Регламенті Жалпы ережелер Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі



Дата11.04.2018
өлшемі141.2 Kb.
түріРегламент
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2015 жылғы 29 мамырдағы

№ 96 қаулысына

37-қосымша

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру»

мемлекеттік көрсетілетін қызмет

регламенті

1. Жалпы ережелер
1. Көрсетілетін қызметті берушінің атауы: Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі.

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі, оның ішінде «электрондық үкіметтің» веб-порталы:www.egov.kz (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және қағаз түрінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының тиісті қаулысының көшірмесін қоса бере отырып, көрсетілетін қызметті алушының атына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру туралы хат жолдау не Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11534 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 71 қаулысымен бекітілген «Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандартының (бұдан әрі – стандарт)


10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға қағаз жеткізгіште өтініш берген жағдайда, нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді және қағазға басылады.

Порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанында «жеке кабинетке» жіберіледі.


2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) басталуына негіз: көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттарды ұсынуы.

5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы, сондай-ақ келесі рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:

1) хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкердің көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдауы және тіркеуі, құжаттар пакетін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығына беруі – күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;

2) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының құжаттар мазмұнымен танысып шығуы және оларға бұрыштама қоюы, құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Сақтандыру нарығының субъектілерін қадағалау департаментіне (бұдан әрі – СНСҚД)


беруі – күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;

3) СНСҚД басшылығының құжаттарды қарауы, уәкілетті қызметкерді белгілеуі және оған құжаттарды орындауға беруі күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;

4) ұсынылған құжаттардың толықтығын тексеру:

ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда СНСҚД-ның уәкілетті қызметкерінің өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді бас тартуды (бұдан әрі – өтінішті қараудан бас тарту) дайындауы, өтінішті қараудан бас тартуға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қол қоюы, көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қараудан бас тартуды беруі – құжаттар алынған күннен бастап күнтізбелік 12 (он екі) күн ішінде;

құжаттарды стандарттың талаптарына сәйкес келуіне қарау, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат беру (беруден бас тарту) туралы қаулысының жобасын (бұдан әрі – қаулының жобасы) дайындау, СНСҚД уәкілетті қызметкерінің құжаттарды келісу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Құқықтық қамтамасыз ету департаментіне (бұдан әрі – ҚҚД) жіберуі – күнтізбелік 33 (отыз үш) күн ішінде;

5) ҚҚД-ның құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуіне қарауы, қаулының жобасын келісуі, келісілген қаулының жобасын СНСҚД-ға қайтару – күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде;

6) СНСҚД уәкілетті қызметкерінің қоса берілген құжаттарымен бірге қаулының жобасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қарауына жіберуі күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде;

7) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының құжаттарды және қаулының жобасын қарауы, қаулының жобасын келісуі, мәселені Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының
(бұдан әрі – Басқарма) отырысына енгізуге қатысты қызметтік жазбаға бұрыштама қоюы, құжаттарды СНСҚД-ға қайтаруы – күнтізбелік 5 (бес) күн ішінде;

8) СНСҚД уәкілетті қызметкерінің қоса берілген құжаттарымен бірге қаулының жобасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Ұйымдастыру жұмысы және бақылау департаментіне (бұдан әрі – ҰЖБД) жіберуі – күнтізбелік 1 (бір) күн ішінде;

9) ҰЖБД-ның қаулының жобасын Басқарманың қарауына енгізу үшін дайындауы – күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде;

10) Басқарманың қаулыны қабылдауы және оны Басқарма хатшысының тіркеуі – күнтізбелік 2 (екі) күн ішінде;

11) СНСҚД уәкілетті қызметкерінің мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін почтамен жіберуі немесе тікелей көрсетілетін қызметті алушыға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатты ұсынған кезде оның уәкілетті өкіліне беруі – қабылданған қаулы СНСҚД-ға келіп түскен күннен бастап мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде күнтізбелік 3 (үш) күн ішінде.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара

іс-қимыл тәртібін сипаттау
6. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) және органның тізбесі:

1) хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкер;



2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығы;

3) СНСҚД басшылығы;

4) СНСҚД уәкілетті қызметкері;

5) ҚҚД;

6) ҰЖБД;

7) Басқарма.

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде мемлекеттік қызметті көрсету кезінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау, осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшада келтірілген.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібінің сипаты
8. Мемлекеттік қызмет портал арқылы көрсетілген кезде көрсетілетін қызметті берушінің және көрсетілетін қызметті алушының өтініш беру тәртібінің және рәсімдері (іс-қимылдары) жүйелілігінің сипаты:

1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің электрондық цифрлық қолтаңбасын (бұдан әрі – ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады;

2) 1-рәсім – мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін порталда пароль енгізу (авторизациялау процесі);

3) 1-талап – порталда тіркелген көрсетілетін қызметті алушы туралы деректердің түпнұсқалылығын логин (жеке сәйкестендіру нөмірі не бизнес сәйкестендіру нөмірі) және пароль арқылы тексеру;

4) 2-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызметті таңдауы, мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұрау салу нысанын экранға шығару және көрсетілетін қызметті алушының құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып, нысанды толтыруы (деректерді енгізу), сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде қоса беру;

5) 3-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуды куәландыру (қол қою) үшін ЭЦҚ-ны таңдауы;

6) 1-рәсім – көрсетілетін қызметті беруші қызметкерінің порталда логин мен парольді енгізуі (авторизация);

7) 1-талап – порталда көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген қызметкері туралы деректердің түпнұсқалығын логин мен пароль арқылы тексеру;

8) 2-рәсім – электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрау салуын) тіркеу және оны порталда өңдеу;

9) 2-талап – көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуі тұрғысынан тексеру;

10) 3-рәсім – мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін қалыптастыру;

11) 4-рәсім – көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін алуы.

9. Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада келтірілген.

10. Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 3-қосымшада берілген.

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат

беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

1-қосымша

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде мемлекеттік қызметті көрсету кезінде әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау


овал 2788
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығы

Құжаттардың мазмұнымен танысу және оларға бұрыштама қою, құжаттарды СНСҚД беру (күнтізбелік 1 күн ішінде)




3. СНСҚД басшылығы

Құжаттарды қарау, уәкілетті қызметкерді белгілеу және оған құжаттарды орындау үшін беру

(күнтізбелік 1 күн ішінде)


1. Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті қызметкер

Көрсетілетін қызметті алушы ұсынған құжаттарды қабылдау және тіркеу, құжаттарды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығына беру

(күнтізбелік 1 күн ішінде)


4. СНСҚД уәкілетті қызметкері

Ұсынылған құжаттардың толық болуын тексеру:

Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі белгіленген жағдайда, өтінішті қараудан бас тартуды дайындау, өтінішті қараудан бас тартуға Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің басшылығында қол қойғызу, көрсетілетін қызметті алушыға өтінішті қараудан бас тартуды беру

(құжаттарды алған күннен бастап күнтізбелік 12 күн ішінде);


құжаттардың толық болу фактісі белгіленген жағдайда оларды стандарттың талаптарына сәйкес келу мәніне қарау, қаулының жобасын дайындау, құжаттарды ҚҚД-не келісуге жіберу

(күнтізбелік 33 күн ішінде).



прямая соединительная линия 2781


прямая соединительная линия 2778



5. ҚҚД

Басқарма қаулысының жобасын келісу

(күнтізбелік 14 күн ішінде)

прямая со стрелкой 2776 прямая со стрелкой 2774

блок-схеманың жалғасы


9. Басқарма

Басқарма қаулысының жобасын қарау. Қаулыны қабылдау және Басқарма хатшысының оны тіркеуі

(күнтізбелік 2 күн ішінде)



прямая соединительная линия 2770 прямая соединительная линия 2768
7. Қазақстан Республикасы

Ұлттық Банкінің басшылығы

Қаулының жобасын келісу, мәселені Басқармаға шығаруға қатысты қызметтік жазбаға бұрыштама қою

(күнтізбелік 5 күн ішінде)


6. СНСҚД уәкілетті қызметкері
Қаулының жобасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қарауына жіберу

(күнтізбелік 2 күн ішінде)


Қаулының жобасын ҰЖБД-не жіберу

(күнтізбелік 1 күн ішінде)

ММемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін поштамен жіберу немесе тікелей көрсетілетін қызметті алушыға не Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ресімделген сенімхатты ұсынған кезде оны уәкілетті өкіліне беруі

(қабылданған қаулының СНСҚД-не түскен күннен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі шегінде)



прямая соединительная линия 2765 прямая соединительная линия 2763


8. ҰЖБД

Қаулының жобасын Басқармаға шығару үшін дайындау

(14 күнтізбелік күн ішінде)




прямая соединительная линия 2769

прямая соединительная линия 2762

овал 2764

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат

беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне

2-қосымша


Мемлекеттік қызметті көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-әрекеттерінің диаграммасы


прямоугольник 2223



ромб 2296ромб 2301


портал

ромб 2240
2-рәсім

3-рәсім

1-рәсім

2-рәсім



прямая соединительная линия 2249прямая соединительная линия 2241прямая соединительная линия 2251прямая соединительная линия 22931-рәсім

прямая соединительная линия 2245
3-рәсім

4-рәсім
прямая соединительная линия 2215 группа 2231 группа 2232


загнутый угол 2238

сұрау салу


Көрсетілетін қызметті алушы


Шартты белгілер
прямая соединительная линия 2243 Хабарлар ағыны

Рәсім
ромб 2246

Талап
группа 2247

Бастапқы хабар


группа 2216

Аяқтайтын хабар


загнутый угол 2304 Көрсетілетін қызметті алушыға ұсынылатын электрондық құжат


Ақпараттық жүйе

«Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымын құруға рұқсат

беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне



3-қосымша

Мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы

скругленный прямоугольник 2863скругленный прямоугольник 2862скругленный прямоугольник 2860скругленный прямоугольник 2859скругленный прямоугольник 2858прямая соединительная линия 2848прямая соединительная линия 2847прямая со стрелкой 2834прямая со стрелкой 2833прямая со стрелкой 2830

блок-схема: процесс 2856блок-схема: процесс 2853блок-схема: процесс 2852


блок-схема: процесс 2855


блок-схема: процесс 2857

прямая соединительная линия 2849

прямая со стрелкой 2845блок-схема: процесс 2840


прямая со стрелкой 2844блок-схема: процесс 2842блок-схема: процесс 2841прямая со стрелкой 2839

прямая соединительная линия 2846прямая соединительная линия 2836


скругленный прямоугольник 2861


блок-схема: процесс 2851прямая со стрелкой 2843прямая соединительная линия 2832прямая соединительная линия 2846прямая соединительная линия 2836


блок-схема: процесс 2854блок-схема: процесс 2835

прямая со стрелкой 2838


блок-схема: процесс 2837

бизнес-процестер анықтамалығының жалғасы












Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет