Разинский ауылдық округінің Әкімі а.Қ. Ожекенованың 2016 жылға есеп беру тезисі



жүктеу 28.61 Kb.
Дата21.12.2017
өлшемі28.61 Kb.
РАЗИНСКИЙ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ

А.Қ. ОЖЕКЕНОВАНЫҢ 2016 ЖЫЛҒА ЕСЕП БЕРУ ТЕЗИСІ
Разин ауылдық округінің жер көлемі 261 кв.км.құрайды. Округте 3 селолық мекен бар Красная Шемонаиха а. Белый Камень а., Медведка а., тұрғындардың жалпы саны 1453 адамды құрайды. Орталығы – Красная Шемонаиха ауылы. c:\documents and settings\user\мои документы\ожекенева.jpg

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

Округтің базалық саласы – дамыған мал шаруашылығымен бірге ауыл шаруашылығы. Округ аумағында 29 ауыл шаруашылық құрылымдары тіркелген. Округте ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен 455 жеке қосалқы шаруашылықтары айналысады. Разинский ауылдық округінің ауыл шаруашылық жері – 23,3 га құрайды, соның ішінде 13,7 га егіндік, 2,1 га шабындық және 9 044 га жайылым жер бар. 2016 жылы округтің ауыл шаруашылық өндірушілері орташа түсімі 11,3 % 60178 га дәнді дақылдар, орташа түсімі 12,7 % 4099 га күнбағыс екті. 410 тонна ет, 4200 сүт, жылдық орташа сауым 3 мың 720 тонна, жұмыртқа 195 мың дана өндірді. Мал шаруашылығы жеке қосалқы шаруашылықтарында және «Украинка» ш/қ дамыған. Аталған шаруашылықта инвестициялық және иновациялық даму жолдары белгіленген.

2016 жылғы 01 шілдедегі жағдай бойынша округте 557 ірі қара, 845 қой мен ешкі, 95 жылқы, 421 шошқа, 6314 құс бар.

ИНФРАҚҰРЫЛЫМ. ТҰРҒЫН ҮЙ – КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ

2016 жылы жолдарды қардан тазалауға бөлінген 650 мың тенге игерілді, негізгі шығын «Белокаменское» ЖШС және «Востоксельхозпродукт» ЖШС жатады. Көшелерді жарықтандыруға (жөндеу, электрэнергия төлемдері) 1774 мың теңге, санитарлық тазартуға 341 мың теңге бөлінді. Белый Камень, Медведка ауылдарындағы су құбырлары жүйесі «Шемонаиха водоканалы» КМҚК берілді. Су жүйе құбырлары 90 % тозған. Красная Шемонаиха ауылының су жүйесін ұстау және жөндеу мәселесімен «Белокаменское» ЖШС айналысады. 2016 жылы Красная Шемонаиха және Белый Камень ауылдарының кіреберіс жолдарына шұңқырлы жөндеу жұмыстары 1 128 мың теңгеге жасалды. Ауылдарда телефон байланысы бар. Ауылдан қалаға дейін көлік қатынасы бар.



БІЛІМ

Красная Шемонаиха, Медведка ауылдарында 2 негізгі орта мектептер бар. 2014 жылы Медведка ауылында жаңа мектеп пайдалануға берілді. Округтегі оқушылар саны – 195 баланы құрайды. Оқушыларды мектеп автобусы тасымалдайды, балалар ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.



ДЕНСАУЛЫҚ САЛАСЫ

Округтің 3 денсаулық сақтау мекемесі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісін реформалау және дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында жұмыстарын жүргізуде. Округтің денсаулық сақтау мекемелері медициналық кадрлармен толық қамтылған.


МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

Округ аумағында 3 клуб, 2 кітапхана жұмыс істейді. Ауылдық округтің мектептерінде дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері спорттық секцияларын жүргізеді. Шаруа қожалықтарының, ЖШС басшыларының белсенді көмектерінің арқасында округ спортшылары аудандық, қалалық жарыстарға қатысып, әртүрлі спорт түрлерінен жүлделі орындарға ие болады.

2016 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы 2020» бағдарламасы бойынша 8 851 мың теңге сомасына Красная Шемонаиха а. жасанды жамылғымен футбол алаңы салынды.

ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРТІПТІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

2016 жылы құқық тәртібін нығайту, құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыс әрі қарай жалғасты. Полиция учаскелік инспекторлары есеп беру уақытында әкімшілік құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу мен жол бермеу, қоғамдық тәртібін сақтау және қоғамдық қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша 50 – ден астам оперативтік – алдын алу шараларын жүргізді. 2016 жылдың қорытындысы бойынша округ аумағында ауыр қылмыстар, мал ұрлығы тіркелген жоқ.



2017-2018 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕР:

  1. Округ халқына сапалы мемлекеттік қызмет көрсету

  2. Округтің әлеуметтік экономикалық көрсеткіштерін арттыру бойынша мақсатты бағыттар және тиімді жұмыстарды атқару

  3. Округ халқын «Жұмыспен қамту жол картасы 2020», «Бизнес жол картасы 2020», «Өнімділік 2020», «Сыбаға» «Казагрофинанс» мемлекеттік бағдарламаларына белсенді қатыстыру.

  4. Халықты жергілікті өзін – өзі басқару жұмысына белсенді қатыстыру

  5. Красная Шемонаиха а. су құбырлар жүйесін салу

  6. Красная Шемонаиха, Белый Камень ауылдарында автобус аялдамаларын орнату

: files
files -> 1 дәріс : Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Тиеу-түсіру жұмыстары жөніндегі жалпы түсініктер
files -> Қыс ең зақымданатын жыл мезгілі. Бірақ жаралану, сынық, тоңазу, үсіп қалу біздің қысқы тұрмыстың міндетті салдары емес
files -> Қазақ халқының ұлттық ойындары
files -> Тема: Детский травматизм. Травма мягких тканей лица и органов рта у детей. Особенности первичной хирургической обработки ран лица. Показания к госпитализации ребенка
files -> Тематичний план практичних занять




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет