Құрамы Азот оксиді. Мысалы: азот диоксиді; тропосфералық (жерге жақын) озон; ауада ұшып жүрген органикалық қосылыстар. Мысалы, бензиннің, бояудың, еріткіш- тердің булары: азот қышқылдарының тотығы



жүктеу 61.21 Kb.
Дата25.06.2017
өлшемі61.21 Kb.
түріҚұрамы
Тұмша

Тұмша (ағылш. smog, smoke — түтін, fog — тұман) немесе смог — өнеркөсіп орталықтары мен ірі қалалардың қатты ластанған ауасы, құрамы түтін, тұман және шаңнан тұратын аэрозоль. . Түтін немесе көсіпорынның газ қалдықтары қосылған қалың тұман және шоғырлануы жоғары тозаңдар мен ащы газдардың бүркеніші (тұмансыз) болатын түрлері сараланады.[1]

Смог өндірісі жақсы дамыған қалалардың атмосферасында отынды құрғақ айыру кезінде пайда болатын күйенің, күлдің ұсақ бөлшектерінен құралады; ал ылғалды атмосферада сұйық тамшы түрінде кездеседі. Ауа райы құрғақ, ыстық кезде смог сарғыш бүркеніш сияқты болып көрінеді. Атмосферада жиналған смог адамдардың денсаулығына өте қауіпті. Смогтың салдарынан тұрғындар арасында тыныс алу және қан айналысы органдарының аурулары көбейеді.[2]

СМОГ—ТҮТІНДІ ТҰМАН

Смог сөзі ағылшынша «smoke» — түтін, «fog» — тұман деген сөздердің бірігуінен шыққан. Смог — түтіннен, тұманнан және шаң-тозаңнан тұратын аэрозоль, улы түтін. Мұндай смогтар үлкен қалалар мен өндіріс орталықтарында жиі болады. Алғашында, Смог ұғымы деп көп мөлшерде көмірді жаққанда пайда болатын түтін мен күкірт диоксиді қосылысын түсінетін. 1950 жылдары смогтың жаңа түрі жайлы сипаттама пайда болды. Ол — фотохимиялық смог болатын.

Құрамы


Азот оксиді. Мысалы: азот диоксиді; тропосфералық (жерге жақын) озон; ауада ұшып жүрген органикалық қосылыстар. Мысалы, бензиннің, бояудың, еріткіш- тердің булары: азот қышқылдарының тотығы. Фотохимиялық смогты тудырушы басты фактор – автокөлік пен өндіріс ошақтарының улы газдары мен түтіндері. Жоғарыда аталған органикалық қосылыс- тар химиялық жағынан өте активті, тез қыш-қылдана алады. Сол себептен де фотохимия- лық смог қазіргі кезде экология үшін өте маң- ызды проблеманың бірі. Денсаулықтың қас жауы.

«СМОГ» ТЕРМИНІНІҢ ШЫҒУ ТАРИХЫ

Алғаш рет 1905 жылы доктор Генри Антуан де Воның «Тұман және түтін (Fog and Smoke)» мақаласында «Smog» деген терминді қолданды. 1905 жылы 26-шілдеде лондондық Daily Graphic газеті жаңа терминнің пайда болғандығы жайлы және келесі күні доктор Генри Антуан де Воның қоғам үшін үлкен еңбек атқарғанын жазды. Доктор Во тілге тиек еткен түтін Лондон қаласында пайда болған тұманды түтін болатын.

СМОГТЫҢ ТҮРЛЕРІ

Құрғақ смог (лос-анджелестік смог) – күн радияциясының әсерінен қалдық газдарда болатын фотохимиялық реакцияның салдарынан пайда болатын смог. Тұмансыз, ауаның түсі көкшілдеу түске боялып, ауада улы газдар тарайды. Ылғалды смог (лондондық смог) – табиғи тұманның өндіріс орындарынан шыққан газдар мен түтіндерге араласуынан пайда бол-ған смог. Бұндай смог тұманды Лондонға тән. Радиациялық тұман – жердің беті радиациялық процесс бойынша салқындағанда тұман пайда болады. Оған қоса шықтың (шөптердің бетіндегі шық) бойындағы ылғалдылық бар болып, екеуі тұман түзеді. Ондай тұман жердің беткі қабатындағы жылы ауа массасын жоғарыға жібермей ұстап қалады. Ал ол дегеніміз өндіріс орталықтарында смог түзеді деген сөз.

[өңдеу]


ТҰМАНДЫ ТҮТІННІҢ ПАЙДА БОЛУЫ

Смог үлкен қалалар мен индустриялық өндіріс орталықтарында кез-келген ауа-райы жағдайында пайда болады. Оған себеп — ауаның ластығы. Смог жаздың ыстық күндері, желсіз күндері қауіптірек болады. Өйткені ауаның жоғарғы қабаты қатты ысып кеткен-діктен ластанған ауаны жоғары жібермей ұстап қалады. Мұндай жағдай таудың тасасы мен сайлы аймақтарда орналасқан қалаларда жиі болады. Оған мысал ретінде Алматы қаласын атауға болады. Алматының ауасы қысы-жазы түтінді әрі тұманды болып тұрады. Бір рет пайда болған смог тезірек тарай қоймайды. Оның басты себебі — Алматының шетіндегі биік таулар мен қаладағы құмырсқадай қаптаған автокөліктер. Әлемдегі халқы көп қалалардың ішінде смогтан ең көп зардап шегетін қалалардың қатарына мыналарды жатқыза аламыз: Лондон, Лос-Анджелес, Мехико, Афины, Гонконг, Пекин және Москва. Гонконгтағы смогтан биік ғимараттардың басы көрінбейтіндей жағдайға жетеді. Мұндай жағдайлар Қытайдың өндірісті және халқы көп шоғарланған аймағында байқалады. Ресейде жыл сайын смогтың кесірінен 300 мың адам көз жұмады екен. Ал БҰҰ-ның деректері бойынша әлемде 1 млрд.-тан астам адам лас ауамен тыныс алса, жыл сайын 3 миллион адам ластанған ауаның кесірінен көз жұмады.

ЛОНДОН ҚАЛАСЫНДАҒЫ СМОГ МӘСЕЛЕСІ

Лондондағы түтінді тұман орта ғасырдан бері бар. 1273 жылы король Эдуард I көмірді жаққанда пайба болатын түтіннің көптігінен қалада көмір жағуға тыйым салды. XIX ғасырдың соңынан бастап Лондон мен смог айырылмастай болды. 1952 жылы 8-12 желтоқсан аралығында Лондон қаласындағы смогтың кесірнен 4000-нан астам адам қаза тапты. Ал одан кейінгі уақыттарда 8000-нан астам адам қаза табады. Алайда, үкімет бұл болған жағдайлардың жағылған көмір түтінімен тығыз байланысты екендігін мойындамады. 1952 жыл — Лондон тұрғындары үшін ең ауыр жыл болып саналады. 1956 жылы Лондонда «Таза ауа актісі (Clean Air Act)» шықты. Актіге сай қаладағы көмір отынын тұтынатын орындар мен үйлердің жылу жүйелері түтінсіз немесе түтіні аз отын көздеріне (газ, жанармай және, электр қуаты) ауыстырылды. 1968 жылы Лондондағы түтін шығаратын өндіріс орындарында ауа тазалығын реттейтін «Биік мұржа. Таза ауа актісі» іске асты. Нәтижесінде зауыттардың түтін шығаратын мұржалары биіктетілді. Осылайша қалаладағы таза ауа мәселесі шешім тапты. Қазіргі кезде Лондонда қоршаған ортаны қорғау саясаты жөнге келгендіктен, смог деген кесапат құрыған. Тек өткен кездің еншісін- дегі апат ретінде қалды.

Лондондық тұмша типі – негізгі көзі көмір мен мазутты пайдаланғанда түзілетін күкіртті газдың атмосферада концентрациясының көбейіп кетуі. Бұл құбылыс Лондон қаласының ауа бассейінінде улы қара тұмандық тұмшалап 2 жұма бойы тұрып алған. Нәтижесінде 4000-нан астам адам қаза болған. Осы азапты тарихи оқиғадан Лондон тұрғындары 1873, 1882, 1891, 1948, т.б жылдары зардап шекті.

АЛМАТЫ ҚАЛАСЫНДАҒЫ СМОГ

Алматыдағы ауаның ең жоғарғы дәрежеде ластануы 2007 жылы тіркелген. Ол жылы ауаға 185 мың тонна ауаны ластағыш заттар қосылған. Оның 161,3 мың тоннасы қаладағы автокөліктердің еншісіне тиеді. Ал автокөліктерді алып қарасақ, олардың басым бөлігі шет елдерден әкелінген «қоқыс» жеңіл автокөліктер болып табылады. Жеңіс автокөліктерден бөлініп шығатын зиянды газдар 161,3 мың тоннаның 78% құрайды. Ал қоғамдық көліктер 14%, жүк көліктері 8%. Шет елдерден әкелінетін көліктерге қатаң бақылау орнатылмаса, Алматыда іске қосыл- ғалы отырған метро ауа тазалығын жақсартуға көмектесе алуы өте қиындау. Тіпті, көліктерге қатысты енгізілген «Еуро-1» стандарты да ешқандай мәселені шешпеген сыңайлы. Қазірге кезде Еуропа «Еуро-5» стандартымен жұмыс істеуге көңіл бөлуде.

СМОГТЫҢ ДЕНСАУЛЫҚҚА ӘСЕРІ

Үлкен қалаларда басты мәселеге айнал-ған смог балаларға, жасы ұлғайған адамдар- ға, және жүрек, тыныс алу жолдары ауруларымен ауыратын адамдар үшін өте қауіпті. Смог демікпеге, тыныс алудың қиындауы мен тоқтауына, бас ауруларына, тұмауға себеп болады. Сонымен қатар көздің, мұрынның және жұтқыншақтың мөлдір сұйық қабаттарының зақымдануын тудырады, иммунитетті әлсіретеді. Смог пайда болған кезде ауруханаға түсетіндердің саны артады, аурудан толық сауыққан адамдардың аурулары қайта қозады, тыныс алу жолдары ауруларымен және жүрек ауруларымен ауыратын науқастардың өлімі көбейеді.

ТАБИҒИ СМОГ

Смог табиғи жолмен де пайда болады. Мысалы, жанартаулар атқылаған кезде ауаға көтерілетін күкіртті газ көбейіп, атмосферада смог түзіледі. Мұндай жанартаулық смогты ағылшынша Vog (Vulcan fog) деп атайды. Табиғи смог Индонезияда да орын алады. Онда өртке оранған орманнан шыққан смогқа ұқсас түтін Индонезиядан бөлек Тайландқа, Филиппинге, Сингапурға және Малайзияға жетеді.

ҚОРЫТЫНДЫ

Смогтың салдарынан болатын шығандар мен адам денсаулығына төнетін қауіпті ойласақ, оның алдын алу әлде қайда пайдалы екендігін аңғаруға болады. Бірақ ол билік тарапынан жүргізілетін қоршаған ортаны қорғау саясатына тікелей байланысты. Алматыдағы жағдайды мысал ретінде қарастырайық. Ескі автокөліктерден бөлінетін зиянды газдардың зияны өте көп. Ондай автокөліктердің пайдасынан зияны басымырақ. Ауру адамдардың емделуге жұмсайтын шығындары мен мемлекеттен бөлінетін қыруар қаржының біраз бөлігіне Алматы қаласында қатынайтын жаңа автобустарды сатып алуға болар еді ғой. Ал ол қала басшылығы мен министрліктерді шешетін мәселесі. Осындайда «Ауырып ем іздегенше, ауырмайтын жол ізде» деген халық мақалы еске түседі. Ауаның ластану мәселесі тек қана берен-саран елдердің ғана мәселесі десек, қателік болар еді. Ауаның тазалығы үшін барлық ел жауапты. Өйткені ауа бәрімізге ортақ. Әр елдің жеке аспаны болса да ауасы болмайды.

[өңдеу]


Пайдаланған әдебиет

↑ Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, Мектеп, 2002.

↑ «Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9

Фотохимиялық тұмша. Атмосфера қабатында азот оксидтері, көмірсулар, озон, күннің радиациясының фотохимиялық реакцияға ұшырауы нәтижесінде пайда болатын улы түтін. Оның лондондық тұмшадан айырмашылығы автокөлік моторларынан шығатын газдар күндізгі жағдайда улы түтін түзуге бейім келеді. Фотохимиялық тұмша алғаш рет 1930 жылдары Лос-Анджелес қаласы үстінде есепке алынды. Одан соң бұл құбылыс Нью-Йорк, Токио, Сеул, Афин, т.б қалаларда байқалғаны тарихқа мәлім.

Қоршаған ортаның химиялық заттармен ластануын жіктеу кестесі. Химиялық ластану түрлері Табиғи ортаға тигізетін әсері Адамға тигізетін зардабы

Ауыр метал Автокөліктерден бөлінетін зиянды газдар Улы газдар адам өмірін бірнеше жылға қысқартады

Қышқыл жауындар Көмір қышқылының көбеюі, оттегінің азаюы Адам баласына зияны тиеді, сонымен қатар өсімдіктер мен жануарлар зардап шегеді

Радиация Химиялық улы заттардың ауаға жиналуы Адам баласы сәуле ауруына ұшырайды



Биологиялық, бактериалық жолмен ластану Биологиялық қару сыналған жер Қазақстанда Арал теңізі Адам биологиялық ластанудан оба, шума, алапес, т.б ауруларға шалдығады

Космосты игеруге байланысты қоршаған ортаға келетін зияндар Ракеталардың ұшырылуы, атом қаруларын сынау
: wp-content -> files
files -> Қазақ СӨздерінің лексикалық мағыналарының ТҮрлері
files -> Ерте заманда Ерназар деген кісі болыпты. Ерназардың өзі бай болыпты. Төрт түлік малы сай болыпты. Қора толған қойлары болыпты. Келе-келе түйелері болыпты. Өріс толған жылқылары болыпты. Ерназардың сегіз ұлы болыпты
files -> Реферат 15-16 ғасырлардағы Қазақ-Қырғыз қарым-қатынасы реферат
files -> Қортабаева гүлжамал қыдырбайқызы қазақ ономапоэтикасы: сатиралық-юморлық кейіпкер аттары
files -> Тоғысбаева Айжан Әбілқасқызы Төлеби ауданы М. Х. Дулати атындағы орта мектебінің орыс сыныптарындағы
files -> Биосфера мен биота эволюцияларының механизмдері, факторлары мен триггерлері 1 Биологиялық эволюцияның механизмдері
files -> Биология тіршіліктің сан-алуан қисынын зерттейді
files -> Эволюция нервной системы
files -> 0. Откуда всё начинается: нейробиология




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет