Регламенті Жалпы ережелер «Ағаш кесу және орман билетін беру»



Дата17.07.2017
өлшемі39.02 Kb.
түріРегламент
Ақмола облысы әкімдігінің      
2015 жылғы «14» қыркүйектегі № А-9/428
қаулысымен бекітілген         


«Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті

1. Жалпы ережелер

      1. «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) мемлекеттік орман иеленушілер болып табылатын Ақмола облысы табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының орман шаруашылығының мемлекеттік мекемелерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.
      Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы іске асырылады:
      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны - электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
      3. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нәтижесі - қағаз түрінде ағаш кесу және (немесе) орман билетін беру болып табылады.
      Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызмет берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет бойынша үдерістің балуына Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы № 18-1/415 бұйрығымен бекітілген «Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – Стандарт) 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушылармен (не сенімхат бойынша оның өкілі) ұсынылған құжаттар негіз болып табылады.
      5. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтылығы:
      1) кеңсе маманы құжаттарды қабылдауды және тіркеуді іске асырады, басшының қарауына ұсынады – 30 минут;
      2) басшы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысын анықтайды – 30 минут;
      3) жауапты орындаушы берілген құжаттардың толықтығына және заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді – 2 жұмыс күні ішінде. Егер Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағы 18-20 тармақшаларына сәйкес орман иелерімен келісілген, келісілетін ағаштарды әзірлеуге технологиялық картаның болмауы, орман шаруашылығы саласында ведомстволық уәкілетті органдармен бекітілген ағаш дайындау көлемдерінің болмауы анықталған жағдайда көрсетілетін қызметті көрсетуші өтінішті қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді;
      4) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығы және заңнама талаптарына сәйкес келген жағдайда ағаш кесу және (немесе) орман билетін дайындайды, орман пайдалану үшін төлемақыны анықтайды – 1 жұмыс күні;
      5) басшы өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды – 30 минут;
      6) кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушыға ағаш кесу және (немесе) орман билетін береді – 30 минут.
      6. Келесі рәсімдерді (іс-қимылдарды) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
      1) құжаттарды тіркеу және қабылдау;
      2) жауапты орындаушысын анықтау;
      3) берілген құжаттардың толықтығын және заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді. Егер Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағы 18-20) тармақшаларына сәйкес орман иелерімен келісілген, келісілетін ағаштарды әзірлеуге технологиялық картаның болмауы, орман шаруашылығы саласында ведомстволық уәкілетті орандармен бекітілген ағаш дайындау көлемдерінің болмауы анықталған жағдайда қызмет көрсетуші өтінішті қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді;
      4) ағаш кесу және (немесе) орман билеттерін дайындау;
      5) ағаш кесу және (немесе) орман билеттеріне қол қою;
      6) ағаш кесу және (немесе) орман билеттерін беру.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету үдерісіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
      1) кеңсе маманы;
      2) басшы;
      3) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысы;
      8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігінің сипаттамасы:
      1) кеңсе маманы құжаттарды тіркеуді және қабылдауды жүзеге асырады, басшының қарауына береді – 30 минут;
      2) басшы құжаттарды қарастырады және жауапты орындаушыны анықтайды – 30 минут;
      3) жауапты орындаушы берілген құжаттардың толықтығына және заңнама талаптарына сәйкестігін тексереді – 2 жұмыс күні ішінде. Егер Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 13-бабы 1-тармағы 18-20) тармақшаларына сәйкес орман иелерімен келісілген, келісілетін ағаштарды әзірлеуге технологиялық картаның болмауы, орман шаруашылығы саласында ведомстволық уәкілетті орандармен бекітілген ағаш дайындау көлемдерінің болмауы анықталған жағдайда қызмет көрсетуші өтінішті қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді;
      4) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттардың толықтығы және заңнама талаптарына сәйкес келген жағдайда ағаш кесу және (немесе) орман билетін дайындайды, орман пайдалану үшін төлемақыны анықтайды – 1 жұмыс күні;
      5) басшы ағаш кесу және (немесе) орман билетіне қол қояды – 30 минут;
      6) Кеңсе маманы көрсетілетін қызметті алушыға ағаш кесу және (немесе) орман билетін береді – 30 минут.
      Мемлекеттік қызмет көрсету үдерісінде рәсімдер (іс-қимылдар) ретінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелері (қызметкерлері) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығында көрсетілген.

«Ағаш кесу және орман билетін


беру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне 1-қосымша

«Ағаш кесу және орман билетін беру» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-үдерістерінің анықтамалығы




Каталог: sites -> upr.akmo.gov.kz -> uploads -> gos uslugi -> 09032017 -> reglamenty
09032017 -> «Облыстың жергілікті атқарушы органдарының жануарлар дүниесін пайдаланушыларға аңшылық алқаптар мен балық шаруашылығы су айдындарын және (немесе)
reglamenty -> «Орман ресурстары, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар, аңшылық шаруашылығының мұқтаждықтары
gos uslugi -> Орман ресурстары, сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени
gos uslugi -> Регламенті Жалпы ереже «Мемлекеттік орман қоры участкелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартын мемлекеттік тіркеу»
gos uslugi -> ІІ, ІІІ және ІV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру
gos uslugi -> «ІІ, ІІІ және IV санаттардағы объектілер үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты


Достарыңызбен бөлісу:


©stom.tilimen.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет