Региональный центр «Шығыс» управления образования вко жалпы білім беретін мектептің 8-сыныбы бойынша биология



жүктеу 0.71 Mb.
бет1/4
Дата22.12.2016
өлшемі0.71 Mb.
  1   2   3   4

ШҚО білім басқармасының «Шығыс» өңірлік орталығыэскиз9лготип шығыс

Региональный центр «Шығыс» управления образования ВКо

ЖАЛПЫ БІЛІМ БЕРЕТІН МЕКТЕПТІҢ

8-СЫНЫБЫ БОЙЫНША БИОЛОГИЯ

ПӘНІНЕН ОҚУШЫЛАРДЫҢ

БІЛІМІН ТЕКСЕРУГЕ АРНАЛҒАН

ТАПСЫРМАЛАР ЖИНАҒЫ

(Оқу-әдістемелік құрал)

Өскемен

2015

ӘОЖ 37.091.212.2:54

Оқу-әдістемелік құралы, ШҚО білім басқармасы жанындағы эксперттік кеңестің 2015 жылғы 26 ақпандағы шешімімен ұсынылды, хаттама № 35.


Пікір жазғандар:

Игибаева А.К С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің п.ғ.д, профессоры

Канафина Б.Қ Зырян аудандық білім бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі

Бисатова Ғ.Ш Зырян қаласы №9 орта мектебінің химия және биология пәндер мұғалімі.

М.И Асанова «Шығыс» өңірлік орталығының директоры

Ақтанова А .Қ. Оқыту мазмұны және білім беру сапасының мониторингі кабинетінің меңгерушісі

Закариянова А.К. «Шығыс» өңірлік орталығының әдіскері

Оқу әдістемелік құралда мемлекеттік білім стандартына сәйкес оқушылардың білім, білік дағдыларын тексеруге, ҰБТ-ға дайындауға арналған тестер жинағы. Құралда негізгі және орта мектепте оқытылатын 8-сынып биология пәні әртүрлі деңгейдегі сұрақтар,тарау бойынша тест тапсырмалары берілген. Әдістемелік құрал биология пәнінің жас оқытушыларына және жоғарғы оқу орнына түсуші талапкерлерге арналған.



Алғы сөз

8-сыныптың биология пәні бойынша оқушылардың білімін тексеру мақсатында құрастырылды. Тапсырмалар биология пәні бойынша білім стандарты мен оқу бағдарламасына сәйкес, тест (жабық), әр тарау бойынша, деңгейлеп берілген. Сонымен бірге ойды жалғастыру және ашық тест сұрақтары берілді. Тапсырмалар оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін жүйелеу, қалай меңгергенін және қандай сұрақтарды түсінбегенін тексеруге болады. ҰБТ-ға дайындыққа көмек ретінде де пайдалануға ыңғайлы. Кітапша екі бөлімнен тұрады, бірінші бөлімінде тест тапсырмаларының жинағы, екінші бөлімінде тапсырмалардың жауаптары берілген.


Ұсынылып отырған құралда биологиялық анатомиялық тапсырмалар оқушылардың танымдылық қабілетін арттыруға, логикалық ойларын дамытуға, биологиялық функционалдық сауаттылығын қалыптастыруға бағытталған сұрақтардан құралған. Биология пәні бойынша тапсырмаларды шешу жолдарын меңгерудің шарттарының бірі- барлық тақырыптарды жүйелі түрде оқып, талдау және пайдалану. Осындай тапсырмаларды орындау өткен материалдарды қайталау ғана емес, оның мазмұнын жаңаша түсінуге көмектеседі. Деңгейлік тапсырмалар көмегімен оқушының оқу іс-әрекетінің түрлерін материалды салыстыру, белгілі құбылысқа сипаттама беру, қорытынды жасау, себеп-салдарды анықтай білу дәрежелері тексеріледі.

І бөлім
Тақырыбы: Адам – биологиялық түр. Адам организмінің құрылысы мен қызметіне жалпы шолу.
А

1.Адамның шығу тегі, эволюциясы, географиялық таралуы және оның организмінің құрылысы, қызметі мен дамуы туралы ғылым:

А) адам анатомиясы

В) адам биологиясы

С) адам физиологиясы

Д) адам морфологиясы

Е) адам анатомиясы және физиологиясы

2. «Оқушылардың денсаулығын сақтау» (1925ж), «Адамның тіршілік әрекеттері»(1927ж) еңбектерінің авторы:

А) И.П. Павлов

В) Уильям Гарвей

С) И.И Мечников

Д) И.И.Мечников

Е) Х. Досмұхамедов

3. Орталық жүйке жүйесіндегі тежелу процессін ашқан ғалым:

А) Н.И.Пирогов

В) И.М.Сеченов

С) Уильям Гарвей

Д) Андреас Везалий

Е) Әбу Әли ибн Сина

4. Ядрода тұқым қуалау ақпараты

А) ДНҚ-да

В) РНҚ-да

С) ядрошықта

Д) ядро шырынында

Е) рибосомада болады

5. Тіршілік негізі: биополимерлер, мономерлері аминқышқылдары болатын органикалық қосылыстар:

А) майлар

В) нәруыздар

С) көмірсулар

Д) минералды тұздар

Е) нуклеин қышқылдары

6. Құрылысы, түзілуі және атқаратын қызметтері бойынша ұқсас жасушалар мен жасушааралық заттардың жиынтығы:

А) мүше

В) ұлпа

С) жасуша

Д) нейрон

Е) мүшелер жүйесі

7. Зәр шығару жүйесі неден тұрады?

А) бүйректен

В) тек тамырлардан

С) тамырлар мен жүректен

Д) бүйрек, несепағар, қуықтан

Е) аталық және аналық бездерден
В

1. Организмнің құрылысы мен оның жеке мүшелерін және жүйелерін зерттейтін ғылым:

А) адам анатомиясы

В) адам биологиясы

С) адам физиологиясы

Д) адам морфологиясы

Е) адам биологиясы және морфологиясы

2. Қанайналым мен асқорыту саласындағы зерттеулері үшін Нобель сыйлығын алған алғашқы орыс ғалымы:

А) И.П. Павлов

В) И.М.Сеченов

С) И.И Мечников

Д) Уильям Гарвей

Е) Х. Досмұхамедов

3. Жасушада нәруызды синтездейді:

А) ядро

В) рибосома

С) лизосома

Д) митохондрия

Е) Гольджи комплексі

4. Митохондрияның қызметі:

А) жасушаның бөлінуіне қатысу

В) май қышқылдарын синтездеу

С) жасушадағы нәруызды синтездеу

Д) жасушаны энергиямен қамтамасыз ету

Е) жасуша үшін өз маңызын жойған заттарды бұзып, ыдырату

5. Эпителий ұлпасына тән ерекшеліктер:

А) ядро саны көп ұзын жасушалар

В) жасушааралық заттары жақсы дамыған

С) жасушааралық заттары – кальций фосфаты мен карбонаттары

Д) жасушааралық заттың мөлшері көп, селдір орналасқан жасушалар

Е) жасушалары бір немесе бірнеше қатарға орналасып, бір-біріне тығыз жанасады, жасушааралық заттары нашар дамыған

6. Ми, жұлын қандай жүйеге жатады?

А) жүйке жүйесіне

В) бұлшықет жүйесіне

С) зәр шығару жүйесіне

Д) тыныс алу жүйесіне

Е) жүрек-қан тамырлары жүйесіне

7. Жүрек-қан тамырлары жүйесі неден тұрады?

А) тек тамырлардан

В) тамырлар мен жүректен

С) бүйрек, несепағар, қуықтан

Д) аталық және аналық бездерден

Е) қаңқа және бұлшықеттерден тұрады

8. Адам ағзасында ұлпалардың неше типі болады:

А) 4

В) 5


С) 3

Д) 2


Е) 6
С

1. Адам анатомиясы, гистологиясы, цитологиясы, антропологиясы мен эмбриологиясы, организмнің бітімі мен пішіні, құрылысы мен дамуы туралы ғылым:

А) адам анатомиясы

В) адам биологиясы

С) адам физиологиясы

Д) адам морфологиясы

Е) адам биологиясы және морфологиясы

2. Тірі организмдердің ауруларға қарсыласуын түсіндіретін иммунитет теориясын жасағаны үшін Нобель сыйлығына ие болған ғалым:

А) И.П. Павлов

В) И.М.Сеченов

С) И.И Мечников

Д) Уильям Гарвей

Е) Х. Досмұхамедов

3. Бір мембраналы, шар тәрізді құрылымдар, жасуша үшін өз маңызын жойған заттарды бұзып, ыдыратады:

А) ядро

В) лизосома

С) рибосома

Д) митохондрия

Е) эндоплазмалық тор

4. Басқа органоидтарда түзілген немесе жасуша мембранасы арқылы пайдалы түрінде түскен заттар жинақталады, әрі тасымалданады. Осы

жерде күрделі көмірсулар синтезделеді:

А) лизосома

В) рибосома

С) митохондриялар

Д) эндоплазмалық тор

Е) Гольджи комплексі

5.Адам организмінде нәруыздар, көмірсулар, майлар жай заттарға дейін ыдырайды, ал олардан қайтадан адам организміне тән күрделі органикалық қосылыстар түзіледі:

А) тітіркену

В) зат алмасу

С) тітіргенгіштік

Д) пластикалық алмасу

Е) энергетикалық алмасу

6. Шеміршек, сүйек, май, қан және лимфа, ұлпалардың қай типіне жатады:

А) жүйке

В) дәнекер

С) эпителий

Д) бұлшықет

Е) эпителий және бұлшықет

7. Көмей, кеңірдек, өкпе қандай жүйеге жатады?

А) жүйке жүйесіне

В) бұлшықет жүйесіне

С) эндокриндік жүйеге

Д) тыныс алу жүйесіне

Е) жүрек-қан тамырлары жүйесіне

8. Нейрон қандай жүйенің жасушасы?

А) жүйке жүйесінің

В) жыныс жүйесінің

С) асқорыту жүйесінің

Д) эндокриндік жүйенің

Е) тыныс алу жүйесінің

9. Тірек-қимыл жүйесі қандай қызмет атқарады?

А) мүшелер жұмысының үйлесуін жүзеге асырады

В) биологиялық белсенді заттарды өндіріп, қанға бөліп шығарады

С) дене қимылын және оның кеңістікте орын ауыстыруын орындайды

Д) адам денесіндегі мүшелер арасындағы байланысты қамтамасыз етеді

Е) барлық жүйелерді біріктіреді,олардың әрекетін реттейді және үйлестіреді

10. Мүшелер жүйесін құрайтындар:

А) ағза

В) нейрон

С) ұлпалар

Д) мүшелер

Е) жасушалар



Тақырыбы: Адам организміндегі мүшелер жүйелері қызметінің үйлесімділігі. Ішкі секреция бездері.
А

1.Биологиялық белсенді химиялық заттар:

А) лимфалар

В) гормондар

С) ферменттер

Д) пигменттер

Е) көмірсулар

2.Ішкі секреция бездеріне жатады:

А) ұйқы безі

В) тер бездері

С) қалқанша без

Д) жыныс бездері

Е) сілекей бездері

3. Қалқанша безден бөлінетін гормон:

А) тимозин

В) инсулин

С) тироксин

Д) адреналин

Е) соматотропин

4. Бүйрек үсті безінен бөлінетін гормон:

А) инсулин

В) тимозин

С) тироксин

Д) адреналин

Е) соматотропин

5. Ұйқы безінен бөлінетін гормон:

А) инсулин

В) тимозин

С) тироксин

Д) адреналин

Е) соматотропин

6. Ағзадағы көмірсу алмасуын реттейтін гормон:

А) тимозин

В) инсулин

С) тироксин

Д) адреналин

Е) соматотропин

7. Тимус (айырша без) түзетін гормон:

А) тимозин

В) инсулин

С) тироксин

Д) адреналин

Е) соматотропин
В

1. Екі қызмет атқаратын без:

А) эпифиз

В) қалқанша без

С) жыныс бездері

Д) айырша без (тимус)

Е) бүйрек үсті бездері

2. Мида орналасқан ішкі секреция безі:

А) эпифиз

В) гипофиз

С) тироксин

Д) айырша без

Е) қалқанша без

3. Қалқанша бездің қызметі жеткіліксіз болғанда ойлау процесі баяулайды, дене бітімі мен үлкен ми сыңарлары қыртысының қызметі бұзылады, өсу мен жыныстық жетілуі тоқтайды. Бұл ауру:

А) кретинизм

В) микседема

С) акромегалия

Д) базедев ауруы

Е) эндемиялық зоб

4. Аурудың белгілері: қалқанша бездің 1 кг-ға дейін ұлғайып өсуі, жүйкенің жоғары қозғыштығы байқалады, адам ентігіп қалады. Бұл аурумен ауыратын адам балық тағамдарын, теңіз қырыққабатын пайдаланып, тағамға йодталған тұз қосуы керек. Бұл ауру:

А) кретинизм

В) микседема

С) акромегалия

Д) базедев ауруы

Е) эндемиялық зоб

5.Бұл бездің гормондары қандағы фосфор және кальций тұздарының мөлшерін реттейді, ішекте кальцийдің сіңуін және кальцийдің бүйректерде кері сіңуін қамтамасыз етеді.

А) ұйқы безі

В) тимус безі

С) қалқанша без

Д) қалқаншамаңы безі

Е) бүйрек үсті бездері

6. Қалқанша без қызметінің жетіспеушілігінен туатын ауру:

А) кретинизм

В) микседема

С) алыптылық

Д) базедев ауруы

Е) ергежейлілік

7.Қант ауруы қай гормонның жетіспеушілігінен болады?

А) тимозин

В) инсулин

С) тироксин

Д) адреналин

Е) соматотропин

8.Ішкі секреция бездерінің әсерінен болатын ауруларды емдейтін дәрігер:

А) кардиолог

В) дермотолог

С) офтальмолог

Д) невропатолог

Е) эндокринолог
С

1.Сыртқы секреция безі:

А) сүт безі

В) эпифиз

С) гипофиз

Д) тимус безі

Е) қалқанша безі

2. Аралас без:

А) эпифиз

В) ұйқы безі

С) тимус безі

Д) айырша без

Е) қалқанша без

3. Аурудың белгісі: Өте ашуланшақ, қатты терлегіш, көп тамақ ішсе де, қатты арықтайды.

А) микседема

В) кретинизм

С) акромегалия

Д) базедев ауруы

Е) эндемиялық зоб

4. Жас ұлғайған кезде өсу гормонының артық синтезінен, дененің кейбір бөліктерінің өсуіне себепші болады.

А) микседема

В) кретинизм

С) акромегалия

Д) базедев ауруы

Е) эндемиялық зоб

5. Аурудың белгілері: ағзада зат алмасу бәсеңдейді, әсіресе нәруыз алмасуы бұзылады, терінің астында су жиналады, тері құрғап, дене ісінеді. Дене температурасы төмендейді. Жүрек соғысы баяулайды.

Қозғалысы бәсеңдеп, ойлау қабілеті нашарлайды, шашы түсіп, сирейді.

А) микседема

В) кретинизм

С) акромегалия

Д) базедев ауруы

Е) эндемиялық зоб

6. Бұл гормонның артуы есебінен қанда глюкоза мөлшері көбейеді, ұлпалардың оттекті пайдалануы жоғарылайды, қуық пен бронх бұлшық еттері босаңсиды, ол:

А) тимозин

В) инсулин

С) тироксин

Д) адреналин

Е) соматотропин

7. Тағам мен судың құрамында қандай химиялық элемент жетіспегенде, алқым ісуі (эндемиялық зоб) ауруы пайда болады?

А) йод


В) калий

С) фосфор

Д) натрий

Е) кальций

8. Ішкі секреция бездеріне тән белгі:

А) өзектері бар

В) гормондары қанға бөлінеді

С) гормондары ішекке бөлінеді

Д) бауыр жасушаларына бөлінеді

Е) тіршілік процестеріне еш әсері жоқ


Тақырыбы: Жүйке жүйесінің жалпы сипаттамасы.
А

1.Жүйке жасушалары қалай аталады:

А) дене

В) аксон

С) нейрон

Д) жасуша

Е) дендрит

2.Нейронның қысқа өсіндісі:

А) аксон

В) талшық

С) дендрит

Д) рецептор

Е) нейрон денесі

3.Жұлынның жоғарғы шетінің жалғасы:

А) мишық

В) аралық ми

С) ортаңғы ми

Д) сопақша ми

Е) үлкен ми сыңары

4.Аксонның сырты қапталған:

А) нәруызды сұр затпен

В) сұр және ақ затпен

С) май текті сұр затпен

Д) минералды ақ қабықшамен

Е) май текті ақ қабықшамен (миелинмен)

5.Рефлекстік доғаның басталуы:

А) мидан

В) аксоннан

С) жұлыннан

Д) рецептордан

Е) нейрондардан

6. Шеткі жүйке жүйесіне не жатады?

А) мишық

В) жұлын


С) сұр зат

Д) үлкен ми сыңары

Е) жүйкелер және жүйке түйіндері

7. Жұлыннан тарайтын жүйкелер саны:

А) 31 жұп

В) 16 жұп

С) 14 жұп

Д) 12 жұп

Е) 10 жұп

8.Жүйке ауруларын емдейтін дәрігер:

А) уролог

В) кардиолог

С) дермотолог

Д) эндокринолог

Е) невропатолог
В

1.Жүйке жасушасының ұзын өсіндісі:

А) аксон

В) нейрон

С) дендрит

Д) түйіндер

Е) рецептор

2. Жүйке жасушасының қызметі:

А) жиырылғыштық

В) тек қана қозғыштық

С) рефлекстік және өткізгіштік

Д) қозғалтқыш және жиырғыштық

Е) ақпаратты қабылдау, беру және сақтау

3. Жүйке жүйесінің атқаратын қызметі:

А) қоректік заттарды тасымалдайды

В) гуморальды реттелуді жүзеге асырады

С) ағзаны сыртқы ортамен байланыстырады

Д) мүшелердің бірлескен қызметін қамтамасыз етеді

Е) оттегін және көмірқышқыл газдарын тасымалдайды

4. Жүйке жүйесінің барлығы атқаратын қызметі бойынша екіге бөлінеді:

А) шеткі және өсімді

В) тәндік және симпатикалық

С) орталық және симпатикалық

Д) тәндік (сомалы) және өсімді (вегетативті)

Е) симпатикалық және парасимпатикалық

5. Өсімді (вегетативті) жүйке жүйесі реттейді:

А) тасымалдау

В) қозуды өткізу

С) тітіркендіруге жауап беру

Д) ішкі мүшелердің жұмысын

Е) қаңқа бұлшықеттерінің қимылын

6. Мидың қай бөлімі арқылы жоғары және төмен қарай өткізгіш жүйке жолдары өтеді:

А) мишық

В) аралық ми

С) ортаңғы ми

Д) сопақша ми

Е) алдыңғы ми сыңарлары

7. Есте сақтау, сөйлеу, ойлау аймақтарының орналасқан орны:

А) төбе бөлігінді

В) шүйде бөлігінде

С) самай бөлігінде

Д) маңдай бөлігінде

Е) үлкен ми сыңарының барлық бөлімдерінде

8. Мидан тарайтын жүйкелер саны:

А) 10 жұп

В) 12 жұп

С) 15 жұп

Д) 16 жұп

Е) 31 жұп
С

1. Жұлынның қызметі:

А) жиырылғыштық

В) тек қана қозғыштық

С) рефлекстік және өткізгіштік

Д) қозғалтқыш және жиырылғыштық

Е) ақпаратты қабылдау, беру және сақтау

2. Сұр зат неден құралған:

А) жүйке талшықтары

В) мидың тамырлы қабықшасы

С) нейронның қысқа өсінділерінің жиынтығы

Д) нейронның ұзын өсінділерінің жиынтығы

Е) нейрон денелері мен қысқа өсінділерінің жиынтығы

3. Жүйке синапсы:

А) бір нейронның аксоны

В) жұлынның өткізгіш жолы

С) нейрон денелерінің жиынтығы

Д) нейрон денелері мен қысқа өсінділерінің жиынтығы

Е) жүйке жасушаларының қысқа өсінділерінің жиынтығы

4. Рецептор:

А) тітіркенуді қабылдайтын жүйке ұштары

В) орталық жүйке жүйесінен қозуды өткізу

С) нейрон денелері мен қысқа өсінділерінің жиынтығы

Д) қозуды сезгіш нейрондардан қимыл нейрондарына жіберу

Е) қозуды сезгіш нейрондардан қондырмалы нейрондарға жіберу

5. Рефлекс:

А) тітіркенуді қабылдайтын жүйке ұштары

В) сезімтал жүйке талшықтарының аяқталуы

С) тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер

Д) жүйке импульстарының әсерінен бөлінетін зат

Е) сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерге орталық жүйке жүйесі арқылы жауап қайтару реакциясы

6. Рефлекстік доғаның бөлімдері және өту реті:

А) рецептор →қозғалтқыш нейрон → жүйке орталығы → сезгіш нейрон → тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер

В) жүйке орталығы → сезгіш нейрон → рецептор → қозғалтқыш нейрон → тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер

С) рецептор →жүйке орталығы → сезгіш нейрон → қозғалтқыш нейрон → тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер

Д) рецептор → сезгіш нейрон → жүйке орталығы → қозғалтқыш нейрон → тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер

Е) рецептор → сезгіш нейрон → қозғалтқыш нейрон → жүйке орталығы →

тітіркендіруге жауап қайтаратын мүшелер

7. Тәндік (сомалық) жүйке жүйесі реттейді:

А) тасымалдау

В) қозуды өткізу

С) ішкі мүшелердің жұмысын

Д) тітіркендіруге жауап беру

Е) қаңқа бұлшықеттерінің қимылын

8.Есту аймағы ми сыңарының қай бөлігінде орналасқан:

А) төбе бөлігінде

В) самай бөлігінде

С) шүйде бөлігінде

Д) маңдай, төбе бөліктерінде

Е) маңдай бөлігінің ішкі жағында

9. Симпатикалық жүйке жүйесінің орталығы жұлынның қай бөлігінде орналасқан:

А) мойын бөлігінде

В) сегізкөз бөлігінде

С) мойын бөлігінен бел бөлігіне дейін

Д) мойын бөлігінен сегізкөз бөлігіне дейін

Е) ми бағаны мен жұлынның сегізкөз бөлігінде

10.Парасимпатикалық жүйке жүйесінің орталығы жұлынның қай бөлігінде орналасқан:

А) мойын бөлігінде

В) сегізкөз бөлігінде

С) мойын бөлігінен бел бөлігіне дейін

Д) мойын бөлігінен сегізкөз бөлігіне дейін

Е) ми бағаны мен жұлынның сегізкөз бөлігінде


Тақырыбы: Сезім мүшелері. (Анализаторлар немесе сенсорлық жүйе)

А

1.Сезім мүшелеріне жататындар:

А) ауыз, тіл, ерін, тері

В) көз, құлақ, тіл, мұрын, тері

С) тері, ішек, тіл, мұрын, ауыз

Д) тіс, құлақ, тіл, ауыз, мұрын

Е) тіл, құлақ, жүрек, қантамырлары

2. Сыртқы және ішкі тітіркенуді қабылдап, талдайтын сезімтал жүйкелер жиынтығы:

А) синапс

В) акцептор

С) рецептор

Д) анализатор

Е) тітіркендіргіш

3.Анализаторлардың бөліктері:

А) құлақ, мұрын қуысы, көз

В) рецепторлық, өткізгіш, көз

С) рецепторлық, өткізгіш, орталық

Д) ми орталығы, рецепторлық, тітіркендіргіш

Е) жүйке жолдары, рецепторлық, тітіркендіргіш

4.Көздің қосымша мүшелері:

А) кірпік, қас, соқыр дақ,

В) сары дақ, соқыр дақ, қас,

С) жас бездері, қабақ, қарашық,

Д) қабақ, кірпік, қас, жас бездері

Е) көзбұршағы, қарашық, торлы қабық

5.Көз алмасының қабығы:

А) ақ қабық

В) торлы қабық

С) ортаңғы қабық

Д) тамырлы қабық

Е) кілегейлі қабық

6.Сары және соқыр дақтар көз алмасының қандай қабығында орналасқан?

А) ақ қабық

В) торлы қабық

С) ортаңғы қабық

Д) тамырлы қабық

Е) кілегейлі қабық
В

1.Қантамырларына бай тамырлы қабық:

А) ақ қабық

В) торлы қабық

С) ортаңғы қабық

Д) тамырлы қабық

Е) кілегейлі қабық

2.Көз алмасына пішін береді:

А) ақ қабық

В) торлы қабық

С) ортаңғы қабық

Д) тамырлы қабық

Е) кілегейлі қабық

3. Күн сәулесін торлы қабыққа шоғырландырады:

А) сары дақ

В) қарашық

С) соқыр дақ

Д) құтышалар

Е) көзбұршағы

4.Көз ауруларын емдейтін дәрігер:

А) уролог

В) дерматолог

С) офтальмолог

Д) невропатолог

Е) эндокринолог

5. Сыртқы құлаққа жатады:

А) балғашық, төс, үзеңгі

В) қуыстар, иірім өзекшелер

С) қуыстар, иірімдер, шытырмандар

Д) құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы

Е) шытырман, сүйекті және жарғақты шытырман

6.Ортаңғы құлақ сүйектері:

А) балғашық, төс, үзеңгі

В) қуыстар, иірім өзекшелер

С) қуыстар, иірімдер, шытырмандар

Д) құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы

Е) шытырман, сүйекті және жарғақты шытырман

7.Ортаңғы құлақ қуысының байланысатын мүшесі:

А) өңешпен

В) көмекеймен

С) жұтқыншақпен

Д) ауыз қуысымен

Е) мұрын қуысымен
С

1.Дәм сезу орталығы ми сыңарларының қандай бөлігінде орналасқан?

А) төбе бөлігінде

В) самай бөлігінде

С) шүйде бөлігінде

Д) маңдай бөлігінде

Е) төбе мен самай бөліктерінің шегінде

2.Иіс сезу рецепторларының орналасқан жері:

А) жұтқыншақта

В) мұрын қалқанында

С) мұрын қуысының төменгі жағында

Д) мұрын қуысының жоғарғы жағында

Е) мұрын қуысының алдыңғы жағында

3.Тері рецепторлары қандай тітіркендіргіштерді қабылдайды?

А) иісті, дәмді, жылуды, суықты

В) ащыны, тұзды, тәттіні, қышқылды

С) ащыны, тұзды, жанасуды, ауырсынуды

Д) жанасуды, ауырсынуды, суықты, жылуды

Е) тәттіні, қышқылды, ауырсынуды, суықты

4. Иіс сезу рецепторлары қайда орналасқан?

А) ұлуденеде

В) көз алмасы мен қосымша мүшелерде

С) терінің сырқы және нағыз тері қабатында

Д) мұрын қуысының сілемейлі қабықшасында

Е) тіл бетіндегі дәм түйсінетін «бүршіктер мен бүртіктерде»

5. Дәм сезу рецепторлары қайда орналасқан?

А) ұлуденеде

В) көз алмасы мен қосымша мүшелерде

С) терінің сырқы және нағыз тері қабатында

Д) мұрын қуысының сілемейлі қабықшасында

Е) тіл бетіндегі дәм түйсінетін «бүршіктер мен бүртіктерде»

6. Сипап сезу рецепторлары қайда орналасқан?

А) ұлуденеде

В) көз алмасы мен қосымша мүшелерде

С) терінің сырқы және нағыз тері қабатында

Д) мұрын қуысының сілемейлі қабықшасында

Е) тіл бетіндегі дәм түйсінетін «бүршіктер мен бүртіктерде»

7. Есту рецепторлары орналасқан:

А) ұлуденеде

В) көз алмасы мен қосымша мүшелерде

С) терінің сырқы және нағыз тері қабатында

Д) мұрын қуысының сілемейлі қабықшасында

Е) тіл бетіндегі дәм түйсінетін «бүршіктер мен бүртіктерде»



Сезім мүшелері.
Тақырыбы: тірек-қимыл мүшелер жүйесі.



  1   2   3   4


©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет