Құрметті ауылдастар!



жүктеу 75.27 Kb.
Дата23.12.2017
өлшемі75.27 Kb.
Құрметті ауылдастар!

Ел тарихындағы елеулі кезең Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын лайықты табыстар мен қарсы алып, атап өту осы күнге дейінгі атқарған біздің жұмысымыздың негізгі өзегі, бағыт-бағдары болды



Елбасы жолдаудының ерекше құнды арнасы - Мәңгілік Ел идеясына басым мән берілуі. Бұл ретте Елбасы: «Мәңгілік Ел - жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы», - деп түйіндеді. Болашағымызға айқын бағыт-бағдар беретін де, ұлтымызды ұжымшылдыққа ұйыстыратын да, межелі ұлы мақсаттарға жетелейтін де осы Мәңгілік Ел идеясы екені анық. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын жүзеге асыруда Қарағаш ауылдық округі бойынша 2016 жылыы бірқатар шаралар жүзеге асырылды. Қарағаш ауылдық округіне қарасты Самбай, Нұрбұлақ елді мекендерінде 269 аулада 320 жанұя тұрады. Халық саны – 1427, оның ішінде Самбай -886, Нұрбұлақ – 541 адам. Қарағаш ауылдық округінің жалпы жер көлемі – 50029 гектарды құрайды,оның ішінде егістік көлемі – 3905га., шабындық-729га. құрайды. 2016 жыл бойынша жергілікті салықтарды жинау бойынша мүлік салығы - 30,0 теңге, жер салығы – 188,2 теңге, көлік салығы - 645,7 теңге жиналды. Округ бойынша салық 100 пайызға орындалды.

Ауылдық округ аумағында 73 шаруа қожалығы жұмыс жасайды, оның ішінде мал шаруашылығымен – 26, егін шаруашылығымен –16, қалған шаруа қожалықтары шөп дайындаумен айналысады. 2016 жылы Өңірлерді дамыту бойынша 2016 жылы 1252,0 теңге қаржы қаралды, оның – 434,8 теңгеге 30 дана шырша алынып, егілді. 200,0 теңгеге Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай билбордтар жасалды, 207,2 теңге саябақ ауласын жөндеу жұмыстарына жұмсалды. 210,0 теңге саябаққа 16 - орындық, 6 – урно алынды. 200,0 теңгеге ауыл көшелеріндегі қоқыстарды шығару жұмыстарына жұмсалды.

Егін шаруашылығы саласында үстіміздегі жылы 4930 га жерге дәнді дақылдар егілді. Соның ішінде жазғы және күздік дақылдар – 410 га, арпа – 790 га, бір жылдық шөп – 950 га, өткен жылы егілген көп жылдық шөп – 434 га , көп жылдық шөп – 2306, астық қоспасы – 450 га егіліп, 813 тн. арпа, 205 тн. күзгі дақыл, 225 тн. астық қоспасы алынды. Мал азығын дайындауда 11,6 тонна шөп жинап, жоспар 102%-ға орындалды. Жеке тұрғындардың ,шаруа қожалықтарының шаруашылығын кеңейтіп, ірі қара және ұсақ малдардың санын көбейту есебінен елді мекендегі мал басы өсуде.

Ауыл шаруашылық құрылымдарының басты мақсаты ауыл шаруашылық өнімдерін мол өндіріп, қала халқын ет, сүт, жұмыртқа, көкөніс, астық өнімдерімен қамтамасыз ету болып табылатыны бәрімізге мәлім. Міне осындай мақсатпен қажырлы жұмыс атқарып жүрген ірі шаруа қожалықтары - «Бесата», «Қаршыға»,«Ақжол»,«Жансая», «Арай -М»,«Жаңа бұлақ», «Нұрсерімараби», «Құлагер», «Патимат» мал шаруашылығын өркендетуге үлкен үлес қосумен қатар қала тұрғындарын ауыл шаруашылық өнімдерімен төменгі бағамен қамтамасыз етуде. Ауылымыздағы жаңадан бой көтерген «Аманбай» шаруа қожалығының 2014-2016 жылдарға жоспарланған құны 200,0 млн. теңгенің тауарлы-сүт фермасының құрылысы аяқталды. 2016 жыл бойынша «Вадим» ш/қ «Сыбаға» бағдарламасы арқылы 30 бас Ақбас асылтұқымды қашар алды, «Аманбай» ш/қ Орынбор облысы Тасқала ауданынан сементал асыл тұқымды 100 бас аналық ірі қара әкелініп, мал басын асылдандыруда, «Құлагер» ш/қ 600 бас күркетауық алды. Сонымен қатар мал ұстайтын баз салу құрылысына «Қаршыға» ш/қ 10,0 млн. теңге, жатка алу үшін 2,7 млн. теңге, баз салу үшін «Арай-М» ш/қ 20,0 млн. теңге, «Нұрсері-Мараби» ш/қ пресс машинасын алу үшін 2,7 млн. теңге көлеміндегі несие алды.

Медицина

Қарағаш ауылдық округіне қарасты Самбай ауылындағы ФАП әкімшілік ғимаратында орналасқан. Халыққа қызмет көрсетуде 2 маман жұмыс жасайды. Халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында ауыл тұрғындарына сапалы қызмет көрсетуде. Халықтың әл-ауқатының жақсаруына орай бала туу санының жылдан-жылға өсуі, туберкулезбен ауыратын адам санының азаюы осының айғағы. 2016 жылы флюорографиядан жосапар бойынша 320 адам тексеруден өтті. Туберкулез ауруынан 2 адам ем қабылдауда. 2016 жылы 16 сәби дүниеге келді. Диспансерлік есеп тұрған адам саны – 84 адам. Оның ішінде, қан қысымы аурулары бойынша – 50 адам, қант диабеті – 3 адам диспансерлік есепте тіркелген.

Нұрбұлақ ауылында жаңадан салынған медициналық пунктінде халыққа қызмет көрсетуде 1 медбике жұмыс жасайды. 2016 жылы флюорографиядан 130 адам тексеруден өтті. Туберкулез ауруынан 3 адам ем қабылдауда. 2016 жылы 10 сәби дүниеге келді. Қан қысымы аурулары бойынша – 22, қант диабеті – 1, жүрек ауруларынан – 3 адам диспансерлік есепте тіркелген.

Білім

А.Байтұрсынов атындағы орта мектебі - 1988 жылы қолданысқа берілген типтік жобадағы мектеп. Мектепте қазіргі таңда 146 оқушы білім алады. 15 тәрбиеленуші мектепалды даярлық тобында, шағын орталықта 2 топ жұмыс жасайды. Мектеп қызметкерлерінің жалпы саны – 53 құрайды. Оның 29-ы педагог – кадрлар. Оның ішінде 24-і жоғары білімді, 5 орта арнаулы біліміді. 8 мұғалім - жоғары санатты, 7 мұғалім - І санатты, 7 мұғалім – ІІ санатты, 7 мұғалім – санатсыз. 2016 жыл бойынша 4 адам жұмысқа қабылданды.

Биылғы оқу жылында мектепті 12 түлек аяқтады. Оқуды аяқтаған түлектердің барлығы, университеттермен колледждердің түлектері, оқуға түспей қалған оқушы жоқ.

Педагогикалық қызметкерлер біліктілігін арттырып Кембридж курсының тәсілі бойынша І деңгей – 2 мұғалім, ІІІ деңгей – 5 мұғалім жұмыс жасайды.

2016 жылдың ағымдағы жөндеуге 12 млн172 мың тенге аула және тас төсеншілер салынуға бөлінді. Мемлекеттік сатып алу бойынша 8 млн. 736 мың тенге , соның ішінде Республикалық бюджеттен 7 млн. 862, 4 мың тенге , жергілікті бюджеттен 873,6 мың тенге қаржы бөлінді. Барлығы 445, 6 м. мектеп ауласы қоршалды. 340 м3 көлемінде тас төсеніш төселді. 2016 жылдың мектепке генератор (бензиновый) берілді, бағасы 204 мың тенге. Мектеп ішкі жұмыстарына биыл қаржы бөлінген жоқ. Мектеп мұғалімдері мен ата-аналар спонсорлық көмегімен дәліздер ақталып, сырланды. Маржанбұлақ орта мектебінен 8 дана реестр және трубалар, Сарыхобда орта мектебінен 3 дана реестр алынып спортзалға, шеберхана, дәлізге жылыту жүйелері қайта жасалды.

«Туған жерге тағзым!» акциясы аясында «АlmaTerm» пластикалық труба фирмасының директоры Жақсымбетов Е. құны 55 000 тенге тұратын 2 дана унитаз, қол жуатын раковина және ЖШС «АlmaTerm» мекемесінде жұмыс жасайтын түлектерідің демеушілік көмегімен құны 20 000 тенге тұратын пластикалық трубалар алып берді.

Кітап қоры: мектеп бойынша – 22610

Оқулықтар: 87% қамтылады

Соның ішінде: 57% мектеп, 30% ата-ана тарапынан



Шибаевка орта мектебінде Шибаевка орта мектебінде 49 қызметкер жұмыс жасайды. Шибаевка орта мектебін 2015-2016 оқу жылында 125 оқушымен аяқтады. Оның ішіндегі 11-сыныпты аяқтаған түлектер саны: 16. ҰБТ-ге 8 оқушы қатысты, мектеп бойынша білім сапасы 84,7 % болды. Мектеп түлектерінен 2 оқушы «Алтын белгі» иегері атанды. Мектеп бітірушілердің 87,5 пайызы арнаулы орта, жоғары оқу орындарында оқумен қамтылған болса, Семенко Денис, Денисенко Виктор, Денисенко Иван жеке қожалықта жұмыспен қамтамасыз етіліп, Новоселцова Инна денсаулығына байланысты ұзақ мерзімді емханада емделуде. Сонымен қатар 2016 жылдың сәуір айында 11-сынып оқушысы Арыстанов Артур Мақсатұлы «Адам – Жер - Ғарыш» атты Халықаралық ғылыми жобалар сайысында ІІІ орын иеленіп ҰБТ-тен босатылды. 11-сыныпты тәмәмдаған оқушылардың 4-уі грант иегері.

9-сыныпты 11 оқушы аяқтап, оның 6 түлегі арнаулы оқу орнына оқуға түсті. Қалған 5 оқушы мектепте өз білімдерін жалғастыруда. Шибаевка орта мектебіне жыл бойы 6 мұғалім жұмысқа қабылданды.

Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығына мектеп мұғалімдерінің демеушілігімен мектеп ауласына 25 түп жеміс ағаштары отырғызылды, маусымдық гүлзарлар жасалып көгалдандыру жұмыстары жоғары деңгейде жүргізілді. Облыс әкімінің бастамасымен ұйымдастырылған «Туған жерге тағзым» акциясы аясында Шибаевка орта мектебін бітірген 2009,2010 және 2012 жылғы түлектер мектепке 6 түп шырша тарту етіп, ауладағы гүлзарлар мен ағаштарды суару үшін жалпы шығыны 30000 теңге көлемінде су құбырын жүргізді. Мектеп ұжымы демеушілігімен мектептің ағымдық жөндеу жұмысын жүргізілді.

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына мектепте жыл бойы іс-шаралар жоспары жасалып, өткізілді. Мектеп ұжымы мен оқушылар өткізілген іс-шараларға белсене қатысты. Биылғы оқу жылында 109 оқушы оқумен қамтылып, 11 бала мектепалды даярлық тобында білім алса, 35 бала шағын орталықта тәрбиеленуде. Биылғы оқу жылында жұмыспен қамтылған жас мамандар саны 3.

ҚР 25 жылдығы қарсаңында мектеп ұжымының демеушілігімен стендтер жаңартылып, мектеп дәлізі гүлмен толықтырылды. Алдағы жылы да мектеп ауласын көгалдандыру, отырғызылатын ағаштар мен гүлдердің санын көбейту жоспарлануда.
Мәдениет және спорт

Самбай ауылдық кітапханасында 11045 дана, оның ішінде 879 кітап қазақ тілінде. Барлық кітап қорының ішінде қоғамдық-саяси әдебиет-1511, өнер-739, көркем әдебиет-7435 дананы құрайды. Самбай ауылдық кітапханасында «Ұлы Жеңіс», «Конституцияның 25 жылдығына» арналған іс-шаралар өткізілді. Бүгінгі таңда ауыл тұрғындарының кітапқа деген қызығушылықтарының арқасында оқырман саны артып, түрлі мәдени шаралар өтуде. Спорттық шаралардың үздіксіз өтуімен қатар аула клубының жұмысы да жақсы жолға қойылған. 2016 жылы тұңғыш рет Ауыл жастарының спартакиадасы өтті, осы спартакиада жалпы есептік көрсеткішпен Қарағаш ауылдық округінің жастары 1 орынды иеленді. Салауатты өмір салтын қалыптастыруда кешкі уақыттарын тиімді пайдаланып, түрлі спорттық шараларға қатысуда. 2016 жылдың 18-19 тамыз күндері Алға қаласының 55 жылдығына, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыстық туристік экспедиция өтті. 2016 жыл бойынша жастардың қатысуымен 30-ға жуық іс-шаралар өтті, атап өтсек «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясын жұмысшы жастардың демеушілігімен балаларға сыйлықтар берілді, республикалық бейбітшілікке бастайтын «Ақ Орамал» акциясы, жаз мезгілінде «Ашық аспан аясындағы кинотеатр», би кештері, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай мерекелік концерттер мен флешмобтар, ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай жұмысшы жастар арасындағы волейболдан жарыс, сәуір айында «Бүкілқазақстандық ағаш отырғызу» акциясы, жас отбасылар арасында жарыстар, жастар Ақтөбе медресесінің ұстаздарымен кездесті, Рухани келісім күніне жазушы, драматург Жабал Ерғалиевтің «Есігімді қаққан кім?» психологиялық қойылымы қойылды, «Қарттар күні», «Ұлы Жеңіс» мерекелерінде ауылдағы шаруа қожалықтарының демеушілік көмегімен қарттарға сыйлық жасалды, ауылдық округ бойынша 0-5 жасқа дейінгі 170 балаға шаруа қожалықтарының демеушілігімен жаңа жылдық сыйлықтар таратылды, ауыл күндеріне орай Бестамақ ауылында және Алға қаласында футболдан өткен жарыстан біздің жастар 1 орынды иеленді, 16 желтоқсан ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған мерекелік концертте ауылық округтің дамуына, гүлденуіне үлес қосқан 30-ға жуық азаматтар мен азаматшалар алғыс хаттармен марапатталды және т.с.с. бірқатар шаралар өткізілді. Ауданда өткен отбасылар сайысына Құсайыновтар отбасы қатысып бас жүлдені иеленді.

Жасыл ел жасағына жыл бойы 15 жас жұмысқа алынды және ауылды абаттандыру, көркейту мақсатында жұмыс істеді, ауылдың кіре-берісін, ауылдың сыртқы бетін, Алға-Самбай тас жолының бойын қоқыстан тазартты, бағаналар мен көпірлерді ақтап, сырлады, өзен жағаларын жинады.
Ауыл тынысы

Самбай ауылы көгілдір отынға, таза ауыз суға, байланыс, интернет жүйесіне қосылып, көше жарықтандырылып өркениеттің игілігін көруде. Келешегі зор Самбай, Нұрбұлақ ауылына қоныс аударушылардың саны артып, жер телімдері бөлініп, көшелер бой түзеді. Самбай ауылында орналасқан «Аманбай» шаруа қожалығында тауарлы сүт фермасының мал шаруашылық кешенінің құрылысы жақын арада аяқталып, іске қосылады.



Алдағы жылы «Өңірлерді дамыту» бағдарламасы бойынша 2016 жылы қаралатын қаржыны А.Байтұрсынов орта мектебінің ауласын жаңартуға, Самбай ауылындағы стадионға қоршау салуға, жөндеу жұмыстарына жұмсалды және орталық саябаққа 40 түп жасыл шырша отырғызылды. «Activ», «Кcell» байланыс мұнарасын орнатуға жер учаскесі беріліп, алдағы уақытта қондыру күтілуде.

Құрметті ауыл азаматтары, 2016 жыл біз үшін жаман болған жоқ, осы жылы ауылымыздың көркейуі жолында бірқатар жұмыстар жасалынды, алдағы 2017 жылыда сіздермен бірігіп, талай жоспарланған істерді жүзеге асыру жауапкершілігі тұр, осы тұста барлық ауыл тұрғындарын Жаңа Жыл мерекесімен шын жүректен құттықтап, баршаңызға зор денсаулық, отбасыңызға береке, бірлік, еңбектеріңізге толағай табыс тілеймін.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет