Құрметті жерлестер!



жүктеу 105.73 Kb.
Дата09.07.2017
өлшемі105.73 Kb.


03.12.2016 ЭҚАБЖ МО (7.17.2 версия)



Аудан әкімі С.Әлиевтің 2016 жылы

атқарған жұмыстары туралы есебі

Құрметті жерлестер! Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Орталық атқарушы органдар басшыларының, әкімдердің, ұлттық жоғары оқу орындары ректорларының халыққа есеп беру кездесулерін өткізу туралы» 2016 жылғы 5 ақпандағы № 190 Жарлығын орындау мақсатында аудан бойынша елді мекендерде бекітілген кестеге сәйкес барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен есепті кездесулері өтуде.

Есепті кезеңде аудандық бюджеттің кіріс бөлігі 3556,3 млн.теңге құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,6% артты. Соның ішінде салық түсімдер көлемі 492,4 млн.теңге құрап, 2015 жылмен салыстырғанда 19,7%, салықтық емес түсімдер сомасы 35,5% артып 3,4 млн.теңге құрады. Бюджеттің шығыс бөлігі 99,5% орындалды.

2016 жылы тіркелген шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 953 бірлік құрап, өткен жылмен салыстырғанда 3,2% артты. Соның ішінде жеке кәсіпкерлер cаны 575 бірлік құрап 3,9% артты, шаруа қожалықтар саны 308 бірлік құрап 2,6% артты, заңды тұлғалар саны 70 бірлік құрап бір деңгейде қалды. Шағын және орта бизнес субъектілерінен бюджетке түскен салық түсімі өткен жылмен 7,2%-ға артып 52 млн.170 мың.теңге құрады. Жұмыспен қамтылғандар саны 1,6% артып 1905 адамды құрады. Өндірілген өнім көлемі 560,19 млн теңге құрады.

«Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы құны 18,5 млн.теңгеге 3 жоба қаржыландырылды: жабық базарды қалпына келтіру және көлік тұрағына арналған жабдықтарды сатып алу; жүк тасымалдайтын ГАЗ-33 автокөлігін сатып алу; жолаушыларды тасымалдауға маршруттық автокөлік сатып алу. Сонымен қатар, есепті кезеңде жалпы ауданы 550 шаршы метр құрайтын кафе-мейрамхана, тіс емдеу кабинеті, тұрмыстық заттар сататын дүкен және жалпы ауданы 856,1 шаршы метр құрайтын мейрамхана, қонақ үй, автокөліктерге техникалық қызмет көрсету кешені іске қосылды.

Ауыл шаруашылық кешені. Дәнді дақылдар егілген 20,7 мың гектар алқаптан 12,2 цен/га орташа өнімділігімен 25,3 мың тонна астық жиналып, майлы дақылдар егілген 1 030 га алқаптан 465 тонна өнім алынды. 2016 жылы мал азық дақылдары 4 мың га жерге егілді. Жалпы аудан бойынша көпжылдық мал азық дақылдарының жалпы егістік көлемі 6,4 мың га құрады. Картоп және көкөніс-бақша дақылдарының өнімдерінің жалпы түсімі 3,45 мың тоннаны құрады. Есепті кезеңде аудан бойынша 109,5 мын тонна шөп дайындалды

«Тасқала» несие серіктестігі арқылы көктемгі далалық жұмыстарын ұйымастыруға «Егін жай» бағдарламасы аясында 9 шаруашылыққа 64,4 млн.тенге несиелік қаражат берілді.

«КазАгроМаркетинг» АҚ арқылы инвестициялық субсидиялау бағдарламасы бойынша ауданда 32 шаруашылыққа 63,4 млн. тенге субсидия төленді, соның ішінде 14 дана «Беларус» моделді тракторларға 25,2 млн.тенге және ауылшаруашылық техникаларға 38,2 млн.тенге.

Мал шаруашылығы. Аудан бойынша ірі қара мал саны 26 мың 175 бас (17,7%), қой мен ешкі саны – 57 мың 150 бас (13,7%), жылқы саны – 7 мың 232 бас (23,1%) құраса, соның ішінде асыл тұқымды ірі қара мал басы 1994 бас, ұсақ мал 3077 бас, жылқы 49 бас құрады. Есепті кезеңде 290 бас асыл тұқымды ірі қара мал сатып алынды, оның 111 бас асыл тұқымды бұқалар, 179 бас асыл тұқымды қашар.

Есепті кезеңде 4731,2 тонна тірі салмағында ет, 15826,8 тонна сүт, 3 млн 778,3 мың жұмыртқа өндірілді.

Аудан бойынша ауыл шаруашылық құрылымдарының мемлекеттік бағдарламаларға қатысуы қарқынды жүріп келеді. «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 10 шаруа қожалығы 269 млн 450 мың теңгеге нисие алып, игерілген қаражатқа 1411 бас қашар және 50 бас асыл тұқымды бұқа сатып алды. «Алтын Асық» бағдарламасы арқылы 3 шаруашылық 27,1 млн.теңгеге несие алып, 1017 бас ұсақ мал сатып алынды. «Құлан» бағдарламасы арқылы 1 шаруа қожалығы 4 млн теңгеге 20 бас жылқы сатып алды.

Мал тұқымдық түрлендіру жұмысын жүргізгені үшін 97 шаруашылыққа 201 млн. теңге субсидия төленді.

Бүгінгі таңда аудан бойынша 6 ауылдық округте тұқымдық түрлендіру жұмыстарын жүргізу мақсатында 10 селолық тұтыну кооперативі құрылып, 21 асыл тұқымды бұқа сатып алынып табындарға қосылды. Қазіргі кезде түскен өтінімдер бойынша 8 селолық тұтыну кооперативіне тұкымдық түрлендіру жұмыстарын жүргізгені үшін 8млн. 734 мың теңге субсидия төленді.

Жеке кәсіпкер «Балашова Г.С.» өз қаражаты есебінен 20 млн. теңгеге тәулігіне 1000 кг қуаттылығымен сүт қабылдау пунктін салды.

Ауданның шаруа қожалықтарымен жалпы көлемі 11,9 мың шаршы метр құрайтын 178,5 млн.теңгеге 14 жаңа мал үстау қоралары және 25 млн.тенгеге қызметшілерге арналған жалпы ауданы 360 шаршы метр құрайтын 4 тұрғын ұй салынды, 128,6 млн.теңгеге ауыл шаруашылық техникасы мен 86,4 млн.теңгеге ауыл шаруашылық малы сатып алынды.

«Эпизоотияға қарсы іс-шаралар өткізу» бюджеттік бағдарламасы бойынша ауданда жоспарға сәйкес сібір жарасы ауруына қарсы 25660 бас ірі қара мал, 52100 бас ұсақ мүйізді мал, 5100 бас жылқы; қарасан ауруына қарсы 28400 бас ірі қара мал егілді; құтыруға қарсы 23650 бас ірі қара мал, 18050 бас ұсақ мүйізді мал, 5880 бас жылқы. Пастереллез ауруына қарсы 23150 бас ірі қара мал, 13780 бас қой мен ешкі, 1710 бас жылқы егілді. Бруцеллез ауруына 76196 бас ұсақ мүйізді мал, 34349 бас ірі қара мал тексерілді, жоспар 100% ға орындалды. Тексеру нәтижесінде сарып ауруына шалдыққан 215 ірі қара бас анықталды. Тексерілген мал арасында зақымдану 0,6% құрады. Ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру бойынша 11448 бас ірі қара малы бірдейленіп, жоспардан 128 % орындалса, 42087 бас ұсақ мүйізді мал бірдейленіп, жоспардан 100% орындалды. 1200 бас жылқы толықтай таңбаланды.

Есепті кезеңде 2014-2016 жылдары бруцеллез ауруына шалдыққан санитариялық малдарды тапсырған үшін 377 мал иесіне 1155 бас ірі қара малға 103 млн. 858,9 мың теңге қаражат төленді.

Халықты жұмыспен қамтудың кешенді жоспары «Аумақты дамыту» және «Жұмыспен қамту 2020» мемлекеттік бағдарламалары арқылы жүзеге асырылуда.

Есепті кезеңге 1544 адам жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылды, соның ішінде 643 жаңа жұмыс орны ашылып, жоспар 140% орындалды, 864 адам жұмысқа орналастырылып, жоспар 2,5 есе артық орындалды. Мұның ішінде 46 адам жастар практикасына және 102 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жолданғандар. Ақылы қоғамдық жұмысқа 579 адам жолданып, жоспар 128,7% орындалды. Аумақты дамыту бағдарламасы арқылы жоспарға сәйкес 48 адам кәсіби дайындықтан өтті. Кәсіптік оқуды аяқтаған 48 адамның 85,4% немесе 41 адам жұмысқа орналастырылды.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының (әрі қарай - Бағдарлама) I - бағыты бойынша жоспарға сәйкес жалпы білім беретін Шежін орта мектеп-балабақшасының ғимаратын күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу барысында 45 жаңа жұмыс орны ашылды, соның ішінде 23 адам «Халықты жұмыспен қамту орталығы» арқылы жұмысқа орналасты.

Аудан бойынша 18 нысанды ағымдағы жөндеуден өткізу үшін «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы арқылы қосымша қаражат бөлініп, бүгінгі таңда 64 жұмыссыз жұмыспен қамтылып, жоспар 106% орындалды.



Бағдарламаның ІІ-бағыты шеңберінде 20 адамға 60 млн. теңге қаражат бөлінді. Тасқала аудандық кәсіпкерлікті дамыту картасына сәйкес жылқы шаруашылығына 6 адам, мал шаруашылығын дамытуға 6 адам, қой шаруашылығына 4 адам, құс шаруашылығына 1 адам, стоматология кабинетін ашуға 1 адам, АЖС қажетті құралдарды сатып алуға 1 адам, жолаушылар тасымалдау газель алуға 1 адам, автокемпинг тұрақ ашуға 1 жоба бойынша несиелер игерілді. Өткен жылдардан қайтарылған қаражат есебінен 4,6 млн теңгеге 2 адам мал шаруашылығын дамытуға несиелерін алып, өз істерін кеңейтуде.

Ауыз су мәселесі. Есепті кезеңде мемлекеттік жекешелік әріптестік арқылы шаруашылық тәсілімен Тасқала ауылының 8 көшесіне жалпы ұзындығы 2 122 метр құрайтын су құбырын өткізу жұмыстары жүргізіліп, 155 тұрғын үй орталықтандырылған ауыз су құбырына қосылды. 3 ауылдық округі бойынша 2,7 км жерге су құбыры тартылып, 61 тұрғын үй ауыз су құбырына қосылды.

Аудан бойынша жалпыға ортақ аудандық маңызы бар 245 км автомобиль жолдарын жөндеу, тегістеу және жыл бойына күтіп ұстау жұмыстары жүргізіліп келеді. Бүгінгі таңда Тасқала ауылының Абай көшесінің 1627 метр жолына 102,27 млн.теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

2016-2017 жылдар аралығында көшпелі тәсілмен Тасқала ауылының 4 көшесінің жалпы ұзындығы 4890 метр құрайтын автомобиль жолдарына 332,64 млн теңгеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі таңда 2 көшенің жөндеу жұмыстары аяқталды. Сонымен қатар, Тасқала ауылының Сапаров көшесіне 300 метр жолға 14 млн.теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп, Абай мен Сапаров көшелеріне 980,8 шаршы метр жерге жалпы 6 млн. 908 мың теңгеге брусчаткадан жаяу жүргіншілер жолы салынды.

Ауылдық округтер бойынша 7,7 км ауылішілік жолға 6,4 млн.теңгеге жергілікті топырақ төсеу арқылы тегістеу жұмыстары жүргізілді, 101,5 км ауылішілік жолға 1,8 млн.теңгеге тегістеу жұмыстары жүргізілді, 156,2 км жолға 3,03 млн.теңгеге қардан тазалау жұмыстары жүргізілді. 25 млн.910 мың теңгеге Оян ауылына дейін 17 шк және Атамекен ауылына дейін 15 шк жолды жергілікті материалдармен төсеу жұмыстары басталды. 2017 жылы аяқталатын болады.

Тасқала ауданы бойынша бюджеттік қаражат есебінен елді-мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, санитарлық тазалау мақсатында бір келкі жұмыстар атқарылды. Соның ішінде ауылдық округтер бойынша 343 светодиодты, 10 ДРЛ шамдары және 17 қоқыс тастау жәшіктері орнатылды. Мерей ауылының «Алма» бағына су тартылды. Үш елді мекенде коң-қоқыс төгу орнын абаттандыру жұмыстары жүргізілді, бір балалар ойын алаңына жарықтандыру жұмыстары жүргізілсе, 5 балалар ойын алаңына жөндеу жұмыстары жүргізілді. 5 мәйіт қоршалды, Ақтау ауылының бұлағына темір орындықтар орнатылды. Ақтау және Қазақстан ауылдық округтеріндегі 3 бөгет жөнделді, 4 қоғамдық құдыққа абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Тасқала ауылының темір жол бекеті аймағында орналасқан су мұнарасының сыртқы келбетіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Амангелді ауылдық округіндегі «Даңк» аллеясына сыртта ашық сахна орнатылып, техникалық су құбыры тартылды.

Аудандық білім бөлімінің мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында жалпы 820 бала тәрбие алуда. Соның ішінде 3-6 жас аралығындағы 653 баланың 99,5%, 1-6 жас аралығындағы 1124 баланың 73% мектепке дейінгі біліммен қамтылды. Алайда, бүгінгі таңда аудан орталығы бойынша 296 бала балабақша кезегінде тұр.

Биылғы оқу жылында аудан бойынша мектеп бітіруші 132 түлектің 77,2% Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысып, сынақ нәтижесінде 3 түлек «Алтын белгі» белгісіне және 14 түлек «Ерекше» аттеcтатқа ие болды. Аудан бойынша орташа балл – 86,78 балл құрап, облыс бойынша ІІІ орынды иеленді. Жоғары оқу орындарының мемлекеттік гранттарына аудан бойынша 39 мектеп бітіруші қол жеткізсе, 45 түлек арнайы орта білім беру ұйымдарының грантына ие болды.

Шежін жалпы білім беретін орта мектеп ғимараты 136,02 млн тг. күрделі жөндеуден өтті. «Шұғыла» жазғы сауықтыру лагеріне күрделі жөндеу жұмыстарына бюджеттен 96,52 млн тг. қаржы бөлініп, жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервінен бөлінген қаражат есебінен Семиглавый Мар жалпы білім беретін орта мектеп (ЖББОМ) ғимаратына, Амангелді ЖББОМ-не жылыту қазандығы алынып, мектеп ғимаратының қоршауына ағымды жөндеу, Оян ЖББОМ ауласын абаттандыру жұмыстары жүргізілді.



Денсаулық сақтау саласы. Аудан бойынша есепті кезеңде 267 нәресте дүниеге келіп, былтырғы жылмен салыстырғанда 25 балаға артты. Жалпы өлім көрсеткіші 151 адам құрап, 2 жағдайға азайды. Табиғи өсім 116 адамды құрады. Есепті кезеңде ана өлімі тіркелген жоқ, 2 жағдай сәби өлімі тіркеліп, былтырғы жылмен салыстырғанда бір деңгейде қалды. Жүрек қан жүйесі бойынша өлім көрсеткіші 17,6%, қатерлі ісік ауруларынан өлім 18,7% төмендеп, қатерлі ісік ауруын анықтау көрсеткіші 1,9 есе артты, туберкулезбен ауру көрсеткіші 9 жағдай тіркеліп, бір деңгейде қалса, туберкулезден өлім 1 жағдай тіркелді.

Мәдениет саласы. ҚР мәдениет және спорт министрілігінің 2016 жылдың 11 қаңтарындағы №4 бұйрығымен аудандық мәдени-демалыс орталығы жанындағы 4 ұжым «халықтық» атағын иеленді. Бүгінгі таңда жалпы аудан бойынша аудандық мәдени-демалыс орталығы жанында 10 «халықтық» атағы бар ұжым мен бір үлгілі би ансамблі қызмет жасауда. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында мәдени-демалыс орталығы бойынша 610 шара өткізіліп, 60100 көрермен қамтылды.

Спорт саласы. Аудан тұрғындарына салауатты өмір салтын насихаттау, спортты дамыту мақсатында өткізіліп келетін спорттық шаралар саны жыл сайын 17%, спортық шараларға қатысушылар саны 14% артып келеді. Үнемі түрде спортпен айналысатындар саны өткен жылмен салыстырғанда 6,8% артып, 4698 адамды құрады. Осыған орай есепі кезеңде ауылдық округтерде бір хоккей алаңы, бір сыртқы жаттығу алаңы, 1 футбол және 4 спорт алаңдары пайдалануға берілсе, Қазақстан Республикасы Үкіметінің арнайы резервінен бөлінген қаражат есебінен Тасқала ауылындағы стадионына ағымдағы жөндеу жүргізілді.

Аудан бойынша 211 қылмыс тіркеліп, өткен жылмен салыстырғанда 12,2% артты, ашылу деңгейі 87,2% құрады. Соның ішінде аса ауыр 4 қылмыс тіркелсе, 4 ауыр қылмыс тіркеліп, толықтай ашылды. Тіркелген орташа ауыр қылмыс саны 100 құрап, өткен жылмен салыстырғанда 5,6% төмендеді. Соның ішінде мал ұрлығы 17 жағдай тіркеліп, 39,3% төмендеді, жалпы ұрлық саны 88 жағдай тіркеліп, 4,3% төмендеді, 6 жол көлік оқиғасы тіркелді. Мейілінше қылмыстың алдын алу және болдырмау мақсатында 9 ауылдық округтерде 61 адам учаскелік полиция қызметкерлерінің қоғамдық көмекшілері қызмет атқаруда. Аудан орталығына 2 млн. 378 мың теңгеге қосмыша 8 бейнебақылау камералары орнатылып, 4 бейнебақылау камераларына жөндеу жұмыстары жүргізілді. Аудандық жергілікті полиция қызметі 2 млн. 710 мың тенгеге қызметтік автокөлікпен, 1 млн. 180 мың теңгеге 1 ноутбук, 7 комплект компьютермен қамтылды.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға қарсы күрес шеңберінде аудандық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссия мүшелерінің қатысуымен 3 семинар-кеңес, 1 дөңгелек үстел өткізіліп, мемлекеттік қызметтің имиджін нығайту мақсатында аудан орталығы мен ауылдық округтерде 6 баннер орналастырылды.

2015 жылдың 30 қараша күні Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Қазақстан халқына жарияланған «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім, Реформалар, Даму» атты кезекті Жолдауды насихаттау, түсіндіру және атқарылған жұмыстармен таныстыру мақсатында есепті кезеңде республикалық, облыстық, аудандық актив жиындары өтіп, құрамында 121 мүшесі бар барлық деңгейдегі 4 ақпараттық-түсіндіру топтарымен ауданда, ауылдық округтерде 17493 адамды қамтыған 126 кездесулер өткізіліп, «Екпін» газеті бетінде 91 мақала жарияланды. Жыл басталғалы Ұлт жоспарын тұрғындар арасында түсіндіру мақсатында 7905 адамды қамтыған 126 ұйымдастырылып, «100 қадам» Ұлт Жоспарының бағыттары бойынша аудандық БАҚ бетінде 48 материал жарияланды.

«Ұлы Дала Елі- Тәуелсіздігіміздің 25 негізі» атты 25 жұлдызды күндер жоспары аясында аудан бойынша 252 шара өтіп, оған 18300 адам қамтылды. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған Медиа-жоспар негізінде аудандық «Екпін» газетінде арнайы бет ашылып 185 мақала, аудан әкімдігінің ресми сайтында 158 мақала жарияланып, аудан бойынша 16 билборд орнатылды.



Бүгінгі таңда ауданда МОО «Намыс», «Мейірім» отбасын әлеуметтік қолдау орталығы, «Тасқала әйелдері», БҚО «Мүгедектері ерікті қоғамы», «Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы» ҚБ-нің Тасқала аудандық филиалы белсенді жұмыс атқаруда. Үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен 20-дан астам шаралар ұйымдастырылып өткізілді.

Терроризм және діни экстремизмнің алдын алу мақсатында аудан әкімі аппаратының жанынан құрылған комиссиялармен 3 отырыс, 1 кеңейтілген семинар, 2 кездесу өткізілді. Комиссия отырысында берілген тапсырмалар уақытылы және толығымен орындалды. Тұрғындар арасындағы діни көзқарастар, діни экстремизм және терроризмнің алдын алу бағытында ақпараттық-насихаттық тобы мүшелерімен 5292 адамды қамтыған 84 шара өткізіліп, жергілікті БАҚ беттерінде 71 ақпараттық материалдар жарық көрді.
: images -> files
files -> 4. Минимальная площадь на одно стоматологическое кресло (в кв м)
files -> Региональный центр «Шығыс» управления образования вко жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбы бойынша биология
files -> Сабақтың тақырыбы: Көктем Мақсаты: Көктем тақырыбына шолу жасай отырып, өз ойларын дәлелдеуге дағдыландыру. Міндеттері
files -> Ұбт-ға даярлаудағы тиімді әдістері өскемен 2015
files -> Химиялық таңбасы – аі
files -> Твором фтора простой и эффективный способ профилактики кариеса
files -> 1. Специфические рецепторы




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет