Реферат тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар Орындаған: Медеубек М. А. Тобы: 103 фк



жүктеу 85.22 Kb.
Дата27.12.2016
өлшемі85.22 Kb.
түріРеферат
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ДАМУ МИНИСТРЛІГІ

ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ФАРМАЦЕВТИКА АКАДЕМИЯСЫ

Акушерия және гинекология курсымен АМСЖ кафедрасы

РЕФЕРАТ


Тақырыбы: Сыртқы және ішкі сәулелену әсерінен пайда болатын аурулар

Орындаған: Медеубек М.А.

Тобы: 103 ФК « А »

Қабылдаған: Турманова Ж.О.

Шымкент 2015 жыл

Қысқартылған сөздер

Р – радиация

Рад - радианс

Рад/сағ - радианс /сағат

т.б - тағыда басқа

Гр – грамм

K - калий

Ra – радий

Rn - радон

C - көміртек

Жоспар


I Кіріспе
II Негізгі бөлім

  1. Иондаушы сәуле шығару тарихы

  2. Сәулелі аурудың даму кезеңдері мен алғашқы белгілері

  3. Ластанған аймақтағы сәулелі ауру кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету

  4. Радиацияның ағзаға түсу жолдары мен әсері

  5. Сәулелік ауру және құтқару жұмыстары

  6. Төтенше жағдай кезіндегі радияция мен химиялық заттардың әсері

III Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

I Кіріспе

Сәулелену дегеніміз – иондалатын ортамен өзара әсерлесуі арқылы әртүрлі таңбалы электр зарядттарының (иондар) пайда болуын айтамыз. Бұл сәулелену заттардың сапасын бақылау үшін, ғылыми зерттеу жұмыстарында, ауыл шаруашылығында топырақ тығыздығын өлшеу үшін, медицинада қатерлі ісік терапиясы үшін кеңінен қолданылады.

Жұмыс: 10 бет, пайдаланған әдебиеттер 6, кесте саны 1

II Негізгі бөлім

1 Иондаушы сәуле шығару тарихы
Реактивті сәулеленуді қолданудың алғашқы қадамынан бастап иондаушы радиацияның тірі ағзаға әсерін білу дүние жүзілік қоғамды қызықтырды. Бұл кенеттен болған жоқ, себебі зерттеушілер басынан бастап реактивті сәулеленудің теріс әсерін байқаған. 1895 жылы рентгеннің көмекшісі В.Груббе рентген сәулелері мен жұмыс жасағанында қолдары радиациялық күйікке ұшыраған, ал Француз оқымыстысы А.Беккерель (радиоактивтілікті ашқан) радийдің сәулеленуінен терісін ауыр күйікке шалдықтырған. Әлемге белгілі Мария Складовская-Кюри сәулелік аурудан қайтыс болған, қазірге дейін оның бейіті сәуле өткізеді. 20 жылдың соңында дүние жүзіндегі мамандар халықаралық радиациялық қорғаныс комиссиясын ұйымдастырды. Оның қызметі радиоактивті заттармен жұмыс істеу ережелерін өндеп дамыту[1].

2 Сәулелі аурудың даму кезеңдері мен алғашқы белгілері

Сәулелі ауру – бүкіл ағзаға немесе оның бөлімдеріне радиоактивті сәулелендірудің көп мөлшерде әсер етуінен пайда болған адамдар мен жануарлардың жалпы ауруы.Сәулелі ауру өзі 2-ге бөлінеді. Ішкі және сыртқы[4].

Сыртқы сәулелену адам ағзасына сырттан ионизациялық сәулелердің әсер етуін айтамыз. Мысалы, ғарыштық сәулелер, табиғи радиоактивті көздер, атмосферада, суда және т.б. Ал ішкі сәулелену деп адам ағзасына тыныс мүшелері, ішек-қарын, тері мүшелері арқылы енуін айтамыз[2].

Адам денесін бірреттік сыртқы біркелкі сәулелендіру мөлшеріне байланысты жедел сәуле ауруының 4 ауырлық деңгейін ажыратады:


  1. Жеңіл – сәулелену мөлшері 100-200 Р (1-2 Гр).

  2. Орташа ауырлықта – сәулелену мөлшері 200-400 Р (2-4 Гр).

  3. Ауыр – сәулелену мөлшері 400-600 Р (4-6 Гр).

  4. Өте ауыр – сәулелену мөлшері 600 Р жоғары (6 Гр).

Жедел сәуле ауруының ағымын төрт кезеңге ажыратады:

  1. біріншілік сәуле реакциясы;

  2. көрінбейтін (инкубациялы);

  3. айқындалған клиникалық белгілері (аурудың шыңы);

  4. айығу (ауру соңы).

Сәуле ауруы дамуының төрт кезеңі бар.


Бірінші кезең – алғашқы радияция кезеңі. Бұл кезеңде алыңған сәуле дозасына байланысты орталық нерв, жүрек-қан тамырлар жүйелерінің қызметтерің өзгеруімен қатар, қан құрамында уақытша ақ түйіршіктер көбеюі жатады. Өте көп иондаушы сәуленің дозасы шок туғызып, соның салдарынан адам есін  жимай өліп кетуі мүмкін. Аурудың алғашқы белгісі 1-2 сағаттан соң байқалып 48 сағатқа дейін созылады. Содан соң екінші сәуле ауруы кезеңі басталады.

Екінші кезең - аурудың білінбейтін кезеңі. Екі аптаға дейін созылады. Клиникалық  көрініс азды-көпті жөнделіп қан құрамы қалпына келеді.

Үшінші кезең тұсында - адамның жалпы жағдайы әлсірейді, қанталауы айқындалып, сүйек майының қан түзетін қызметі төмендейді. Ауру асқынғанда ішек-қарын жолы ағзаларының қызметі де ерекше зақымдалады: лоқсу, құсу жиіленеді. Ауыз қуыс кілегей қабығында желіну, жара және ісік пайда болады. Ішкі бездер қызметі төмендеп, ағзаның реакция туғызу қабілеті нашарлайды. Жалпы әлсіздік басталып, инфекция ошақтарының белсенділігі артады.

Төртінші кезеңде — алынған сәуле дозасы онша көп болмаса, ағза айыға бастайды. Болмаса сырқаттың созылмалы түріне ауысады[1].

3 Ластанған аймақтағы сәулелі ауру кезінде алғашқы медициналық көмек көрсету

Алдымен халықты радиациялық қауіп жөнінде құлақтандыру, ұжымдық және жеке қорғаныс құралдырын пайдалану туралы хабардар ету керек. Радиоактивті заттармен ластанған аймақтың тұрғындарын өздерін қалай ұстау керектігін мүмкіншілігінше түсіндіру қажет, радиацияның деңгейін анықтаудың мағызы зор. Дозиметрлік бақылауды тұрақты жүргізу керек, су мен тамақты радиоактивті ластануға зерттеу жасау керек. “Радиоактивті зақымдану” дабылы берілген жағдайда жеке қорғаныс заттарын, дайындалған азық-түлік пен су қорын алып паналау ғимараттарына тығылу қажет[3].

Ластану аймағында адамдар баспаналарда 3 тәулік болу керек, содан кейін тұрғын үйге ауысып 4 тәуліктен көп болу керек. Қатты ластану аймағында (400 рад, 80 рад/сағ) баспанада 3 тәулікке дейін болу керек,тәулігіне 3-4 сағат қажет кезде шығуға болады. Бұл кезде тері мен демалу мүшелерін қорғайтын заттар қолдану керек. Орташа ластану аймағында (40 рад 8 рад/сағ) халық бірнеше сағатқа баспанада болады, кейін тұрғын үйлерге көшуіне болады. Үйден бірінші тәуліктерде 4 сағаттан кейін шығуға болады. Барлық жағдайда жеке қорғау заттарын қолдану керек. Радиациялық зақымданудың алдын-алу шаралары жеке дәрі-қобдишасының ішіндегі заттармен жүргізіледі. Аймақта радиация деңгейі жоғары болғанда, радиациялық зақымдану қаупі болғандықтан бірінші медициналық көмек көрсету мүмкін емес, сондықтан өз-өзіне және бір-біріне көмек көрсетудің маңызы зор. Радиоактивті заттармен ластанған аймақта су ішуге, тамақ жеуге және жерге жатуға болмайды[1].

4 Радиацияның ағзаға түсу жолдары мен әсері

Адам организмі радиация көзіне емес, радиацияға жауап береді.Радиоактивті заттар болып табылатын радиация көздері ішек жолдары арқылы сумен және тамақпен бірге, өкпе арқылы тыныс алу кезінде, аз мөлшерде тері арқылы,сонымен қатар медициналық радиоизотопты диагностика кезінде адам организміне түсе алады.Бұл жағдайда ішкі сәулелену пайда болады[4].

Радиациялық сәулелену ағзаның гинетикалық жағдайына пайдалы және зиянды әсерін тигізеді.

Пайдалы әсері



  1. Рентгент және күлгін сәулелер химиялық заттар әсері ақылы антибиотиктер түзетін саңырауқұлақтар табиғи қасиетін өзгерту үшін зерттеулер жүргізу.

  2. Тіршілік ету жағдайында антибиотиктер сонымен қатар В12 дәруменін түзетін микроорганизмдердің жоғары активті штампаларын шығару және тағы басқалар.

  3. Адам өміріне қажет, маңызды ферменттер, органикалық қышқылдар, саңырауқұлақтардың және микробтарды сәулелендіру үшін алады[4].

Зиянды әсері.

  1. Табиғи сәулелену, кейбір химиялық құрылымдар және сртқы ортаның температурасы тұқым қуалау қасиетінің құрылымына әсер ету нәтижесінде ұрпақтарға таралатын табиғи мутацияға келтіреді.

  2. Табиғи сәулелену , кейбір химиялық құрылымдар, сыртқы ортаның температурасы және ядролық сынақ әсерлерінен өмір сүру ортасына қарай ұрпақтарда 500-ден астам аурулар пайда болғандығы анықталады[4].

5 Сәулелік ауру және құтқару жұмыстары

Сәулелік ауру-әр түрлі иондаушы сәулелердің әсерінен пайда болатын қатерлі сырқат. Адам, жануарлар, микроорганизмдер және өсімдіктерге жер қыртысынан бөлінетін гамма-сәулелер және космос сәулелері сырттан, организмде болатын радиоактивті элементтер (K, Ra, Rn, C т.б.) сәулелері іштен әсер етеді. Егер бұл сәулелер тірі организмге артық мөлшерде өтсе клеткалардың, органдардың тіршілігіне қауіпті ауру туғызады. Адамда ортаның әсерінен және ішкі органдарға, әсіресе тыныс алу жолы арқылы теріге, ішек-қарынға радиоактивті заттардың өтуінен пайда болады [5].

Сәулелік ауру

Сәулелік ауру



Жіті - бір мезгілде организмге сәуленің өте көп мөлшері өткен жағдайда пайда болады.

Созылмалы – сәуленің аз мөлшерінен зақымданғанда, кейде жедел түрі созылмалы түрге айналуынан болады


  1. Төтенш



6 Төтенше жағдай кезіндегі радияция мен химиялық заттардың әсері

Төтенше жағдай кезінде кездесетін аса қауіпті жағдайлардың бірі радияция мен химиялық заттардың адамға зиянды әсері. Оқу орындарында бұл факторларға көңіл бөліп айтылуда. Радиациялық және химиялық жағдайды бақылаудың мақсаты мен міндеті: радиоактивті химиялық зақымдану ошағының қарқынын, олардың құрылыс обьектілерге әсерін, азаматтық қорғаныс күштері адамдарға жедел жәрдем беру, зақымдану ошағына көмек көрсету жұмыстарын ұйымдастыру. Радиациялық және химиялық жағдайды бақылау үшін барлау тобының берілген мәліметтерімен бағалайды.Радиациялық және химиялық жағдайды бақылауға бастапқы мәліметтерге мыналар жатады: жарылыстың уақытысы мен орны, түрі мен қуаттылығы, қатты әсер ететін улы заттың түрі мен мөлшері, адамдардың қорғану деңгейі, сәулелену мөлшері, ауа райының мәліметтері.

Халықты зақым ошағында қорғауға радиациялық жағдайды бақылау қорытындысы бойынша дұрыс шешім мен нақты ұсыныс пен нұсқау беруге үйретеді[6].

III Қорытынды

Радиациялы әсер сәулеленуге шалдыққан жерде ғана пайда болмайды. Радиация мөлшерінің жоғарылауы ағзаның иммундық жүйесін төмендетіп, әртүрлі ауруды қабылдағыш етеді. Сәулелену кезінде қатерлі ісік пайда болу мүмкіндігі жоғарылайды.

Ядролы бөлінудің өнімдері түскенде ағза ұзақ, интенсивтігі бойынша аз сәулелендіруге шалдығады.

Ағзаға радионуклидтер түскен мүшелер яғни дем алу мен ас қорыту мүшелері және қалқанша без бен бауыр қатты сәулеленеді. Басқа мүшелер мен терілерге қарағанда, олар сіңірген мөлшер 1-3 есе жоғары болады.

Пайдаланылған әдебиеттер



Негізгі

  1. «Тіршілік қауіпсіздігі негіздері», - Оқу құралы. Нәбиев Е.Н. – Астана қ. – 2012 ж – 240 бет.

Қосымша

  1. 2.Ж 35 Медициналық радиобиология негізі. Оқулық. А.Жаханов, С.Садықов. – Алматы: «Эверо», 2014 ж – 280 б.

  2. “Радиациялық ластанудың құқықтық жауапкершілігі” Батырбаев Н. “Алматы газеті” -2003 -№ 10

  3. “Ақиқат”- 2002 – №12 “Радиацияның адам ағзасына әсері” Темірбеков Ж.

Электронды ресурстар

  1. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%A1%D3%99%D1%83%D0%BB%D0%B5_%D0%B0%D1%83%D1%80%D1%83%D1%8B

  2. http://group-global.org/kk/publication/4207-totenshe-zhagdaylar-kezindegi-radiaciyalyk-zhagdaylardy-bagalau-disteri

: sites -> default -> files -> publications
publications -> Қазақстан республикасының денсаулық сақтау әЛЕУМЕТТІК денсаулық сақтау министрлігі
publications -> Қазақ тіліндегі физикалық ЖӘне техникалық терминологиялық СӨздіктердегі үйлесімсіздік
publications -> Ас қорыту жүйесі
publications -> Тіл – ел байлығы
publications -> В медицинской практике остеомиелитом называют воспаление всех слоев кости от костного мозга до надкостницы
publications -> Делимитация и демаркация государственной границы рк как фактор национальной безопасности
publications -> Морфологические изменения миокарда предсердий при внезапной сердечной смерти у пожилых людей
publications -> Патриоттық тәрбие Аннотация
publications -> 2-курс студенті Нұрсәлімова Сымбат




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет