанда,  салмағы  кемінде 2,5 кг-ға  жеткенде 

шағылыстыру ұсынылады. Қояндардың өмір сүру ұзақтығы – 5-8 жыл, бірақ олардың өнім 


 

 

138



 

 

беруі 3 жылды  құрайды,  өйткені  жасы  ұлғайған  сайын  қояндардың  көбею  мүмкіндігі 



төмендейді [2,3]. 

Материалдар жəне əдістер  

Ғылыми  зерттеу  жұмыстары  Оңтүстік  Қазақстан  облысының  Түлкібас  ауданына 

қарасты  Керейт  ауылында    орналасқан  қоян  өсіру  шаруашылығында  жүргізілді.  Зерттеу 

материалдары  ретінде аталған шаруашылықта өсірілетін  «Ақ алып», «Күміс тəрізді» жəне 

«Советтік шиншилла» тұқымдарынан алынған қоян ұшалары алынды. Зерттеу барысында 

жоғарыда аталған тұқымды қоян ұшаларының сезімдік көрсеткіштері, ет шығымы, сонымен 

қатар қоян етінің амин қышқылдық құрамы анықталды. 

Қоян  етінің  құрамындағы  амин  қышқылдарының  мөлшері  ААА881 – 

Автоматтандырылған амин қышқылды анализатордың көмегімен жүргізілді.  

Зерттеу нəтижелері жəне талдау  

Қоян  етінің  құрамындағы  ауыспайтын  амин  қышқылдарының  мөлшерін  анықтау 

нəтижелері төмендегі 1-кестеде беріліп отыр. 

 

1– кесте. Қоян етіндегі ауыспайтын амин қышқылдар 



 

 

Зерттеуге алынған қоян тұқымдары 

Амин қышқылдарының 

атауы 


Ақ алып 

Советтік 

шиншиллалар 

Күміс 


тəрізді 

Амин қышқылдық құрамы, 

мг/100г: ауыспайтын амин 

қышқылдар 

7856±0,8 8188±0,9  8001±0,8 

Валин 


Изолейцин 

Лейцин 


Лизин 

Метионин 

Трионин 

Фениоланин 

1073±0,11 

872±0,09 

1750±0,15 

2219±0,16 

504±0,10 

921±0,12 

517±0,075

1118±0,12 

909±0,10 

1824±0,15 

2313±0,17 

525±0,10 

960±0,12 

539±0,09 

1092±0,11 

889±0,09 

1782±0,16 

2260±0,17 

513±0,10 

938±0,12 

527±0,08 

         

1-ші  кестедегі  зерттеу  нəтижелері  бойынша  ауыспайтын  амин  қышқылдары  «Ақ 

алып» қоян етінде 7856 мг/100г, «Советтік шиншилла» қоян етінде 81118 мг/100г, ал «Күміс 

тəрізді» қоян етінде 8001 мг/100г мөлшерінде анықталды. 

Зерттеу  нəтижесі  көрсеткендей, «Ақ  алып»  жəне  «Күміс  тəрізді»  қоян  етімен 

салыстырғанда  ауыспайтын  амин  қышқылдардың  мөлшері  «Советтік  шиншилла»  қоян 

етінде көп екендігін көріп отырмыз.  

Қоян  етінің  құрамындағы  ауысатын  амин  қышқылдарының  мөлшерін  анықтау 

бойынша зерттеу нəтижелері 2 – кестеде көрсетіледі. 

 

2 - кесте. Қоян етіндегі ауысатын амин қышқылдарының мөлшері, 100 г/мг есебімен 



 

 

Зерттеуге алынған қоян тұқымдары 



Амин қышқылда-

рының атауы 

Ақ алып 

Советтік 

шиншиллалар

Күміс 


тəрізді 

Ауысатын амин 

қышқылдар 

12579±1,13

13113±1,25 12812±3,9 

Аланин 


Аргинин 

Аспарагин 

1504±0,14 

1482±0,12 

1887±0,17 

1568±0,16 

1545±0,14 

1967±0,21 

1532±0,15 

1509±0,12 

1922±0,17 


 

 

139



 

 

Гистидин 



Глицин 

Глутамин 

Оксипролин 

Пролин 


Серин 

Тирозин 


Цистин 

632±0,09 

964±0,12 

3473±0,21 

202±0,02 

851±0,09 

854±0,09 

468±0,05 

262±0,03 

659±0,09 

1005±0,12 

3620±0,23 

211±0,03 

887±0,08 

890±0,09 

488±0,06 

273±0,04 

644±0,08 

982±0,11 

3537±0,22 

206±0,04 

867±0,09 

869±0,09 

477±0,05 

267±0,03 

 

2-ші  кестеден  көріп  отырғанымыздай, «Ақ  алып»  жəне  «Күміс  тəрізді»  қоян 



тұқымдарының  етінің  құрамында  ауысатын  амин  қышқылдарының  мөлшері  шамалас 

болды. «Советтік  шиншилла»  тұқымды  қоян  етінің  құрамындағы  ауысатын  амин 

қышқылдарының мөлшері көп екендігі көрініп тұр. 

Біздің зерттеуіміздің нəтижесі бойынша ауыспайтын амин қышқылдарының  мөлшері 

«Күміс  тəрізді»  жəне  «Ақ  алып»  тұқымының  қоян  мен  салыстырғанда  сəйкес  алғанда  

«Советтік  шиншилла»  қоян  тұқымының  етінің  құрамында 187 мг/100г  жəне 332 мг/100г 

артық. Ауысатын амин қышқылдарының мөлшері «Советтік шиншилла» қоян тұқымының 

етінің құрамында, зерттеудегі қалған екі тұқымды қоян етімен салыстырғанда, сəйкесінше 

301 мг/100г жəне 534 мг/100г артық екені анықталды.  

Қорытынды  

«Күміс  тəрізді»  жəне  «Ақ  алып»  тұқымды  қоян  етінің  құрамындағы  амин 

қышқылдарының  мөлшеріне  қарағанда    «Советтік  шиншилла»  қоян  тұқымының  етінің 

құрамында 187 мг/100г  жəне 332 мг/100г  ауыспайтын  амин  қышқылдар  мөлшері  артық 

болды. Ауысатын амин қышқылдарының мөлшері «Күміс тəрізді» жəне «Ақ алып» қоян 

тұқымының  етінің  құрамындағыдан  «Советттік  шиншилла»  қоян  тұқымының  етінің 

құрамында  да 301 мг/100г  жəне 534 мг/100г  артық  болды.  Жүргізілген  зерттеу  нəтижесі 

бойынша қоян етінде адам организміне қажетті барлық амин қышқылдарының бар екені 

дəлелденді. 

 

Əдебиеттер 



 

1. Аккозова А.С. «Үй қояндарының өнімдері мен шикізатын өндіру технологиясы жəне 

санитариялық сапасын анықтау». /Магистрлік диссертация. Алматы, 2013ж. 

2. Ромашев Қ.М., Жұмагелдиев А.А., Аккозова А.С., Джолдасбекова М.А. 

«Қоян  етінің  тұқымдарына  байланысты  химиялық  құрамы»  Материалы 

Международной  научно  практической  конференции  «Совроменные  проблемы  борьбы  с 

особо опасными экзотическими и зоонтропонозными болезнями животных» посвященная 

70- летию профессора  Н.Г. Асанова, Алматы 2012. с179-181. 



3. Қырықбайұлы С., Телеуғали Т.М. /Ветеринариялық санитариялық сараптау практи-

кумы. Алматы 2007ж. 

 

 

Ромашев Қ.М., Жұмагелдиев А.А., Аккозова А.С., Шалхарова Д.Ж., 

Манкібаев А.Т., Қазтаева Б.Қ. 

 

ОПРЕДЕЛЕНИЕ КОЛИЧЕСТВО АМИНОКИСЛОТ В СОСТАВЕ МЯСО  



КРОЛИКОВ РАЗНЫХ ПОРОД 

 

В статье приведены результаты исследования количество аминокислот в составе мясо 



кроликов  разных  пород.  По  результатом  исследований  установлено,  что  в  мясе  кролика 

 

 

140



 

 

породы  «Советская  шиншилла»  количество  незаменимых  аминокислот  состовляет 8188 



мг/100г,  в  мясе  кролика  породы  «Серебристая» 8001 мг/100г,  а  в  мясе  кролика  породы 

«Белый великан» 7856 мг/100г,  а заменимые аминокислоты соответс-твенно 13133 мг/100г, 

12812 мг/100г и 12579 мг/100г. 

На  оснований  иследовании  полученных,  можно  заключить  что  в  мясе  кроликов 

содержится  необходимое  количество  аминокислот,  которые  улучшает  химический  и 

аминокислотный состав мясо кролика. 



Ключевые слова: аминокислоты,кролик, мясо кролика, пищевая ценность. 

 

 



Romashev K.M.,  Zhumageldiev A.A.,  Akkozova A.S., Shalharova D.J.,  

Mankibaev A.T., Kaztaeva B.K. 

 

DETERMINATION AMOUNT OF AMINO ACIDS IN COMPOSITION MEAT  



OF RABBIT OF DIFFERENT BREEDS 

 

In the article presented the research results of amino acids amount in meat composition of 



rabbit of different breeds. On the result of researches evidently, that in rabbit meat of "Soviet 

chinchilla" breed the irreplaceable amino acids consist 8188 mg/ 100g, in rabbit meat of "Silvery" 

breed  8001 mg/ 100g,  and in rabbit meat of  the "White giant" breed 7856 mg/100g,  and 

replaceable amino acids according to 13133 mg/100g, 12812 mg/100g and 12579 mg/ 100g. 

On the basis of research we can see that there are all necessity amino acids in meat of rabbit, 

which is improved chemical and amino acid composition of rabbit meat. 



Key words: amino acids, rabbit, meat of rabbit, food value. 

 

 



ƏОЖ: 637.5:636.92    

 

Ромашев Қ.М., Аккозова А.С., Шалхарова Д.Ж.,                                                        

Қазтаева Б.Қ., Джунисбаева С.М 

 

Қазақ ұлттық аграрлық университет 

 

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ҚОЯН ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ 

ЖАҒДАЙЫНДА ҚОЯН ТҰҚЫМДАРЫ ЕТТЕРІНІҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРАМЫ 

      

Андатпа  

Мақалада Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданындағы қоян шаруашылығында, 

қоян етінен зерттелген химиялық құрамының көрсеткіштері келтірілген. Зерттеулерде «Ақ 

алып», «Күміс тəрізді» жəне «Советтік шиншила» тұқымдас қояндар қолданылды. Зерттеу 

көрсеткіштері арқылы, қорытындылай келе «Күміс тəрізді» жəне «Советтік шиншила» етіне 

қарағанда  «Ақ  алып»  қоян  тұқымы  етінің  энергетикалық  құндылығы  жоғары  екені 

дəлелденді.     

Кілт сөздер: қоян, ақуыз, май, ылғалдылығы, күл, энергетикалық құндылығы. 

Кіріспе   

Қоян еті – барлық диеталық еттің ішінде маңызды орын алады. Ол сөлді, нəзік, дəмі 

жағынан тауық етіне жақын, қуаттылығы өте жоғары, тез қорытылады. Құрамында белок 

пен майдың мөлшеріне қарай қоян еті тауықтың етінен əлдеқайда асып түседі. Қоян етінің 



құрамында жоғары дəрежеде құнды ақуыз, аз мөлшерде майдың экстрактивті заттары жəне 





©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет