Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары



Дата22.02.2018
өлшемі225.21 Kb.


Қазақстан Республикасы

Ақпарат және коммуникациялар министрінің

2017 жылғы «28» ақпанда

№ 75


бұйрығымен бекітілген

Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

1. Осы Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабының 7-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібін айқындайды.

2. Мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу халықты мемлекеттік стратегиялық бағыттар, оның ішінде мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын іске асыру, мемлекеттік билік органдарының және елдің даму процестерінің өзге қатысушыларының қызметі жөнінде ақпараттандыру мақсатында жүзеге асырылады.

3. Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыруды жүргізудің ұйымдастырушысы ақпарат саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – Ұйымдастырушы) болады.

4. Ұйымдастырушы республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастырады.

2-тарау. Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру тәртібі
5. Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру мынадай тәсілдермен жүзеге асырылуы мүмкін:

1) Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасына сәйкес жарғылық капиталына мемлекет қатысатын бұқаралық ақпарат құралдарының меншік иелеріне таратылатын мемлекеттік тапсырманы орындау;

2) мемлекеттік тапсырысты орындау – бұқаралық ақпарат құралдары арқылы мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу үшін республикалық бюджет қаражаты есебінен жұмыс көрсетуге тапсырыс (бұдан әрі – Тапсырыс).

6. Тапсырысты орындау осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.

7. Тапсырыс мынадай субъектілер түрлеріне беріледі:

1) мерзімді баспа басылымдарына;

2) теле-, радиоарналарға;

3) интернет-ресурстарға.

8. Ұйымдастырушы тақырыптық бағыттардың тізбесін, Тапсырыстың көлемін бекіту, Тапсырысқа ұсынылған құжаттарды Тапсырыс шарттарына сәйкестігін белгілеу мақсатында оларды қарастыру және тиісті шешім қабылдау үшін алқалы органды (бұдан әрі – Комиссия) құрады.

9. Комиссияның құрамын уәкілетті органның ведомствосы қызметкерлері, үкіметтік емес ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының, мемлекеттік билік органдарының өкілдері қатарынан уәкілетті орган құрады.

10. Комиссия төрағадан және комиссия мүшелерінен тұрады.

11. Комиссия мүшелерінің жалпы саны жеті адамнан аспайды.

12. Уәкілетті органның ведомствосы өкілдерінің саны оның мүшелерінің жалпы санынан үштен бірін құрауы тиіс.

13. Комиссияның хатшысы Комиссияның мүшесі болып табылмайды.

14. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданады және қатысушы Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік дауысымен қабылданды деп есептеледі.

15. Комиссияның мүшесі егер де оның Тапсырысқа қатысуға тікелей немесе жанама мүддесі бар болса, үміткерлердің өтінімдерін қарауға қатыспайды.

Егер де Комиссия мүшесінің Тапсырысқа қатысуға тікелей немесе жанама мүддесі болған жағдайда, онда ол Комиссияның төрағасын, мүшелерін және хатшысын бұл жөнінде хабардар етеді.

16. Комиссияның мүшелері өтінімдерді қарау барысында алынған мәліметтерді жария қылмауға тиіс.

17. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық етеді, Комиссияның отырыстарында төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды және оның шешімдерін іске асыруға жалпы бақылауды жүзеге асырады.

18. Комиссия жыл сайын 25 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпараттық саясатының басым бағыттарын ескере отырып, алдағы күнтізбелік жылға тақырыптық бағыттардың тізбесін және Тапсырыс көлемін бекітеді.

19. Комиссия күнтізбелік жыл ішінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік ақпарат саясатының басым бағыттарын ескере отырып, тақырыптық бағыттардың тізбесіне және Тапсырыс көлеміне тиісті өзгерістер енгізеді.

20. Мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру құқығы берілетін мерзімді баспа басылымдарын, интернет-ресурстарды және теле-, радиоарналарды айқындау мақсатында Ұйымдастырушы уәкілетті органның интернет-ресурсында Тапсырысты өткізу туралы ақпараттық хабарламаны оның өту күніне дейін кемінде күнтізбелік отыз күннен бұрын орналастырады.

21. Тапсырысқа қатысу үшін үміткер ақпараттық хабарлама орналастырылған күннен бастап, күнтізбелік он бес күн ішінде осы қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Тапсырыстың шарттарына сәйкестікті растайтын өтінімді ұсынады.

22. Өтінімдерді қабылдау мерзімі өткенге дейін қабылданған өтінімдер қағаз түрінде қайтарып алынуы мүмкін.

Тапсырысты өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген өтінімдерді қабылдау мерзімі өткеннен кейін түскен өтінімдер қабылданбайды.

23. Комиссия Тапсырысты өткізу туралы ақпараттық хабарламада көрсетілген мерзімде және орында өтінімдермен конверттерді ашады.

24. Комиссия кезекті отырыста осы қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындауға телеарналарды, радиоарналарды, газеттерді, журналдарды, интернет-ресурстарды айқындауға арналған баллдық бағалау бойынша Тапсырысқа қатысушаларды бағалайды.

25. Егер де үміткер Тапсырыстың шарттарына сәйкес келмеген жағдайда, бұндай үміткердің өтінімі Тапсырысқа қатысуға жіберілмеген болып саналады.

Егер де Тапсырысқа қатысуға тек бір бұқаралық ақпарат құралдарының өтінімі жіберілсе, онда бұндай бұқаралық ақпарат құралы баллдық бағалауды қолданусыз Тапсырыстың жеңімпазы деп танылады.

26. Баллдық бағалаудың қорытындысы бойынша мерзімді баспа басылымдары, теле-, радиоарналар мен интернет-ресурстар арасында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін Тапсырыстың тақырыптық бағыттары және көлемдері бөлінеді.

27. Өтінімдерді қарау нәтижесі бойынша өтінімдерді ашқан күннен бастап, күнтізбелік бес күннен аспайтын мерзімде Тапсырыс қорытындыларының хаттамасы ресімделеді.

Қорытындылардың хаттамасына Комиссияның кезекті отырысында төраға және Комиссия мүшелерінің қатысушылары қол қояды.

28. Комиссия шешімінің қорытындысы бойынша Тапсырыстың жеңімпаздарымен мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізуге шарт жасалады.

29. Комиссияның хаттамасына сәйкес Тапсырыс берілген бұқаралық ақпарат құралы Тапсырыс қорытындыларының хаттамаларын жариялаған күннен бастап, он жұмыс күні ішінде уәкілетті органмен шарт жасасады.

30. Тапсырысқа қатысуға өтінімдер болмаған жағдайда Тапсырыс өтпеген болып танылады.

31. Тапсырыс өткізілмеген деп танылған жағдайда, Тапсырыстың ұйымдастырушысы Тапсырысты қайта жүзеге асырады.

32. Комиссия Тапсырысты қайта өткізу туралы шешімді қабылдаған жағдайда, Ұйымдастырушы Тапсырысқа қатысуға өтінімдерді ұсынудың соңғы күніне дейін күнтізбелік он күннен бұрын уәкілетті органның интернет-ресурсында Тапсырысты қайта жүзеге асыру туралы ақпараттық хабарламаны орналастырады.

Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына

1-қосымша
Нысан

________ бойынша Тапсырысқа қатысуға

өтінім
1. Толық атауы (заңды тұлғалар үшін) / тегі, аты, әкесінің аты (бар

болған жағдайда) (жеке тұлғалар үшін):__________________________;


2. Тұрғылықты жері (заңды тұлғалар үшін)/ заңды мекен-жайы (жеке тұлғалар үшін):_______________________________________________;
3. Телефон (факс) нөмірі:_______________________________________;
4. БАҚ атауы:_________________________________________________;
5. БАҚ-тың тіркелу куәлігінің нөмірі:_____________________________.
     

____________________________ ___________

тегі, аты-жөнінің бірінші әріптері қолы

мөр орны (бар болған жағдайда)

      20__ жыл «__» ____________

Республикалық деңгейде мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орналастыру қағидаларына



2-қосымша

Мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындауға телеарналарды айқындауға арналған

баллдық бағалау





Критерий


Бағалау


1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер

1

Эфирлік және цифрлік хабар тарату арқылы Қазақстан Республикасының территориясында телеарналардың хабар таратылуын ұйымдастыру

20%-дан көп емес хабар тарату - 1

20%-дан 40%-ға дейін хабар тарату - 2

40%-дан 60%-ға дейін хабар тарату - 3

60%-дан 80%-ға дейін хабар тарату - 4

80%-дан кем емес хабар тарату - 5

2

Телеарна сайтының болуы

Навигациясыз жай сайттың болуы - 1

Сайт бойынша қолайлы интерфейстің және навигацияның болуы - 2

Шығарылған материалдардың электрондық мұрағатының болуы - 3

Арнаның онлайн-трансляциясының болуы – 4

Барлық көрсетілген элементтердің болуы - 5

3

Әлеуметтік желілерде кем дегенде 2 аккаунттың болуы

Жиынтығында 1000 жазылушыдан көп емес болуы - 1

3000 жазылушыдан көп емес - 2

3000-нан 8000 жазылушыға дейін - 3

8000-нан 10000 жазылушыға дейін – 4

10000 жазылушыдан көп емес - 5

4

Аудиовизуалдық өнім өндірісі тәжірибесінің болуы (телеарнаның портфолиосын ұсына отырып)

2-ден көп емес телесериалдарды/деректі фильмдерді/бейнероликтерді өндіру тәжірибесінің болуы - 1

2-ден 5-ке дейінгі телесериалдарды/деректі фильмдерді/бейнероликтерді өндіру тәжірибесінің болуы - 2

5-тен 10-ға дейінгі телесериалдарды/деректі фильмдерді/бейнероликтерді өндіру тәжірибесінің болуы – 3

10-нан 15-ке дейінгі телесериалдарды/деректі фильмдерді/бейнероликтерді өндіру тәжірибесінің болуы – 4

15-тен кем емес телесериалдарды/деректі фильмдерді/бейнероликтерді өндіру тәжірибесінің болуы - 5

5

Техникалық, шығармашылық және журналисттік блоктағы қызметкерлер құрамының болуы (қоса алғанда)

10 адамнан көп емес - 1

10-нан 20 адамға дейін - 2

20-дан 30 адамға дейін - 3

30-дан 40 адамға дейін - 4

50 адамнан кем емес - 5

6

6+ қаз аудиториялық көрсеткішіндегі телеарнаның орташа үлесі

0,5%-дан көп емес - 1

0,5%-дан 1,0%-ға дейін - 2

1,5%-дан 2,0%-ға дейін - 3

2,0%-дан 4,0%-ға дейін - 4

4,0%-дан кем емес - 5

7

Өз өндірісіндегі контентті таратудың апта сайынғы көлемі

20%-дан көп емес - 1

21%-дан 30%-ға дейін - 2

31%-дан 40%-ға дейін - 3

41%-дан 50%-ға - 4

51%-дан кем емес - 5

8

6+ орыс аудиториялық көрсеткішіндегі телеарнаның орташа үлесі

0,5%-дан көп емес - 1

0,5%-дан 1,0%-ға дейін - 2

1,5%-дан 2,0%-ға дейін - 3

2,0%-дан 4,0%-ға дейін - 4

4,0%-дан кем емес - 5

9

Шетелдік өндіріс контентінің апта сайынғы хабар тарату көлемі

60%-дан 50%-ға дейін - 1

40%-дан 60%-ға дейін - 2

30%-дан 40%-ға дейін - 3

20%-дан 30%-ға дейін - 4

20%-дан кем емес - 5

10

Аудиовизуалдық өнімнің өндірісі бойынша шығармашылық ұсыныстарды қалай бағалайсыз?

қанағаттандырғысыз - 1

қанағаттанарлық - 2

жақсы - 3

өте жақсы - 4

тіпті жақсы - 5



Мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындауға радиоарналарды айқындауға арналған

баллдық бағалау




Критерий


Бағалау


1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер

1

Эфирлік хабар тарату арқылы Қазақстан Республикасының территориясында радиоарналардың хабар таратылуын ұйымдастыру

10%-дан көп емес радио хабарларын тарату - 1

10%-дан 15%-ға дейін радио хабарларын тарату - 2

15%-дан 30%-ға дейін хабар тарату - 3

30%-дан 40%-ға дейін хабар тарату - 4

40%-дан кем емес хабар тарату - 5

2

Радиоарна сайтының болуы

Навигациясыз жай сайттың болуы - 1

Сайт бойынша қолайлы интерфейстің және навигацияның болуы - 2

Шығарылған материалдардың электрондық мұрағатының болуы - 3

Арнаның онлайн-трансляциясының болуы – 4

Барлық жоғарыда көрсетілген элементтердің болуы - 5

3

Әлеуметтік желілерде кем дегенде 2 аккаунттың болуы

1000 жазылушыдан көп емес - 1

3000 жазылушыдан көп емес - 2

3000-нан 8000 жазылушыға дейін - 3

8000-нан 10000 жазылушыға дейін – 4

10000 жазылушыдан кем емес - 5

4

Аудио өнімдерді өндіру тәжірибесінің болуы

3 радиобағдарламадан/ аудиоджинглдан көп емес - 1

3-тен 5-ке дейінгі радиобағдарлама/ аудиоджинглдар - 2

5-тен 10-ға дейінгі радиобағдарлама/

аудиоджинглдар - 3



10-нан 15-ке дейінгі радиобағдарлама/

аудиоджинглдар - 4



15-тен кем емес радиобағдарлама/

аудиоджинглдар - 5



5

Техникалық, шығармашылық және журналисттік блоктағы қызметкерлер құрамының болуы (қоса алғанда)


10 адамнан көп емес - 1

5-тен 10 адамға дейін - 2

10-нан 15 адамға дейін - 3

15-тен 20 адамға дейін - 4

20 адамнан кем емес - 5

Мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындауға газеттерді айқындауға арналған

баллдық бағалау




Критерий


Бағалау


1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер

1

Мерзімді баспа басылымды есепке алу немесе қайта есепке алу мерзімі

1 жылға дейін - 1

1 жылдан 3 жылға дейін - 2

3 жылдан 5 жылға дейін - 3

5 жылдан 7 жылға дейін - 4

7 жылдан бастап - 5

2

Газет тиражы

3000 данаға дейін - 1

3000 данадан 10000 данаға дейін - 2

10000 данадан 20000 данаға дейін - 3

20000 данадан 30000 данаға дейін – 4

30000 данадан бастап - 5

3

Газет интернет-ресурсының болуы

Сайттың болуы - 1

1 әлеуметтік желіге байланған, 300-ден кем емес жазылушылары бар - 2

2 әлеуметтік желіге байланған, 400-ден кем емес жазылушылары бар - 3

3 әлеуметтік желіге байланған, 500-ден кем емес жазылушылары бар – 4

4 әлеуметтік желіге байланған, 600-ден кем емес жазылушылары бар - 5

4

Газеттің шығу мерзімділігі

аптасына 1 рет - 1

аптасына 2 рет - 2

аптасына 3 рет - 3

аптасына 4 рет - 4

аптасына 5 немесе одан да көп рет - 5

5

Журналисттік қызметкерлер құрамының болуы (техникалық, шығармашылық және журналисттік)

Кем дегенде 3 адам - 1

Кем дегенде 5 адам - 2

Кем дегенде 7 адам - 3

Кем дегенде 9 адам - 4

10 адамнан көп емес - 5

6

Баспа БАҚ бірегейлігі

Негізінен ақпараттық хабарламаларды жариялау – 1

Қайта басудың жоғары деңгейі - 2

Контент негізінен өз материалдарынан тұрады - 3

Сарапшылардың пікірлерін жүйелі түрде шығару - 4

Эксклюзивті материалдардың көптігі - 5

7

Тақырыптық бағыттарды жария ету жөніндегі шығармашылық ұсыныстар

жаман -1

қанағаттандырғысыз - 2

қанағаттанарлық - 3

жақсы - 4

өте жақсы - 5













Мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындауға журналдарды айқындауға арналған

баллдық бағалау




Критерий


Бағалау


1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер

1

Мерзімді баспа басылымды есепке алу немесе қайта есепке алу мерзімі

1 жылға дейін - 1

1 жылдан 3 жылға дейін - 2

3 жылдан 5 жылға дейін - 3

5 жылдан 7 жылға дейін - 4

7 жылдан бастап - 5

2

Журналға арналған тираж

500 данаға дейін - 1

500-ден 1000 данаға дейін - 2

1000-нан 5000 данаға дейін - 3

5000-нан 10000 данаға дейін – 4

10000 данадан бастап - 5

3

Журнал интернет-ресурсының болуы

Сайттың болуы - 1

1 әлеуметтік желіге байланған - 2

2 әлеуметтік желіге байланған - 3

3 әлеуметтік желіге байланған – 4

4-тен көп әлеуметтік желіге байланған - 5

4

Журналдың шығу мерзімділігі

Тоқсанына 1 рет - 1

2 айда 1 рет - 2

Айына 1 рет - 3

Айына 2 рет - 4

Айына 3 рет - 5

5

Журналисттік қызметкерлер құрамының болуы (техникалық, шығармашылық және журналисттік)

Кем дегенде 2 адам - 1

Кем дегенде 3 адам - 2

Кем дегенде 5 адам - 3

Кем дегенде 7 адам - 4

Кем дегенде 10 адам - 5

6

Баспа БАҚ бірегейлігі

Негізінен ақпараттық хабарламаларды жариялау – 1

Қайта басудың жоғары деңгейі - 2

Контент негізінен өз материалдарынан тұрады - 3

Сарапшылардың пікірлерін жүйелі түрде шығару - 4

Эксклюзивті материалдардың көптігі - 5

7

Тақырыптық бағыттарды жария ету жөніндегі шығармашылық ұсыныстар

жаман -1

қанағаттандырғысыз - 2

қанағаттанарлық - 3

жақсы - 4

өте жақсы - 5

Мемлекеттік ақпарат саясатын жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты орындауға интернет-ресурстарды айқындауға арналған

баллдық бағалау




Критерий


Бағалау


1. Өндірістік компанияны сипаттайтын аспектілер

1

Қарау саны

1 000 000 - 2 000 000 - 1

2 000 000 - 3 000 000 - 2

3 000 000 - 4 000 000 - 3

4 000 000 - 5 000 000 - 4

5 000 000-нан жоғары - 5

2

Мобильдік қосымшаның болуы

10 000-ға дейінгі жүктеу- 1

50 000-ға дейінгі жүктеу - 2

100 000-ға дейінгі жүктеу - 3

500 000-ға дейінгі жүктеу – 4

500 000-нан жоғары жүктеу - 5

3

Сайттың бейімделген мобильдік нұсқасының болуы

жоқ - 1

бар - 2

4

Интернет порталдың жұмыс процесін ұйымдастыру деңгейі

- өзінің журналисттері,

- техникалық мамандар, аудармашылар


Штатта журналисттер жоқ - 1

Штатта 1 журналист - 2

Штатта 2 журналист бар - 3

Қызметкерлер лауазымдарды қатар атқарады - 4

Журналисттерден өзге фотокорреспонденттер, аудармашылар, редакторлар және т.б. жұмыс істейді- 5

5

Онлайн-конференцияларды өткізудің техникалық мүмкіндіктері

жоқ - 1

бар - 2

6

Әлеуметтік желілерде аккаунттың болуы және жазылушылардың саны (бір әлеуметтік желіде)

Жазылушылар саны 20000-нан аз -1

Жазылушылар саны 30000-нан аз - 2

Жазылушылар саны 40000-нан аз - 3

Жазылушылар саны 50000-нан аз - 4

Жазылушылар саны 60000 және одан көп - 5

7

Мемлекеттік ақпараттық тапсырысты іске асыру жөніндегі ұсыныстар

жаман – 1


қанағаттандырғысыз - 2

қанағаттанарлық - 3

жақсы - 4

өте жақсы - 5

8

Интернет порталдың беделін қалай бағалайсыз?

жаман -1

қанағаттандырғысыз - 2

қанағаттанарлық - 3

жақсы - 4

өте жақсы - 5

9

Интернет порталдың бірегейлігі:

- өз мақалаларының саны

- айдарлардың болуы және саны

- бірегей жоба/айдар/қызмет



- қандай да бір ақпаратты шығаруға эксклюзивті құқықтар

Жаңалықтар агрегаторы – 1

Қайта басудың жоғары деңгейі - 2

Контент өз материалдарынан тұрады - 3

Өз рубрикалары мен бөлімдері бар - 4

Көп эксклюзивті материалдар - 5

Каталог: sites -> default -> files -> pages
pages -> Өтінім берушінің өндіріс орны және/немесе қоймасы орналасқан облыстардан тысқары (республикалық маңызы бар Астана мен Алматы қалалары үшін тиісінше Ақмола мен Алматы облыстарынан тысқары) тасымалданатын дайын (өңделген) өнім тізбесі
pages -> Здравоохранения и социального развития республики казахстан
pages -> «Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №9 бұйрығы
pages -> Қоғамдық кеңес туралы үлгілік ережені бекіту туралы
pages -> Жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және пошта жөнелтімдерін темір жол көлігімен тасымалдау қауіпсіздігіне
pages -> Термин сөздер қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының
pages -> Қазақстан республикасы үкіметінің жанындағы республикалық терминология комиссиясының


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет