Регламенті Жалпы ережелер



Дата14.07.2017
өлшемі64.86 Kb.
түріРегламент


Ақмола облысы әкімдігінің

2015 жылғы 19 қазандағы

№ А-10/471 қаулысымен

бекітілді



«Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламенті
1. Жалпы ережелер

1. «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) аудандардың, Көкшетау және Степногорск қалаларының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметті көрсетудің өтінішін қабылдау және нәтижесін беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: қағаз түрінде.

3. Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін мүгедектерге көрсетудің мерзімдерін көрсете отырып, құжаттарды ресімдеу туралы хабарлама мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі болып табылады (бұдан әрі - хабарлама).

Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны – қағаз түрінде.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Көрсетілетін қызметті алушымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 279 бұйрығымен бекітілген «Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсыну мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны әрбір құрылымдық бөлімшелердің тұрғысында орындаудың ұзақтығы:

1) кеңсенің қызметкері құжаттар түскен сәттен бастап оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 30 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді – 2 сағат;

3) жауапты орындаушы:

құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады – 1 сағат;

құжаттарды ресімдеу үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының жеке мәліметтерін әзірлеуді жүргізеді және мәліметтерді «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізеді – 1 жұмыс күні;

4) басшы «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде өтінішке қол қояды – 1 сағат;

5) жауапты орындаушы хабарламаны даярлайды және басшыға қол қоюға жолдайды – 7 жұмыс күні;

6) басшы хабарламаға қол қояды – 1 сағат;

7) кеңсенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға хабарламаны береді – 30 минут.

6. Келесі рәсімді (іс-қимылды) орындау үшін негіз болып табылатын мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) құжаттарды қабылдау және тіркеу;

2) жауапты орындаушыны белгілеу;

3) «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде мәліметтерді тексеру және енгізу;

4) хабарламаны даярлау;

5) хабарламаны беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

1) кеңсенің қызметкері;

2) басшы;

3) жауапты орындаушы.

8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдың) реттілігін сипаттау:

1) кеңсенің қызметкері құжаттар түскен сәттен бастап оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 30 минут;

2) басшы құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді – 2 сағат;

3) жауапты орындаушы:

құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады – 1 сағат;

құжаттарды ресімдеу үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының жеке мәліметтерін әзірлеуді жүргізеді және мәліметтерді «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізеді – 1 жұмыс күні;

4) басшы «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде өтінішке қол қояды – 1 сағат;

5) жауапты орындаушы хабарламаны даярлайды және басшыға қол қоюға жолдайды – 7 жұмыс күні;

6) басшы хабарламаға қол қояды – 1 сағат;

7) кеңсенің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға хабарламаны береді – 30 минут.

Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) рәсімінің (іс-қимылының), өзара іс-қимылының реттілігін толықтай сипаттау осы регламенттің қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

«Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламентіне қосымша
«Жүріп-тұруы қиын бірінші топтағы мүгедектерге жеке көмекшінің және есту кемістігі бар мүгедектерге ымдау тілі маманының қызметтерін ұсыну үшін мүгедектерге құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процесстерінің анықтамалығы


скругленный прямоугольник 12
құжаттар түскен сәттен бастап оларды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асырады – 30 минут

құжаттарды қарайды және жауапты орындаушыны белгілейді – 2 сағат

құжаттардың толықтығын тексеруді жүзеге асырады – 1 сағат;

құжаттарды ресімдеу үшін қажетті көрсетілетін қызметті алушының жеке мәліметтерін әзірлеуді жүргізеді және мәліметтерді «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне енгізеді - 1 жұмыс күні







«Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде өтінішке қол қояды – 1 сағат





хабарламаны даярлайды және басшыға қол қоюға жолдайды –7 жұмыс күні

көрсетілетін қызметті алушыға хабарламаны береді – 30 минут

хабарламаға қол қояды – 1 сағат




- мемлекеттік қызмет көрсетудің басталуы және аяқталуы;

-

көрсетілетін қызметті алушы рәсімінің (іс-қимылының) және ҚФБ атауы;



- келесі рәсімге (іс-қимылға) өту;

- таңдау нұсқасы.







Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет