Рабочая учебная программа Мамандық : 5В071200 Машина жасау Өскемен Усть-Каменогорск 2014 Жұмыс бағдарламасы Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде 5В071200 «Машина жасау»



жүктеу 115.85 Kb.
Дата17.07.2017
өлшемі115.85 Kb.
түріРабочая учебная программа




Д. СЕРІКБАЕВ атындағы ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК

ТЕХНИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Ф1 Н ШҚМТУ 701.01


Сапалы менеджмент жүйесі

Пәннің оқу-жұмыс бағдарламасы


бет 7ден




Қазақстан Республикасының Министерство

Білім және ғылым образования и науки

министрлігі Республики Казахстан
Д. Серікбаев атындағы ВКГТУ

ШҚМТУ им. Д. Серикбаева


БЕКІТЕМІН

МжК факультет деканы
_________ М.Дудкин

_____________2014 ж.

МАШИНА ЖАСАУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ

Жұмыс оқу бағдарламасы
ОСНОВЫ ТЕХНОЛОГИИ МАШИНОСТРОЕНИЯ

Рабочая учебная программа


Мамандық : 5В071200 – Машина жасау

Өскемен

Усть-Каменогорск



2014

Жұмыс бағдарламасы Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде 5В071200 - «Машина жасау» мамандығындағы студенттер үшін «Машинажасау және құрылымдық материалдар технологиясы» кафедрасында дайындалған.

«Машинажасау және құрылымдық материалдар технологиясы» кафедрасы отырысында талқыланды
Кафедра меңгерушісі Қ. Қомбаев
№____ хаттама ____________________ж.

Машинажасау және көлік факультетінің оқу-әдістемелік кеңесімен мақұлданды


Төрағасы А.Вавилов
№____ хаттама ______________________ж.

Дайындады М .Капкенова

Норма бақылаушы Т.Тютюнькова

1 ПӘННІҢ ЕҢБЕК СИЫМДЫЛЫҒЫ




семестр

Кредит саны

Оқу түрі

СӨЖ сағат саны

Жалпы сағат саны

Бақылау түрі

Жанаспалы сағат саны

Дәріс

Семинар. (тәжір.)

оқу

Зертханал оқу

СОӨЖ

Барлық сағат саны

Күндізгі оқу түрі

5

4

45

0

15

30

45

90

180

емтихан

2. ПӘННІҢ СИПАТТАМАСЫ, ОНЫҢ ОҚУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ОРНЫ


2.1 Оқылатын пән сипаттамасы
«Машина жасау технологиясы негіздері» курсы машина жасау саласында қолданылатын негізгі ұстанымдар, ережедермен түсініктерде жалпы техникалық пәндермен бірге студенттерге қажетті жалпы жоғары білімдік даярлықты береді, өндірістегі, ғылыми-зерттеу және жобалау ұйымдарындағы жұмыстарға қажетті біліммен қамтамасыз етеді.
2.2 Пәнді оқытудағы мақсат
«Машина жасау технологиясы негіздері» пәнін оқудың мақсаты машина жасау негізі және олардың қолданысы арасындағы байланысты білу. Орнықтар мен әдіптердің қасиеттерін экономика, эргономика, пайдалану талаптарына сай тиімді өзгерту үшін механикалық, термиялық өңдеу теорияларын игеріп, тәжірибе жүзінде пайдалана білуге үйрену
2.3. Пәнді оқытудың міндеттері
Пәнді толық көлемде игеру үшін студенттер өзіндік жұмысқа баса көңіл бөліп, үйге берілген тапсырмаларды мұқият дайындауды қажет етеді. Сонымен қатар, дәрісханалық жұмыста, оқу шеберханаларында, өндірістік іс-тәжірибе алу кезінде теориялық дайындықтарын шыңдау мүмкіншілігін кеңінен пайдаланулары керек.


2.4 Пререквизиттар
Пәнді толығымен игеру үшін студенттер дайындамаларды жобалау және өндіру пәнін білу керек.
2.5 Постреквизиттар
Пәнді оқудағы студенттердің алған білімі «Жабдықты жобалау технологиясы», «Өндірістік машина технологиясы», «Дипломдық жобалау» пәндерін игеруіне қажет.
3 ПӘННІҢ МАЗМҰНЫ
3.1 Оқу жұмысының жоспары


Тақырып атаулары

Көп еңбекті қажет ететін пән, сағат

Оқу түрі

күндізгі

Күндізгі қысқ.

Сырттай

Сырттай қысқ.

1

2

3

4

5

Дәрістік сабақ

Тақырып 1.

Кіріспе. Еліміздің дамуында машина жасаудың орны және оның өндірістегі салалары. “Машина жасау технологиясы” туралы түсінік және оның тарихи дамуы, машина жасау технологиясы пәнінің құрамы, оның есебі және білім процесіндегі орны, жұмысқа орналасу жолдамасы



3

-

-

-

Тақырып 2.

Дәлдік пен өнімділікке технологиялық жүйенің ықпалы. СПИД жүйесінің қатаңдығы мен икемділігі, статикалық және өндірістік әдіспен қатаңдықты анықтау. Кесу құралының тозуының, қаттылықтың, әдіп көлемінің, айлабұйым құрылымының серпімділік СПИД деформациясына ықпалы, СПИД қатаңдығының жоғарлау мөлшері, автотербеліс пен мәжбүр тербеліс (діріл), оның пайда болу себебі мен алдын алу шаралары.



3

-

-

-

1

5

-

-

-

Тақырып 3.

Машина жасаудағы орнық дайындаманы орнықтыру, құрылымдылық, технологиялық және өлшемдік орнық, оның анықтамалары. Орнықтыру әдісі мен технологиялық есебіне қарай еркіндік дәрежесінің айыру мөлшеріне байланысты технологиялық орнықтың түрлері. Байланыс, жасырын, қосылу, тексеру, жасанды технологиялық орнық және оның анықтамалары. Бағытталған қыспақтың орнықтырудағы рөлі. Бастапқы орнықты таңдау ережесі, машина жасауда орнықтыру принціпі.



2

3

4

5

Тақырып 4.

Механикалық өңдеудің қателігі және оны есептеу әдісі. Машина жасаудағы дәлдік, оған жету әдісі, оның пайда болуы, кемшіліктері мен пайдасы. Жүйелік қателікті өңдеу түрлері және кездейсоқ қателік. Өлшемнің шашырау заңы, оны тәжірибеде қолдану. Өңдеу қателігін есептеу



3

-

-

-

Тақырып 5.

Құрылымдылық пен технологиялық өлшем тізбегі және оны есептеу, құрылымдылық пен технологиялық өлшем тізбегінің түрлері, оны есептеуге қолдану. Өлшем тізбегін есептеу теориясы туралы түсінік және анықтамасы. “ Максимум-минимум ” әдісі және мүмкіндік әдісі бойынша өлшем тізбегін есептеу



3

-

-

-

Тақырып 6.

Әдіптің механикалық өңделуі. Дайындаманың өлшемін, операция аралық әдіпті, материалдың нормалық шығыны және материалды қолдану коэффицентін есептеу. Әдіп туралы түсінік және оның қолданылуы. Әдіптің орналасу сұлбасы және операция аралық шақтама, дайындама өлшемін есептеу формуласы және операция аралық өлшем, жалпы әдіпті есептеу тәртібі. Материалдың нормалық шығыны туралы түсінік, нормалық қор, дайындаманың түріне қарай материалдың нормалық шығынының құрылымы. Материалдың қалдығы мен шығыны. Машина жасауда материалдың экономикалық жолдамасы




5

-

-

-

1

3

-

-

-

Тақырып 7.

Тетіктің бетін механикалық өңдеудің әсері және машина тетігінің пайдалану сапасы. Пайдалану қасиетін жоғарлату әдісі. Беттесу, қалдық кернеу, кедір-бұдырлық және беттің толқындылығы, материалдың құрылымының өзгеруі және фазалық жағдайы. Олардың тетіктің эксплуатациялық қасиетіне ықпалы



3

-

-

-

Тақырып 8.

Механикалық өңдеудің дәлдігін қамтамасыз ету. Өңдеу дәлдігін басқаруға жолдама. Білдектің қосылу әдісі, оның негізі, сипаттамасы және қолдану аумағы. Кесу режимін есептеу, керек дәлдікке жетуін және өнімділігін қамтамасыз ету. Білдектің қосылуы



2

-

-

-

Тақырып 9.

Өндірістік бұйым. Өндіріс обьектілері: бұйым, машина, тетік, жинақтау бірлігі, жинақ, комплекс; олардың түрлері мен сипаттамасы. Бұйымның эксплуатациялық өндірісті-технологиялық қасиетінің көрсеткіші, оның мәні. Өндірістік процесстің мазмұны және өндірістің техникалық дайындықтар құрамы



3

-

-

-

Тақырып 10.

Тетік дайындауда техпроцессті ( ТП ) жобалау негізі ЕСТД (единая система технологической документации); ТП жіктеу, алғашқы берілісі,құрылманың технологиялық өңдеуі, ТП өңдеу концепциясы ). Технологиялық процесс, жұмыс орны, техникалық құрамның жабдықтары туралы түсінік. Техникалық операция және оның құрылымы. Машина жасау өндірісінің түрлері және олардың сипаттамасы. Техпроцесс классификациясы тетікті қабылдау мөлшеріне, жіктелуіне, өндіріс әрекетіне, тетіктеуші дәрежесіне байланысты, оның сипаттамасы және қолдану ауқымы. Техпроцесс өңдеуінің алғашқы берілісі мен тәртібі. Бұйымның технологиялық құрылымы, технологиялық талдау, техпроцессті өңдеуге қабылданған концепция, техпроцесстің ұйымдастыру түрі, техпроцессті жобалау және оны безендіру



5

-

-

-

Тақырып 11.

Жалпылама өндіріс үшін, және де ЧПУ,ОЦ, ГПМ, ГПС станоктарын өңдеу кезіндегі сериялық өндіріс үшін техпроцесті жобалаудың ерекшеліктері. Технологиялық















1

2

3

4

5

орнықты таңдау мен сызбаның өлшемдерін қою. Операцияның концентрациясы мен деформациясы













Тақырып 12. Еңбекті нормалау, өндірісті өңдеу, ТП нұсқасын таңдасудағы экономикалық анықтама. Уақыт нормасы, есебі және еңбекті нормалау әдісі туралы түсінік. Уақыт нормасының құрылымы, оның элементтерінің сипаттамасы, негізгі уақытты есептеу, кесу ұзындығының құрылымы, кесу ұзындығын есептеу, жеке және жеке-калькуляциялық норма уақыты. Еңбек ақыны есептеу. Көп құралды өңдеудің нормалық

5

-

-

-

ерекшеліктері. Өңдеудің өнімділігі пен өзқұндылығы, өңделген беттің дәлдігі мен кедір-бұдырлығына, жабдықтың түріне, кесу режиміне олардың әсері. Технологиялық операцияның өндірісін жоғарлату әдістері

3

-

-

-

Студенттің оқытушы жетекшілігімен орындайтын өздік жұмысы



1. Орнықтың сұлбасын таңдау, өңдеу қателігін есептеу.

15

-

-

-

2. Дайындаманы таңдау, әдіпті есептеу, материалдың нормалық шығыны, операция аралық өлшемдерді есептеу, дайындама өлшемі

15

-

-

-



  1. ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Негізгі:
1 Лебедев Л.В. Технология машиностроения. – М.: Академия, 2006.


2 Справочник технолога-машиностроителя - /Под ред. Дальского А.М., Косиловой А.Г., Мещерякова Р.К., Суслова А.Г. в 2-х томах. - М.: Машиностроение, 2003.
3 Мачульский А.Г. Основы технологии машиностроения. Методические указания по выполнению практических работ. – ВКГТУ, 2008.
Қосымша:
4 Маталин А.А. Технология машиностроения. - Л.: Машиностроение, 1985.
5 Основы технологии машиностроения.//Под ред. В.С. Корсакова. – М.: Машиностроение, 1977.
6 Данилевский Н.Е. Технология машиностроения. – М.: Высшая школа, 1984.
7 Ковшов Ю.Н. Технология машиностроения. – М.: Машиностроение, 1987.
8 Егоров М.Е., Дементьев В.И., Дмитриев В.Л. Технология машиностроения. – М.: Высшая школа, 1976.
9 Технология машиностроения. Т.1//Под ред. Дальского А.М.- М.: МГТУ им. Баумана, 1999.
10 Справочник технолога-машиностроителя - /Под ред. Косиловой А.Г. и Мещерякова Р.К. в 2-х томах. - М.: Машиностроение, 1985.
11 Обработка металлов резанием. Справочник технолога.//Под ред. Панова А.А. – М.: Машиностроение, 2004.
12 Мурашкин С.Л. Технология машиностроения. Том 1. – М.: Высшая школа, 2005.
13 Радкевич Я.М. и др. Расчет припусков и межоперационных размеров в машиностроении. – М.: Высшая школа, 2004.
14 Баспақова Ш. Қазақша-орысша орысша-қазақша терминологиялық сөздік; механика және машинатану.№4. А., «Рауан», 2000.
15 Нүсіпбай Т. Орысша-қазақша сөздік.А., «Дайк-Пресс», 2002.
16 Тоқтамысов И. Қазақша-орысша орысша-қазақша терминологиялық сөздік;механика және машинатану.№7. А., «Рауан», 2000
Нормативтік негіз
17 ГОСТ 3.1107-81. Обозначение опор, зажимов.
18 ГОСТ 3.1121-84. Типовые технологические процессы и групповые процессы.
19 ГОСТ 14.201-83. Обеспечение технологичности конструкции.
20 ГОСТ 14.206-73. Технологический контроль конструкторской документации.
21 ГОСТ14.322-83. Нормирование расхода материалов.

22 ГОСТ16.319-80. Конструкторские размерные цепи.


23 ГОСТ 16.320-80. Технологические размерные цепи.
24 ГОСТ 21495-76. Базирование и базы в машиностроении.
22 СТП164-08-98. Работы учебные. Общие требования к оформлению текстового и графического материала. – КазНТУ, 19997.
: files -> MethodBook
MethodBook -> 1 дәріс : Кіріспе. Негізгі түсініктер мен анықтамалар. Тиеу-түсіру жұмыстары жөніндегі жалпы түсініктер
MethodBook -> Методические указания по выполнению практических работ для специальностей 5В071200 «Машиностроение», 5В012000 «Профессиональное обучения»
MethodBook -> Методические указания по итоговому контролю Мамандық: 5В071200- «Машина жасау» Оқу түрі: күндізгі күндізгі қысқартылған Өскемен
MethodBook -> Kазақстан Республикасының бiлiм және ғылым министрлiгi Д. Серiкбаев
MethodBook -> Лекциялар тақырыптары толығымен 30 сағат көлемінде слайдтың сүйемелдеуімен компьютерлық аудиторияларда оқылады
MethodBook -> А. М. Сидоренко автокөлік құралдары
MethodBook -> Рабочая учебная программа Мамандық: 5В070600 Геология және пайдалы казбалар кенорындарын барлау Өскемен Усть-Каменогорск 2014 Жұмыс бағдарламасы Мемлекеттік жалпыға бірдей білім беру негізінде «Геология және кен ісі»




©stom.tilimen.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет