Құран оқудың әдептері. Құран оқушы адамның дәреті болуы қажет



жүктеу 41.07 Kb.
Дата20.06.2017
өлшемі41.07 Kb.
Құран оқудың әдептері.

  1. Құран оқушы адамның дәреті болуы қажет. Сонымен бірге киімі таза болғаны абзал және хош иіс себініп, мисуак қолданғаны жақсырақ. Әли (радиаллаһу әнһ) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз айтқан:

«Шындығында,ауыздарың - Құран өтетін жол. Сондықтан да ауыздарыңды мисуакпен тазалаңдар». 1

  1. Құран оқу үшін бетті Құбылаға бұру керек.

  2. Құран оқу сәтінде ташахудқа отырған секілді тізерлеп отырып оқыған абзал.

  3. Күнделікті оқылуы керек болған мөлшеріне келетін болсақ, бұған ғұламалардың өмірінен көптеген мысалдар бар. Мысалы,имам Шафиғи және Салих ибн Қийсан (Алла оларды мейіріміне бөлесін) Рамазан уақытында Құранды күніне екі мәрте оқып шығатын. Имам Нәуәуидің «әл-Әзкар» атты еңбегінде Ибн Қатиб Құранды күндіз төрт мәрте және түнде төрт мәрте оқитыны айтылады. Кейбір ғұламалар Құранды айына бір рет оқитын.

Абдулла ибн Амр (радиаллаһу әнһ) риуаят етуі бойынша Пайғамбарымыз айтқан:

«Құранды үш күннен аз уақытта оқыған адам оны түсінбеді». 2

Имам Ирақи (рахимахуллаһ) бұл хадис жөнінде:



«Бұл хадис көптеген хадистер жинағында келеді. Оның мағынасы, егер адам Құранды үш күннен аз уақытта оқып шықса, тез оқудың себебінен ол Құран аяттары туралы ой жүгіртіп, түсініп шыға алмайды. Бірақ Құранды үш күннен не одан аз уақытта толық оқып шыққан адамды жағымсыз немесе рұқсат етілмеген амал жасады деп айыптай алмаймыз. Өйткені, бізге Осман ибн Аффан, Тамими Дари, Саид ибн Джубейр (Алла барлығынан разы болсын) секілді атақты тұлғалардың бір рәкәтта Құранды толық оқып шыққандары жайлы хабарлар келіп жеткен.»

«Бустанул-Арифин» кітабында имам Әбу Ханифадан (рахимахуллаһ) жеткен риуаятта айтылады:

«Мұсылманның Құранға қатысты хақысы – оны жылына екі рет толық оқып шығуы керек. Себебі Алла Елшісі өмірінің соңғы жылында Жебірейл (ғалайһис-сәләм) періштеге екі мәрте оқып берген».

  1. Жылауға тырысу. Ұлы Алла Тағала Өзінің достарының Құран тыңдаған кездегі хәлін сипаттап айтады : 

«Оларға Құран оқылған кезде жылап, етпеттерінен сәждеге жығылады.» 3

Бір ғалымнан сұраған екен:



- «Неге біздер Құран оқыған кезде сахабалар секілді жыламаймыз?»

- Өйткені, олар қашан тозақ иелері жайында келген аятты оқығанда, өздерін солардың ішінде болып қаламыз ба деген оймен қорқып жылайтын еді, ал біздер болсақ, ол аяттарда басқа бір адамдар жайында айтылып жатырғандай хәлде сезініп оқимыз.



Ал, қашан жәннат иелері жайында аятқа келгенде, олар соның ішінде болмай қаламыз ба деген үреймен жылайтын, ал біздер болсақ ол аяттарда бейне бір біз жайлы айтылып жатқандай хәлде оқимыз», деген екен.

  1. Егер де амалыма рия кіріп кетеді деп немесе адамдарға ыңғайсыздық туғызамын деп қорықса, Құранды төмен дауыспен оқу қажет, ал, былай уақыттарда қатты дауыспен оқу керек. Құранды асықпай, әр аятты өз орнымен оқу керек. Өйткені, Құран оқудағы мақсат барынша көп аят оқуда емес, оған ақыл жүгіртіп, ойлауда.

Умма Сәләма анамыздан (радиаллаһу әнһә) Алла Елшісінің Құранды қалай оқығандығы жайында сұрағанда, «ол әр аятты бір бірінен ажыратып, тоқтап-тоқтап оқитын еді», деп жауап берген.

Ибн Аббас (радиаллаһу әнһумә) Пайғамбарымыздың былай дегенін жеткізедійтқан:



«Құранды тезірек толық оқып шыққаннан гөрі, Бақара және әл-Имран сүресін асықпай, ойланып оқуды жақсы көремін.»

  1. Әдемілеп, әуездетіп оқу. Сүйікті Пайғамбарымыз айтқан:

«Дауыстарыңмен Құранды әшекейлеңдер.»

Құран оқудағы кейбір нәзік мәселелер

А) Егер түзде Құранды жаттаған бойынша оқып келе жатырып, жолай мұсылман бауырынды кездестірсеңіз, тоқтап, оған сәлем беріп немесе сәлемін алып, кейін тоқтаған жеріңізден «әғуузу биллаһи минәш-шәйтааноир-рәжиим»-ді айтып жалғастырасыз. Ал, егер мешітте Құранды кітаптан оқып отырсаңыз, онда сізде екі таңдау бар:



  • «Хазіреті Әбул-Хасан әл-Уахидидің (рахимахуллаһ) пікірі бойынша, Алланың кітабын оқушы адам сәлемге жауап бермей немесе ишарамен белгі берсе болады, деген.

  • Имам Нәуәуи (рахимахуллаһ) бұл риуаятты әлсіз және сәлемге жауап беру уәжіп деген.

Ә) Құран оқып отырғаныңызда түшкірсеңіз, «әлхамдулилләһ» деп айту,біреу түшкіріп «әлхамдулилләһ» десе, «йәрхамукуллаһ» деп жауап беру сүннет болады.

Б) Құран оқып отырған уақытта азан шақырылса, Құран оқуды тоқтатып, азанды тыңдап және оған жауап беру керек.

В) Құран оқып отырған кезінде бір адам бір нәрсе сұраса, оны қолымен ишарат етіп көрсетуге мүмкіндік болса солай жасаңыз. Ал, егер оған ол адам ренжитінін білсеңіз, Құран оқуды тоқтатыңыз.

Г) Егер кімде кім бір аятты еске түсіре алмай тұрса, әдеп бойынша сол аятты айтып жіберуіңіз керек (егер білсеңіз) және келесі аятты оқудың қажеті жоқ, өзіңнің білетініңді көрсетіп,тәкаппарлыққа жол ашудан сақтану үшін.



Мақала Муфтий Камил Самигуллиннің 

«Каждый может стать Коран хафизом»

кітабынан аударылды.

1. Суюти, Фатхуль-Кабир: 1/293.

2. Тирмизи, Құран: 13; Әбу Дауд, Рамадан: 8-9; Ибн Мәжә, Иқамат: 178; Дарими, Салат: 173; Ахмад ибн Хәнбәл: 2/164, 165, 189, 193, 195.

3. «әл-Исра» сүресі, 109.


P.S. Сайтымызда жарияланған мақалалар мен шет елдік сайттардан алынған аудармалардың авторлық құқығы Hanafi.kz сайтына тиесілі.

Hanafi.kz сайтында жарияланған кез келген ақпараттарды көшіріп алып, өзге желілерге таратушылардан және басқа сайттарға жариялаушылардан міндетті түрде Hanafi.kz сайтына сілтеме қоюларыңызды сұраймыз


©stom.tilimen.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет