Құрамы туралы түсінік беру, тәжірибе арқылы көз жеткізу



жүктеу 64.88 Kb.
Дата22.01.2018
өлшемі64.88 Kb.
Сабақтың тақырыбы: Топырақты аздырушы және ластаушы көздер

Мақсаты:

Білімділік: Топырақ жайлы және оның құрамы туралы түсінік беру, тәжірибе арқылы көз жеткізу.

Дамытушылық: Оқушылардың байқағыштығын, ойлау қабілетін, түсінгенін жеткізе білу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік: Табиғатты аялауға, ұқыптылыққа, елін, жерін сүюге баулу. Өзіне деген сенімділікке баулу.

Барысы:

І кезең: Ұйымдастыру кезеңі

ІІ кезең: Жаңа сабақ

Топырақ дегеніміз - жердің бетіндегі өсімдік өсетін жұмсақ қабаты.
Яғни, топырақ құрамына өсімдіктердің, жан - жануарлардың, қалдықтарының араласуы арқылы пайда болады. Топырақ бойында құнарлылық қасиеті, яғни өсімдіктерді сумен, басқа да қоректік элементтермен қамтамасыз ететін қабілеті болады. Механикалық құрамы (топырақ түйіршіктерінің мөлшері) бойынша топырақ құмды, құмдақ сазды және саз топырақ болып бөлінеді. Жасы мен генезисі бойынша — қыртысты күлгін топырақ, батпақты топырақ, ормандық сұр топырақ, қара топырақ, қоңыр топырақ, күрең топырақ, тағы басқалар болып бөлінеді. Топырақтың жер бетінде таралуы зоналық (горизонтальды және вертикальды) заңдылыққа байланысты. Топырақ - литосфераның жоғарғы әуе қабатымен байланысатын қабат, бүкіл биосферадағы тіршіліктің тірегі. Топырақ ғасырлар бойы топырақ түзуші факторлардың үздіксіз әрекетінен пайда болған табиғаттың ерекше табиғи, әрі тарихи денесі.

Сазды топырақ


Құламаларда тұрақты және су бұзып кетуіне қарсы келе алатын топырақ; жолдың негізі үшін жақсы материал болып табылады.

Құмайт топырақ


Ылғалды және құрғақ күйінде байланысы жақсы топырақ: құрғақ және тым ылғалды жерлерде жолға себуге пайдаланады.

Шым тезекті топырақ


Ылғалдылықтың тұрақсыздану кезінде көлемдік өзгерістерге зор бейімі бар, қатты сығылатын орамды грунт, жол себуге қолданылмайды. Топырақта тіршілік ететін организмдер эдафобионттар немесе педобионттар деп аталады. Қоңыржай аймақтағы орман топырағының 1 шаршы метрінде 1000 жуық жануарлар түрін, нематодтар мен қарапайымдылардың 10 млн-нан аса, аяққүйрықтар мен топырақ кенелерінің 100 мыңнан аса түрлерін табуға болады. Эдафобионттардың көптеген экологиялық топтарының классификациялары бар. Тіршілік ортасымен байланысы бойынша топырақ жануарлары негізгі үш экологиялық топқа бөлінеді:

Эдафобионттардың көптеген экологиялық топтарының классификациялары бар. Тіршілік ортасымен байланысы бойынша топырақ жануарлары негізгі үш экологиялық топқа бөлінеді:



  • геобионттар - үнемі топырақта тіршілік ететін организмдер. Олардың бүкіл даму циклы топырақта жүреді (жауын құрттары);

  • геофиллер - тіршілік циклының жоқ дегенде бір фазасы міндетті түрде топырақта ететін организмдер (шегірткелер Acrididea, кейбір қоңыздар - Staphylinidae, Carabidae, Elateridae). Олардың личинкалары топырақ ішінде дамып, өскен соң жер бетінде тіршілік етеді;

  • геоксендер - топырақты кейде уақытша немесе қорғаныс ретінде пайдаланатын организмдер (тарақандар, кемірушілер жәңе басқа да інде тіршілік ететін сүтқоректі организмдер).Сондай-ақ топырақ организмдерін дене мөлшері мен қимылына байланысты да экологиялық топтарға бөледі:

  • микрофауна - детриттік қоректік тізбектің негізін құрайтың топырақ микроорганизмдері. Бүларға жасыл (Chlorophyta), көк-жасыл балдырлар (Cyanophyta), бактериялар (Bacteria), саңырауқүлақтар (Fungi) және қарапайымдар (Protozoa) жатады.

  • мезофауна - қозғалғыш, майда жануарлар тобы. Бүларға топырақ нематодтары (Nemaloda), жәндіктердің майда личинкалары, кенелер (Oribatei) және басқалар жатады. Бүлар негізінен детриттермен және бактериялармен қоректенеді.

  • макрофауна - топырақтағы ірі жәндіктер (жауын құрттары және т.б.).

  • мегафауна — топырақта тіршілік ететін сүтқоректілер, мысалы, көртышқандар, жертесерлер және т.б.


ІІІ кезең: Мақалдың жалғасын айт:
 
1. Бір тал кессең, (он тал ек) 
2. Бұлақ көрсең көзін аш, (құдық көрсең шегенде) 
3. Тау бұлағымен көрікті, (бұлақ құрағымен көрікті) 
4. Сулы жер – (нулы жер) 
5. Бабалар еккен шынарды, (балалары саялайды) 
6. Арманымен ер сұлу, (орманымен жер сұлу) 
7. Жері байдың (елі бай) 
8. Қара жерге не ексең, соны орасың, (табиғаттан алсаң – қарыз боласың) 
9. Орман – ел дәулеті, (жер сәулеті) 
10. Атаңнан мал қалғанша, (тал қалсын) 
11. Дала көркі – мал, (өзен көркі – тал) 
12. Ер – елдің көркі, (орман-тоғай – жердің көркі) 
13. Көк құрақ – көлдің сәулеті, (құс пен аң – елдің дәулеті) 
14. Су анасы – бұлақ 
15. Ат – ерді сақтайды, Ер – .... (елді сақтайды) 
16. Ат айналып ...... (қазығын табады) 
17. Құс патшасы – .... (бүркіт) 
18. Аң патшасы – ...... (арыстан) 
19. Су атасы – ..... (бұлақ); 
Сөз атасы – ..... (құлақ); 
Жол атасы – ....... (тұяқ). 
20. Құртақандай торғай да, (өз ұясын қорғайды) 
21. Есек мақтанып тұлпар болмас, (қарға мақтанып, сұңқар болмас) 
22. Арыстан тышқан ауламас, (қыран шыбын ауламас) 
23. Аттың бәрі тұлпар болмас, (құстың бәрі сұңқар болмас).

ІV кезең: С
ұрақтарға жауап беру: 
1. Флора дегеніміз не? (Өсімдіктер дүниесі) 
2. Дәрілік өсімдіктерді ата. (Адыраспан, алоэ, асқабақ, 
бақбақ, бүлдірген, валерьяна, 
долана, жалбыз, жантақ, жусан, 
жүгері, капуста, дермене, қалампыр, 
қызылша, меңдуана, сасықшөп, 
сұлы, таңқурай, шалфей т.б.) 
3. Қазақстандағы қорықтарды ата. (Алматы, Ақсу-Жабаға – 
лы, Наурызым, Барсакел – 
мес, Қорғалжың, Марқакөл, 
Үстірт, Жаңа Алакөл, Батыс 
Алтай қорығы) 
4. Қазақстандағы түсті өзен-көлдерді ата. 
(Ақсу, Қарасу, Көксу, Сарысу, 
Қызылкөл, Алакөл...) 
5. Фауна дегеніміз не? (Жануарлар дүниесі) 
6. Қазақстандағы ең биік шың? (Хантәңірі) 
7. Әлемдегі ең кішкене және ең үлкен құс? 
(Страус, колибри) 
8. Дуадақтың басты жауы кім? (бүркіт) 
9. Ең ұзын, терең көл (Каспий) 
10. Жапырақ реңінің жазда жасыл, күзде сары түсті болуы неліктен? (жасыл пигмент – хлорофилл) 
11. Экологиясы ең нашар көл (Арал) 

12. Өсімдіктің өсу мүшесі (жапырақ) 

13. ҚР-да қанша қорық бар? (10) 

14. Жылқы атасы кім? (Қамбар ата)

15. Өсімдік құрамында не болады? (дәрумен) 

V кезең: Қорытынды: Туған елді көркейту үшін, оның байлығын арттыру үшін сен табиғатты танып, білуің керек. Сол үшін біз осы елімізді, жерімізді қорғап, аялап, сүйіп өтуіміз керек.




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет