Республикалық ғылыми-практикалық орталық “Дарын” Практикалық тур-100 мин 9 сынып Сурақ (18 балл)



Дата05.04.2018
өлшемі82.94 Kb.
Республикалық ғылыми-практикалық орталық “Дарын”

Практикалық тур-100 мин 9 сынып
Сурақ 1. (18 балл)
Гемоглобин(Mb) мен миоглобин(Mb) омыртқалылардың оттегі тасымалдайтын белоктары болып табылады. Гемоглобин(Hb) төрт полипептид шынжырынан тұрады. Әр полипептид шынжырының өзіне жабысқан гем группасы бар. Полипептид шынжырлары бір-бірімен ковалентсіз байланыстармен жалғасқан. Hb белоктарының оттегі жабыстыру қасиеті, қанның рН, даму стадиялары, және дене көлемі сияқты факторларына тәуелді. Сол жақта орналасқан графикте гемоглобин( A,B,C) мен миоглобиннің(D) оттегі диссоцияция қисықтары берілген. Гемоглобиннен айырылып, ұлпа каппилярлары арқылы өтетін оттегі мөлшері утилизация коэффициенті деп аталады. Бұл коэффициенттін физиологиялық нормасы шамамен 0.25 ке тең. Осы мәліметтерге сүйене отырып, төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.


  1. Жоғарғы белдеулерде мекендейтін Лама атты жылуқанды сүтқоректілердің Hb белоктары қоршаған ортаға бейімделген. Егер B қисығы жылқы Hb белогына сәйкес келсе, Лама гемоглобин молекуласынаның қисығын анықтаңыз.

А) А қисығы

Б) В қисығы

В) С қисығы

Г) D қисығы




  1. Егер В қисығы пілдің оттегі диссоциация қисығы болса, тышқанның диссоциация қисығын анықтаңыз.

А) А қисығы

Б) В қисығы

В) С қисығы

Г) D қисығы




  1. Егер В қисығы ересек адамның оттегі диссоциация қисығы болса, нәрестенің диссоциация қисығын анықтаңыз.

А) А қисығы

Б) В қисығы

В) С қисығы

Г) D қисығы




  1. Үшінші сұрақ модель қисығының себебін дұрыс анықтаңыз.

А) нәресте ұлпаларының метаболизмі ересек адамның метаболизміне қарағанда тезірек өтеді.

Б) нәресте ұлпаларының метаболизмі ересек адамның метаболизміне қарағанда жайырақ өтеді

В) нәресте Hb ересек адамдікіне қарағанда, оттегі молекуласына көбірек аффиндік қасиеті бар

Г) нәресте Hb ересек адамдікіне қарағанда, оттегі молекуласына азырақ аффиндік қасиеті бар




  1. Ересек адамның Hb молекуласын 8M мочевина ерітіндісіне салғанда поплипептид араларындағы ковалентсіз байланыстарының жойылуына алып келді. Осыдан кейін α-шынжыры бөлініп алынды. Графиктегі қай қисық бөлініп алынған α-шынжырына сәйкес келеді? (В қисығы ересек адамның оттегі диссоциациясы деп есептеңіз)

А) А қисығы

Б) В қисығы

В) С қисығы

Г) D қисығы


  1. Утилизация коэффициенті метаболизм жылдамдығына қарай өзгеріп отырады. Төмендегі қай сан, ересек адамның қызулы жаттығу кезіндегі Hb утилизация коэффициентіне сәйкес келеді?

А) 0,0


Б) 0,125

В) 0,25


Г) 0,75
Сұрақ 2. (18 балл)
Аминоқышқылдар метаболизмі нәтижесінде пайда болатын аммиак, азоттық қосылыстар түрінде денеден шығарылмаса, адам ағзасына улы болып табылады. Сол сияқты, кейбір тұздардың адам ағзасында нормасынан жоғары жиналуы, өкпе мен жүрекке зақым береді.
Diabetes Insipidus (Қантсыз диабет), адам ағзасындағы АДГ өзінің күшін жоғалтқан уақытта пайда болатын дерт. Нәтижеде, бүйрек зәрді қоюлату қабілетін жоғалтып, адам ағзасының көп мөлшерде су жоғалтуына алып келеді. Қантсыз диабеттің екі түрі кездеседі: орталық және нефрогендік. Бірінші түрі, АДГ гормонының мөлшері мен сапасында мәселе пайда болғанда туады. Екінші жағдайда, нефрон түтікшелері АДГ стимулына жауап беру қасиетін жоғалтады. Осы дерттің екі түрін зерттеу мақсатында, эксперимент жүзеге асырылды. 4 науқастың зәр осмолярлығы, терапияға дейін және 24 сағат бойы су ішуден бас тартқаннан кейін өлшенді. Терапия кезінде науқастардың екі тобына экзогендік АДГ енгізіліп, зәр осмолярлығы қайта өлшенді. Барлық нәтижелер төменде көрсетілген. Зәр осмолярлығының физиологиялық нормасы 285мОсм/л тең деп алайық.
Таблица 1. Зәр осмолярлығы (мОсм/л )


Науқас

Терапияға дейін

24 сағ. бойы су ішуден бас тартқаннан кейін

АДГ дан кейін

А

285

765

765

Б

180

765

765

В

180

180

400

Г

180

180

180

Төмендегі сұрақтарға жауап беріңіз.




  1. Қай процессте орын алатын ферменттің дефектісі нәтижесінде, аммиактың жоғары және улы деңгейі қанда байқалады?

А) гликолиз

Б) майлы қышқылдарының ыдырауы

В) мочевина циклы

Г) нуклеин қышқылдарының деградациясы




  1. Жоғарыда берілген мәліметтерге сүйенсек, аминоқышқылдар ыдырау нәтижесінде аммиак түзіледі. Осыған орай, ересек адамның белоктарға мол тамақпен азықтанғаннан кейін ұлтабарда аммиактың жиналуы байқалады ма?

А) Ия, себебі аммиак, ұлтабар эпителясы арқылы ішке сіңіріле алмайды

Б) Ия, себебі аммиактың ыдырау жылдамдығы, түзілу жылдамдығынан баяу

В) Жоқ, себебі ұлтабар эпителиясы арқала сіңіріліп, бүрек арқылы сыртқа шығарылады.

Г) Жоқ, себебі аммиак ұлтабар қуысында емес, клетка ішінде түзіледі




  1. Сау ересек адамның зәр құрамында қай зат кездеспеуі қажет?

А) альбумин

Б) натрий

В) калий

Г) дұрыс жауап жоқ




  1. Қантсыз диабет түрімен ауыратын науқасқа қайсысы сәйкес келеді?

А) плазманың төмен осмолярлығы

Б) зәр осмолярлығының жоғарлауы

В) глюкозаның жоғары мөлшері

Г) көп зәр шығарылуы




  1. Бірінші таблицаға қарап, қантыз диабетінің орталық түрімен ауыратын науқасты анықтағыз.

А) Науқас А

Б) Науқас Б

В) Науқас В

Г) Науқас Г




  1. Науқас Б зәрінің терапияға дейін сұйық болуы нені білдіреді?

А) Судың көп ішуі

Б) Дегидратация

В) Нефрогендік қантсыз диабет

Г) Орталық қантсыз диабет



Сұрақ 3. (10 балл)
E.coli клеткасының цилиндр пішінді болып келеді. Оның ұзындығы 2 мкм болса, диаметрі 0.8 мкм құрайды. Цилиндр көлемі πr2h формуласы арқылы есептелінеді.


  1. Егер E.coli тығыздығы 1.1г/см3 болса, оның салмағы (1 клеткасы) нешеге тең болады? _______




  1. E.coli клетка қабырғасының жуандығы 10нм тең болса, бүкіл клетка көлемінің неше пайызын құрайды? _________



Cұрақ 4. (15 балл) Төмендегі кестені дұрыс сандармен толтырыңыз.


Жауап кодтары: жапырақ табаны-1, прокамбий-2, камбий-3, латеральдық-4, бірінші реттік-5, екінші реттік-6, үшінші реттік-7, интеркалярлық-9, түйін арасы негізі-10, перицикл-11, сабақ апексі-12, тамыр апексі-13, феллоген-14, жаралы-15.

Назар аударыңыз: екі рет қолданылып және мүлдем қолданылмайтын кодтар бар.
Сұрақ 5. (11 балл) Кестені дұрыс сандармен толтырыңыз.

Жемісқап түрі

Көп тұқымды

Бір тұқымды

Бұршақ

Жаңғақша

Құрғақ























Жидек тәрізді

Сүйекті

Шырынды жұмсақ


















Жауап кодтары: шие-1, тұқымша-2, асбұршақ-3, бұршаққын-11, қорапша-4, дән-5, асқабақ – 6, померанец-7, алма-8, жаңғақ-10, жидек-9

Сұрақ 6.(15 балл) Кестені дұрыс сандармен толтырыңыз.

Эктодерма


Энтодерма


Мезодерма



















































































Х

Х











Жауап кодтары:

Көзбұршақ-1, қуық қабыршағы эпителийсі-2, қан тамырлары-3, шажырқай-4, бүйрек-5, тіс эмалі-6, несеп жолы эпителийсі-7, хорда-8, ұрық без және аналық без – 9, сезім мүшелер рецепторлық жасушалары-10, ми-11, қан-12, тер бездері-13, бауыр-14, трахея эпителийсі-15, барлық мүшелердің бірыңғай салалы бұлшық еттері-16, жүрек бұлшық еті-17, дәнекер ұлпа-18, көлденең жолақты бұлшық еттер-19, ганглялар-20, сүйек-21, тері эпидермисі-22, тырнақ-23, шаш-24, ұйқы безі-25, өт эпителийсі-26, дентин-27, шеміршек-28, ішек эпителийсі-29, қалқанша маңы безі-30.


Сұрақ 7. (3.5 балл) Кестені дұрыс сандармен толтырыңыз.

Жауап кодтары:

Холазалар-1, қатты қабығы-2, ұрық дискасы-3, ауа камерасы-4, ақуыз-5, сары уыз-6, қатты қабық астындағы екінші сыртқы қабықшасы-7,

















Сұрақ 8.(5.5 балл) Төмендегі шұбалшаңның көлденең тілігіне қарап дұрыс сандармен берілген бос жерлерді толтырыңыз.



Жауап кодтары:

Кутикула-1, дене қуысы-2, қылтандар-3, жұмыр бұлшық ет-4, бойлық (ұзын) бұлшық ет-5, тері эпителийсі-6, құрсақ қан тамыры-7, арқа қан тамыры-8, целом-9, ішек қуысы-10, метанефридий-11


Сұрақ 9.(5 балл) Төменде көрсетілген бездерге керекті сандарды қойып шығыңыздар.


Жауап кодтары:

Бүйрек үсті без-1, эпифиз-2, қалқанша без-3, аналық без-4, гипофиз-5, гипоталамус-6, аталық без-7, лангерганс аралшықтары-8, айыр без-9, қалқанша маңы безі-10

Сұрақ 10. (3 балл) Кестені керекті сандармен толтырыңыз.


Шартсыз рефлекс

Шартты рефлекс


















Жауап кодтары:



Туа біткен-1, тіршілік ету барысында пайда болған-2, тұрақты-3, жекеленген-4, тұрақсыз-5, түр спецификалық-6
Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Программы вступительных испытаний, проводимых консерваторией самостоятельно Вступительные испытания творческой и (или) профессиональной направленности бакалавриат
2015 -> «Альтерация. Патология обмена веществ. Дистрофия. Некроз»
2015 -> Балаларға адам денсаулығының қым-баттылығын, өмір сүру үшін қажетті-лігін, бағалы байлық екенін түсіндіру. Балаларымызды сұлу да сымбатты, денсаулығы зор, күшті болуы үшін денені шынықтыру
2015 -> Сабақтың тақырыбы: 7 саны мен цифры тақырыбын қайталау
2015 -> Карантинге жатқызылған өнімнің тізбесін бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет